«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері»
Ұлттық қауіпсіздендірудің негізгі түсініктері. Компьютерлік ақпаратты қорғаудың заңнамалық және құқықтық негіздері.
Ақпаратты қорғаудың мақсаты ақпарат иесіне, меңгерушіге және пайдаланушыға
келетін зиянды әрекеттерді болдырмау. Ақпаратты қорғаудың тиімділігі ақпаратты қорғау нәтижелерінің қойылған мақсатқа сай келу дәрежесімен ағаланады.
Ақпаратты жүйелерді қорғаудың мақсаты (ақпаратты өңдеу жүйесі) қауіп-қатерге қарсы рекеттер: -өңделген ақпараттың жасырын бұзылу қатері;-өңделген ақпараттың бүтіндігінің бұзылу қатері; -жүйенің жұмыс істеуінің бұзылу қатері.
1.Мүмкін болатын қауіп-қатердің талдауы келесі қауіпқатерден қорғанудың негізгі түрлерін зерттеумен айналысады:
- Ақпараттың конфиденциалдығының бұзылуының қауіпқатері;
- Ақпараттың бүтінділігінің бұзылуының қауіп-қатері.
Бұл кезең шындығында да барлық қауіп-қатердің жиынтығынан байсалды зиян (вирус, ұрлық) келтіретіндерін таңдаумен аяқталады.
2. Қорғаныс жүйесін жоспарлау кезеңі қорғалатын құрылымдар тізімінен және оларға мүмкін болатын қауіп-қатерден тұрады.
Бұл кезде қорғанысты қамтамасыз етудің келесі бағыттарын назарға алу қажет:
- құқықтық-этикалық;
- моральды-этикалық;
- қорғанысты қамтамасыз етудің әкімшіліктік шаралары;
- қорғанысты қамтамасыз етудің аппараттық-программалық аралары.
Қауіпсіздендірудің түрлері: мемлекеттіқ, экономикалық, қоғамдық, әскери, ақпараттық, экологиялық; ақпаратық қауіпсіздендірудің жүйелік қамтамамасының ҚР ұлттық қауіпсіздендірудің жүйесіндегі ролі мен орны.
ақпараттық қауіпсіздіктің үш мақсатын анықтау, құпиялыққа қауіп тудыратын шабуылдардың түрлерін анықтау, қауіпсіздік қызмет орындарының, мекемелерінің үш қауіпсіздік мәселелерімен қалай байланысты екенін, олардың қандай қауіпсіздік механизмдерін қолданатынын анықтау, қауіпсіздік механизмін іске асыру үшін қолданылатын криптография және стеганография әдістерімен таныстыру.
Ақпараттық қауіпсіздікті қолдаудың келесі үш мақсатын қарастырамыз: құпиялық (конфиденциальность), тұтастық (целостность) және әзірлік (готовность).
Ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қауіптері
Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің күрделі екені белгілі. Олар әртүрлі сатылы бір-бірімен байланысты үлкен санды компоненттерінен жиналып, деректермен алмасады. Тәжірибе жүзінде әрбір компонент саптан шығуы немесе сыртқы әрекетке ұшырауы мүмкін. Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің компоненттерін мына топтарға бөлуге болады:
1) аспаптық құрал – компьютер және оның құрылымы (процессор, монитор, терминал, шеткі (перифериалдық) құралдар – дисковод, принтер, контроллер, кабель, байланыс сызықтары және т.б.);
2) бағдарламалық қамтамасыз ету - операциялық жүйелер және жүйелік бағдарламалар (компиляторлар, құрастырушылар және т.б.), утилиттер, диагностикалық бағдарламалар және т.б.;
3) деректер - магнитті таратушыда терілген, архивтегі жүйелі журналдарда тұрақты және уақытша сақталады;
4) персонал – қолданушы және қызмет ету персоналы.
Компьютерлік ақпараттық жүйелерге қауіпті әрекеттерді кездейсоқ және әдейілеп жасалынған деп бөлуге болады. Жұмыс кезінде кездейсоқ әрекеттердің себебі мыналар болып табылады:
- электр көздерін сөндіру және апаттылық кезіндегі ахуал;
- аспаптардың жұмыс істеуден шығуы;
- бағдарламалық қамтамасыз етудегі қателіктер;
- персонал жұмысындағы қателіктер.
Сыртқы ортаның әрекетінен желі байланыстарындағы бөгеуіл деп отырғанымыз - әдейілеп жасалынған әрекеттер - бұл бұзушының мақсат қойған әрекеті. Бұзушы ретінде: жұмысшы, келуші, бәсекелесуші және тағы басқалар болуы мүмкін. Сондықтан қауіптердің келесі түрлерін қарастыруға болады:
- Өздік қауіптер (стихиялық апаттар, от, заттың уақыт өте бұзылуы және т.б.).
- Ұрлап алу.
- Рұқсатсыз оқу/жазу.
- Ақпараттың жойылуы.
- Электр қорек көзінің тұрақсыздығы.
Сонымен біздің қарастырған ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қауіптері:
- Ақпараттың бүтіндігінің бұзылуы.
- Қызметкерлердің абайсыздығынан (құлату, сындыру т.с.с.).
- Заңсыз бұзу арқылы.
- Жүйеге зақым келтіріп, ақпарат алуға мүмкіндік беретін бағдарламалық енгізу.
- Ақпарат сақтағыштардағы ақпаратты көшіру.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Жоғарыда қарастырылған қауіптерге төтеп беруді және шабуылдармен күресу жолдарын қарастырайық:
- Сервердегі ақпараттың көшірмесін жасаймыз.
- UPS орнатамыз.
- Вирустарға төтеп беретін бағдарламаларды орнатамыз.
- Ақпаратты көшіруге тыйым салынады (яғни салмақты ақпаратты көшіру мүмкіндіктері тек қана әкімші арқылы іске асырылады).
Серверде белгілі құқықтары бар пайдаланушыларды, топтарды құрамыз (әр пайдаланушыға өз аты, кілті беріледі және жасайтын жұмысына тән белгілі бір құқықтары беріледі).
Ақпаратты қорғаудың төменде көрсетілген бірнеше түрлері бар: физикалық (механикалық, электро- және электронды-механикалық потенциалды енушілердің жолындағы қарама-қайшылық); заң шығару, демек заңды түрде (заңдар, нормативті актілер, үлгілер және т.б.); әкімшілік (жалпы мінез-құлықтағы әрекеттер, кәсіпкер басшысымен ұйымдастыру); аспапты-бағдарламалы (электронды құрылыс және арнайы ақпаратты қорғау бағдарламалары); адамгершілік-этикалық; құраулық-бағдарламалық (электронды құрылғылар және ақпаратты қорғаудың арнайы бағдарламалары).
Достарыңызбен бөлісу: |