|
Единый тарифно-квалификационный справочник
|
бет | 10/22 | Дата | 29.05.2018 | өлшемі | 4,71 Mb. | | #18175 |
| Білуге тиіс: автоматтар мен жартылай автоматтардың құрылымын, жұмыс істеу принципі мен баптау тәсілдерін; конфигурациясы күрделі абразивтік және алмазды айналмаларды түзеу ережесін; бұйымдарды механикалық өңдеудің тәсілдері мен ережесін; арнаулы айлабұйымдар мен қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен пайдалану ережесін; бұйымдарды тазалау, салу тәсілдерін; жол берілетін шектеулерді, бұдырлық квалитеттері мен параметрлері жүйесін
46. Электр көмір бұйымдарын ажарлаушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Метал графитті, электр көмір және электр графиттелген бұйымдар мен жартылай шикізаттарды арнаулы агрегатты станоктарда және ағынды желілерде ажарлау. Жартылай шикізаттар мен түрлі үлгідегі және мөлшердегі анодтарды өңдеудің тәртібін анықтау. Блоктарды мөлшермен кесу, бетін тегістеу және фаскаларды алу. Күрделі бейіннің үлгілік бетін сызбаларға сәйкес операциялық ажарлау. Агрегаттық станоктарда сызба кесу, саңылауларды бітеу және бұрғылау. Бұрғыларды, үлгілік кескілерді қайрау және ауыстыру. Үлгілік бұйымдарда жарықтардың болмауын тексеру. Бұйымның ақауларын жою.
Білуге тиіс: агрегатты станоктардың және ағынды желілердің құрылымын, жұмыс принципін және пайдалану ережесін; кесу, тегістеу және бұрғылау процестерін; бұйымдар мен жартылай шикізаттарды жасау технологиясын; бұйымдарға арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; брактың түрлері мен оларды жою тәсілдерін.
Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 1985 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген
тізбесі
№ р/с
|
Осы бөлімде берілген кәсіптердің атаулары
|
Раз-ряд диа-пазо-ны
|
1985, жылғы БТБА қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары
|
Разряд диа-пазо-ны
|
БТБА шы-ғарылымын-ың
№
|
Бөлім-нің қысқар-тылған атауы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Көмір
шайбаларын
жеткеруші
|
3
|
Көмір
шайбаларын
жеткеруші
|
3
|
19
|
Электр көмір өндірісі
|
2
|
Электр көмір
өндірісіндегі ұсатушы
|
2-3
|
Электр көмір
өндірісіндегі ұсатушы
|
2-3
|
-//-
|
-//-
|
3
|
Күйдіру және графитациялау пештеріне тиеуші-түсіруші
|
2-4
|
Күйдіру және графитациялау пештеріне тиеуші-түсіруші
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
4
|
Пілтелерді престеуші
|
2-4
|
Пілтелерді престеуші
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
5
|
Микрофондық ұнтақтарды жасаушы
|
3
|
Микрофондық ұнтақтарды жасаушы
|
3
|
-//-
|
-//-
|
6
|
Электр көмір бұйымдарын сынаушы
|
2-6
|
Электр көмір бұйымдарын сынаушы
|
2-6
|
-//-
|
-//-
|
7
|
Электр көмір бұйымдарын калибрлеуші
|
1-3
|
Электр көмір бұйымдарын калибрлеуші
|
1-3
|
-//-
|
-//-
|
8
|
Электр щетка өндірісіндегі тығындаушы
|
2-3
|
Электр щетка өндірісіндегі тығындаушы
|
2-3
|
-//-
|
-//-
|
9
|
Көмір массасын араластырушы
|
3-4
|
Көмір массасын араластырушы
|
3-4
3
|
-//-
|
-//-
|
10
|
Электр көмір бұйымдарын орап байламдаушы
|
2-3
|
Электр көмір бұйымдарын орап байламдаушы
|
2-3
|
-//-
|
-//-
|
11
|
Электр көмір бұйымдарын күйдіруші
|
3-5
|
Электр көмір бұйымдарын күйдіруші
|
3-5
|
-//-
|
-//-
|
12
|
Электр көмір бұйымдарын престеуші
|
2-5
|
Электр көмір бұйымдарын престеуші
|
2-5
|
-//-
|
-//-
|
13
|
Электр көмір өндірісіндегі қыздырушы
|
2-4
|
Электр көмір өндірісіндегі қыздырушы
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
14
|
Көмір массасын ұнтақтаушы-дозалаушы
|
3-4
|
Көмір массасын ұнтақтаушы-дозалаушы
|
3-4
|
-//-
|
-//-
|
15
|
Электр көмір өндірісіндегі құрастырушы
|
1-3
|
Электр көмір өндірісіндегі құрастырушы
|
1-3
|
-//-
|
-//-
|
16
|
Электр көмір бұйымдарын сұрыптаушы
|
1-2
|
Электр көмір бұйымдарын сұрыптаушы
|
1-2
|
-//-
|
-//-
|
17
|
Электр көмір бұйымдарын тазалаушы
|
1-2
|
Электр көмір бұйымдарын тазалаушы
|
1-2
|
-//-
|
-//-
|
18
|
Электр көмір бұйымдарын ажарлаушы
|
2-5
|
Электр көмір бұйымдарын ажарлаушы
|
2-5
|
-//-
|
-//-
|
Кабель өндірісі
Тарифтік-біліктілік сипаттамалар
1. Шыны оқшаулаудағы микросым жасау аппаратшысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен жоғары жиіліктегі құрылғыларда шыны оқшаулаудағы микросымдар жасау процесін жүргізу. Жоғары жиіліктегі құрылғыға ретімен сым толтыру. Құрылғыны оқшаулау материалымен толтыру. Шыны оқшаулаудағы сым жасау процесін қадағалау. Микросымдардың геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспабымен өлшеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптауға қатысу.
Білуге тиіс: жоғары жиіліктегі құрылғылардың құрылымы және жекелеген тораптарының өзара іс-әрекеті, шыны оқшаулаудағы микросым жасаудың технологиялық нұсқаулықтары; бақылау-өлшеу аспабының қызметі және пайдалану ережесі, микросымдардың сапасына қойылатын талаптар.
2. Шыны оқшаулаудағы микросым жасау аппаратшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары жиіліктегі құрылғыларда шыны оқшаулау микросымдарын жасау процесін жүргізу. бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен температуралық режимді ұстап отыру. Қабылдағышты реттеу, жылдамдығы. Май салқындатқыштың ортасын дәлдеу. Даяр сымды сынамалау. Микросымдарды сынамалау журналын жүргізу.
Білуге тиіс: жоғары жиіліктегі құрылғының құрылымы және қолдану принципі; сымға шыны оқшаулау салу режимін бақылау аспабының қызметі және пайдалану, ақау түрлері, оның алдын алу және жою тәсілдері.
3. Кабель бұйымдарын арматуралау
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сымдарды арматуралау. Бухта сымдарының ұштарын берілген ұзындық бойынша кесу және ұштарынан оқшаулауды шешу. Желі және бұрма ұзындықтарын бақылау және ұзындық бойынша артық жерлерін жою. Сымдардың ұшын ілмектеу және бандаж қою. Айырларды (колодка) жаю, сым ұштарын айыр (колодка) контактілеріне қосу. Массаны қыздыру, жартылай муфталарды массамен толтыру. Бақылау муфтасының қақпағындағы құлыптарды, қапсырмаларды бұрандамен бекіту. Саңылауларды эмаль лакпен бояу. Бақылау муфтасына реттік нөмір жазу, барабандар мен жинақтау бөлшектерін таңдау, оларды конвейерге орнату және шешу. Диаметр бойынша орама таңдау. Металл шыбықтардан стерлинг шлангтерді шешу.
Білуге тиіс: қарапайым айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану принципі, қызметі мен қолданылуы; арматураны бөлшектеу және құрастыру тәртібі; бандаж қою тәсілдері.
4. Кабель бұйымдарын арматуралау
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бақылау муфталары стакандары, кіші корпустарын бір уақытта құрастыра отырып сымдарды арматуралау. Сым ұштарын арматуралау және сығымдау үшін дайындау. Сым ұштарын түстері бойынша тарату. Түрлі үлгідегі ұштарды сызбаға сәйкес іріктеу және оларды сым ұштарына сығымдағышта сығымдау. Полихлорвинилді түтікшені пісіру. Жартылай муфта бөлшектерін түпкілікті біріктіру және құраманы барабан ұяшықтарына орнату.
Білуге тиіс: сығымдағыш құрылымы және қолдану принципі; қарапайым электр тәсімдер; сым маркалары мен кесу, ұштама үлгілері және олардың сым шықпаларына сәйкес қызметі; муфталардың, жартылай муфталар мен стакандардың құрылымы; полихлорвинилді түтікшелерді пісіру тәсілдері.
5. Сымдарды қаптап ораушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоавиатрактор сым орамаларын 10 мм2 – ге дейін кесіп тік қаптау машинасында қаптау. Металл таспалы рулондарды және сым орауыштарды іріктеу, орнату және ауыстыру. Металл таспа немесе сымды жіберетін калибрлер арқылы толтыру. Авиаавтотрактор сымдардың машинаға түсуін және оған қорғайтын қабаттың жағылуын қадағалау. Қабылдайтын және беретін катушкаларды орнату және ауыстыру.
Білуге тиіс: тік қаптау машиналарының негізгі тораптарының құрылымы мен олардың өзара іс-әрекеті; металл таспа немесе сымды жіберетін калибрлер арқылы толтыру тәртібі; металл таспалар мен сымдардың маркалары; қаптау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар.
6. Сымдарды қаптап ораушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоавиатрактор сым орамаларын 10 мм2 – ден асыра кесіп тік қаптау машинасында қаптау. Ауыспалы тісті дөңгелектерді, калибрлерді іріктеу және орнату және таспаның шыққан жерінің бұрышын және оның жабылған жерін реттеу. Қаптау машинасының тораптарына сымды кезектеп толтыру. Қорғау қабатының геометриялық параметрлерін және оның жағылу сапасын бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Қабылдағыш және беретін орауыштардың тартылуын реттеу. Техпроцесті жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: тік қаптау машиналарының құрылысы мен қолдану принципі; бақылау-өлшеу аспабының қызметі мен қолданылуы; сымның қорғау қабатының құрылымы; қаптау қадамын айқындау ережесі; даяр өнімге қойылатын негізгі талаптар; ақаудың негізгі түрлері, олардың алдын-алу және жою тәсілдері.
7. Кабельді қаптап ораушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті қаптаушының басшылығымен күш кабелін, бақылау және диаметрі 30 мм-ге дейінгі кабелді қаптағыш машинада болат таспамен қаптау. Қағазды, кабельді және шыны жіпті бабиндер мен болат таспалы орамаларды іріктеу, орнату және ауыстыру. Битум бор қораптарды толтыру. Кабельдің машинаға түсуін және оған қорғау қабаты элементтерінің жағылуын қадағалау. Беретін және қабылдайтын барабандарды илемдеу, орнату және ауыстыру. Даяр кабельді қабылдағыш барабанға теңдей қалау.
Білуге тиіс: қаптау машиналарының негізгі тораптарының және олардың өзара іс-әрекетінің құрылымы; қаптау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар, кабельдің қорғау қабаттарының құрылымы.
8. Кабельді қаптап ораушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті қаптаушының басшылығымен күш кабелін, бақылау және диаметрі 30 мм-ге дейінгі және диаметрі 30 мм-ден жоғары кабелді қаптағыш машинада және төмен жиіліктегі кабельді қаптағыш машинада болат таспамен және сым қаппен қаптау. Ауыспалы тісті дөңгелектерді, калибрлерді іріктеу және орнату және таспаның шыққан бұрыштарын және оның жабылған жерлерін реттеу. Қаптағыш машиналардың тораптарын кабельмен кезектетіп толтыру. Қаптағыш қабат элементтерінің геометриялық параметрлерін және олардың жағылу сапасын бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Болат таспа ұштарын ұзарту. Техпроцесті жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қаптағыш машинаның құрылысы мен қолдану принципі, бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі, қаптағыш кабель құрылымы мен маркалары; битум құрамдары, ақаудың негізгі түрлері, олардың алдын-алу және жою тәсілдері.
9. Кабельді қаптап ораушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті қаптаушының басшылығымен күш кабелін, бақылау және диаметрі 30 мм-ден жоғары кабелді қаптағыш машинада және төмен жиіліктегі кабельді қаптағыш машинада болат таспамен және дөңгелек сым қаппен қаптау. Болат таспа мен сым қап жағу бұрышын есептеу арқылы іріктеу. Тарату құрылғысын жіберетін роликтерге және сым қаптарға болат таспа толтыру. Беретін және қабылдайтын барабандардағы, қағаз, болат және пластмасса таспалар мен сымдардағы кабельдің тартылуын реттеу. Сіңдіру бұлауларының температуралық режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен орнату және реттеу.
Білуге тиіс: қаптағыш машиналардың кинематикалық тәсімдері, қаптағыш машиналардың барлық тораптары мен айлабұйымдарын өзара іс-әрекетін баптау және қамтамасыз ету тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы; қорғау қабатын жағу қадамдарын айқындау ережесі; даяр өнімге қойылатын негізгі талаптар.
10. Кабель массаны пісіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пісіру қазандықтарында сымдарды сіңдіруге арналған кабельді муфталар мен оқшаулау құрамын құю үшін кабельді массаны пісіру. Оқшаулау құрамы мен кабель массаны берілген құрам бойынша жасау. Пісіру қазандықтарын кабель масса құрамымен толтыру және даяр массаны төгу. Жылу режимін реттеу және массаның дайындығын бақылау-өлшеу аспаптары және аппаратурасы арқылы айқындау. Қазандық тазалау.
Білуге тиіс: пісіру қазандықтарының құрылымы; гудрондар мен битум маркалары, сыртқы түрлеріне қарай олардың айырмашылығы; шіруге қарсы, атмосфераға төзімді және отқа төзімді құрамдарды жасау тәсілдері мен құрамдары; әрбір құрамды пісіру ұзақтығы мен температурасы, даяр өнімге қойылатын техникалық талаптар, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы.
11. Кабель бұйымдарының вулкандаушысы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті вулкандаушының басшылығымен барабандарда, тәрелкелерде және бухталарда вулкандау қазандықтарында түрлі маркадағы сымдар мен кабельдерді вулкандау. Сымдар мен кабельдерді вулкандау барабандарына орау және оларды вулкандағаннан кейін орамдау. Қазандықтарға барабандар, бухталар, тәрелкелер толтыру және оларды қазандықтардан алу. Вулкандау қазандықтарын тазалау.
Білуге тиіс: вулкандау қазандықтарын қолдану принципі, айлабұйымдардың қызметі мен қолданылуы; вулкандауда қолданылатын материалдардың маркалары.
12. Кабель бұйымдарының вулкандаушысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барабандарда, тәрелкелерде және бухталарда вулкандау қазандықтарында түрлі маркадағы сымдар мен кабельдерді вулкандау.сымдар мен кабельдерді вулкандау барабандарына орау және оларды вулкандағаннан кейін қайта орау. Вулкандау режимін аспап көрсеткіштері бойынша бақылау және реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: вулкандау қазандықтарының құрылысы, бу құбыр жүйелері, сақтандыру клапандары мен конденсациялық горшоктардың қызметі, қайта жасау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар; бұйымдардың түрлі түстеріне арналған оқшаулаудың бұзылуының алдын-алу тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы.
13. Шыбық және сым тоқушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шыбықтарды, сымдарды, құбырларды дестеге және бухтаны джутпен және сыммен қолмен тоқу. Шыбықтарды, сымдарды, құбырларды сұрыптары, балқымалары және өлшемдері бойынша іріктеу. Тоқылатын жеріне бухтаны домалатып апару. Бұйымдарды сыртқы түріне қарай сұрыптау және іріктеу. Бухталар мен дестелерді қағазға, қапқа және пластикатқа орау. Бухталарға жапсырма жапсыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының геометриялық параметрлерін бақылау.
Білуге тиіс: шыбықтарды, сымдар мен құбырларды тоқу тәсілдері; тоқу үшін қолданылатын материалдардың түрлері; түсті металлдардың қорытпалары; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы.
14. Шыбық және сым тоқушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Созба сым және жылжытпа бухталарын ыстықтай ілмек конвейерде сыммен қолмен өру. Созба сымның пластиналық транспортермен берілуін қадағалау және оны ілмек конвейерге пневматикалық құрылғының көмегімен ілу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптауға және жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: созба сым мен жыжытпалы бухталарды өруге арналған пластиналық транспортердің, ілмекті конвейер мен пневматикалық құрылғының қолдану принципі; өру тәсілдері.
15. Зер жіп жасаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мақта-қағаз жіп пен жібек жіптен түбін орай отырып жұқартылған сыммен зер машинада зер жіп жасау. Жіп және жібекті бобиндерді, жұқартылған сымды орағыштарды орнату және ауыстыру. зер сымды, жіпті немесе жібекті зер машина тораптарына толтыру. Зер сымның, жіптің немесе жібектің созылуын және орау барысын реттеу. Зер жіптің дұрыс оралуын қадағалау. Сымның қалыңдығын микрометрмен тексеру. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және оны жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: зер машинаның құрылысы және оны баптау тәсілдері; жіп нөмірлерін және жұқартылған сым өлшемдерін; ақау түрлері мен олардың алдын-алу тәсілдері; даяр өнімге қойылатын талаптар.
16. Фильера жасаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қатты балқымалардан, табиғи және синтетикалық алмастардан жасалған диаметрі 0,09 мм-ден асатын дөңгелек фильераларды жылтырату станоктарында жасау. Дайындамаларды жылтырату сапасын тексеру және оларды оправаға алмас опамен және бор карбидімен тығыздау. Патрон ұяшығына фильера орнату. Фильера арнасы арқылы жылтыратылатын тұлымды өткізу. Шықпа фильераларды алмас опамен қолмен тазалап жеткізу. Сым тарту арнасының геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспабымен бақылау. Жылтырату станогын баптауға қатысу.
Білуге тиіс: жылтырату станоктарының негізгі тораптары мен олардың өзара іс-әрекеті, фильера өндірісінде қолданылатын баяу балқитын материалдардың маркасы; сым тарту арнасының қалыптары, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және қолданылуы; ақау түрлері және олардың алдын-алу тәсілдері.
17. Фильера жасаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі үлгідегі прецизионды жылтырату станоктарында табиғи алмастан жасалған диаметрі 0,09-дан 0,05 мм дөңгелек фильера жасау. Жіп созу арнасы әрбір аймағының геометриясын микроскоппен тексеру. Жіп созу арнасын созу, жіп созу күші және диаметрі бойынша арнайы аспаптарда бақылау. Алмас фильераның ортасын дәлдеу және алмас опамен жылтырату. Жіп созу арнасының қалыптарын арнайы аспаптарда механикалық және ультрадыбыс тәсілімен түзету. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|