- Жалпы қауіпсіздік талаптары:
- Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.
- Дербес компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
- Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған дербес компьютерде жұмыс істеуге тыйым салынады.
- Үстелге, дербес компьютердің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
- Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
- Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
- Дербес компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
- ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық – 50 см.
- Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
- Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
- Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
- Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
- Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
- Дербес компьютер электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, Дербес компьютердің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
- Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
- Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
- Дербес компьютерде жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
- Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
- Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
- Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
- Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
- Дербес компьютерде жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
- Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
- Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
- Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері
- Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
- Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)
- Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату
- Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету
- Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
- Күйгенде көмек көрсету:
- Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка)
- Күйген жеріне май жағу (винилин)
- Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдынала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау
- Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
- Талып қалғанда көмек көрсету:
- Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу
- Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
- Демі тоқтағанда көмек көрсету:
- Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру
- Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
- Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру керек
- Оқушының міндеттері
- а) Компьютерде жұмысты бастар алдында:
- Компьютерде көзге көрінерлік ақаулықтардың жоқ екеніне көз жеткізуге, ондай болған жағдайда бұл жөнінде мұғалімге хабарлауға және өзі жөндемеуге.
- Машиналық уақытты есептеу журналында жұмыстың басталған күні мен уақытын, аты – жөні мен сынып атауын және де жұмысты бастар алдында байқаған ақаулықтарды жазуға.
- Жұмысқа мұғалімнің нұсқауымен ғана кірісуге міндетті.
- б) Компьютерде жұмыстын аяқтап болысымен:
- Өз жұмысын орнын қалпына келтіріп, компьютерді сөндіруге.
- Машиналық уақытты есептеу журналында жұмыстың аяқталған уақытын және жұмыс барысында байқаған ақаулықтарды жазуға.
- Жұмыс орындау мақсатында өзіне берілген дискеталарды, дискілерді және оқулықтарды мұғалімге тапсыруға міндетті.
- Көз талғанда жасайтын жаттығуларды есіңе сақта және оларды орында!
- 1 – жаттығу.
- Көздеріңнен бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
- Көздеріңнің бұлшық теін босаңдатып, ашыңдар. Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4 – 5 рет қайталаңдар.
- 2 – жаттығу.
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
- Көздеріңді талдырмаңдар.
- Алысқа қадағалап қараңдар.
- 3 – жаттығу.
- Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадағалап қараңдар.
- 4 – жаттығу.
- Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадағалап қараңдар.
- 5 – жаттығу.
- Көзден 30 см арақашықтыққа қарындашты ұстап тұрып ұзақ тесіле қараймыз, сосын мұрынның ұшына қараймыз.
- 6 – жаттығу.
- Алақанды бір – біріне уқалап жылытып алып көзге жайлап басу керек. Осылайша 3 – 5 секунд тұру.
- 7 – жаттығу.
- Көздеріңді 20 – 30 секунд бойы жиі – жиі жыпылықтатындар.
- Требования безопасности перед началом работы
- Запрещено входить в кабинет в верхней одежде, головных уборах, с громоздкими предметами и едой.
- Запрещается шуметь, громко разговаривать и отвлекать других учащихся.
- Запрещено бегать и прыгать, самовольно передвигаться по кабинету.
- Разрешается работать только на том компьютере, который выделен на занятие.
- Перед началом работы учащийся обязан осмотреть рабочее место и свой компьютер на предмет отсутствие видимых повреждений оборудования.
- Запрещается выключить или включать оборудование без разрешения преродавателя.
- Напряжение кабинета включается и выключается только преподавателем.
-
- Требования безопасности во время работы
- С техникой обращаться бережно: не стучать по мониторам, не стучать мышкой о стол, не стучать по клавишам клавиатуры.
- При возникновении неполадок: появлений в функционировании аппаратуры, самопроизвольного её отключения необходимо немедленно прекратить работу и сообщить об этом преподавателю.
- Не пытаться исправить неполадки в оборудовании самостоятельно.
- Выполнить за компьютером только те действия, которые говорит преподаватель.
- Контролировать расстояние до экрана и правильную осанку.
- Не допускать работы на максимальной яркости экрана дисплия.
- В случае возникновения нештатных ситуаций сохранять спокойствие и четко следовать указаниями преподавателя.
Достарыңызбен бөлісу: |