|
Единый тарифно-квалификационный справочник
|
бет | 9/22 | Дата | 29.05.2018 | өлшемі | 4,71 Mb. | | #18175 |
| Білуге тиіс: калибрлерді, кондукторлар мен айлабұйымдарды, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; калибрлеу тәсілдерін; бұйымдарды калибрлеу процесін; бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды.
17. Электр көмір бұйымдарын калибрлеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металл графитті және электр көмір бұйымдарды арнаулы айлабұйымдары бар жартылай пресс автоматтарда калибрлеу. Бұйымдарды бункерлерге салып орналастыру және берілген мөлшерге дейін калибрлеу. Сымды бір мезгілде калибрлей отырып электр щетка ішіне престеу. Айлабұйымдарды орнату және бұйымдардың мөлшеріне қарай ауыстыру. Жартылай пресс автоматтарды баптау.
Білуге тиіс: жартылай пресс автоматтардың құрылымын, жұмыс принципі мен баптау тәсілдерін; айлабұйымдарды орнату тәсілдерін; бұйымдарды калибрлеу процесін; жол берілетін шектеулерді; бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
18. Электр щетка өндірісіндегі тығындаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сымды әртүрлі маркадағы және пішіндегі электр щеткаға арнаулы айлабұйым көмегімен сіңіру. Арнаулы айлабұйымдарды бұйымның талап етілетін мөлшері мен ішіне дайындау және баптау. Тығын ұнтағын гранулометриялық құрамы бойынша іріктеу және оны ауыстыру. Бұйымның жарамдылығын сымына қарай анықтау.
Білуге тиіс: арнаулы айлабұйымның нысанын, пайдалану ережесі және оны баптау тәсілдерін; бұйымды тығындау тәсілдерін, электр щетканың маркасын, мөлшері мен пішінін; брак түрлерін.
19. Электр щетка өндірісіндегі тығындаушы
3разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сымды әртүрлі маркадағы және пішіндегі электр щеткаға жартылай автоматтарда сіңіру. Жартылай автоматты бұйымның бақыланатын параметрлері бойынша баптау. Тығын ұнтағының біркелкі берілуін және шпинделдің соғу санын реттеу. Бұйымдардың жарамдылығын ауыспалы электр қарсылығы мен щетка мен арматура арасындағы бекітпе беріктігіне қарай, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықтау.
Білуге тиіс: жартылай автоматтардың құрылымын, жұмыс принципін және баптау тәсілдерін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; бұйымды тығындау тәсілдерін; мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар бойынша электр щетканың техникалық сипаттамасын; ықтимал ақауларды және оларды жою тәсілдерін.
20. Көмір массасын араластырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пісіру, пілтелік және цементтеуші массаларды берілген рецептура бойынша әрекет ету принципі әртүрлі араластырғыштарда жасау. Массаларды таразылау, орталау және аралыстырғышқа салу. Вальцілеу және араластыру процестерін ерттеу. Пілтелік массаның компоненттерін есептеу және түзеу. Пілтелік массаның жарамдылығын ылғалдылығы мен тығыздығына қарай анықтау. Жабдықты жұмысқа дайындау және баптау.
Білуге тиіс: араластырғыштардың құрылымын, жұмыс принципін және баптау тәсілдерін; массалардың рецептурасы мен дайындау процесін; қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін; таразылау және тиеу ережесін.
21. Көмір массасын араластырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пісіру массаларын берілген рецептура бойынша араластырушы агрегаттар мен ағынды желілерде. Материалдарды дайындау және дозалау. Бегундарды, вальцілер мен араластырғыштарды кезектілік уақыты есебіне қарай кезеңдеп тиеу және түсіру. Вальцілеу, араластыру және тығыздау кезінде массаның температурасын бақылау және реттеу. Араластыру кезінде массаның дайындық деңгейін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықтау. Массаны тасымалдау, буып-түю және таңбалау. Жабдықтың жекелеген тораптарының ақауларын анықтау және жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын, жұмыс принципін және баптау тәсілдерін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; пісіру массасын дайындау тәсілдерін; пісіру массасы компоненттерін есептеу және оны дозалау ережесін; массаның температурасын және валдар арасындағы саңылау шамасын реттеу ережесін; тасымалдау, буып-түю және таңбалау тәсілдерін.
22. Электр көмір бұйымдарын орап байламдаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген электр көмір бұйымдары пачкаларын құралдың және айлабұйымдардың көмегімен орап байламдау. Көмір дискілерді пудралау және салмалармен байламдау. Көмір пачкаларының тысын орау қағазымен орап байламдау. Бұйымдарды, құрал мен айлабұйымдарды байламдауға дайындау. Көмекші материалдарды іріктеу және оларды бұйымның мөлшері мен типіне қарай кесу. Құрал мен айлабұйымдарды баптау.
Білуге тиіс: құрал мен айлабұйымдардың нысаны мен пайдалану ережесін; түрлі бұйымдарды орап байламдаудың негізгі тәсілдерін; көмекші материалдардың түрлерін, нысанын және олардың сапасына қойылатын талаптарды.
23. Электр көмір бұйымдарын орап байламдаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген электр көмір бұйымдары пачкаларын арнаулы станоктарда орап байламдау. Станокты, құрал мен айлабұйымдарды бұйымның берілген мөлшеріне баптау. Бұйымды станокта орнату және тегістеу. Пачкадағы бұйымның санын анықтау. Бұйымдарды орап байламдау кезіндегі ақаулардың алдын алу және жою.
Білуге тиіс: орап байламдауға арналған станоктың, құрал және арнаулы айлабұйымдардың құрылымын, жұмыс принципін және баптау тәсілдерін; бұйымдарды орап байламдаудың жолдары мен тәсілдерін; бұйымдарды орап байламдау кезінде тік сызықты сақтау ережесін; бұйымдарды орап байламдау алдындағы ұстап тұру процесінің нысанын; бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды.
24. Электр көмір бұйымдарын күйдіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Метал керамикалық, метал графитті және электр көмір бұйымдары мен жартылай шикізаттарын муфельді электр пештерінде біліктілігі анағұрлым жоғары күйдірушінің басшылығымен күйдіру және жентектеу. Пештерді дайындау және қыздыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын тексеру. Күйдіру температурасын технологиялық кестеге сәйкес реттеу.
Білуге тиіс: бұйымдары мен жартылай шикізат түрлерін күйдіру және жентектеу процестерін; муфельді электр пештерінің құрылымы мен жұмыс принципін; температураны басқару және реттеу принципін; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын.
25. Электр көмір бұйымдарын күйдіруші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Метал керамикалық, метал графитті және электр көмір бұйымдары мен жартылай шикізаттарын, электролит мыс ұнтағы муфельді электр пештерінде күйдіру және жентектеу. Құм жаппаларының толуын және герметикалығын тексеру. Гидравликалық, механикалық және пневматикалық итергіштер жүйесін дайындау және пневматикалық қондырғының жарамдылығын тексеру. Пештерді жүктемемен қосу. Пешті қуатты қисық сызық бойынша арттыру отырып қыздыру. Тигельдерді пневматикалық итергіштің көмегімен пеш арнасы бойынша жылжыту. Күйдіру режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау. Күйдіру және жентектеу процесінің аяқталғанын анықтау. Пештердің температура режимін жазуға арналған журналды жүргізу.
Білуге тиіс: бұйымдар мен жартылай шикізат түрлерін күйдіру және жентектеудің технологиялық процесін; муфельді электр пештерінің құрылымын; түрлі типтегі итергіштердің құрылымы мен жұмыс принципін; пештердегі температураны көтеру кестесін және температура режимін ұстап тұру тәсілдерін; күйдіру режимінен ауытқулардың бұйым сапасына әсерін; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолдану ережесін.
26. Электр көмір бұйымдарын күйдіруші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр көмір және электр графиттелген бұйымдарды, жартылай шикізаттар мен көмір текті талшықты материалдарды үздіксіз жұмыс істейтін электр пештерінде және жалынды пештерде күйдіру және электр графиттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының, газ вентильдері мен қарау шыныларының болуын және жарамдылығын тексеру. Газдың камераға берілуін реттеу, газды бір камерадан екіншісіне ауыстыру. Газдың жану процесін және газ ағынының камераларға тарауын қадағалау.Температураның сағат сайын көтерілуін және газдың ауысуын есептеу. Берілген күйдіру режимін ұстап тұру. Пезтегі разрядтауды және ауаның берілуін реттеу.Жүйенің герметикалығын тексеру. Пештерді толтырудың, қосудың суытудың кезектілігін анықтау.
Білуге тиіс: электр графиттелген бұйымдарды, жартылай шикізаттар мен материалдарды күйдіру және электр гарфиттеудің технологиялық процесі мен күйдіру режимін; бұйымдардың сыртқы түріне және электр физикалық сипаттамалары бойынша қойылатын талаптарды; пештердің электр сызбасын; түрлі типтегі пештердің құрылымын және қызмет көрсету ережесін; пештерді толтыру есебі әдістемесін және түрлі типтегі және мөлшердегі бұйымдарға арналған электроэнергия шығысын анықтауды; күйдіру және электр графиттеу режимінен ауытқулардың бұйымның сапасы мен электр физикалық көрсеткіштеріне әсерін; пештерді суыту тәсілдерін.
27. Электр көмір бұйымдарын престеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Метал керамикалық, метал графитті, көмір және электр щетка бұйымдары мен жартылай шикізаттарын қуаты 15 тоннаға дейінгі механикалық және гидравликалық пресстерде біліктілігі анағұрлым жоғары престеушінің басшылығымен престеу. Престеу ұнтақтарын дайындау және елеу. Берілген мөлшерді қамтамасыз етуге қажетті пресс ұнтақтары ілмесін іріктеу. Ұнтақты пресс қалыбы матрицаларына ілу және себу. Құралдар мен айлабұйымдары дайындау және баптау.
Білуге тиіс: конструкциясы қарапайым престердің құрылымы туралы негізгі деректерді; бұйымдар мен жартылай шикізаттарды престеу жолдарын; пресс ұнтақты пресс қалыбына себу тәсілдерін; таразылау ережесін; бұйымдардың түрлері мен маркаларын; престелетін бұйымдарға қойылатын талаптарды; жол берілетін шектеулер мен бұдырлық квалитеттері мен параметрлері туралы негізгі деректерді.
28. Электр көмір бұйымдарын престеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Метал керамикалық, метал графитті, көмір және электр щетка бұйымдары мен жартылай шикізаттарын қуаты 15 тоннаға дейінгі механикалық және гидравликалық пресстерде престеу. Престеу ұнтақтарын елеу, дозалау және пресс бункеріне салу. Түрлі конструкциядағы қыздырылмайтын прес қалыптарда престеу. Престелетін бұйымдардың сапасын сыртқы түрі, мөлшері мен тығыздығына қарай анықтау. Көмір бұйымдары мен жартылай шикізаттарын ұнтақты араластыра отырып салу және тасымалдау. Престі баптау және майлау.
Білуге тиіс: престердің құрылымы мен жұмыс принципін және оларды баптау тәсілдерін; әртүрлі бұйым түрлері мен маркалары престеу процесі мен режимін; престелетін ұнтақтардың құрамы мен қасиеттерін; арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолдану ережесін; жол берілетін шектеулерді, бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
29. Электр көмір бұйымдарын престеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Метал керамикалық, метал графитті, көмір және электр щетка бұйымдары мен жартылай шикізаттарын қуаты 15 тоннадан жоғары механикалық және гидравликалық пресстерде престеу. Престеу құралдары мен айлабұйымдарын іріктеу, дайындау және ауыстыру. Престеу ұнтақтарын дайындау және олардың престеуге жарамдылығын анықтау. Блоктарды берілген тығыздық мөлшеріне престеу. Престің жұмыс қысымын белгілеу және реттеу. Ұстауды және қысымды бақылау. Престелген бұйымдарды таңбалау, Тараға салу және тасымалдау.
Білуге тиіс: престердің құрылымы мен жұмыс принципін және оларды баптау тәсілдерін; қысымды және ұстау уақытын белгілеу мен реттеудің ережесі мен тәсілдерін; арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолдану ережесін; жол берілетін шектеулерді, бұдырлық квалитеттері мен параметрлері жүйесін.
30. Электр көмір бұйымдарын престеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Метал керамикалық, метал графитті, көмір және электр щетка бұйымдары мен жартылай шикізаттарын қуаты 100 тоннадан жоғары механикалық және гидравликалық пресстерде, автоматтар мен жартылай автоматтарда престеу. Ток жеткізуші сымдарды. Салмаларды, пресс ұнтақтары мен дайындамаларды қыздырылатын және бөлшектенетін пресс қалыптарға салу. Престі бұйымның талап етілетін мөлшеріне баптау Температураны, қысыммен ұстау және толық қысым уақытын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу. Престеме санын және олардың мөлшерін анықтау. Сымды щеткаға сіңіріп престеу. Престерді, пресс қалыптарды, құралдар мен арнаулы айлабұйымдарды жұмыс процесінде баптау.
Білуге тиіс: престердің кинематикалық және электр сызбаларын; қуаты үлкен престердің басқару және реттеу жүйесін; конструкциясы күрделі пресс қалыптардың құрылымын және оларды орнату ережесін; пресс қалыптардың тозу және сыну себептерін және олардың алдын алу шараларын; жоғары қысымды жабдықта жұмыс істеу ережесін; тіркеуші аспаптардың құрылымын және жұмыс принципін; престелетін ұнтақтар мен компоненттер рецептурасын; пресс ұнтақтары мен массаларына қойылатын техникалық тараптарды.
31. Электр көмір өндірісіндегі қыздырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті материалдарды электр шахта пештерінде біліктілігі анағұрлым жоғары қыздырушының басшылығымен қыздыру. Материалдарды пеш шахтасына салу, итермелеу және тегістеу. Қыздырылған материалды суытушы барабандардан кезең-кезеңімен түсіріп алу және тарту бөлімшесіне тасымалдау. Пешті тиеу алдында тазалау.
Білуге тиіс: пештердің жұмыс принципін; материалдарды пеш шахтасына салу және суытушы барабандардан түсіріп алу ережесін; ашық ыстық пеште жұмыс істеу және зиянды ұшпа заттарды бөлу ережесін; көміртекті материалдардың түрлері мен олардың негізгі қасиеттерін.
32. Электр көмір өндірісіндегі қыздырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Спектральді көмірлерді ауыспалы ток арнаулы электр қондырғыларында қыздыру. Көмірді қондырғыға салу және қыздыру жағдайына дейін ұстау. Температура режимін және ұстау уақытын бақылау. Өңделген көмірді түсіріп алу және оларды пачкаға салу. Электр қондырғыларын баптау және ток жеткізгіштердің жарамдылығын тексеру.
Білуге тиіс: электр қондырғыларының құрылымын, жұмыс принципі мен баптау тәсілдерін; спектральді көмірді қыздыру тәсілдерін; өңделген көмірді қызу күйінде түсіріп алуды; брактың түрлерін және олардың алдын алу шараларын.
33. Электр көмір өндірісіндегі қыздырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті материалдарды электр шахта пештерінде қыздыру. Материалдардың пешке берілуін және электродтардың сіңірілу тереңдігін реттеу. Пеш жұмысының режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау. Қыздыру процесінің аяқталғанын уақыт бойынша, температура бойынша және қыздырылған материалдың физикалық-химиялық параметрлері бойынша анықтау. Материалдарды түсіріп алу және көтеру-тасымалдау механизмдерінің көмегімен тасымалдау.
Білуге тиіс: қыздыру пештерінің құрылымын; электр сызбаны; басқару және реттеу жүйесін; пештердің электр және жылу режимін ережесін және оны ұстап тұру тәсілдерін; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, нысаны мен қолдану ережесін; көміртекті материалдарды процесін; көміртекті материалдардың атауын, қасиеттерін.
34. Көмір массасын ұнтақтаушы-дозалаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті материалдар мен көмір массасын түрлі типті диірмендерде ұнтақтау. Материалдарды, массаларды дайындау және диірмендерге салу. Ұнтақталған ұнтақты және кебекті түсіріп алу. Ұнтақ партияларын гранулометрлік құрамы бойынша құрастыру. Әртүрлі бұйым түрлеріне арналған шикіқұрамны берілген рецепті бойынша дайындау. Шикіқұрамды қабылдау және бөлінген жерге жинау. Диірменді өткен материалдан тазалау.
Білуге тиіс: түрлі типті диірмендердің құрылымын және жұмыс принципін диірменді жұмысқа дайындау ережесін; түрлі таразыда өлшеу ережесін; шикіқұрам партиясының мөлшерін және оны дайындау ережесін.
35. Көмір массасын ұнтақтаушы-дозалаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті материалдар мен көмір массасын ұнтақтау агрегаттарында ұнтақтау. Материалдарды, массаларды дозалау және бункерге салу. Ұнтақтау тоннасын реттеу. Ұнтақтау агрегаттарының қоректендіру және салқындату жүйесін қадағалау. Електерді дайындау және ауыстыру. Ұнтақтау ұнтағының жарамдылығын сыртқы түрі мен физикалық-химиялық параметрлері бойынша анықтау.
Білуге тиіс: түрлі конструкциядағы ұнтақтау агрегаттарының құрылымын, жұмыс принципі мен оны баптау тәсілдерін; дозаторлар мен қоректендіргіштердің құрылымын; ұнтақтау тонинасын реттеу тәсілдерін; көміртекті материалдар мен көмір массасын ұнтақтау процесін; тартылған ұнтақтардың түрлерін, қасиеттерін және нысанын, оларға қойылатын талаптарды.
36. Электр көмір өндірісіндегі құрастырушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр щеткасы арматурасын біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен айлабұйымдарды қолдана отырып, қолмен құрастыру. Трубканы орналастыру және сымды электр щеткасының саңылауынан өткізу. Сымға ұшты қосу және оны бекіту.
Білуге тиіс: арматураны құрастыру кезіндегі әдістерді қолдану кезектілігін; арматураны іріктеу ережесін және оның түрлерін; қарапайым айлабұйымдарды нысаны мен қолдану шарттарын; жол берілетін шектеулердің, бұдырлық квалитеттері мен параметрлерінің шартты белгілерін.
37. Электр көмір өндірісіндегі құрастырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр щеткасы арматурасын айлабұйымдарды қолдана отырып, қолмен құрастыру. Сымды зенковкаға немесе электр щеткасының саңылауынан түрлі тәсілдермен өткізу. Сымның ұзындығы мен қимасын сызба бойынша анықтау. Амортизаторларды, оқшаулауды, ұштарды сымға кигізу және оны түрлі тәсілмен бекіту. Құрсау мен шайбаны орналастыру.
Білуге тиіс: түрлі типтегі арматураны сызба бойынша құрастыру кезектілігін; айлабұйымдарды қолдану ережесін; жол берілетін шектеулер туралы негізгі деректерді.
38. Электр көмір өндірісіндегі құрастырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр щеткасы арматурасын түрлі типтегі станоктарда және қарсыласу бағандарын тұрақты ток станоктарында құрастыру. Операцияны орныдау кезектілігін анықтау. Тиісті диаметрдегі және бейіндегі арматураны, сыртқы түріне қарай айлабұйымдар мен көмір шайбаларын іріктеу. Арматураны электр щеткаға түрлі тәсілдермен бекіту: үстелдегі бұрғы станоктарында вальціні жазып алу; сымды ұшына эксцентриктік престерде престемелеу; сымды дәнекерлеу және ұшты ыстықтай қалайылау. Сымның развальцовкалау, престемелеу және дәнекерлеу сапасын тексеру. Электр щеткасы мен арматураның арасындағы ауыспалы қарсылықты анықтау. Шайбаларды кигізу. Көмір бағанының қарсылығы мен деформациясын анықтау.
Білуге тиіс: электр щеткасы арматурасын станокта құрастырудың технологиялық процесін; көмір бағанын құрастыруды; арматураның типтері мен олардың нысанын; станоктардың құрылымын, оларды басқару және пайдалану ережесін; қондырғының құрылымы мен электр сызбасын; құрал мен айлабұйымды орнату және бекіту тәсілдерін; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарды қолдану ережесін; сызбаларды оқуды, орындалатын жұмыс көлемінде.
39. Электр көмір бұйымдарын сұрыптаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр көмір бұйымдарын күйдіруден және электр графиттеуден кейін маркасы, партиялары, пісірілуі, мөлшері және сыртқы түріне қарай (көтерілу, жарылу, күю, деформация) сұрыптау. Тараны, құралды және жартылай шикізатты дайындау. Бұйымдарды санау, жәшіктерге салу. Журналға деректерді жазу.
Білуге тиіс: күйдіруден және электр графиттеуден кейінгі ақаулардың түрлерін; бұйымдарды сұрыптау тәсілдерін; күйдірілген және электр графиттелген бұйымдардың атаулары мен олардың сыртқы белгілері бойынша қойылатын талаптарды; бұйымдардың сұрпын анықтау нұсқаулығын.
40. Электр көмір бұйымдарын сұрыптаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр көмір бұйымдарын механикалық өңдеуден және престеуден кейін маркасы, партиялары, пісірілуі, мөлшері және сыртқы түріне қарай (көтерілу, жарылу, күю, деформация) сұрыптау. Өлшеу құралы мен сызбаларды дайындау. Жарамды және баркқа шығарылған бұйымдардың есебін жүргізу.
Білуге тиіс: бұйымдарды механикалық өңдеуден және престеуден кейін сұрыптау тәсілдерін; бұйымдарды механикалық өңдеу түрлерін; бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен қолдану ережесін; бұйымдарды механикалық өңдеуден және престеуден кейінгі брак түрлерін; бұйымдардың атаулары мен маркаларын; дайын бұйымдарға арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; жол берілетін шектеулер туралы негізгі деректерді.
41. Электр көмір бұйымдарын тазалаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым метал керамикалық, метал графитті, электр щетка және электр графитті бұйымдарды сынықтардың, құм және шаңының қалдықтарынан қарапайым айлабұйымдарды қолдана отырып тазалау. Артық ұнтақты утильдеу. Бұйымдарды тараға салу.
Білуге тиіс: бұйымдардың сыртқы түріне қойылатын талаптарды; айлабұйымдарды қолдану ережесін; бұйымды тазалау тәсілдерін.
42. Электр көмір бұйымдарын тазалаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үлгілік метал керамикалық, метал графитті, электр щетка және электр графитті бұйымдарды жартылай автоматты станоктарда қолмен жеткере отырып тазалау. Бұйымдарды станок бункерлеріне салу және орналастыру. Бұйымды талап етілетін пішінге және тиісті түрге дейін жеткізу (саңылауларды, шұңқырларды және айналмаларды айлабұйымдар мен құралдардың көмегімен тазалау). Дискілерді, щеткаларды орнату және станоктарды баптау. Бұйымдарды іріктеу және орналастыру.
Білуге тиіс: жартылай автоматты станоктардың құрылымын, олардың жұмыс принципін; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарды қолдану ережесін; бұйымдарды тазалау және жеткеру тәсілдерін; бұйымның түрлері мен маркаларын, олардың сапасына қойылатын талаптарды.
43. Электр көмір бұйымдарын ажарлаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Метал графитті, электр көмір және электр графиттелген бұйымдар мен жартылай шикізаттарды қайрау-ажарлау станоктарында біліктілігі анағұрлым жоғары ажарлаушының басшылығымен ажарлау. Абразивтік айналмаларды іріктеу, орнату және түзеу. Станокты баптау.
Білуге тиіс: станоктың негізгі тораптарының атауы мен нысанын; станокты баптау ережесін; абразивтік айналмаларды түзеу процесін; жартылай шикізаттардың атаулары мен түрлерін.
44. Электр көмір бұйымдарын ажарлаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Метал графитті, электр көмір және электр графиттелген бұйымдар мен жартылай шикізаттарды қайрау-ажарлау станоктарында ажарлау және кесу. Мұқалудан кейін бейіні мен кесу қасиеттерін қалпына келтіру. Абразивтік және алмазды айналмаларды теңгермелеу. Станокты бұйымдар мен жартылай шикізаттардың берілген мөлшеріне баптау. Өңдеудің мөлшерлі бөлігін, шектеулерді, тазалығын бақылау. Бұйым ақауларын жою. Орналастыру және тасымалдау.
Білуге тиіс: станоктардың құрылымын, жұмыс істеу принципі мен баптау тәсілдерін; абразивтік және алмазды айналмаларды орнату және түзеу тәсілдерін; арнаулы айлабұйымдар мен қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен пайдалану ережесін; бұйымдарды механикалық өңдеу процесін; чертеждерді оқуды, орындалатын жұмыс көлемінде; жол берілетін шектеулерді, бұдырлық квалитеттері мен параметрлері жүйесін.
45. Электр көмір бұйымдарын ажарлаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Метал графитті, электр көмір және электр графиттелген бұйымдар мен жартылай шикізаттарды автоматтар мен жартылай автоматтарда ажарлау. Арнаулы айлабұйымдар мен беру механизмдерін бекіту және баптау. Конфигурациясы күрделі абразивтік айналмаларды іріктеу, орнату және түзеу. Бұйымдар мен жартылай шикізаттарды бункер-қоректендіргіштерге салу және орналастыру. Мөлшер бөлігін, конфигурацияны, шектеулер мен бұдырлық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Бұйымдарды тазалау, салу және тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|