БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
________ Пфейфер Н.Э.
20___ж «___»__________
Құрастырушы: х.ғ.д., профессор _________________ М.А.Сулейменов
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
«Жалпы химия технологиялар» пәні бойынша
5В060600 – «Химия» мамандығының студенттеріне арналған
Зертханалық сабақтарды орындаудың
Әдістемелік ұсыныстары мен нұсқаулары
Кафедраның отырысында ұсынылды
20___ж. «___»_________, №__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі м.а._____Несмеянова Р.М. 20___ж. «___»_________
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті ОӘК мақұлданды
20___ж. «___»_________, №____ Хаттама
ОӘК төрайымы________Каниболоцкая Ю.М. 20___ж. «___»_________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОӘБ бастығы ____________ Жуманкулова Е.Н. 20___ж. «___»_________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ж. «___»______________ №____ Хаттама
1 Техника қауыпсіздігі
1.1 Әрбір жұмысты жасаудың алдында ұстаздың рұқсатымен және техника қауыпсіздігінің инструктажын өткеннен кейін кірісуге болады.
1.2 Белгіленбеген уақытта ұстаздың рұқсатынсыз, лабораторияда ұстаз немесе лаборант болмаған жағдайда лабораторияда жұмыс істеуге тыйым салынады.
1.3 Студенттер химиялық реактивтермен жұмыс жасаған кезде сәйкес көзді, тыныс алу мүшелерін, ашық тері жерлер қорғайтын құралдарды қолдану керек.
1.4 Студенттің жұмыс орнында артық заттар болмауы керек. Лабораториялық столда сумка, тымақ және т.б. заттардың қоюға рұқсат етілмейді.
1.5 Лабораторияда жұмыс істейтін әрбір адам өрт қауіпсіздігінің құралдары қайда жатқанын білу керек: өрт сөндіргіш, құм толған жәшік, асбест немесе кигіз көрпе, бірінші медециналық көмек үшін дәрісалғыш дәрілері (ертінділер: спирттағы танина, калий перманганаты, бор ертіндісі, натрии гидрокарбонаты және мақта, бинт, лейкопластыр, күйдіргіге қарсы мазь).
1.6 Химиялық ыдыс – аяқтан су ішу, тамақ қабылдау және зертханада темекі тартуға болмайды. Совершенно недопустимо в лаборатории курить, принимать пищу пить воду из химической посуды.
1.7 Қандайда болсын қосылыстардың дәмін татуға болмайды.
2 Жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережелеріне қойылатын талаптар
2.1 Жұмысқа кіріспес бұрын жұмыс жасау әдістерімен және оның қауіпсіздік ережелерін білу керек; құрылғылардың және құралдардың дұрыс орналастырылғанын тексеру керек; дайындалған заттардың жұмыс барысындағы көрсетілген заттарға сәйкестігін тексеру.
2.2 Эксперимент барысында алынған заттарды ережеге сай ыдыста сақталу керектігін және оған арнайы қарындашпен жазылған белгісі болу керек. Жерге және столға төгілген химиялық заттарды лаборанттың немесе оқытушының көмегімен қауіпсіздік ережесіне сәйкес жинап алу керек.
2.3 Сұйықтықтарды және қатты заттарды қыздырған кезде колбаның немесе пробирканың аузын және жанындағы басқа адамдарға қаратуға болмайды. Сонымен қатар затты қыздырып жатқан кезде ыстық затты бетке жақын ұстап үстінен қарауға болмайды.
2.4 Қатты зат салынған немесе сұйық зат құйылған шыны ыдысты ұстағанда, бір қолмен ыдыстың мойнынан, ал екінші қолмен ыдыстың астынан ұстау керек.
2.5 Қышқылдар, сілтілер және зиянды ерітінділерді қол жуғышқа құюға болмайды. Бұл ерітінділерді арнайы ыдыстарға құю керек.
2.6 Реактивтер құйған пробиркаларды ауыстыруға болмайды және артық қалған заттарды қайтадан ыдысқа құюға болмайды. Бұл ережелерді сақтамағанның нәтижесінде реактивтердің қасиеттері өзгеріп кетуі мүмкін.
2.7 Жұмыс жасап жатқан кезде реактив құйған пробиркаларды қараусыз қалдыруға болмайды.
3 Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс жасаған кездегі техника қауіпсіздік ережесі
3.1Минералды қышқылдар (тұз, азот, күкірт, фторсутек) және сонымен қатар күшті органикалық қышқылдар (поли-, монокарбон) теріге түссе сол жерді күйдіріп кетеді. Сондықтан олармен жұмыс жасағанда абай болу керек.
3.2 Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс жасағанда төмендегі ережелерді сақтау керек:
3.2.1 Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс жасаған кезде қорғаныш көзілдірік және қолға резиналы қолқап кию керек.
3.2.2 Қышқыларды үлкен ыдыстан кішкентай ыдыстарға құйғанда қайткенде воронкамен құю керек және қолға қолқап, көзге көзілдірік, ақ халат кию керек.
3.2.3 Қышқыларды және сілтілерді пипеткамен алғанда ешқашанда ауызбен соруға және үрлеуге болмайды.
3.2.4 Сірке қышқылын қыздырғанда тек ыстыққа төзімді ыдысты қолдану керек. Ешқашанда қышқылға суды құюға болмайды, керісінше құяды.
3.2.5 Натрий және калий гидроксидтерін сұйылтқанда немесе суда еріткенде оларды аз мөлшерден алып абайлап суға қосу керек. Бір жолда көп мөлшерін бірақ қосуға болмайды. Қатты сілтілік металдарды қолмен ұстауға болмайды, оларды арнайы қысқышпен ғана ұстайды.
3.2.6 Күкірт қышқылын суды кептіргіш ретінде вакуумэксикаторда қолдануға болмайды. Себебі ондай жағдайда күкірт қышқылы қопарылғыш зат болғандықтан қопарылыс береді.
3.2.7 Жанғыш (ұшқыш) қышқылдармен тәжірибе жасағанда өте абай болу керек. Жанғыш (ұшқыш) қышқылдарды полиэтиленнен жасалған ыдыстарда сақтау керек. Оларды ыдыстан құйып алу үшін полиэтиленнен жасалған пипеткаларды қолдану керек.
3.2.8 Өте күшті тотықтырғыш болып саналатын хлорлы қышқылмен жұмыс жасағанда өте абай болу керек. Бейорганикалық қосылыстарды сараптау кезінде хлорлы қышқылмен жұмыс жасау әдісі туралы үнемі көрсетіледі. Сатылатын хлор қышқылының проценттік концентрациясы 70% құрайды. Мұндай қышқылдар концентрациялы болып саналады. Сонымен қатар екі валентті қорғасын тұздары өте қауіпті. Ал бір валентті қорғасын тұзының онша қауіптілігі болмайды, оларды асқазанға түссе де оңай залалсыздандыруға болады.
4 Құралдармен және жарылғыш заттармен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережелері
4.1 Лабораторияда қолданалатын кейбір заттар ауамен қосылғанда немесе басқа заттармен қосылғанда оңай қопарылыс береді. Сондықтан ондай заттармен жұмыс жасағанда мынадай ережелерді ұстану керек:
4.1.1 Лабораторияда әр түрлі жарылыстардан көзді сақтау үшін көзге көзілдірік кию керек.
4.1.2 Жарылғыш заттармен жұмыс жасаған кезде ешқашан көзілдіріксіз жасауға болмайды. Таныс емес заттарды қыздырған кезде оның азғана бөлігін ғана кыздыру керек, ал қалған бөлігін оттан алыс жерге қою керек.
4.1.3 Қопарылғыш заттарды айдағанда реакцияның соңына дейін жүргізуге болмайды.
4.1.4 Сутегімен жұмыс жасаған кезде оның ауадағы оттегімен қоспасы қопарылғыш зат түзетінін ескеру керек. Сондықтан: а) сутегімен жұмыс жасайтын ыдыстың герметикалылығын тексеру керек; б) ауаны ығыстырғаннан кейін алынған сутегінің тазалығын тексеру керек. Пробиркаға жинап алынған сутегіні жаққан кезде оның жалыны ұшқынсыз болу керек; в) жинап алынған сутегіні оның тазалығын тексергеннен кейін ғана жағу керек; г) қажетті сутегі жиналғаннан кейін қыздыруды аяқтап пробирканы суыту керек.
5 Химиялық лабораториялардағы өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
5.1 Лабораторияға ыстық немесе қыздырылған приборларды қалдырып шығып кетуге тиым салынады.
5.2 Жанғыш заттарды бір-біріне құйған кезде (эфир, спирт, бензол, фенол, ацетон және т.б.) жақын маңайында ашық отты қолдануға, ыстық шырпыны қалдыруға, спиртшамды жағуға тиым салынады.
Жанып тұрған спиртшамға спиртті құюға болмайды.
5.4 Өрт шыққан жағдайда оны тез сөндіру қажет. Тартпалы шкафты, газды, спиртшамды және барлық қыздыруға арналған приборларды (құрылғыларды) тоқ көздерінен өшіру керек. Өрт сөндіруге суық құрғақ құмды, жанбайтын матаны, өрт сөндіргішті және суық суды қолдануға болады.
5.5 Суда еритін заттарды (спирт, ацетон және т.б.) сумен сөндіреді, ал суда ерімейтін (бензол, скипидар және т.б.) заттарды сумен сөндіруге болмайды.
5.6 Электрприборлар жанған кезде оны тез арада тоқ көзінен үзу керек және оны құммен, ұнтақ өрт сөндіргішпен сөндіру керек. Тоқ көздерінде болған өртті сумен және көбікті өрт сөндіргішпен сөндіруге болмайды.
5.7 Лабораторияда өрт болған жағдайда жанғыш заттардың барлығын жалын жетпейтіндей қауіпсіз орынға жинау керек.
5.8 Суда ерімейтін органикалық заттарды құммен өшіру немесе асбест немесе кигізбен жабу керек. Осы заттармен өрт шыққан жерді жабу керек, өйткені оның үстіне лақтырған кезде өрт жан жаққа көшуі мүмкін.
5.9 Лабораторияда алдынан түймеленетін халатта жұмыс істеу керек. Өйткені осындай халат жанған жағдайда шешуге жеңіл келеді.
6 Күйіп қалған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек
6.1 Химиялық заттарға күйіп қалған жағдайда жаңа дайындалған (2%) ас содасы ерітіндісімен немесе (5%) калий перманганаты ерітіндісімен сүртеді. Сондай-ақ этил спиртімен де сүртуге болады, ол күйген жерді залалсыздандырады және ауырғанын басады.
6.2 Химиялық заттармен күйіп қалған жағдайда (қышқыл немесе сілті) күйген жерді немесе теріні сумен жақсылап жуу керек. Содан кейін ерітінділерге малынған дымқыл матаны басады; қышқылға күйген жағдайда - (2%) сода ерітіндісімен; сілтіге күйген жағдайда - сірке қышқылынын әлсіз ерітіндісімен.
6.3 Қышқыл немесе сілті көзге түскен жағдайда тез арада ұзақ уақыт сумен жуу керек. Содан кейін егер көзге қышқыл ерітінділері тиген болса оны сода ерітіндісімен, ал егер сілті ерітіндісі тиген болса бор қышқылының ерітіндісімен жуу керек. Содан кейін дереу дәрігерге хабарлау керек.
Фенол күйген жағдайда спирт ерітіндісімен жуу керек.
6.5 Фосфорға күйген жағдайда: ыстық фосфорды сумен немесе 1-2% мыс сульфатының ерітіндісімен сөндіреді. Күйген жерді 3% калий перманганатының ерітіндісімен жуылған матамен орайды.
6.6 Броммен күйген жағдайда, күйген жерді концентрациялы гидросульфат натрий ерітіндісімен немесе этил спиртінің ерітіндісімен жуады.
Уланған жағдайда көрсететін алғашқы көмек
7.1 Улы газдар бөлінетін жұмыстың барлығын тартпалы шкафтың ішінде жасау керек.
7.2 Қышқылды және қышқыл ерітінділерін буландырғанда тартпалы шкафтың астында жұмыс істеген кезде басты сыртына шығарып тұру керек.
7.3 Тартпалы шкафтың астында жұмыс істеген кезде басты сыртына шығарып тұру керек.
7.4 Улы газ бөлетін немесе сасық иісті заттарды мұрына жақын әкеліп искеуге болмайды. Ондай заттарды иіскегенде ақырын ғана қолмен мұрына қарай желпу керек.
7.5 Таныс емес заттың иісін искеп, дәмін көруге болмайды.
7.6 Газдармен уланған жағдайда:
7.6.1 Уланған адамды тез арада таза ауаға шығару керек. Оттегімен дем алдыру керек.
7.6.2 Күкірт сутекпен уланған жағдайда аз мөлшерде хлормен дем алған жөн.
7.6.3 Хлормен уланған адамды су буымен дем алдыру керек. Содан кейін оған ақуыз, сүт, лимонның шырынын, әлсіз сірке суының ерітіндісін беру керек.
7.6.4 Азот оксидтерімен уланған жағдайда тез арада оттегімен дем алдырып, содан кейін дәрігер шақыру керек.
7.7 Йод ерітіндісімен уланған жағдайда крахмал ерітіндісін ішу керек (15 г 200г суға)
7.8 Метил спиртімен уланған жағдайда оттегімен дем алып, тез арада дәрігер шақыру керек.
7.9 Күкірт қышқылымен уланған жағдайда тез арада дәрігер шақырып, сол адамның асқазанын тазарту керек. Сонымен қатар магнезия ерітіндісін (15 г 1 л суға) және ақуыз ерітіндісін ішкізу керек.
7.10 Тұз немесе сірке қышқылдарымен уланған жағдайда қолма-қол жедел жәрдем немесе дәрігерді шақыру қажет. Күйдірілген магнезии, күйдіргіш натрийдің әлсіз ерітіндісін, сүт беру керек.
7.11Сілтімен жеңіл уланған кезде сірке қышқылының 1%-ті ерітіндісін, ал қышқылмен уланған жағдайда күйдірілген магнезияны ішке қабылдайды. Ауыр жағдайда шаю керек. Одан кейін ақуыз ерітіндісін, сүт немесе крахмал клейстерін ішу керек.
7.12 Аммиакпен уланған жағдайда сірке қышқылының әлсіз ерітіндісін және лимонның шырынын ішу керек.
8 Жұмысты аяқтағаннан кейінгі қойылатын талаптар
8.1 Лабораториялық жұмысты аяқтағаннан кейін студент өзінің жұмыс орнын жинап, реактивтерді, құралдарды өз орнына қоюы керек. Қолданған реактивтерді мұқият тексеріп, ыдыстардың аузын жабу керек.
Лабораториялық жұмыс №1
Сірке қышқылын синтетикалық жолымен алу
Жұмыстың мақсаты: Кальций карбидінен сірке қышқылын алу.
Теориялық бөлім. Ацетиленнен сірке қышқылы синтезін алу бұл қызықты мысал болып келеді, өйткені бейорганикалық – кальций карбиді, су және оттегі органикалық заттан алады. Сірке қышқылын алу келесі сатыдан тұрады:
1) Ацетиленді алу.
Кучеровтын реакциясы бойынша ацетиленді гидротациялайды.
3)Марганецтін сірке қышқылының болуымен сірке албдегиді ауаның оттегімен сірке қышқылына дейін тотығуы.
Осы сатылардың ең қиыны сірке альдегидінің тотығуы. Осы реакция өте баяу өтеді және өндірісте тотықпаған альдегидті қайтадан тотығуға бағыттайды. Сірке альдегидінің тотығуы зертханалық талаптарын жүзеге асыру циркуляциялық схемасы арқылы өте қиын.
Тотығу реакциясын катализатор (марганец ацетаты және калий перманганаты) арқылы жасауға болады. Тотығу реакциясы ақырғы жағдайда тез жүреді, өйткені калий перманганаты көп жағдайда тотығу болып келеді.
Құрал жабдықтар мен реактивтер: Вюрц колбасы, тамшылатқыш воронка, жуғыш склянка, газөткізгіш түтікшесі бар колба және термометр, газөткізгіш түтікшесі бар пробиркалар, ас тұзы , сынап тотығы , күкірт қышқылы , калий перманганаты , кальций карбиді .
Достарыңызбен бөлісу: |