2. Автокөлік құралдары жүргізушілерінің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді
автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
573-бап. Қазақстан Республикасында автомобильмен
тасымалдаудың рұқсат беру жүйесiн халықаралық
қатынаста қолдану қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында көзделген
жағдайларда, шетелдiктердiң немесе шетелдiк заңды тұлғалардың
Қазақстан Республикасының
аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз
жүзеге асыруы –
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне – жиырма бес, заңды тұлғаларға бес жүз
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тасымалдаушының рұқсат ету карточкаларында көрсетiлмеген автокөлiк
құралына отандық тасымалдаушының шетелдiк рұқсатты пайдалануы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
3. Отандық тасымалдаушының шетелдiк рұқсаттар бланкiлерiн басқа отандық
тасымалдаушыға беруi –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру
кезiнде жүргiзушiнiң келiсiлген жол жүру маршрутының схемасын бұзуы –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдiк тасымалдаушының Қазақстан Республикасында автомобильмен
тасымалдаулардың рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста
қолдану қағидаларына сәйкес
ресiмделмеген отандық рұқсатты пайдалануы –
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
574-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен
халықаралық тұрақты емес тасымалдауды жүзеге
асыру кезiнде автокөлiк құралдары
жүргiзушiлерінде жолаушылар тiзiмiнiң болмауы
Жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тұрақты емес тасымалдауды
жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдары жүргiзушiлерінде жолаушылар тiзiмiнiң болмауы –
жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
575-бап. Шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен
Қазақстан Республикасының аумағында
автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнген автокөлiк құралдарымен
тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер
арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктердi шет мемлекеттiң аумағында тiркелген
автокөлiк құралдарымен тасымалдау –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
576-бап. Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және
багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды
жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдары
жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы
Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес
тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау
шартының болмауы –
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
577-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге
асыру кезiнде Қазақстан Республикасының
аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды
тасымалдау
1. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан
Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау үшiн жол жүру
құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
2. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан
Республикасының аумағындағы пункттер арасында автокөлiк құралдарымен жолаушыларды
тасымалдау –
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
578-бап. Теңіз көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз
ету қағидаларын бұзу
1. Теңіз көлігінде кемелердің маневр жасауы мен қозғалуының белгіленген тәртібін
бұзу, нұсқалған қозғалыс жылдамдығын, дыбыс және жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары
мен белгілерін алып жүру
талаптарын сақтамау, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі
тоқтату немесе тоқтата тұру, кемелерді сүйрету тәртібін бұзу,
сондай-ақ диспетчердің
міндетті талаптарын орындамау –
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиісті рұқсаттарсыз жүргізу немесе осы
жұмыстар кезінде сигналдар беру қағидаларын сақтамау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
579-бап. Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс
құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру
Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру
–
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
580-бап. Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ
шағын көлемді кемелерде жолаушылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын көлемді кемелерде құтқару және
авариялық құралдар мен жабдықтардың болмауы, толық жинақталмауы немесе
оларды куәландыру
мерзімі өткен соң пайдалану, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі түскіштер мен
траптарды жабдықтау жөніндегі талаптарды бұзу –