28
өзгеруі арқасында сығылу потенциалдық энергиясына ие болады. Серіппені
сығуда жұмыс атқарылады, ал серіппені босатқан кезде осы энергияның көп
бөлігінің босатылуы мүмкін. Серіппенің де потенциалдық энергиясы энергия
қорын жасауға пайдаланылады (мысалы, сағаттың жүрісін қамтамасыз етуге
қажет болады). Қазіргі кезде электрондық және кварцтық сағаттарды көп
пайдаланғанымен, серіппелі сағатты пайдаланатындар да әзірге жеткілікті.
Одан әрі потенциалдық энергияның инерциялық санақ жүйесін таңдауға
тәуелсіз екенін, оның тек өзара әсерлесетін денелердің арақашықтығының
ғана функциясы екенін көрсету керек.
Тақырыптың соңында энергияның сақталу заңының механикалық
процестерде қолданылуына мысалдар келтіру керек. Энергияның түрленуі,
машиналарды пайдалану, қозғалтқыштардың ПӘК, экологияға қатысты
мәселелер қарастырылады.
29
“Динамика”, “сақталу заңдары” тақырыптары бойынша бақылау
жұмысы
1-нұсқа
1. Әрқайсысының күші 250 Н болатын күштердің теңәсерлі күшін табу
керек. Бірінші және екінші күштердің, екінші және үшінші күштердің
арасындағы бұрыштар 60°.
Жауабы: F
R
= 500 Н.
2. Массасы 2,5 кг ағаш жүкті горизонталь бет бойымен бірқалыпты тартады.
Егер үйкеліс коэффициенті 0,2 тең болса, онда жүкке әсер ететін үйкеліс
күші қандай?
Жауабы: F
үйк
= 5Н.
3. Массасы 500 г денені 4 м/с бастапқы жылдамдықпен жоғары қарай
лақтырғанда, дененің максимал биіктікке көтерілуі кезіндегі ауырлық
күшінің жұмысы неге тең? Дененің кинетикалық және потенциалдық
энергияларының өзгерісі ше?
Жауабы: А = – 4 Дж;
Ɓ
к
= –4 Дж;
Ɓ
р
= 4 Дж.
4. Қатаңдығы 200 кН/м сымды 0,5 мм-ге созу үшін оның ұштарына қандай
күш түсіру қажет?
Жауабы: F= 100 Н.
2-нұсқа
1. Әрқайсысының күші 300 Н болатын екі күштің теңәсерлі күшін табыңдар.
Олардың арасындағы бұрыш 90°.
Жауабы: F
R
= 300 2 .
2. Трактор массасы 20 кг бөренені көпір салынып жатқан орынға дейін
сүйреп апарды. Егер трактордың тарту күші 2 кН болса, онда үйкеліс
коэффициенті неге тең?
Жауабы: μ = 0,01.
3. 5 м биіктіктен еркін құлаған массасы 3 кг дененің жерден 2 м биіктіктегі
кинетикалық және потенциалдық энергияларын табыңдар.
Жауабы: Å
к
= 90 Дж;
Å
р
= 60 Дж.
4. 100 Н күштің әсерінен 1 мм-ге созылған сымның қатаңдығы қандай?
Жауабы: = 10
5
Н/м.
30
Жылу ФизиКасы
Молекулалық физика — физиканың мектеп курсындағы құрамдас
бөлігі. Оқушылардың молекулалық физиканың негіздерін білу қажеттігі
қазіргі физика ғылымының осы саласының көптеген ерекшеліктері арқылы
анықталады.
Әлемнің қазіргі физикалық бейнесінде молекулалық-кинетикалық теория
іргелі орын алады. Молекулалық физиканы оқып-үйрену табиғаттың көптеген
құбылыстарын түсіну үшін қызмет етеді, ал молекулалық физиканы білу
физиканың түрлі салаларында ғана емес, сонымен бірге химияда, биологияда,
астрономияда және т.б. кеңінен пайдаланылады. Молекулалық мәліметтер
негізінде газ тәрізді, сұйық, қатты және плазма күйіндегі заттардың алуан
түрлі физика-химиялық қасиеттері зерделенеді.
Молекулалық-кинетикалық (статистикалық) және термодинамикалық
зерттеу әдістері ғылым мен техника дамуының материалдардың қасиеттерін
басқару және жылутехникасы сияқты басты бағыттарының ғылыми негіздерін
жасау кезінде пайдаланылады. Бұл осы тарауды оқып-үйренудің жалпы
білімдік және тәрбиелік маңызды функцияларын меңзейді.
Әдістемелік тұрғыдан қарастырылып отырған тарау — күрделі тараулардың
бірі. Онда молекулалық физикада оқытылатын құбылыстарды түсіндіру кезінде
молекулалық-кинетикалық теория (және термодинамика) пайдаланатын
динамикалық және статистикалық ұғымдар, заңдар, принциптер мен
идеялар тоғысады. Сондықтан оқушыларды тараудың мазмұнымен, сондай-
ақ молекулалық физикада қолданылатын зерттеу әдістерімен таныстыру –
орта мектепте оны оқытудың маңызды міндеті. Алда тарау мазмұнына осы
міндеттердің шешілуін анықтайтын негізгі ұғымдар, заңдар, принциптер мен
идеялар кіреді.
Молекулалық физика заттың құрылысы мен қасиеттерін молекулалық-
кинетикалық түсініктер тұрғысынан зерттейді.
Молекулалық-кинетикалық теория денелердің тәжірибеде молекулалар
әсерінің қорытқы нәтижесі ретінде тікелей бақыланатын қасиеттерін (қысым,
температура және т.с.с.) түсіндіруді мақсат етеді. Мұнда ол статистикалық
әдісті пайдалана отырып, жеке молекулалардың қозғалысын емес, орасан
көп бөлшектер жиынтығының қозғалысын сипаттайтын орташа шамаларды
қарастырады.
Денелердің түрлі қасиеттерін және зат күйінің өзгерісін зерттеуді сондай-ақ
термодинамика да қарастырады. Алайда термодинамиканың молекулалық-
кинетикалық теориядан айырмашылығы, ол денелердің макроскопиялық
қасиеттерін де, табиғат құбылыстарын да олардың микроскопиялық бейнесін
қарастырмай зерттейді.
Зат күйінің өзгерістерін әртүрлі көзқарастан қарастырғанда термодинамика
мен молекулалық-кинетикалық теория өзара біртұтас бола отырып, бірін-бірі
толықтырады.
Молекулалық физикада заттың табиғаты және одан шығатын салдарлар
туралы мәселелер қарастырылады. Мұнда оқушылар молекулалық-
кинетикалық теориямен, оның негізгі қағидаларымен және тәжірибелік
негіздемелермен танысады. Сондай-ақ, олар молекулалық-кинетикалық
Достарыңызбен бөлісу: |