27. Трансформатор катушкаларын ораушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті ораушының басшылығымен бапталған орау станоктарында жұмыр мыстан және түрлі габаритті тік бұрышты кесілетін трансформаторлардан жасалған цилиндрлік оралатын катушкаларды орау. Ағаш немесе металл рейкаларды қалыңдығы бойынша оларды байлай отырып, цилиндрлерді орау.
Білуге тиіс: орау станоктарының қызметі және қызмет көрсету ережесі; қабатсыз және дискілі оралатын трансформаторлы катушкалардың құрылымы; қолданылатын оқшаулау материалдары және мыстың атауы және таңбалануы; кеңірек таралған жай айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі.
28. Трансформатор катушкаларын ораушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бапталған көлденең орау станоктарында бірінші габаритті трансформатор дөңгелек кесілетін мыстан жасалған цилиндрлік көп қабатты оралатын катушкаларды орау. Бірінші және екінші габаритті пеш трансформаторларына арналған дискілік катушкаларды орау. Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып оқшау аралық қабатты қалау.
Білуге тиіс: көлденең орау станоктары мен тежегіш құрылғылардың жұмыс істеу принципі; трансформаторлық катушкалардың үлгілік құрылымдары; кеңінен таралған айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; орындалатын жұмыс көлемінде электр техникасы бойынша негізгі мәліметтер.
29. Трансформатор катушкаларын ораушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бапталған көлденең орау станоктарында екінші және үшінші габаритті трансформатор және бірінші және екінші габаритті тік бұрышты кесілетін трансформатор дөңгелек кесілетін мыстан жасалған цилиндрлік көп қабатты оралатын катушкаларды орау. Үшінші габаритті пеш трансформаторларына арналған дискілік катушкаларды орау. Екінші габаритті трансформатордың 12 параллелі бойынша үздіксіз және спиральді орамаларды орау. Реттегіш шықпалардың ұштарын шығару және дәнекерлеу. Жырашықты катушкалар мен кернеу катушкаларын экрандарды орната және дәнекерлей отырып орау.
Білуге тиіс: көлденең орау станоктары мен арнайы айлабұйымдардың құрылысы және баптау тәсілдері; дәнекерлеу режимдері; дәнекер түрлері және олардың қасиеті, трансформатор катушкаларын жасауда қолданылатын оқшаулау материалдары мен өткізгіштердің қасиеті; техникалық деректерді пайдалану ережесі.
30. Трансформатор катушкаларын ораушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Төртінші габаритті дөңгелентіп кесілетін трансформаторлардың мыстан жасалған көп қабатты оралатын цилиндрлі және үшінші, төртінші габаритті трансформаторлардың тік бұрышты кесілетін мыстан жасалған катушкаларын көлденең орау станоктарында орау. Үшінші габаритті трансформаторлардың 12 параллельден асатын спиральді орамалары мен төртінші габаритті трансформаторлардың бір жүрісті спиральды орамаларын орау. Бірінші, екінші және үшінші габаритті трансформаторлар үшін үздіксіз катушкаларды орау. Кеңістік магнитті сымға орамаларды орау. Құрғақтай қорғау трансформаторларды төртбұрышты орамаларға орау. Төртінші және бесінші габаритті күш және пеш трансформаторларға арналған дискілік катушкаларды орау.
Білуге тиіс: көлденең орау станоктарының құрылымы; трансформаторлық катушкалардың түрлі құрылымдары; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және пайдалану ережесі.
31. Трансформатор катушкаларын ораушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Төртінші габаритті трансформаторлардың үздіксіз катушкаларын жүктемемен қайта қосып, көлденең орау станоктарында орау. Төртінші габаритті трансформаторлардың көп жүрісті спиральды орамаларын орау.
Білуге тиіс: күрделі құрылымды трансформаторлардың катушкаларын ораудың түрлі тәсілдері; оқшаулау құрылымдарына қойылатын талаптар; күрделі катушкаларды орау сапасын бақылау әдістері.
32. Трансформатор катушкаларын ораушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бесінші және алтыншы габаритті трансформаторлардың үздіксіз катушкаларын жүктемемен қайта қосып, көлденең және тік орау станоктарында орау. Электр пеш трансформаторлар мен қайта өрілген шунттаушы реакторлардың катушкаларын орау.
Білуге тиіс: тік және көлденең орау станоктарының құрылымы және басқару принципі; қайта өрілген орамалы катушкаларды орау тәсілдері; орау және оқшаулау құрылымына қойылатын талаптар.
33. Күш конденсаторлары секцияларын ораушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті ораушының басшылығымен парақтарының саны 4-ке дейінгі төмен вольтты және жоғары вольтты күш конденсаторларына арналған секцияларды орау. Станокты толтыру. Контактілі қосымшалары мен берілген орама санын дұрыс орналастыра отырып, орау процесін қадағалау және тығыз тегіс орауды қамтамасыз ету. Ықтимал кесінділерді уақытылы жойып отыру және түрлі ақаулықтарды жою.
Білуге тиіс: жай құрылымды орау станоктарының қызметі және жұмыс ережесі; станокты толтыру тәсілдері; конденсатор қағаз және алюминий фольганың қызметі және олардың негізгі мөлшерлері; контактілі қосымшалардың қызметі; үзілу себептері және оларды жою тәсілдері; жұмыс аспабының қызметі және қолдану ережесі.
34. Күш конденсаторлары секцияларын ораушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Парақтарының саны 4-ке дейінгі төмен вольтты және жоғары вольтты күш конденсаторларына арналған секцияларды орау. Станокты берілген жұмыс режиміне дайындау, баптау және толтыру. Материалдардың шығуын және материал таспаларының үзілуін болдырмау. Секция ток өткізгіштерін қалау және таңбалау.
Білуге тиіс: орау станоктарының құрылымы және қолдану принципі; станокты материалдармен толтыру тәсімдері; конденсатор қағаз және фольга маркалары; ток өткізгіш секциялардың талаптары;ақау түрлері және оларды жою тәсілдері.
35. Күш конденсаторлары секцияларын ораушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Парақтарының саны 4-тен жоғары 8-ге дейінгі төмен вольтты және жоғары вольтты күш конденсаторларына арналған, парақтарының саны 5-ке дейінгі электр термиялық конденсатор секцияларын, косинусты конденсаторларды және байланыс конденсаторлары секцияларын орау. Материалдар іріктеу және станокқа толтыру. Негізгі материал таспаларының шеттерін және шығып кетпеуін реттеу. Орама саны және шықпаларының ені бойынша берілген шектеулерді қамтамасыз ету. Секциялардағы қабаттың пайда болуын болдырмау. Құрылғыларда секцияларды сығымдау. Жұмыс процесінде орау станогын баптау.
Білуге тиіс: орау станоктарының құрылымдық ерекшеліктері және баптау ережесі; оқшаулау төсемдері мен контактілі қосымшалардың қызметі мен қою ережесі; конденсатор секцияларының электр сипаттамалары, габаритті өлшемдері және шектеулері; конденсатор секцияларын орауда қолданылатын материалдардың қасиеті; ақаудың ықтимал себептері және олардың алдын алу және жою тәсілдері.
36. Күш конденсаторлары секцияларын ораушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Парақтарының саны 8-ден жоғары төмен вольтты және жоғары вольтты күш конденсаторларына арналған, парақтарының саны 5-тен жоғары электр термиялық конденсатор секцияларын, косинусты конденсаторларды және қағаз-пленкалы диэлектрикті конденсаторлары секцияларын орау. Секция сызбасына сәйкес негізгі материалдарды іріктеу және станокқа толтыру. Негізгі материал таспаларының созылуын реттеу. Секциялардың қосымша беттерін кейіннен біріктіре отырып орау. Үздіксіз ток кернеуінде оралған секцияларды алдын ала іріктеп шығару. Орайтын жабдықты баптау.
Білуге тиіс: қағаз пленкалы диэлектрикті конденсатор секцияларының құрылымы және орау технологиясы; материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері; конденсатор секциясында диэлектриктің қызметі; орау жабдықтарын баптау ережесі.
37. Электр магнитті өзекшелерді ораушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 12 кг-ға дейінгі трансформаторлық болаттан жасалған өзекшелерді орау станоктарында жай айлабұйымдарды пайдалана отырып орау. Барабанға жолақ орау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін орау жабдықтарының құрылысы туралы негізгі мәліметтер; жай айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі; трансформаторлы болат атаулары мен таңбалануы.
Жұмыс үлгілері
1. Шиналы трансформаторлар мен зертханалық үлгідегі трансформаторларға арналған өзекшелер – орау.
2. Май сөндіргіштерге арналған өзекшелер –орау.
38. Электр магнитті өзекшелерді ораушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 12 кг-нан жоғары трансформаторлық болаттан жасалған өзекшелерді орау станоктарында арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып орау. Нүктелік аппаратта жолақтарды таспаға пісіру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін орау жабдықтарының жұмыс принципі; арнайы айлабұйымдар мен нүктелік аппараттың қызметі және пайдалану шарттары, пісіру жолақтарының режимі; орындалатын жұмыс көлемінде электр техникасы бойынша негізгі мәліметтер.
Жұмыс үлгілері
Май сөндіргіштерге арналған өзекшелер – жаймаларын нүктелік пісіріп орау.
39. Электр машина элементтерін ораушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті ораушының басшылығымен электр машина элементтерін орау. Паздарды орауға дайындау. Орамаларды сыналармен бекіту. Орамаларды қарапайым тәсімдер бойынша біріктіру. Орамалардың беткі бөліктерін тегістеу. Катушка аралық және полюс аралық бірікпелерді шнурмен немесе таспамен бекіту. Орамаларды сынауға дайындау.
Білуге тиіс: жай аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі, орау бірікпелерінің жай тәсімдері; оқшаулау материалдарының атауы және таңбалануы.
Жұмыс үлгілері
1. Тиеу машиналары – сымды орауға дайындау.
2. Роторлар, зәкірлер, статорлар – сымды сақтамай тарату.
3. Жұмсақ секциялы машина зәкірлерінің, роторлар мен статорлардың өзекшелері – орауға дайындау.
4. Микроқозғалтқыш статорлары – орауға дайындау.
5. Бормашинаға арналған электр қозғалтқыш зәкірлері – орау.
40. Электр машина элементтерін ораушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр машинаның жай элементтерін орау. Паз және коллектор бойынша қадамды белгілеу. Фазалық төсемдерді орнату және ұштарын кесу. Катушкалық топтардың ұштарына оқшаулау түтікшесін кигізу. Статорлар орамасын тәсімдер бойынша біріктіру. Орамаларды топтарға бөлу. Ораудың беткі бөліктерін өңдеу. Секцияларды паздарға қалау.
Білуге тиіс: жұмысқа дейінгі операцияларға қолданылатын құралдар мен айлабұйымдар; секцияларды паздарға дайындау және қалау тәсілдері; толқынды және ілмекті орамаларды біріктірудің дөңгелек тәсімдері; оқшаулау материалдарының қасиеттері; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника негіздері.
Жұмыс үлгілері
1. Электр машина роторлары – жұмсақ секцияларды орау.
2. Роторлар, зәкірлер, статорлар – сымды сақтай отырып тарату.
3. Жарылғыш электр қозғалтқыш статорлары – түрлі орам секцияларын орау.
4. Микроқозғалтқыш статорлары – орау.
5. Электр кар машиналарының зәкірлері – орау.
41. Электр машина элементтерін ораушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі электр машиналары элементтерін орау. Ораудың алдыңғы бөліктерін жүйелі қалыптастыру. Фаза аралық төсемдерді орнату. Оқшаулау түтікшелерінің орау ұштарын біріктіру. Бірікпе орындарын ширату және дәнекерлеу. Орамның шықпа ұштарын және алдыңғы бөліктерін байланыстыру. Секция бойынша тексере отырып орам ұстағыш сақиналарды орнату. Токпен қыздыру секцияларын біріктіру. Орамаларды бекіту және секцияларды орам ұстағыш сақиналармен байланыстыру. Қашық төсемдерді орамның алдыңғы бөліктеріне бекіту. Зәкір орамын коллекторлармен біріктіру. Айдарларды ағаш және контактілі сыналармен сыналау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылысы, пайдалану ережесі және баптау тәсілдері; секцияларды қыздыру кезіндегі токтың шекті тығыздығы; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымы; орам бірікпелерінің тұйық және жайылма тәсімдері; компаундты жұмсарту және балқыту температурасы; дәнекерлеу тәсілдері; дәнекер түрлері мен олардың қасиеттері; оқшаулау материалдарының атауы, таңбалануы және қасиеттері; оқшаулау бөлшектерінің сызбалары; орамдарды станокта қалау тәсімдері.
Жұмыс үлгілері
1. Қосымша жасалатын қозғалтқыш электр машиналарының статорлары – жылуға және майға төзімді оқшау сымдарын орау.
2. Жартылай жабық пазды машина статорлары – жартылай қатты секциялармен орау.
3. Арнайы су жіберетін корпусқа қосымша салынған жартылай жабық пазды электр машина статорлары – арнайы жұқа оқшауланған сыммен орау.
4. Генераторлар мен статор зәкірлері – сыммен орау.
42. Электр машина элементтерін ораушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электр машина элементтерін орау. Аралас орауға арналған өзекше паздары және коллекторлар бойынша қадамдарын белгілеу. Бір-екі қабатты статор орамаларын паздарға созғылау. Орамаларды қалау және тығыздау. Статор орамаларын күрделі тәсімдер бойынша біріктіру. Біріктіру шиналарын орнату және дәнекерлеу. Параллельді өткізгіш сымдарының саны 2-ге дейінгі секция ұштарын ию.
Білуге тиіс: күрделі айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен қолдану принципі; орамаларды бекіту тәсілдері; статор орамаларының көп параллельді бірікпелерінің тұтас және жайылма тәсімдері; күрделі орамалардың тұйықталған орамдарын тексеру тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
1. Әлеует реттегіштер – толықтай орау.
2. Ауыспалы және тұрақты ток қозғалтқыш роторлары мен статорлары – толықтай орау.
3. Жоғары айналмалы электр машиналарының роторлары мен зәкірлері – орау.
4. Тиейтін электр қозғалтқыш статорлары – созып орау.
5. Жетек қозғалтқыш зәкірлері – үздіксіз секциялармен орау.
6. Электр машина зәкірлері – толқынды орау.
43. Электр машина элементтерін ораушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі электр машина элементтерін толықтай орау. Тәсім бойынша белгілеу, қиыстыру және қалау. Эвольвентті оралған жерлерді біріктіру және оқшаулау. Параллельді өткізгіштер сына 2-ден асатын секция ұштарын ию.
Білуге тиіс: қолданылатын жабдық құрылымы, орамды сынау әдістері; қолданылатын материал қасиеттері; күрделі сызбалар және тәсімдер.
Жұмыс үлгілері
1. Асинхронды, жоғары айналмалы қозғалтқыштар – толықтай орау және біріктіру.
2. Екі зәкірлі қозғалтқыштар – толықтай орау және біріктіру.
3. Көп жылдамдықтағы қозғалтқыштар – толықтай орау.
4. Асинхронды машина роторлары – толықтай орау.
5. Синхронды генератор роторлары – толықтай орау.
6. Ірі машина түрлендіргіштерінің зәкірлері – орау.
7. Электр машина зәкірлері – ілмекті орау.
44. Электр машина элементтерін ораушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бірегей электр машина элементтерін толықтай орау және біріктіру. Тәсім бойынша белгілеу, қиыстыру, қалау, тығыздау, орамдарды сыналау және біріктіру. Сумен салқындату жүйесін монтаждау. Біріктіру шиналарын орнату. Теңдестіргіштер мен термобуларды қалау.
Білуге тиіс: бірегей электр машина элементтерін орау құрылымы және құрастыру ережесі; технологиялық жарақтар мен жабдықтар құрылымы және қызметі; арналарды реттеу, қиыстыру және электр параметрлері бойынша және гидротығыздығы бойынша орамдарды сынау әдістері.
Жұмыс үлгілері
1. Турбомотор роторлары – орау және салқындату.
2. Сумен салқындату турбогенераторлары мен ірі электр машина роторлары – толықтай орау.
3. Сумен салқындататын турбо және гидрогенератор статорлары – толықтай орау.
4. Сумен салқындататын турбо және гидрогенераторлар статорлары мен роторлары – толықтай орау.
5. Турбо және гидрогенераторлар – термокедергі орнату.
6. Щеткасыз, диодты, ауыспалы токты синхронды генератор зәкірлері – толықтай орау.
7. Ауыспалы орамалы немесе теңестіргіш бірікпелі электр машина зәкірлері – толықтай орау.
45. Қайта ораушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті қайта ораушының басшылығымен түрлі маркадағы және кесілген сымды, өткізгіш сымдарды және кабельдерді, конустан, орамнан, катушкадан немесе барабаннан жартылай фабрикаттар мен оқшаулау материалдарын түрлі қабылдағыш тараларға қайта орау. Қайта оралатын материалдардың ұштарын біріктіру жөніндегі жұмысты орындау, ярлыктарға, биркаларға және трафареттің басқа да түрлеріне қажетті деректерді толтыру.
Білуге тиіс: жай қайта орау станоктарының қызметі және қызмет көрсету ережесі, қайта оралатын материалдардың негізгі маркалары мен өлшемдері; тараның сыйымдылығы және өлшемі және оны технологиялық өндіріс процесінде пайдалану ережесі; қолданылатын бақылау-өлшеу аспабының қызметі.
46. Қайта ораушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі маркадағы және кесілген сымды, өткізгіш сымдарды және кабельдерді, конустан, орамнан, катушкадан немесе барабаннан жартылай фабрикаттар мен оқшаулау материалдарын түрлі қабылдағыш тараларға қайта орау. Сым ұштарын және кабельдерді дәнекерлеу немесе пісіру әдісімен біріктіру. Бақылау-өлшеу аспаптар мен құралдардың көмегімен қайта оралатын материалдардың ұзындығын және кесілуін айқындау. Табылған ақау жерлерді тазарту және жөндеу. Қайта оралатын материалдардың сапасын қадағалау, ярлыктарға, биркаларға және трафареттің басқа да түрлеріне қажетті деректерді толтыру.
Білуге тиіс: қайта орау станоктарын мен айлабұйымдардың қызметі және құрылымы, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалану ережесі; қайта оралатын материалдардың ұштарын біріктіру тәсілдері, қайта оралатын материалдардың негізгі маркалары мен өлшемдері; ақаудың ықтимал түрлері және оны болдырмау тәсілдері; техникалық құжатнаманы толтыру ережесі.
47. Электр машиналары мен аппарат секциялары, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті сығымдаушының басшылығымен сығымдағыштардағы оқшаулау материалдарынан жасалған секцияларды, катушкалар мен бөлшектерді сығымдау. Секцияларды арнайы сығымдағыш қалыптарда қолмен немесе пневматикалық қысқышпен сығымдау. Секциялардың паз бөліктерін теңестіру және сығымдау және алдыңғы бөлігін суықтай күйі қалыпқа келтіру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қол және пневматикалық сығымдағыштар мен сығымдағыш қалыптардың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; жай бақылау-өлшеу аспабының қызметі және қолдану шарттары; өңделетін материалдардың атауы және таңбалануы.
Жұмыс үлгілері
1. Конусты және сегментті төсемдер – қалыптау.
2. Микроқозғалтқыш статорлары – орамның алдыңғы бетін сығымдау.
48. Электр машиналары мен аппарат секциялары, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Механикалық, гидравликалық және пневматикалық жетекті сығымдағыштарда арнайы сығымдағыш қалыптарда корпусты оқшаусыз секцияларды, катушкалар мен бөлшектерді сығымдау және пісіру. Орамалардың алдыңғы беттерін сығымдағыш қалыптарда тегістеу және макет бойынша тексеру. Орамалардың алдыңғы бөліктерін қалыптау станоктарында және макеттерінде қалыптастыру. Алдыңғы бөліктердің өлшемдерін шаблонмен тексеру. Металл бөлшектерді оқшаулау, пісіру, сығымдау.
Білуге тиіс: қол, пневматикалық сығымдағыштардың және сығымдағыш қалыптардың, қыздыру құрылғыларының, қалыптау станоктарының жұмыс істеу принципі және оларды баптау тәсілдері, сығымдау кезіндегі температуралық режимдер мен шекті қысым; өңделетін бөлшектердің негізгі механикалық қасиеттері, айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі.
Жұмыс үлгілері
1. Сіңдірілген шыны-матадан жасалған төлкелер – сығымдау.
2. Полюсті катушкалар – сығымдау, пісіру және калибрлеу.
3. Оқшауланған мыстан жасалған катушкалар – сығымдау.
4. Рейкалар, біліктер, сақиналар мен басқа да бөлшектер – пісіріп сығымдау.
5. Электр машиналар мен түрлендіргіштердің полюс өзекшелері – сығымдауға дайындау.
49. Электр машиналары мен аппарат секциялары, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Секцияларды, катушкаларды және корпустық оқшаулаусыз бөлшектерді арнайы сығымдағыш қалыптарда механикалық, гидравликалық және пневматикалық жетекті сығымдағыштарда сығымдау және пісіру. Бұйымға қажетті қаттылығын беру үшін қыздыру және кейіннен салқындату. Температура мен қысымды бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу.
Білуге тиіс: сығымдағыштар мен сығымдағыш қалыптардың құрылысы және баптау тәсілдері; бұйымдардың сығымдау режимдері, сығымдалатын бөлшек материалдарының негізгі қасиеттері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану ережесі.
Жұмыс үлгілері
1. Тұрақты ток машиналары зәкірлерінің катушкалары – сығымдау.
2. Статорлық орау катушкалары мен роторлық өзекшелер – сығымдау.
3. Электр машиналары мен түрлендіргіш полюстерінің өзекшелері – сығымдау.
4. Тұрақты ток машиналарының өзекшелері – сығымдау.
50. Электр машиналары мен аппарат секциялары, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Секцияларды, катушкаларды және корпусты оқшауланған бөлшектерді көп блокты сығымдағыштарда сығымдау және пісіру. Гидрогенераторлар мен турбогенератор өзекшелерін сығымдағыштарда бу және электрмен қыздырып сығымдау.
Білуге тиіс: көп блокты сығымдағыштар мен күрделі айлабұйымдардың құрылысы мен баптау ережесі; қыздыру элементтерінің құрылысы, қысым мен температураны реттеу әдістері; сығымдалатын материалдардың сипаттамалары.
Жұмыс үлгілері
1. Полюстерді оқшаулау (бұрыштықтар, манжеттер) – сығымдау.
2. Гидрогенераторлардың, компенсаторлардың және ірі синхронды машиналардың жолақты катушкалары – сығымдау, пісіру және калибрлеу.
3. Шыны матадан жасалған сыналар мен сегменттер – сығымдау.
4. Турбогенератор роторларының пазды қораптары – сығымдау.
5. Коллектор манжеттері – жасау және сығымдау.
6. Компенсациялық орау өзекшелері – сығымдау.
51. Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті созушының басшылығымен бапталған айлабұйымдарда және созу станоктарында секциялар мен ойықтарды созу.
Білуге тиіс: созу станоктарын пайдалану ережесі; жай айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі; секцияларды макеттер бойынша тексеру әдістері.
Жұмыс үлгілері
Дөңгелек кесілген мыстан жасалған статорлар мен роторлардың катушкасы – созу.
52. Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы айлабұйымдарда және созу станоктарында секциялар мен ойық дайындамаларын созу. Секцияларды сызбалар мен макеттер бойынша тексеру.
Білуге тиіс: жай созу станоктарының қызметі және қолдану принципі; қарапайым бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі; орындалатын жұмыс шегінде сызбаларды оқу.
Жұмыс үлгілері
1. Көп ширатылатын және көп параллельді зәкір катушкалары – созу.
2. Тік бұрышты кесілетін мыс статор, ротор және зәкір секциялары – созу.
53. Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы созу станоктарында және айлабұйымдарда орташа күрделіктегі секция дайындамаларын созу. Станокты катушканың берілген өлшеміне сызбаларға сәйкес баптау.
Достарыңызбен бөлісу: |