Будданың («Будда» – көзі ашылған, нұрланған) өзі жә-не оның ізбасарлары брахманизмнің қасиетті мәтіндерін-де қалыптасқан идеяларды, ұғымдарды және санскрит тілін пайдаланды. Олардың көптеген ойлары брахманизм идеясымен ұштасып жатты. Атап айтқанда, қайта туу (сансара) қағидаты, жазасын алу (карма), парыз, хақ жолы (драхма) және т.б. Алайда ендігі жерде Будда ұжымдық психологиядан жеке психологияға ауысты. Адам жеке өзінің хақ жолын сезініп, қалыптастыра отырып, сансардан шыға алады және тағдырына ықпал етіп, карманы өзгерту мүмкіндігіне ие бола алады.
Будда іліміне кіріп, аман қалу жолында барлық адам-дар бәрі бірдей деп саналды. Таптық, әлеуметтік және нәсілдік айырмашылықты адамдар рухани жағынан ке-мелденген шақта өзгерте алады. Ешқандай әлеуметтік сатыға, дәрежеге бөлінбейді. Адамның бақытқа жетуі де өз қолында. Ол оның істеген іс-әрекеттеріне байланысты. Будданың айтуынша, бақытқа жету үшін адам өз өміріне, құндылықтарына, қағидаттарына, тәртіп ережелеріне, қарым-қатынасына (ортамен), ниетіне, наным-сеніміне (діни) саналы мүмкіндік жасауы тиіс. Бұл жолдағы жақын мақсат пен мүмкіндік – болашақ өмірге қайта келу (туу) мәртебесіне ие болу бұқара халық үшін өте тиімді болды. Өйткені бұған дейін өмірде қайта туу мәртебесіне тек брахмандар ғана мүмкіндік алған еді.
Будда ілімінің бұқаралық мәні халық тарапынан кең қолдау тапты. Тіпті аристократия өкілдері де жаңа дінді қуанышпен қарсы алды. Б.э. ІІ ғ. Үндістанда ірі мемлекет билеушісі Ашоко патша будда дінін насихаттауда ерекше еңбек етті. Ол өзін будда монахтығы – сангханың, яғни 32 буддизмнің этикалық нормасы – дхарманың қорғанымын деп жариялады. Сол арқылы ол жергілікті элитамен тартыста болашақ империяның билігін нығайтты.
Мемлекет бақылауымен Паталипутрада өткен собор-да будда ілімін толық мойындау үдерісі басталды. Буддизм-
нің үш асыл қазынасы: ұстаз – Будда, ілім – дхарма, ақиқат иелері – сангха туралы түсінік бекітілді. Соның ішінде сангха нирванаға жетер жолды көрсете және жеңілдете алатын, ілімді түсіндіретін институт деп қабылданды. Сондай-ақ, Будда дінінде нирванаға жетер жолдағы ұстаз рөлінің маңызы артты.
Саяси ілімдердің бағзы отанының бірі – Қытай. Қытай халқының күрделі саяси өмірін түсіндіретін, реттейтін елде бірнеше мектептер болды. Сол заманда негізі қа-ланған идеялар қазіргі кезде де қытай халқының негізгі идеологиясына айналып отыр.
Қытай қоғамында конфуций ілімі негізгі доктринаға айналғанға дейін, мемлекеттің саяси өмірінде даосизм мен буддизм ілімдері саяси-идеялық тәртіпті қалыптастырып үлгерген еді. Буддизм адам мен ғаламның үйлесіміне назар аудара отырып, қоғамда әділетті мемлекет орнатуға болады деген идеяны қолдады.
Достарыңызбен бөлісу: |