Марк Туллий Цицерон (б.э.д. 106–493 жж.) атақты заңгер, мемлекет қайраткері, ойшыл. Ол өз шығарма-шылығында мемлекет пен құқық мәселелерін қарастыр-ды. «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеткерлік туралы» атты еңбектердің авторы.
Цицерон мемлекетке (respublika) анықтама бергенде оған «халық – адамдардың бей-берекетсіз, мақсатсыз жиынтығы емес, керісінше қоғамда өз ынтымағы бар, ортақ мақсаты мен құқығы үшін топтасқан адамдар жиынтығы» деп баға береді. Осылайша Цицерон алғаш рет саяси ілімдер тарихында мемлекетке заң тұрғысынан анықтама берген ойшыл, ғұлама.
Цицерон мемлекеттің пайда болуын адамдар ара-сындағы өзара келісімділікпен түсіндіреді. Мемлекет пен құқық, Цицеронның пікірінше, адамдардың өз қалаула-ры бойынша пайда болмайды, ол құдіреттің (құдайдың қалауымен) арқасында болатын іс. Осының барлығын түсініп білу үшін үлкен сана иесі болу керек. Жердегі болып жатқан барлық үдерістер жоғарыдағы «саналы әрекет арқылы әділетті басқарылуы» тиіс деп көрсеткен.
Сана – адам жанының ең жоғарғы сатысы. Атақ-құмарлық, дүниеқоңыздық және мансапқорлық сияқты «жан бүлікшілері» дана басшыларға жат қасиет, «парасат жайлаған жерде ешқашанда ашу-ыза мен бейбастылыққа жол болмайды» деген пікір білдірген.
Цицерон көне грек философтары сияқты мемлекет басқару формасының үш түрін көрсетеді: патша билігі, оптиматтар (аристократия) және халық билігі (демо-кратия). Патша осы көрсетілген формаларды пайдала-нып мемлекетті ұтымды басқарса мемлекет дұрыс дами-ды дейді. Патша егерде жеке-дара басқарып, өктемдікке
берілсе, оның арты тиранияға алып келеді, ал оптиматтар билігі тек байлар мен игі жақсылардың жиынына айналады деп ескертеді. Сонымен қатар, Цицерон «жағымсыз» басқару деп демократияны көрсетеді, өйткені ол «тобыр-дың ақылсыздығы мен озбырлығына алып келеді» деп ескертеді. Сондықтан да, оның ойынша, басқарудың ең озық түрі – аралас басқару формасы деп тұжырымдайды.
Ақылды мемлекет басшысына мемлекеттегі көптеген мәселелердің алдын алу керек деп ескертеді. Мемлекет басшысына алдын болжай білетін көрегендік қасиет пен өз ісіне деген жауапкершілікті басты талап етіп қояды.
Цицерон табиғи заңдарға ерекше мән береді. Ол табиғи заңдар барлық заңдардан бұрын пайда болғанын атап өтеді. Сонымен қатар, мемлекеттегі қабылданған заңдар сол елдің менталитетіне сәйкес болуы керек деп ескертеді.
Рим стоиктерінің саяси көзқарастары Рим империя-сының әлемдік державаға айналған тұсына сай келеді. Олар өз идеяларында космополитизм мен адамның адам-гершілік жағынан өзін-өзі дамыту мәселелерін қозғады.
Достарыңызбен бөлісу: |