|
Ежелгі шығыс, Грекия, Рим, орта ғасырлық еуропадағы саяси ой-пікірлер
|
бет | 11/12 | Дата | 23.04.2020 | өлшемі | 39,68 Kb. | | #29939 |
| 2 сауир Ежелгі шығыс, Грекия, Рим, орта ғасырлық еуропадағы саяси ой-пікірлер.Аврелий Августин (345–430 жж.) – христиан-теологы, философ-мистик, көзқарасы, ұстанымы жағынан неопла-тондық бағытты жақтаған. Басты ұстанымы «Cенімсіз білім мен шындық жоқ». Негізгі еңбектері «О граде божем» және «О земном граде».
Аврелий Августин әлемдік тарихтың христиандық концепциясын дамытушы және оның сөзімен айтқанда «дүние жаратылысының өзі құдайдың қалауымен бол-ған іс» деген идеяны жақтаушы ғалым. Адамдардың жердегі барлық көрген қиындықтары мен жамандық-тары олардың құдай алдындағы жасаған күнәларынан
деп түсіндіреді. Августиннің ілімі римдік шіркеу қызмет-керлерінің зайырлы феодалдық бағытты ұстанушыларға қарсы күресінде басты идеологияға айналды. Мемлекетті басқару формасында Аврелий абсалюттік билікті жақ-таған. Августинизм әлі күнге дейін христиан дініндегі протестанттық бағытты жақтаушылардың басты ілімі деп саналады.
Католиктік шіркеудің ықпалына қарсы күрескен ірі неміс ғалымы Мартин Лютер (1483–1546 жж.).
Мартин Лютердің пікірінше адам екі әлемде өмір сүреді. Алғашқысы – рухани әлем, екіншісі – жер әлемі. Рухани әлемде құдайға сенушілер, яғни құдайлар үстем-дігі, ал жер әлеміне барлық адамдар тұрағы, яғни жерде-гі билік үстемдігі жатады. Рухани әлем адамның рух еркіндігі мен сенімін және ішкі дүниесін, ал жер әлемі адамның іс-әрекетін, болмысын анықтайды. Қоғамдағы рухани өмір адамдардың жердегі іс-әрекетіне тікелей байланысты. Осыдан барып жердегі билеушілердің негіз-гі қызметі қоғамды әділдікпен басқару, күш қолданбау деп түсіндіреді.
М.Лютердің бұл идеясы көпшіліктің қолдануына ие болды. Бұл идея бұқараны христиандық құндылықты қайта қарауға итермеледі, нәтежисінде католиктік дін-дегілердің ішінде жаңа ағымның лютерандық сенімнің пайда болуына әкеліп соқты.
Ортағасырдағы діни концепцияның саяси ілімдерді дамытудағы рөлін жоққа шығаруға болмайды. Себебі, адамдардың әділетті басшы мен әділетті мемлекетке деген сенімін қалыптастырды. Екіншіден, адамдардың саяси санасына, саяси мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер етті. Сондай-ақ, қоғамда саяси плюрализммен қатар діни плюрализмнің де негізін қалады. Үшіншіден, діни дәстүр кейінірек көптеген мемлекеттердің идеологиялық бағытын айқындады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|