44
құрбандары еңбекке қабілетті жастағы адамдар – 18-55 жастағы еркектер мен 15-
49 репродуктивті жастағы әйелдер болып отыр. Жасөспірімдер мен жастардың
темекі тартуының көбеюі ерекше қауіп тудыруда.
Қазақстан темекіге қарсы жеткілікті деңгейде белсенді күрес жүргізуде. Ре-
спубликада 2006 жылдың 25 қарашасынан ҚР «Дүниежүзі денсаулық сақтау
ұйымдарының темекіге қарсы күрес жөнінде шекті келісім-шартын бекіту тура-
лы» (ДДҰ ТКШК) заңы әрекет етуде.
Қазақстан Республикасында 2013 жылдан СӨСҚ өңірлік орталықтары және
БМСК негізінде жылына орта есеппен алғанда 1982 адамды қамтитын 95 темекіге
қарсы орталықтар мен кабинеттер ашылған және жұмыс істеуде.
Жоғарыда көрсетілген және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлігінің 2011 жылдың 9-маусымындағы № 381 «Салауатты өмір сал-
тын қалыптастыру саласының қызметін жүзеге асыруда денсаулық сақтау
ұйымдарының қызметі туралы ереже» бұйрығына сәйкес республикадағы БМСК
негізінде құрылған темекіге қарсы орталық қызметтерінің, мінез-құлық қаупі
факторлары бойынша денсаулық мектептері қызметтері жетілдіріліп және жүйесі
кеңейтілуде.
Темекіге қарсы орталықтардың міндеті:
1) тәуелді темекі шегушіліктен арылуға келетіндерге емдеу-профилактикалық
көмек көрсету;
2) медицина ұйымдарында «Темекі шегушіліктен азат аймақ» жобасын жүзеге
асыру ісінде ұйымдастыру-консультациялық көмек көрсету (семинарлар өткізу,
медицина қызметкерлерін темекіге тәуелділіктен емдеу);
3) медицина қызметкерлеріне халықтың арасында темекінің алдын алу тәсілдерін
үйрету;
4) бекітілген халық арасында темекі шегушіліктің таралуы бойынша
статистикалық мониторинг пен талдау жүргізу, тәуелді темекі шегушіліктен
арылғысы келетіндерге көмек көрсету қызметін жетілдіру және дамыту туралы
ұсыныстар әзірлеу;
5) дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің темекі шегушіліктің алдын
алу мәселелері бойынша кәсіби білім беру жүйесін арттыру үшін ұйымдастыру-
әдістемелік жұмыстар жүргізу, темекіге тәуелділік мәселелеріне қатысты конфе-
ренциялар, кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;
6) темекі шегушіліктің алдын алу мәселелері бойынша халықтың арасын-
да ақпараттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу (акциялар, семинарлар,
дәрістер, сұхбаттар);
7) темекіге тәуелділіктің алдын алу мәселелері бойынша жасөспірімдермен
жұмыс жүргізу үшін жастардың арасынан жетекшілер (еріктілер) іріктеп алу
және білімдерін арттырып еріктілер қозғалысын дамыту;
8) жастар мен қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер, бұқаралық ақпарат
құралдары өкілдерімен өзара іс-қимыл және жұмылдыру, халықтың арасын-
да білім беру жүйесіне, санитарлық-профилактикалық жұмыстарына жеке
45
үлесін қосу, оның ішінде теледидар мен радио арқылы хабарлар беру, мерзімдік
басылымға мақалалар жариялау және басқа;
9) медицина ұйымдарының қызмет көрсететін аумақтағы ұйымдардың арасын-
да темекі шегушіліктің таралу деңгейін төмендету үшін сектораралық байланы-
сты қамтамасыз ету және халықтың арасында темекі шегушіліктің алдын алу іс-
шараларын үйлестіру (аудан әкімшілігі, мектептердегі, колледждердегі, жоғары
оқу орындарындағы және басқа темекіге қарсы орталықтар).
Темекіге қарсы орталықтың қызметкерінің атқаратын міндеттері
1. Профилактикалық қызметті темекі тартуға ескерту жасау және шектеу бойын-
ша ұйымдастырады. Хорн сауалнамасы бойынша шылым шегу типін анықтайды.
2. Темекі тартуды тастағысы келетіндерге емдік-профилактикалық көмек
көрсетуді ұйымдастырады.
3. Медициналық қызметкерлер үшін тұрғындар арасында темекі тартудың ал-
дын алу мен оны шектеу мәселелесі бойынша оқытатын семинар-тренингтер
ұйымдастырады.
4. Медициналық қызметкерлер арасында темекі тартуға тыйым салу туралы
бұйрықтың орындалуын бақылайды.
5. Қызмет көрсететін аумақта темекі тартуды шектеу мен алдын алу бойынша
жұмыстарды үйлестіреді.
Темекі тартуға ескерту жасау мақсатында ТҚО маманына қажет:
1. Ауыспалы кезеңдерде емделушілермен темекіден бас тартқаннан
соң 48 сағат, 1,3,6 және 12 ай мерзімінде жеке немесе телефон арқылы хабарла-
сып отыру.
2. Бірінші үш айда шылымқорлар психотерапевтік сипаттағы (темекі тартпау
уәждемесін қолдау жөнінде әңгіме, топтық жаттығулар, темекі тастаған басқа
емделушілермен кездесу) немесе дәрілік сипаттағы (абстиненцияны тоқтату,
седативтік дәрілер, тазартатын диета және т.б.) қолдауды қажет етеді.
3. Емделушіні темекіден бас тартудың
дәрісіз әдістері туралы
әдебиеттер немесе ескертпелермен қамтамасыз еткен дұрыс.
4. Салауатты өмір салты бойынша (психологиялық гигиена, спорт,
темекіден бас тарту) ұсыныстар беру қажет.
5. Емделуші біреуге көмек көрсете алады, мысалы,
туысқанына немесе
танысына темекіден бас тартуға кеңес беруіне болады.
6. Емделушіге ауыспалы кезеңде немесе абстиненция асқынғанда
көмек сұрауды ұсыну.
7. Бұрынғы шылымқорға темекіге итермелейтін
жағдайлардан өзін
алшақ ұстауға кеңес беру.
8. Бұрынғы шылымқормен әңгімелесу кезінде темекі тартпаудың
абырой екендігін айтып, қайталап отыру.
Ұсыныстар
Қазіргі кезде ДДҰ-ның темекімен күрестегі басты мақсаты балалардың
және жасөспірімдердің темекі тартқанға дейін темекінің зияны туралы