Сүт өнімдеріндегі көмірсуларды анықтау
1-Тәжірибе
Жұмыстың мақсаты: Балмұздақ өніміндегі көмірсуларды анықтап, бақылау.
Керекті материалдар мен құралдар:
Балмұздақ
H2SO4 (1:20)
10% - тік NaOH
5% CuSO4
Pb(CH3COO)2
Электр плиткасы
Су моншасы
Жұмысты орындау тәртібі:
1. Пробиркаға 2 мл балмұздақ салып, үстіне сонша дистилденген су және бірнеше тамшы сұйытылған H2SO4 ерітіндісін тамызады. Алынған ерітіндіні ұлпалары пробирка түбіне шөккенше 5 минут уақыт қойып қояды. Одан кейін тұнбадан сүзіп алып, мөлдір сүзіндіні екі пробиркаға бөліп құяды. Бір пробиркаға 1 тамшы 10% - тік NaOH және 2 тамшы 5% - тік CuSO4 қосады. Пробиркадағы қоспаны су моншасында 1 минут қайнатады. Пробиркада тұнба түзілгенін байқаңыз. Сілтілік ортада глюкоза CuSO4 қызыл сары түске дейін тотықсыздандырады. CuSO4 себебі лактоза, глюкоза сияқты әсер етеді.
Екінші пробиркаға 0,1 н Pb(CH3COO)2 салып, араластырып ерітеді. Су моншасында қызыл түске айналғанша қыздырады. Біраз уақыттан соң қызыл сары түсті тұнба түзіледі. Бұл реакцияның химизмі күрделі. Сахарозада да, глюкозада да бұл реакцияны бермейді. Қорытынды жасап реакция теңдеуін жазыңыз.
№ 6. Зертханалық жұмыс
Крахмалдың иодпен реакциясы
1-Тәжірибе
Жұмыстың мақсаты: Моносахарид, полисахаридтердің физико-химиялық қасиеттерімен танысу.
Керекті материалдар мен құралдар:
Крахмал
Химиялық стакан 50 мл-лік 4 дана
5%- дық иодың спирттік ерітіндісі
CuSO4 ерітіндісі
NaOH ерітіндісі
Спиртовка
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Жақсы ұнталынған 4-5 г крахмалды 50 мл–лік химиялық стаканға салып, үстіне 30 мл дистилденген су құяды да, жақсылап араластырады. Пайда болған қоспаны араластыра отырып, ыстық суы бар стаканға құяды. Крахмалды клейстр түзіледі.
Алынған клейстрді үш пробиркаға бөледі.
Бірінші пробиркаға 2-3 тамшы дистилденген су құйып, оған 2-3 тамшы иодтың спирттік ерітіндісін тамызады.
Екінші пробиркаға 2–3 тамшы HCL ерітіндісін тамызады.
Үшінші пробиркаға 1 мл CuSO4 ерітіндісі және NaOH ерітіндісін құяды.
Барлық пробиркаларды су моншасында қыздырып, суытады.
Болған өзгерістерді сипаттаңыздар.
Мыс гидроксиді тотықсыздана ма.
Крахмалдың гидролиздену реакциясын жазыңдар.
№ 7. Зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |