Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет115/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   192

кедендік рәсімдерді жүргізуге тауарларды мәлімдеу кезінде кедендік декларацияны беру 
мерзімдері бұзылған жағдайда төлемеуі –
 
      жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескерту. 555-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.06.2015 
№ 317-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
         556-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс
 
                 органының кедендік төлемдердің, салықтар мен
 
                 өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларын
 
                 белгіленген мерзімдерде төлеу туралы талабын
 
                 орындамау
 
      Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері қолданылған 
кезде төлеуші кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді 
орындамаған жағдайларда банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің кедендік төлемдердің, 
салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу 
туралы мемлекеттік кіріс органының талабын орындамауы –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      557-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген
 
                түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан
 
                Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының
 
                шешiмдерiн орындамауы
 
      Мемлекеттік кіріс органдарының кедендік төлемдердi, салықтарды және өсімпұлдарды 
өндiрiп алу туралы немесе кедендiк төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеушiнiң 
шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмдерiн банктердің және банк 
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кiнәсiнен орындамау 
 
      заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      558-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс
 
                органдарының талаптарын орындамау
 
      Кедендік декларациялауды, кедендік жете тексеруді, кедендік декларацияларды 
тексеруді, кедендік тексеруді жүзеге асыру, тауарлармен және көлік құралдарымен жүк 
операцияларын және өзге де операцияларды жүргізу кезінде кеден ісі саласында қызметті 
жүзеге асыратын тұлғалардың және өзге де тұлғалардың Кеден одағының және (немесе) 
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, мемлекеттік кіріс органдары 
мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын, сондай-ақ кедендік бақылау үшін қажетті 
өзге де талаптарды орындамауы -
 
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
   30-тарау. КӨЛІКТЕГІ, ЖОЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ 
БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
      559-бап. Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн
 
                қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу
 
      1. Темiржол арқылы ат-арба көлігімен (шаналармен) өту және жүк артылған, мініс 
малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу 
-
 
      ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Темiржолды, қорғаныштық ағаш екпелерін, қардан қорғайтын қоршауларды және басқа 
да жол объектiлерiн, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен құрылғыларын бүлдiру –
 


       жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады. 
 
      3. Жүктердi тиеу және түсiру кезiнде белгiленген көлемдердi сақтамау –
 
       жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады. 
 
       4. Темiржолдарға поездар қозғалысының бұзылуын туындатуы мүмкін заттар төсеу, 
тастау немесе қалдыру – 
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту –
 
      ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде   айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      6. Қазақстан Республикасының темiржол көлігі туралы заңнамасының талаптарын
 
      1) теміржол желісінің станциялық және магистральдық жолдарын және темір жол кірме 
жолдарын күтіп-ұстау;
 
      2) теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған 
жылжымалы составты, техникалық құралдарды, теміржолдың жасанды құрылыстарын күтіп-ұстау, 
пайдалану және жөндеу кезінде жасалған бұзушылық –
 
      жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 
– сегіз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      7. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын жылжымалы теміржол составының 
қалпына келтіруге келмейтін жағдайға дейін зақымдануына әкеп соққан бұзушылық 

 
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      8. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын соның салдарынан жылжымалы 
составты ағыту және жөндеуге беру талап етілетін көлемде зақымдауға жол берілген 
бұзушылық 

 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      9. Тасымалдау процесіне қатысушылардың уәкілетті органға теміржолдардағы 
қауіпсіздік бойынша жол берілген бұзушылықтар туралы ақпаратты теміржол көлігіндегі 
қауіпсіздік қағидаларында белгіленген мерзімдерде бермеуі -
 
      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      560-бап. Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын                 бұзу
 
        1. Жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу және 
түсiру, вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсiз ретте поезды заңсыз 
тоқтату 

 
      жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Поездар вагондарының терезелерi мен есiктерiнен қоқыстарды және өзге де 
заттарды тастау, поезд жүрiп бара жатқан кезде сыртқы есiктердi заңсыз ашу 

 
      жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      561-бап. Жылжымалы теміржол составын мемлекеттік
 
                тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану
 
      1. Жылжымалы теміржол составын уәкілетті органда мемлекеттік тіркеусіз немесе 
қайта тіркеусіз пайдалану -
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау