Лактан қондырғысымен сүт сапасын және сүттегі казеинді анықтау
Сүт сапасы құрамындағы белок, май, құрғақ зат мөлшеріне байланысты анықталады. Сүттің құрамында көп мөлшерде казеин белогы болады.
Казеин – фосфолипидтерге жататын күрделі белок. Сүтте ол суда еритін кальций тұзы күйінде кездеседі. Сүттің қышқылдық қасиеттері оның құрамында кездесетін казеин және басқа да қышқыл заттарға байланысты.
Жұмыстың мақсаты: Белоктардың сандық және сапалық құрамын анықтау әдісімен танысу.
Әдістің принципі: сапалық көрсеткіштерін анықтау Лактан қондырғысын пайдалануға, ал казеинді анықтау тәсілі сүтті 0,1н NaOH ерітіндісімен нейтралдауға негізделген. Казеиннің мөлшері 0,1н NaOH ерітіндісінің казеинмен және казеинсіз жүргізілген тәжірибеге кеткен мөлшерінің айырмасы бойынша анықталады.
Керекті материалдар мен құралдар:
0,04н Н2SO4 ерітіндісі.
0,1 н NaOH ерітіндісі.
Фенолфталеиннің 2%-тік ерітіндісі.
200 мл-лік Эрленмейер колбасы – 2 дана.
100 мл-лік өлшеуіш колба – 1 дана.
100 мл-лік мензурка – 1 дана.
20 мл-лік Мор пипеткасы – 1 дана.
Воронка
50 мл-лік бюретка – 4 дана
Бунзен штативі (сақинасымен).
Сүзгіш қағаз.
Лактан қондырғысы.
Қажетті шикізат: Әр түрлі сүт үлгілері.
Жұмысты орындау тәртібі:
Екі колбаның әрқайсысына 20 мл сүт және 80 мл дистилденген су құйып, колбаның біреуіне бюреткадан 0,04н Н2SO4 ерітіндісін казеин тұнбасы түскенге дейін тамшылатып қосады (шамамен 23-28мл). Екінші колбаға да 0,04н Н2SO4 ерітіндісінің сондай мөлшерін құяды. Бірінші колбадағы казеин тұнбасының бетіндегі сұйықты 100 мл өлшеуіш колбаға сүзіп бөліп алады. Казеин тұнбасы бар екінші колбаға 2-3 тамшы фенолфталеин қосып, 0,1н NaOH ерітіндісімен солғын күлгін түс пайда болғанша титрлейді. 100 мл-лік өлшеуіш колбадағы фильтратты Эрленмейер колбасына ауыстырып 2-3 тамшы фенолфталеин қосып, 0,1н NaOH ерітіндісімен солғын күлгін түс пайда болғанша титрлейді. Есептеу мына формула бойынша жүргізіледі.
в * с
Х = (a - -------- ) * 0,55 ;
100
Мұндағы:
Х – казеиннің сүттегі проценттік мөлшері;
а – казеин тұнбасы бар колбаға кеткен 0,1н NaOH ерітіндісінің мөлшері, мл;
в – 100 мл фильтратты титрлеуге кеткен 0,1н NaOH ерітіндісінің мөлшері, мл;
с – бірінші колбадағы сұйықтықтың жалпы мөлшері, мл.
0,55 – казеин мөлшерін процентке айналдыру коэффиценті.
№ 5. Зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |