71
берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. Сабақта
компьютерлік технологиялар:
— оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды
пайдалануды;
— оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді
құрал
ретінде өнімді қолдануларын;
— пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
— оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында оқушылардың
өздігінен іздеу және зерттеу
жұмыстары әдісін әзірлеулерін;
— Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты
іздеу
және өңдеуді;
— есептерді шығару үшін электрондық
кестелерді пайдалануды;
— виртуалды практикумдар және зертханалық жұмыстар жүргізуді
қарастырады.
Сабақта және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және физика пәнінен
алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдану біліктілігін дамытатын
есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады.
Сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда
жұмыс істеу дағдылары мен біліктілігін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге
бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.
Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және байқа-
ғыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте сақтау,
тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді
баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының
ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.
Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде
жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның
жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге
асырылады.
Практикалық және зерттеушілік жұмыстар, зертханалық тәжірибелер
орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар
орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономи-
калық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну
тереңдетіледі. Оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері,
қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың
салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары
тиіс.
Физика кабинетінің жабдықталуын және оқытудың электрондық құрал-
дарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың,
практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады. Зертханалық
және практикалық жұмыстарды орындау барысында (зертханалық жұмыстарға
арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті
түрде бағаланады.
Жалпы орта білім деңгейінде физика пәні үшін математикалық және
ақпараттық сауаттылықты дамыту маңызды болып табылады. Ол ақпараттық
құрылымдарды (сызбанұсқалар, кестелер) құрастыру және толтыру, ақпарат
72
жинауды ұйымдастыру және оған талдау жасау, сызбалар құру және талдау,
модельдеу әдістерін қолдану білігін қамтиды. Сонымен қатар проблемаларды
талдауды, тапсырмаларды тұжырымдауды, мәтіндік шарттан формулаға,
процесті суреттеуден оны ұсынуға өтуді және өзгерістің мәнін түсіндіруді
қамтиды.
Сабақтарда газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейне-таспа материал-
дары, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.
Сапалық және сандық есептерді шешуге тең дәрежеде көңіл бөлу керек,
өйткені құбылыстардың, процестердің терең мәнін түсіну және оларды шешу
дағдыларын қалыптастыруға қол жеткізу қажет.
Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып барлық оқу құралдары
және техникалық жабдықтарды оқушылардың дұрыс пайдалануы маңызды
болып табылады.
“Жаратылыстану” білім саласы пәндері сабақтарындағы сын тұрғысынан
ойлау келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала
отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену.
Сондықтан оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру
дағдыларын қалыптастыруына жағдай жасау қажет.
Физика сабақтарындағы пәнаралық байланыстар қоршаған әлемдегі
процестер мен құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді
оқу барысында басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін,
жүйелі ойлауды дамытуда ерекше рөл атқарады.
Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың
ғылыми деңгейін арттырады, оқу материалының мазмұнына, мұғалім
қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз бетімен
жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді.
Сонымен қатар, пәнаралық байланысты белсенді пайдалану, жаратылыстану
бағыты пәндерін оқыту процесін оңтайландыруға және оқушыларға түсетін
оқу жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Пәнаралық байланыстар зерттеудің жалпы әдістерінде (эксперименттік
әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) қолданылуы мүмкін. Мұғалімге
пәнаралық байланыстың келесі түрлерін қолдану ұсынылады.
Бұрын өтілген материалға сүйенетін жағдайдағы пәнаралық
байланыстар — бұл байланыстар курстың материалын оқу барысында,
басқа пәндерден бұрын алынған білімдерге сүйенуді қарастырады (мысалы,
жаратылыстану,
география, биология курстарынан алынған білім).
Ілесе жүретін пәнаралық байланыстар — бұл байланыстар, көптеген
сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін
қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары –
биологияда оқылады және т.с.с).
Алдағы уақытта қолданылатын пәнаралық байланыстар материалды бір
пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады
(мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда
бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге
сүйенеді.
Оқушылардың үй тапсырмасын орындауы – оқу процесінің қажетті
элементтерінің бірі. Оны дұрыс ұйымдастыру арқылы, сабақ барысында