Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары Сабақтың мақсаты



Дата10.11.2018
өлшемі52 Kb.
#18904
түріСабақ

Күні:

Сыныбы:


Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Периодтық жүйедегі орны бойынша кальций атомының құрылысы, қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, төзімділікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылырдың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, есте сақтау, ой-өрісін дамыту, өмірдегі көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, зертханалық тәжірибе, топтық жұмыс, тірек – сызбалармен жұмыс, дифференциалау әдісі.

Көрнекілігі: Д.И.Менделеев кестесі, интерактивті тақта, буклет, үлестірме тапсырмалар.

Пәнаралық байланысы: Химия

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Ү. Үй тапсырмасы

ҮІ. Қорытынды жасау,бағалау

І. Үйымдастыру кезеңі.

а)Мұғалім: Сәлеметсіздер ме?

Оқушылар: Сәлеметсіз бе?

Мұғалім: Оқушылар,оқу құралдарыңызды аламыз. Бүгін сыныпта кім кезекші?

Оқушы: Мен.(аты-жөні)

Мұғалім: Бүгін сабақта кім жоқ?

Оқушы: Бүгін сыныпта түгелміз.(немесе жок оқушыны атайды)

ә) Оқушылырды топ деңгейлерін ескеріп үш топқа (оқушылық, эвристикалық, шығармашылық) бөлу, екі партада біріктірілген үстелдерге жағалай отырғызылады

ІІ. Үй тапсырмасы «Бинго» ойыны барысымен сұралады:

1.​ Кендер деп нені айтады?

Жауабы: Өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдарды кендер деп атайды.

2.​ Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын жасаған кім?

Жауабы: Қ.И.Сәтбаев

3.​ Жемірілу (коррозия) деген не ?

Жауабы: Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу (коррозия) деп аталады.

4.​ Жұмсақ металл?

Жауабы: Литий

5.​ Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым?

Жауабы: С.Аррениус

6.​ Кремний қышқылының тұздары қалай аталады?

Жауабы: Силикаттар

7.​ Сұйық металл?

Жауабы: Сынап

8.​ Күміс қасық шыны стақанға қарағанда жылуды неше есе өткізеді?

Жауабы: 500 есе

9.​ Ең қиын балқитын металл?

Жауабы: Вольфрам

10.​ Қанның құрамында кездесетін металл?

Жауабы: Темір

11.​ Металдарды олардың қосылыстарынан химиялық белсендіріек металдармен тотықсыздандыру әдісі?

Жауабы? Металлотермия

12.​ Шынының формуласы қандай?

Жауабы: Na2O*CaO* 6SiO2 (тақтаға жазу)

13.​ «Адамзат ашқан алашқы метал-алтын»- деп айтқан неміс ғалымы кім?

Жауабы:К.Маркс

14.Металдарды алудың жалпы әдістері нешеге бөлінеді,және оларды ата?

Жауабы:пирометаллургиялық,гидрометаллургиялық

ІІІ. Жаңа сабақ. Кальций және оның қосылыстары

Сабақтың жоспары:

1-бөлім Қайталау-оқу анасы

2-бөлім Білгенге-маржан

3-бөлім Ізденген жетер мұратқа

Сабақ жоспары түсіндірілгеннен кейін әр топтың алдына үлестірме тапсырмалар тапсырылады.

1 – бөлім. Қайталау – оқу анасы.

I топ тапсырмасы:

8 сыныптағы «Д.И.Менделеевтің заңы мен жүйесі» тақырыбынан алған теориялық білімдеріңізге сүйеніп, кальций элементіне сипаттама беріңіздер. (Периодтық жүйе пайдаланылады)

II топ тапсырмасы:

Кальцийдің химиялық қасиеттерін сипаттайтын мына рекция теңдеулерін аяқтаңыздар.

1.​ Са+Cl2

2.​ Са+S


3.​ Са+Н2

4.​ Ca+O2

5.​ Ca+HCl

6.​ Ca+H2O

III топ тапсырмасы:

Тотығу дәрежесі №2-ге тең, 8 гр металл сумен реакцияласқанда 4,48л сутегі (қ.ж.) бөлінді. Металдың Аr анықтап, оны атаңыз.

Шығарылуы: Ме + 2Н2 О → Ме(ОН)2 + Н2

8/4,48=х/22,4

х =40 г (Са)

Жауабы: Аr = 40 г (Са)

Осы тапсырмалар бойынша әр топ өздерінің білімін ортаға салды, ары қарай мұғалім толықтырды.

2 – бөлім. Білгенге – маржан.

Мұғалім тірек-хабарларын пайдалана отырып кальцийдің адам ағзасы үшін маңызы, кальцийдің табиғатта таралуы, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, қосылыстары жайлы әңгімелейді.

Құрамы: Кальций

1808 ж ағылшын ғалымы.

Г.Дэви ашты

IV период Са40

II топ негізгі топша

2е 8е 8е 2е

Маңызы:


Адам ағзасы – 1кг

Орта есеппен күніне – 0,5 гр

Са2+ ----------------- қан ұю

Са3(РО4)2 -------- сүйек,тіс,бауыр,бүйрек,жүрек

Тағамдар --------- сүт, сүзбе, сыр, жұмыртқа

Әктас қалай пайда болды?

Бор-мұхит пен теңіздерде тіршілік ететін ұсақ ағзалардың қабыршақтары мен қаңқаларынан пайда болады. Олардың әктентүзелген қаңқаларынан теңіз, мұхиттарда, су астында үйінді пайда болады. Қаңқалар үйіндісінен жартас-риф және шеңберлі жартас- атолл түзіледі. Әк алуға көбінесе рифтегі көп қармалауышты маржандардың қаңқалары пайдаланады. Бор бор дәуірінде түзілген, тау жер бетінде тұтас жота болып көтерілген.

Табиғаттағы айналымы.

Калиций карбонатының гидрокорбанатқа және керісінше айналу реакциясы.

Жаңбыр және басқа табиғи сулар ауадағы көмірқышқыл газын ерітіп, көмірқышқылын түзеді:

Н2О + СО2 → Н2 СО3

Са(НСО)3 → Н2 СО3 ↓ + Н2О + СО2↑

ІҮ.Жаңа сабақты бекту.

Үш топқа тапсырма берілді.

1 топ: Оқушылық деңгей.

2-тапсырма:

Кальцийдің өздеріңіз білетін, күнделікті өмірде кездестіріп жүрген қандай қосылыстарын білесіздер?

3- тапсырма.

Егер қышқылдың шығымы 80% болса,онда 31т кальций ортофосфатынан қанша ортофосфор қышқылын алуға болады?

Шешуі: 31 Х

Ca3(PO4)2+3H2SO4=3CaSO4+2H3PO4

310г/моль 98г/моль

31 X

310 196 X=196*31/310=19.6



Егер қышқылдың шығымы 80% болса

19.6 100%

X 80% X=19.6*80/100=15.68т.

2 топ: Эвристикалық деңгей.

2-тапсырма.

Мыны айналуларды жүзеге асырыңыздар:

СаО → Са(ОН)2 → СаСО3 → Са(НСО3)2 → Ca(ClO)2

3-тапсырма

Таза кальций карбонатының 50кг массасын қақтағанда оның массасы 4.4 г кемиді. Кальций карбонатының қанша проценті ыдырайды?

Шешуі:


X 4.4

CaCO3 = CaO+CO2

100 г/моль 44г/моль

100 44


X 4.4 X=100*4.4/44=10кг CaCO3

Енді ыдыраған кальций карбонатының массалық үлесін есептейміз.

W=10/50=0.2 немесе 20%

3 топ: Шығармашылық деңгей

2-тапсырма

Реакциялардың иондық теңдеулерін құрыңыздар:

1. Са(ОН)2 → СаСО3

2. СаСО3 → Са(НСО3)2

3. Са(НСО3)2 → СаСО3

3-тапсырма «Мен кіммін ?»

Бер.: Шешуі:

W (Cu) = 40% Са : C : O = 40/40 : 12/12 : 16/48 = 1:1:3

W (C) = 12% Жауабы: СаСО3

W (O) = 48%

T/k: CaxCyOz - ?

Ү. Үй тапсырмасы.

3 бөлім. Ізденген жетер мұратқа.

Үйге тапсырманы дифференциалдап беру.

1 топқа: Кальций және оның қосылыстары тақырыбын оқу, тірек хабарларды пайдалана отырып, реакция теңдеулерін жаза білу

2 топқа: Оқулықтағы №6, №7 жаттығу (137-бет)

3 топқа: Ізденіп шығармашылықпен жұмыс істеу:

«Менің өлкемнің байлығы» тақырыбына реферат жазу.

ІҮ.Қорытынды жасау.Бағалау.Сабаққа қатысқан оқушылардың белсенділігін бағалау. Сыныппен қоштасу.

М: Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан,есеп шығарып,сұрақтарға жауап берген оқушылар түгелдей бағаланды. Сабақ аяқталды,сау болыңыздар!



О: Сау болыңыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау