31
теория, молекулалар немесе атомдардың қозғалыс сипаты мен өзара
әсерлесуін қарастыру тұрғысынан денелердің қасиеттері мен заттарда өтетін
құбылыстарды қалай түсіндіретінін біледі.
Алайда, әрине, молекулалық физика заттың құрылысы туралы барлық
сұрақтарға толығымен жауап бере алмайды. Зат күйінің параметрлері
арасындағы көптеген қатынастарды, денелер мен құбылыстардың
макроскопиялық қасиеттерін олардың ішкі құрылысындағы ерекшеліктерді
ескермей-ақ қорытып шығаруға және түсіндіруге болады.
Денелердің әртүрлі қасиеттері мен зат күйінің өзгерістерін оларды құрайтын
бөлшектердің қозғалысы мен өзара әсерлесуінің сипаты туралы түсініктерді
пайдаланбай қарастыратын физиканың бөлімі
термодинамика деп аталады.
Термодинамикада термодинамикалық жүйе және термодинамикалық
процестер ұғымы жиі пайдаланылады.
Термодинамикада термодинамикалық жүйелердің неғұрлым жалпы
қасиеттері мен оларда өтетін процестер олардың механизмі тұрғысынан емес,
осы процестерде болатын энергияның түрленуі тұрғысынан қарастырылады.
Бұнда термодинамика орасан зор тәжірибелік фактілердің қорытындысы
болып табылатын қайсыбір жалпылама заңдарға (бастамаларға) сүйенеді.
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Жылу физикасы бойынша
оқушылар
— игерілген ұғымдарды (орташа квадраттық жылдамдық, қыздырғыш,
суытқыш, жылуқозғалтқышының ПӘК) идеал газ заңдарының, термо-
динамика заңдарының физикалық мағынасын түсіндіру үшін
пайдалануды;
— газ заңдарын, табиғаттағы процестердің қайтымсыздығын, жылу
машиналарының адам өміріндегі рөлін және оларды пайдаланудағы
экологиялық
проблемаларды
сипаттауды және
түсіндіруді;
— термодинамиканың бірінші заңын идеал газдағы процестерге
қолдануды;
— идеал газ күйінің
параметрлеріне өлшеулер
жүргізуді;
— газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуін
(Менделеев—Клапейрон) пайдаланып, зат мөлшерін, температураны
анықтауға, термодинамиканың бірінші заңын, ПӘК формуласын пайдаланып
идеал газдың ішкі энергиясының өзгерісін, жылу қозғалтқыштарының ПӘК
есептеп шығаруға арналған сапалық және сандық есептерді
шығаруды білуі
және
игеруі тиіс.
Молекулалық физиканың негізгі түсініктері мен теңдеулері
Молекулалық-кинетикалық теория. Қазіргі физика — бұл атомдық
Физика. Сондықтан ең алдымен оқушыларға заттың атомдық-молекулалық
құрылысымен танысуға мүмкіндік беру керек.
Осыған байланысты молекулалық физиканың негіздері туралы білімді
термодинамика заңдарын зерделеу барысында пайдалану үшін оны
оқып-үйренуді кинетикалық теориядан бастау маңызды. Тарауды оқыту
бағдарламасының құрылымы дәл осындай, яғни онда молекулалық-
кинетикалық түсініктер энергетикалық түсініктерден бұрын беріледі,