|
 Ежелгі шығыс, Грекия, Рим, орта ғасырлық еуропадағы саяси ой-пікірлер
|
бет | 5/12 | Дата | 23.04.2020 | өлшемі | 39,68 Kb. | | #29939 |
| 2 сауир Ежелгі шығыс, Грекия, Рим, орта ғасырлық еуропадағы саяси ой-пікірлер.Сократ (б.э.д. 469–399 жж.) адамзат тарихында өш-пес рухани із қалдырған танымал ойшыл. Өз заманында лайықты бағасын алып, данагөй атанған. Софистермен болған пікірталаста ол қарсыластарының көптеген идея-ларын өзіне алып, кейінірек оларды дамытқан.
Сократтың пікірінше мемлекет басқару ісін практика-да істі білетін іскер адамдар айналысуы керек. Ал теория-лық деңгейде мемлекетті басқарудың адамгершілік мәнін ашу керек деп түсінді. Билікті ұдайы сынағаны үшін Сократ бірнеше рет қудаланды. 399 жылы қарсыластары оны дінсіз, заңды бұзушы ретінде өлім жазасына кескен болатын. Сонда Сократтың жақтаушылары оны түрме қызметшісіне пара беріп шығарып алмақ әрекет етеді. Сол кезде Сократ «Мен өзім жұрттан заңдылықты талап етемін, енді қалайша өзім заңсыз әрекетке бармақпын» деп өлім жазасына мойын ұсынады.
Кейінірек Сократтың ілімдері Платон мен Аристотель сияқты заманының ғұламаларына үлкен серпіліс әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|