Білуге тиіс: созу станоктары мен арнайы айлабұйымдардың құрылысы мен баптау тәсілдері; секцияларды сызбалар бойынша тексеру тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
1. Әлеует реттегіш роторлары мен статорларының секциялары – созу.
2. Гидрогенератор статорларының секциялары – созу.
54. Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі секция дайындамаларын арнайы созу станоктарында созу. Станоктың қалпақтары мен пазды бөлшектерін ауыстыра отырып баптау. Орау секцияларының геометриялық параметрлерін есептей отырып бағдарламалар жасау.
Білуге тиіс: түрлі үлгідегі созу станоктарының құрылысы, басқару және баптау тәсілдері; ротор, статор және зәкірлерді орау құрылымы.
Жұмыс үлгілері
1. Ірі электр машиналардың статорын қосымша ширатып оқшаулап орау – созу.
2. Асинхронды турбогенератор секциялары – созу.
3. Ірі электр машиналары статорлары мен зәкірлерінің секциялары – созу.
55. Трансформатор орамдарын құрастырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бірінші және екінші габаритті дискілік катушкаларды құрастыру. Сыртқа орнатылатын ток трансформатор орамдарын толықтай құрастыру. Бұрамаларды дәнекерлеуге дайындау.
Білуге тиіс: жасалатын трансформатор қызметі және жұмыс шарттары; жай айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; бұрмаларды дәнекерлеуге дайындау тәсілдері.
56. Трансформатор орамдарын құрастырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үшінші габаритті дискілік катушкаларды құрастыру. Пеш трансформатор тәсімдерін және катушка бұрамаларын құрастыру және пісіру.
Білуге тиіс: үшінші габаритті трансформатор құрылымы және қызметі; пісіру тәсілдері мен режимдері; дәнекерлеу қасиеті; түрлі құрылымдағы трансформаторларды орау және құрастырудың технологиялық процесі; орындалатын жұмыс шегіндегі тәсімдер мен сызбалар.
57. Трансформатор орамдарын құрастырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Төртінші габаритті дискілік катушкаларды құрастыру. Сыйымдылық сақиналы қыстырма катушкаларды монтаждау. Өтпелерді орындау. Катушка бұрмалары мен сыйымдылық сақиналарын құрастыру және дәнекерлеу.
Білуге тиіс: трансформатор орамдарын құрастыру өтпесін арнайы сызбалар мен тәсімдер бойынша орындаудың оңтайлы тәртібі; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; оқшаулау құрылымдарының түрлері және қызметі.
58. Трансформатор орамдарын құрастырушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бесінші және алтыншы габаритті дискілік катушкаларды құрастыру. Трансформатор тарақшалары мен тәсімдерін дәнекерлеу. Пеш трансформаторларының шунттаушы реакторлары катушкалары мен орамдарын құрастыру.
Білуге тиіс: бесінші және алтыншы габаритті трансформаторлардың құрылымы; оқшаулау құрылымдарына қойылатын негізгі талаптар; күрделі монтаждау тәсімдері мен сызбалары.
59. Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 10 кВ-ға дейінгі екінші габаритті трансформатор катушкаларын созу және өңдеу. Орамдарды тік күйінде жиектеу және орнату. Технологиялық жарақтарды монтаждан шығару. өзекше тақтайшаларды орнату және төсемдерді тіктеуіш бойынша түзулеу. Кептіргеннен кейін созу және түпкілікті құрастыру.
Білуге тиіс: жұмыс бабында қолданылатын кеңінен таралған айлабұйымдар мен тараланған кілттердің қызметі және пайдалану ережесі; трансформатор катушкаларын созу және өңдеу тәсілдері.
60. Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 10 кВ-тан жоғары 35 кВ-ға дейінгі екінші және үшінші габаритті трансформатор катушкаларын созу және өңдеу. Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып гидравликалық сығымдағыштарда орамдарды сығымдау.
Білуге тиіс: гидравликалық сығымдағыштарды қолдану принципі; арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; оқшаулау материалдарының қызметі және негізгі қасиеттері; жарақтарды іріктеу.
61. Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 35-тен асатын 220 кВ-қа дейінгі төртінші габаритті трансформатор катушкаларын гидравликалық сығымдағыштарда созу, өңдеу және сығымдау. Трансформатор катушкаларын жүктемені қайта қосып және арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып созу және өңдеу.
Білуге тиіс: гидравликалық сығымдағыш құрылымы және баптау тәсілдері; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; оқшаулау құрылымының түрлері және қызметі.
62. Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 220 кВ-тен асатын бесінші және алтыншы габаритті трансформатор катушкаларын гидравликалық сығымдағыштарда рычагты механизмдерді пайдалана отырып созу, өңдеу және сығымдау.
Білуге тиіс: гидравликалық сығымдағыш құрылымы және баптау тәсілдері, рычагты механизм құрылымы және қолдану принципі; оқшаулау құрылымына қойылатын негізгі талаптар.
63. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен бөлшектер мен орамдар жасау. Жай слесарлық операцияларды орындау. Мыс гильзалар мен кабельді ұштамалар жасау. Мысты кескеннен кейін жай бапталған жабдықта егеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық құрылымы туралы негізгі мәліметтер; орама мысты өңдеу жөніндегі қарапайым операцияларды орындау тәсілдері; оқшаулау қызметі және оны қолдану; кеңінен таралған аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі мен пайдалану шарттары.
64. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бөлшектерден орам жасау. Біржақты мысты тегістікте ию. Жалаң және оқшауланған мыстан жасалған секция, катушка және өзекше дайындамаларын тегістеу кесу станоктарында кесу және тегістеу. Қалпақтарын қысу, бұрыштарын қалыптау. Макет бойынша тексеру. Бұрамаларды пісіру. Магнит сым жаймаларындағы қалың жерлерін егеулеу және қылтанақтарын тазалау. Саңылау бұрғылау және бұранда кесу.
Білуге тиіс: тегістеу-кесу станоктарының жұмыс істеу принципі, арнайы айлабұйымдар мен аспаптардың құрылымы; мысты дәнекерлеу және пісіру тәсілдері, мыс дәнекері, флюсі, күйдіру режимінің түрлері және қасиеті; орау бөлшектерін жасау кезіндегі сызбалар мен әдіптер.
Жұмыс үлгілері
1. Жұлдызшалар, бөгеттер және бұрамалар – жасау.
2. Шықпа кабельдер – таңбалау, қалайылау, оқшаулаудан алу және ұштарын дәнекерлегеннен кейін тазарту.
3. Бас және қосымша полюс катушкалары – алдын ала тегістеу.
4. Жолақты мыс – арнайы станокта кесу.
5. Демпферлік өзекшелер – кесу, тегістеу және фаскасын алу.
6. Ұзындығы 1 м-ге дейінгі тұрақты ток ірі электр машиналарының компенсациялық орау өзекшелері – жасау және түзету.
65. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі бөлшектер мен орамдар жасау. Секцияның алдыңғы бөліктерін радиус бойынша арнайы айлабұйымдарда ию. Паздық және алдыңғы бөліктерін макет бойынша тегістеу. Қабырғаға оралған полюсті катушкалар радиусындағы мыс қаспағын алу. Катушка ширатпаларын тегістеу. Шықпаларды пісіру. Катушкаларды қызған күйі сығымдау. Катушкаларды кейіннен тазалап пісіру.
Білуге тиіс: сығымдауға, тегістеуге, калибрлеуге және қалып беруге арналған сығымдағыштардың, бұрғылау станоктары мен арнайы құрылғылардың құрылымы және баптау тәсілдері; катушкалардың бетін пісіру және тазалауға арналған жабдықтар мен айлабұйымдардың құрылымы; мыс күйдіру пештерінің құрылымы; мыстың негізгі қасиеттері.
Жұмыс үлгілері
1. Шиналық мыстан жасалған магниттен сөндіретін орамдар – жасау.
2. Ұзындығы 1 м-ге дейінгі бас және қосымша полюс катушкалары – тегістеу.
3. Ток жинайтын сақиналар – толықтай жасау.
4. Коллекторлық пластиналар – тегістеу.
5. Демпферлік сегменттер – қабырғаға кескінді иіп және тегістеп қолмен ию.
6. Тұрақты ток зәкір машиналарының секциялары – бір параллельде жасау.
7. Зәкірлік электр қозғалтқыш секциялары - өтпелерді қабырғаға иіп жасау.
8. Ұзындығы 1 м-ден асатын тұрақты ток ірі электр машиналарын компенсациялық орау өзекшелері – жасау және түзету.
9. Қуаттылығы 50 мВт-қа дейінгі турбогенератор өзекшелері – алдыңғы бөліктерін қиыстырып, ию.
10. Мотор генератордың байланыстыру шиналары – жасау.
11. Тұрақты және ауыспалы ток машиналарының иілгіш шиналары – жасау.
66. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі электр машиналардың турбо және гидрогенераторларының күрделі бөлшектері мен орамдарын құрастыру сызбасы бойынша жасау. Желдеткіш арна терезелерін белгілеу және ашу. Алдыңғы және паз бөліктерінің терезесін егеулеу. Электр машина катушкаларының алдыңғы бөліктерін ию және қалыптау. Орнын бойынша орамдарды қиыстыру.
Білуге тиіс: жабдық құрылымы, баптау ережесі; күрделі жұмыс және бақылау-өлшеу аспабының, құралдар мен айлабұйымдардың құрылымы, қызметі, пайдалану шарты; күрделі тәсімдер мен сызбаларды оқу.
Жұмыс үлгілері
1. Ұзындығы 1 м-ден асатын бас және қосалқы полис катушкалары – тегістеу.
2. Ауыспалы полюсті ток катушкалары – гидравликалық сығымдағышта тегістеу.
3. Аз қуатты турбогенераторлардың роторлық катушкалары – радиустағы қақпақтарды алу.
4. Турбогенераторлардың роторлық катушкалары – тегістеу.
5. Тұрақты ток ірі машиналарының ток жинайтын сақиналар – толықтай жасау.
6. Ірі машина роторлары – арматура жасау және бекіту.
7. Тұрақты ток машиналарының зәкір секциялары – екі параллельде жасау.
8. Қуаттылығы 50 мВт-дан асатын 300 мВт-ға дейінгі турбогенератор өзекшелері – алдыңғы бөлігін қиыстыру, ию.
9. Екі параллельді шиналардан тұратын шиналар – макет немесе шаблон бойынша жасау.
10. Иілгіш шиналар – вакуумда пісіріп жасау.
67. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі бөлшектер мен орамдарды жасау. Іші қуыс мысты өңдеу. Ротор орамы катушкаларының ширатпаларын ротор макеті пазына қалау. Желдеткіш арналарды пісіруге дәл қиыстырып тегістеу. Турбо және гидрогенераторлардың статорлық өзекше орамдарын термобелсенді байланыстыратын арнайы айлабұйымдарда жасау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық құрылымы; жалаң өткізгіштерді июге арналған күрделі арнайы айлабұйымдардың құрылымы және баптау; қалыптау және сығымдау тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
1. Кескінді мыстан жасалған ауа салқындатқышы бар полюсті гидрогенератор катушкалары – жасау.
2. Қуаттылығы 300 мВт-дан асатын турбогенератор өзекшесі – алдыңғы бөліктерін қиыстыру және ию.
3. 2-ден көп параллельді шиналардан тұратын шиналар – шаблон бойынша қиыстырып толықтай жасау.
4. Турбо және гидрогенераторлардың статорлық орам шиналары – жасау және орны бойынша қиыстыру.
68. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Турбо және гидрогенераторларға арналған бірегей және жауапты бөлшектер мен орамдар жасау. Бағдарламалық басқарылатын құрылғыларда өткізгіш сым дайындау. Ішкі ақауларын бақылау. Сымдарды өзекшеге құрастыру, өтпелерді ию және өру. Бірегей айлабұйымдарды пайдалана отырып оқшаулаушы төсемдерді орнату. Күрделі механизацияланған құрылғыларда оқшаулауды және өзекшелерді қалыптау. Ұштамаларды пісіру. Алдыңғы бөліктерін пісіру.
Білуге тиіс: бағдарламалық басқарылатын құрылғылардың құрылымы және қолдану принципі; электронды дефектоскоптармен жұмыс істеу принципі; бұйымдар мен материалдарға қойылатын техникалық талаптар.
Жұмыс үлгілері
1. Сумен салқындатқыш турбо және гидрогенераторлардың полюсті ротор катушкалары – жасау.
2. Су және криогенді салқындатылатын турбо және гидрогенератор өзекшелері – жасау.
3. Турбо және гидрогенераторларға арналған жалаң мыстан жасалған шиналар – орнына қиыстырып жасау.
Осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының, олардың 1985 жылы шығарылған қолданыстағы БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі
№
р/с
|
Осы бөлімге орналастырыл
ған жұмысшы кәсіптерінің атауы
|
Разр
яд диа
паз
оны
|
1985 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған бөлімдері бойынша атаулар
|
Разр
яд диа
паз
оны
|
шыға
рылым
№
|
Басылымның қысқартылған атауы
|
|
1
|
Бандаждаушы
|
1-4
|
Бандаждаушы
|
1-4
|
19
|
Дайындау-оқшаулау
|
2
|
Оқшаулау бөлшектерді дайындаушы
|
1-4
|
Оқшаулау бөлшектерді дайындаушы
|
1-4
|
-//-
|
-//-
|
3
|
Оқшаулаушы
|
1-5
|
Оқшаулаушы
|
1-5
|
-//-
|
-//-
|
4
|
Электр аспап катушкаларын калибрлеуші
|
1-4
|
Электр аспап катушкаларын калибрлеуші
|
1-4
|
-//-
|
-//-
|
5
|
Электр аспаптар мен аппараттарға арналған катушкаларды ораушы
|
1-4
|
Электр аспаптар мен аппараттарға арналған катушкаларды ораушы
|
1-4
|
-//-
|
-//-
|
6
|
Электр машина катушкалар мен секцияларды ораушы
|
1-5
|
Электр машина катушкалар мен секцияларды ораушы
|
1-5
|
-//-
|
-//-
|
7
|
Трансформатор катушкаларын ораушы
|
1-6
|
Трансформатор катушкаларын ораушы
|
1-6
|
-//-
|
-//-
|
8
|
Күш конденсатор секцияларын ораушы
|
1-4
|
Күш конденсатор секцияларын ораушы
|
1-4
|
-//-
|
Жалпы электр техникалық өндіріс
|
9
|
Электр магниттік өзекшелерді ораушы
|
1-2
|
Электр магниттік өзекшелерді ораушы
|
1-2
|
-//-
|
Дайындау-орау
|
10
|
Электр машина элементтерін ораушы
|
1-6
|
Электр машина элементтерін ораушы
|
1-6
|
-//-
|
-//-
|
11
|
Қайта ораушы
|
1-2
|
Қайта ораушы
|
1-2
|
-//-
|
Жалпы электр техн.өндіріс
|
12
|
Электр машиналар мен аппараттардың секцияларын, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы
|
1-4
|
Электр машиналар мен аппараттардың секцияларын, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы
|
1-4
|
-//-
|
Дайындау-орау
|
13
|
Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы
|
1-4
|
Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы
|
1-4
|
-//-
|
-//-
|
14
|
Трансформатор орамдарын құрастырушы
|
2-5
|
Трансформатор орамдарын құрастырушы
|
2-5
|
-//-
|
-//-
|
15
|
Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші
|
2-5
|
Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші
|
2-5
|
-//-
|
-//-
|
16
|
Электр машина шықпалары мен орамдары жөніндегі слесарь
|
1-6
|
Электр машина шықпалары мен орамдары жөніндегі слесарь
|
1- 6
|
-//-
|
-//-
|
Химия және басқа да ток көздері өндірісі
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары
Бөлімше:
Химия және басқа да ток көздері өндірісіндегі жұмысшылардың
жалпы кәсіптері
1. Сепаратор жасаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оқшаулау материалдары мен ағаш шпоннан жасалған қарапайым конфигурациялы сепараторлар жасау. Сепараттауды калибрлеу. Түрлі үлгідегі аккумуляторларға арналған сепараторларды кесу, шабу, кесіп алу және кескіндеу. Даяр сепараторларды тараға немесе платформаға қалау.
Білуге тиіс: кесуге, шабуға, кесіп алуға және калибрлеуге арналған айлабұйымдар мен аспаптардың қызметі және пайдалану ережесі,сепараторларды қалау және сақтау ережесі, шикізат және жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптар.
Жұмыс үлгілері
1. Оқшаулау таяқшалары – кесу, калибрлеу.
2. Капрон мата – сепараторды шабу.
2. Сепаратор жасаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оқшаулау материалдары мен ағаш шпоннан жасалған орташа күрделіктегі сепараторлар жасау. Сілтілерді, қышқыл, дымқылдағыштарды берілген пропорцияда мөлшерлеу және оларды сыйымдылықтарға салу. Оқшаулау материалдары мен ағаш шпонды химиялық өңдеу. Химиялық өңдеу кезінде ақаудың пайда болуының алдын алу және жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтарды, айлабұйымдар мен аспаптарды пайдалану принципі мен басқару жүйесі, қышқылдар мен сілтілердің технологиялық қызметі, оларды сақтау және тасымалдау ережесі; сепаратор түрлері, олардың қызметі, мөлшерлеу тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.
Жұмыс үлгілері
1. Капрон мата – химиялық өңдеу.
2. Ағаш шпон – сілтілеу.
3. Сепаратор жасаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оқшаулау материалдарынан жасалған күрделі конфигурациялы сепараторлар жасау. Сығымдағыштар мен автоматтарда сепараторларды кескіндеу және біліктеу. Сепаратордың күрделі контурын шабу, тұтқырлау және жону. Сепараторларды сіңдіру ерітінділері мен массасын даярлау. Шайырдың тұтқырлығы айқындау, ерітінділер мен массаны түзету.
Білуге тиіс: машиналарды, сығымдағыштар мен автоматтарды пайдалану принципі, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, ерітінді жасаудың рецептурасы, компоненттердің санын есептеу ережесі; қызмет көрсетілетін жабдықты баптау тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
1. Фторлы пропиленді мата - біліктеу.
2. Радийлі сепаратор – химиялық өңдеу.
4. Ток көздерін сынаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әсер ететін жүйесіз арнайы тағайындалған аккумуляторлардан немесе элементтерден тұратын және екі жүктеу тізбегі бар қажет болған жағдайда кейіннен бөлшектенетін ток көздерін сынау. Тұрмысқа арналған ток көздерін сынау.
Білуге тиіс: сыналатын ток көздерінің құрылысы туралы негізгі мәліметтер; қолданылатын сынау жабдықтарын қолдану принципі; құрылымы және жұмысы; ток көздерін сынау және сынау нәтижелерін өңдеу әдістемесі; орындалатын жұмыс шегінде электр техника негіздері.
5. Ток көздерін сынаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Екі жүктеу тізбегі арнайы тағайындалған аккумуляторлардан немесе элементтерден тұратын және әсер ететін немесе электрмен қыздыру жүйесі, екі жүктеу тізбегі бар ток көздерін сынау. Сынау жабдықтарын іріктеу және қолдану. Ток көздерін сынауға арналған үлгілік тәсім элементтерін есептеу. Қажетті техникалық құжаттаманы жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |