49
оқшаулағыш (заряд өткізбейтін) арқылы ілінген. Қарама-қарсы салмақты
жылжыта отырып, иіндіктің ұшын жоғары нүктелік зарядталған шарға қарсы
тұратындай етіп иіндікті көлденең бағытта орнатады. Барлық қондырғы
тұрғыға бекітілген таразыдан, оқшауланған білікшедегі шардан және шар
центрлерінің арасындағы қашықтықты өлшеуге ыңғайлы етіп орнатылған
сызғыштан тұрады.
Қондырғы дайын болғанда, екі шар да электрофор мәшинесінің көмегімен
зарядталады және тұрғыдағы (штативтегі) шарды екінші шардан 5-6 см
қашықтыққа орналастырады. Осы кезде таразы тепе-теңдік қалпынан
ауытқиды, оларды алғашқы көлденең жағдайға қайтару үшін иіндікке
сымнан жасалған рейтер-сақина кигізеді де оны иіндік бойымен иіндіктің ұшы
нүктелік таңбамен сәйкес болғанша жылжытады. Бұдан кейін шарлардың
біреуінің зарядын екі есе азайтады, ол үшін оны оқшауланған тұтқадағы
өлшемі дәл сондай үшінші зарядталмаған шармен жанастырады. Тағы да
рейтерді иінтірек бойынша жылжыта отырып, таразылардың тепе-теңдігіне
қол жеткізеді. Сонда күш иінінің 2 есе азайғанын көреміз, демек, шарлардың
тебілу күштері 2 есе азаяды. Осы тәсілмен зарядты 4 есе азайтсақ, тебілу күші
де 4 есе азайғанын байқаймыз.
Екінші шардың зарядын өзгерте отырып тәжірибені қайталап, жүргізілген
бақылаулардан
зарядталған екі дененің өзара әсер күші зарядтардың
әрқайсысының шамасына пропорционал деген қорытынды шығады.
Өзара әсер күшінің қашықтыққа тәуелділігін тәжірибеде көрсету үшін
тағы да екі шарды зарядтап, олардың арақашықтығын анықтайық. Ол үшін
шарларды бір-бірінен 5 см қашықтыққа орналастырып, таразылардың тепе-
теңдігі кезінде иіндіктегі рейтердің орны бойынша күш шамасын анықтайық.
Содан кейін шарлардың арасындағы қашықтықты 2 есе арттырып (10 см),
таразыны тепе-теңдікке келтіргенде әсер күштің 4 есе азайғанына көз
жеткіземіз. Егер зарядталған шарлардың арақашықтығын 3 есе арттырып
тәжірибені тағы да қайталасақ, онда өзара әсер күшінің 9 есе азайғанын
көруге болады, яғни бұның Кулон заңынан туындайтынын көреміз.
Дүниетанымдық көзқарас тұрғысынан Кулон заңын Бүкіләлемдік
тартылыс заңымен салыстыруға болады. Сөйтіп, өзара әсердің
электрлік
және
гравитациялық екі түріне баса назар аудару керек.
8-сурет
9-сурет