Единый тарифно-квалификационный справочник



жүктеу 4,71 Mb.
бет13/22
Дата29.05.2018
өлшемі4,71 Mb.
#18175
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

Білуге тиіс: жалпы ширататын ширату оқшаулау машиналары негізгі тораптарының құрылымы және олардың өзара іс-әрекеті; барабан үлгілері; кабель құрылымын; желі және кабель ширату және оқшаулау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар; экрандау материалдарын оқшаулау маркалары.
69. Желі және кабель ширатушы-оқшаулаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ширату-оқшаулау машинасында кесілуі 6 мм2-ден 25 мм2-ге дейінгі күш кабельдерін, 100 жұптан асатын телефон кабельдерін, 19 желіден асатын телеграф кабельдерді, кордельді, коаксиальды кабельдерді, алыс байланыс кабельдерін ширату және оқшаулау. Ауыспалы тісті дөңгелектерді, калибрлерді іріктеу және орнату. Жіберетін катушкалардың, оқшаулау және экрандау таспаларының, таспа бұрыштарының және олардың біткен жерлерінің немесе саңылауларының созылуын реттеу. Кабельдің ширатылатын элементтері геометриялық параметрлерін, оқшаулау және экрандау таспаларын бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Желілер мен кабельдерді ширату және оқшаулауда ақаулықтарды анықтау және жою. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: ширату-оқшаулау машиналарының құрысы және қолдану принципі, ширату қадамдарының, оқшаулаудың, оқшаулаудың біткен жері мен саңылауының шекті көлемі; желілерге, кабельдерге, оқшаулау және экрандау материалдарына қойылатын талаптар; ақаудың негізгі түрлері, олардың болдырмаудың және жоюдың тәсілдері.
70. Желі және кабель ширатушы-оқшаулаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көп фонарлы ширату-оқшаулау машинасында кесілуі 6 мм2-ден асатын күш кабельдерін ширату және оқшаулау. Секторлық және сегментті желілерді күш кабельдеріне көп фазалы машиналарда ширату және оқшаулау. Көп фазалы машиналарда барабандарды іріктеу, орнату және оқшауланған желілерден шешу. Секторлық және сегменттік желілерді ширату кезінде мөлшерлері бойынша тығыздау біліктері мен калибрлерді іріктеу. Кабель құрылымына байланысты ширату және оқшаулау қадамдарын есептеу. Кабель орамдары арасында термобу орнату. Күш кабельдерінің секторлық және сегменттік желілері геометриялық параметрлерін бақылау. Өңдеуді есептеу журналын жүргізу.

Білуге тиіс: көп фазалық және көп фонарлық ширату-оқшаулау машиналарының құрылымы мен кинематикалық тәсімдері, күш кабельдері және олардың желілерін ширату және оқшаулау теориясының негіздері, даяр өнім талаптары; ақау түрлері және оларды жою тәсілдері, ширату параметрлерін есептеу әдістемесі.
71. Байланыс кабельдері элементтерін ширатушы-оқшаулаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алыс байланыс кабельдері, телефон кордельді кабельдердің элементтерін құрамалы оқшаулау машиналарында бу және төрттік ширату машинасында ширату, оқшаулау. Қабылдау барабандарын, ауыспалы тісті дөңгелектерді, оқшаулаушы материалдармен бобиндерді және оқшаулаушы желілі және мыс сымды катушкаларды іріктеу, орнату және ауыстыру. Кабель элементтерін машина тораптарына жүйелі толтыру. Фрикционды тежегіштердің көмегімен ширатылған желілердің созылуын реттеу. Ширатылған элементтердің қабылдағыш барабанға біркелкі қалануын қадағалау. Кабель элементтерінің ширатылу барысын бақылау-өлшеу аспабымен бақылау. Сым ұштарын пісіру аппаратында ұзарту. Оқшаулаудың жарамсыз жерлерін жою. Жабдықты баптау және жөндеуге қатысу. Ілеспе құжаттаманы толтыру.

Білуге тиіс: құрама оқшаулау машиналарының, бу және төрттік ширататын машиналардың құрылысы және қолдану принципі; кабель элементтерінің құрылымы; бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі; пісіру аппаратын пайдалану ережесі; оқшаулау материалдарына қойылатын талаптар; ақаудың негізгі түрлері, оларды болдырмау және жою.
72. Байланыс кабельдері элементтерін ширатушы-оқшаулаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары жиіліктегі байланыс кабельдерінің элементтерін көлденең ширату автоматталған машиналарда ширату. Автоматты және қол құрылғыларының көмегімен желілік және оқшаулау материалдарымен катушкаларды орнату және ауыстыру. машина тораптарының жарамдылығын жұмыс басталар алдын тексеру. Технологиялық параметрлерді бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша орнату және реттеу. Қабылдау барабандарында ширатылған желілерді таратуды созуды автоматты реттеу. Ширататын және жіберетін калибрлерді ауыстыру. Көлденең ширататын автоматталған машинаның жұмысын пультпен басқару.

Білуге тиіс: көлденең автоматталған ширату машинасының кинематикалық тәсімі; барлық машина тораптары мен айлабұйымдарын баптау және өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; даяр өнімге қойылатын талаптар.
73. Кабельдерді тұрақтандырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті тұрақтандырушының басшылығымен тұрақтандыру машиналарында кабельді тұрақтандыру. Қабылдағыш және жібергіш барабандарды орнату және шешу, кабель ұштарын жеті сақиналы коллекторға жіберетін және қабылдайтын құрылғыларда жалғастыру. Машина тораптарына кабельді кезектетіп толтыру. Машинаны баптауға қатысу.

Білуге тиіс: тұрақтандыру машинасының құрылысы және қолдану принципі; жіберетін және қабылдайтын барабандарды орнату тәсілдері, кабель ұштарын жеті сақиналы коллекторға қосу ережесі, даяр өнімге қойылатын талаптар.
74. Кабельдерді тұрақтандырушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұрақтандыру машиналарында кабельді тұрақтандыру. Машинаны жұмысқа дайындау. Бронь және қорғау қабаттарын тұрақтандыру сапасын қадағалау. Жылу режимі мен кабельді созу ұзындығын бақылау-өлшеу аспабының көмегімен бақылау және реттеу. Бір немесе бірнеше сымдар үзілген жағдайда ақау жерлерін жөндеу. Кабельдің геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарымен өлшеу.

Білуге тиіс: тұрақтандыру машинасының кинематикалық тәсімдері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; ақау түрлері және оны болдырмау және жою тәсілдері; технологиялық нұсқаулықтар.
75. Кабель бұйымдардың сыртқы қабатын сыдырушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті сыдырушының басшылығымен сымдар мен кабельдерден қабаттарын қолмен және станоктарда сыдыру. Қажетті кескіштер мен ниппель орнату.

Білуге тиіс: станоктың жекелеген тораптарының қолдану принципі; сым маркалары.
76. Кабель бұйымдардың сыртқы қабатын сыдырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сымдар мен кабельдерден қабаттарын қолмен және станоктарда сыдыру. Қажетті мөлшердегі кескіштер мен ниппель орнату. Станок жұмысы жылдамдығын реттеу.

Білуге тиіс: станок құрылысы және қолдану принципі, кабель маркалары мен құрылымдары; технологиялық нұсқаулықтар, ақау түрлері және оны болдырмау тәсілдері.
77. Сымдар мен кабельдерді термоөңдеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы құрылғыларда қажетті жентектеуге арналған фторпластты, пластикті және басқа да оқшаулаудағы сымдар мен кабельдерді термоөңдеу. Құрылғыны толтыру. Термоөңдеу алдында кабель және сымдардың сапасы мен құрылымын тексеру. Желдеткіш жүйесін тексеру. Инертті газ температурасын, шығынын және қысымын кабель қозғалысын термоөңдеу, жылдамдығы аймағында және термоөңдеу уақытын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу. Оқшаулауды жентектеу сапасын айқындау. Термоөңделген кабель мен сымдарды орнатып қайта толтыру және түсіру. Орнатуды баптау және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: құрылғы құрылысы және қызмет көрсету; кабельдер мен сымдарды толтыру және қайта толтыру ережесі; аталған құрылғыда жентектелетін кабель және сымдардың құрылымы және маркалары; термоөңдеу температурасы мен жылдамдығын реттеу тәсілдері; технологиялық нұсқаулықтар; бақылау-өлшеу аспабының қызметі және қолданылуы; газ реттейтін аппаратураның құрылымы; ыдысқа қойылатын талаптар.
78. Оқшаулау материалдарын тегістеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті тегістеушінің басшылығымен толтыру тегістеу машинасында мыс немесе болат қабатты оқшаулау материалын тегістеу. Сызба бойынша ток жүргізетін желілер мен термоэлектродтарды диаметрі, қорытпасы, электр қозғағыш күші бойынша жинақтау және оларды тегістейтін және толтыратын штоктарда орналастыру. Тегістейтін және толтыратын штоктарды кабель дайындамасының металл түтікшесіне орнату және көтергіш механизмнің көмегімен тік тегістеу машинасына сығымдау штогымен бірге мыс қабатты кабель дайындамасын орнату. Дайындаманы жұдырық қысымымен бекіту. Бекіту орталық бітемесін баптау. Бекітпені металл түтікшеге орнату және ток жүргізетін желілер мен термоэлектродтарды бекіту. Болат қабаттағы кабель дайындамаларын толықтыру машинасына орнату. Кабель дайындамасының бетіне технологиялық май жағу. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: толтыру машинасы мен вибратор құрылысы; дайындаманы оқшаулау материалымен біркелкі толтырылуын бақылау әдістері, кабель дайындамаларын орнату және бекіту тәсілдері; кабель құрылымдары мен маркалары.
79. Оқшаулау материалдарын тегістеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Толтыру тегістеу машинасында мыс немесе болат қабатты оқшаулау материалын тегістеу. Ұнтақ салудың және тегістеудің тиімді режимін таңдау. Пневмоқұбыр магистральдарындағы, шток қысымдарындағы және тегістеу тетіктеріндегі қысымды ауаны реттеу. Оқшаулау ұнтағының температурасын оны кабель дайындамасына беру кезінде, кабель дайындамасын оқшаулау ұнтағымен толтырудың біркелкілігі мен тығыздығын бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау және реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: толтыру тегістеу машинасының құрылысы; оқшаулау материалдарын сығымдауға қойылатын техникалық талаптар; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы; даяр өнімге қойылатын талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау ережесі.
80. Желілерді, сымдар мен кабельдерді экрандаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Желілерді, сымдар мен кабельдерді мыс таспамен, алюминий фольгамен және басқа да экрандаушы материалдармен экрандау станогында экрандау. Мыс таспалы орамаларды, алюминий фольгалы катушкаларды іріктеу, орнату және ауыстыру. Жіберетін және қабылдайтын барабандарды орнату және ауыстыру. Экрандаушы материалдарды, желілерді, сымдар мен кабельдерді экрандау станоктарының тораптарына толтыру. Даяр сым және кабель желілерін қабылдағыш барабандарға біртегіс қалау. Экрандаушы қабаттың геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Экрандаушы материалдың жағылу сапасын қадағалау, берілген қабаттан ауытқуын болдырмау. Қызмет жабдықты баптау және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: экрандау станогының құрылысы; экрандалатын кабельдер мен экрандаушы материалдар маркалары, экрандау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; даяр өнім талаптары, ақау түрлері және оны болдырмау тәсілдері.
81. Кабельдерді электрмен кептіруші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі күштегі ток кабельдерін вакуум аппараттарда кептіру. Кабельдің кесілуі мен кернеулігіне байланысты ток күшін орнату. Кабельдің қызу температурасын, қалдық қысымды, қажетті вакуумды бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратурасы көрсеткіштері бойынша кезеңімен бақылау. Кептіру журналын жүргізу.

Білуге тиіс: электр техникасының негізгі заңдары; электр тәсімдер; кептіруге арналған кабельдерді қосу тәсілдері; кабельдерді кептіру қызметі, түрлі кесілген және маркадағы кабель құрылымдары; кабельдерді электр тогымен кептіру нұсқаулықтары.
82. Сым эмальдаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті эмальдаушының басшылығымен эмаль агрегаттарда диаметрі 0,09 мм-ден асатын тік бұрышты және жұмыр сымды эмальдау. Жіберетін және қабылдайтын катушкаларды, күдері, фетрді, бітілді, калибрлерді орнату және ауыстыру. Машина тораптарына сымды кезектетіп толтыру және олардың ұштарын біріктіру. Сымның созылуын қабылдағыш катушкаларда реттеу.

Білуге тиіс: эмаль агрегат негізгі тораптарын қолдану принципі және қолдану; жартылай фабрикаттарға және эмальданған сымдарға арналған тараларға қойылатын техникалық талаптар.
83. Сым эмальдаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эмаль агрегаттарда диаметрі 0,09 мм-ден асатын тік бұрышты және жұмыр сымды эмальдау. Бос сымның бетінің тазалығы мен оның орамасының сапасын тексеру. Сымның геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптардың көмегімен бақылау. Лактың мөлдірлік сапасын сыртқы түріне қарай және бөгде заттардың болмауын айқындау. Калибрлердің, күдері, бітіл, роликтерді орнату дұрыстығын және олардың бетінің тазалығын тексеру. Лак бұлауы арқылы пешке сым толтыру. Сымның кесілген жерлерін жою, эмальданған сымның температурасы мен өту жылдамдығын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша автоматты түрде реттеу. Эмальданған сымды орау тығыздығын және лактың бұлауға түсуін реттеу.

Білуге тиіс: эмаль агрегаттардың құрылысы және қолдану принципі; бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережесі; даяр өнімге техникалық талаптар, ақау түрлері және оларды болдырмау және жою.
84. Сым эмальдаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эмаль агрегаттарда диаметрі кемінде 0,09 мм 0,05-ге дейінгі тік бұрышты және жұмыр сымды эмальдау. Жұмыр сымға қойытылған қабат және периметрдің барлық қырлары бойынша тік бұрышты сымға біркелкі қабат жағуды қамтамасыз ету. Эмаль станоктағы ауа ағынын, эмальданған сымдардың оқшаулау қалыңдығын реттеу. Оқшаулаудың иілгіштігін қолмен сынау. Амальпленканың пісу деңгейін түсіне қарай айқындау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі эмаль станоктардың кинематикалық тәсімдері, лактарды сынау әдістері, эмаль пештердегі жылу ағыны тәсімі; эмальданған сымның маркалары мен кесілуі; даяр өнім талаптары.
85. Сым эмальдаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эмаль агрегаттарда диаметрі кемінде 0,05 мм 0,02-ге дейінгі тік бұрышты және жұмыр сымды эмальдау. Бос сым геометриялық параметрлерін микрометрмен айқындау. Эмальданған сым жасау процесінде қоршаған ортаның түрлі температурасында лактың тұтқырлығын, оқшаулаудың біркелкілігі мен қалыңдығын, ұзындығы бойынша оқшаулаудағы микропор көлемін күрделі электронды бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау. Қосымша ораудың болдырмауын қамтамасыз ететін эмальданған сым орау тығыздығын тексеру. Агрегатты баптау.

Білуге тиіс: эмаль агрегатты баптау ережесі; күрделі бақылау-өлшеу электронды аспаптардың қызметі және қолдану ережесі, эмаль сымды сынау әдістері, тұтынушы зауыттардағы эмаль сымдардың қызметі және пайдалану шарттары.
86. Сым эмальдаушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эмаль агрегаттарда диаметрі 0,02-ден кем тік бұрышты және жұмыр сымды эмальдау. Арнайы тараны іріктеу және сапасын тексеру. Сымды эмаль агрегат торабына арнайы пневматикалық айлабұйыммен кезектетіп салу. Лак торабын қыздыру жолымен эмаль сымды күйдіру дәрежесін, лак жіберу көлемін, эмаль пленка жағу қалыңдығын және оның біртегіс жағылуын электронды блоктардың көмегімен реттеу. Бос және эмальданған сымның электр кедергісін, сымның ұзындығы бойынша оқшаулаудағы микропор көлемін ерекше күрделі электронды аспаптармен бақылау. Агрегатты баптау. Даяр өнім журналын жүргізу.

Білуге тиіс: эмаль агрегатты баптау ережесі; микронды эмаль сымдарды сынаудың барлық түрлерін жүргізу тәсілдері, ерекше күрделі электронды аспаптардың құрылысы және қолдану принципі, даяр эмаль сым және арнайы тараның сапасына қойылатын талаптар.

Осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының, олардың 1985 жылы шығарылған қолданыстағы БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі



Р/с

№/


Осы бөлімге орналастырыл

ған жұмысшы кәсіптерінің атауы



Разрядтар диапазоны

1985 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған бөлімдері бойынша атаулар

Разряд-тар диапазоны

шығарылым №

Басылымның қысқар

тылған атауы






1

Шыны оқшаулауда микросым жасау аппаратшысы

3-4

Шыны оқшаулауда микросым жасау аппаратшысы

3-4

19

Кабель

2

Кабель бұйымдарын арматуралаушы

1-2

Кабель бұйымдарын арматуралаушы

1-2

-//-

-//-

3

Сымдарды қауіпсіз етіп ораушы

2-3

Сымдарды қауіпсіз етіп ораушы

2-3

-//-

-//-

4

Кабельдерді қауіпсіз етіп ораушы

3-5

Кабельдерді қауіпсіз етіп ораушы

3-5

-//-

-//-

5

Кабель массасын пісіруші

3

Кабель массасын пісіруші

3

-//-

-//-

6

Кабель бұйымдарын вулкандаушы

2-3

Кабель бұйымдарын вулкандаушы

2-3

-//-

-//-

7

Шыбықтар мен сымдарды тоқушы

1-2

Шыбықтар мен сымдарды тоқушы

1-2

-//-

-//-

8

Зер жіп жасаушы

3

Зер жіп жасаушы

3

-//-

-//-

9

Фильера жасаушы

3-6

Фильера жасаушы

3-6

-//-

-//-

10

Кабель желісін оқшаулаушы

3-5

Кабель желісін оқшаулаушы

3-5

-//-

-//-

11

Өткізгіш сымдарды оқшаулаушы

3

Өткізгіш сымдарды оқшаулаушы

3

-//-

-//-

12

Сымдар мен кабельдерді сынаушы

2-3

Сымдар мен кабельдерді сынаушы

2-3

-//-

-//-

13

Сым жинақтаушы

2

Сым жинақтаушы

2

-//-

-//-

14

Кабель бұйымдарын бақылаушы

3-5

Кабель бұйымдарын бақылаушы

3-5

-//-

-//-

15

Жгут иіруші

2

Жгут иіруші

2

-//-

-//-

16

Сым және кабель лактаушы

2-3

Сым және кабель лактаушы

2-3

-//-

-//-

17

Кабель өндірісі монтері

3-6

Кабель өндірісі монтері

3-6

-//-

-//-

18

Оқшауланған желі жасау жөніндегі автоматты желі операторы

4-5

Оқшауланған желі жасау жөніндегі автоматты желі операторы

4-5

-//-

-//-

19

Сым илемдеу станы операторы

3

Сым илемдеу станы операторы

3

-//-

-//-

20

Сым және кабель тоқушы

2-3

Сым және кабель тоқушы

2-3

-//-

-//-

21

Кабель және сымды пластикат және резинамен сығымдаушы

2-6

Кабель және сымды пластикат және резинамен сығымдаушы

2-6

-//-

-//-

22

Кабельді қорғасын немесе алюминиймен сығымдаушы

4, 6

Кабельді қорғасын немесе алюминиймен сығымдаушы

4, 6

-//-

-//-

23

Кабель бұйымдарын күйдіруші

4

Кабель бұйымдарын күйдіруші

4

-//-

-//-

24

Электр техникалық бұйымдарды сығымдаушы

3-4

Электр техникалық бұйымдарды сығымдаушы

3-4

-//-

-//-

25

Кабельге арналған ұнтақты қыздырушы

2-3

Кабельге арналған ұнтақты қыздырушы

2-3

-//-

-//-

26

Кабель және сымды сіңдіруші

1-5

Кабель және сымды сіңдіруші

1-5

-//-

-//-

27

Сусымалы материалдарды елеуші

1-3

Сусымалы материалдарды елеуші

1-3

-//-

-//-

28

Кабель өндірісі материалдарын кесуші

2-3

Кабель өндірісі материалдарын кесуші

2-3

-//-

-//-

29

Кабель өндірісі бұйымдарын ширатушы

2-4

Кабель өндірісі бұйымдарын ширатушы

2-4

-//-

-//-

30

Желі және кабельді ширатып оқшаулаушы

2-5

Желі және кабельді ширатып оқшаулаушы

2-5

-//-

-//-

31

Байланыс кабельдері элементтерін ширатып оқшаулаушы

3-4

Байланыс кабельдері элементтерін ширатып оқшаулаушы

3-4

-//-

-//-

32

Кабель тұрақтандырушы

4-5

Кабель тұрақтандырушы

4-5

-//-

-//-

33

Кабель бұйымдарының сыртқы қабатын сыдырушы

1-2

Кабель бұйымдарының сыртқы қабатын сыдырушы

1-2

-//-

-//-

34

Сым және кабельдерді термоөңдеуші

3

Сым және кабельдерді термоөңдеуші

3

-//-

-//-

35

Оқшаулау материалдарын тегістеуші

3-4

Оқшаулау материалдарын тегістеуші

3-4

-//-



-//-

36

Желілерді, сымдар мен кабельдерді экрандаушы

3

Желілерді, сымдар мен кабельдерді экрандаушы

3

-//-

-//-

37

Кабельдерді электрмен кептіруші

5

Кабельдерді электрмен кептіруші

5

-//-

-//-

38

Сымды эмальдаушы

2-6

Сымды эмальдаушы

2-6

-//-

-//-


жүктеу 4,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау