Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет18/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

57

лар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша ақылар мөлшерi ту-

ралы; 

2) жалақыны индекстеудiң тәртiбi туралы, жәрдемақы және өтемақы, 



оның iшiнде жазатайым оқиғалар кезiндегi төлемдер туралы;

3) тиiстi мамандықтың, лауазымның ең жоғары және ең төменгi жа-

лақысы мөлшерлерiнiң арасындағы жол берiлетiн арақатынас туралы; 

4) разрядаралық коэффициенттердi белгiлеу туралы; 

5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыс-

тары туралы; 

6) салауатты және қауiпсiз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау 

туралы,  еңбек  қауiпсiздiгi  және  еңбектi  қорғау  жөнiндегi  шараларды 

қаржыландыру көлемi туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы 

ережелер болып табылады;



7) кәсіптік одақ қызметі үшін жағдайлар жасау туралы;

8) қызметкерлерді Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы-

ның негіздеріне оқыту жөніндегі іс-шаралар туралы;

9) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау туралы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Ұжымдық  шарт  еңбек  заңнамасымен,  бас,  салалық,  өңiрлiк 

келiсiмдермен  салыстырғанда  қызметкерлер  жағдайын  нашар-

латпауға  тиiс.  Мұндай  ережелер  жарамсыз  болып  танылады 

және қолданылмауға тиiс.

Ұйымның қайта ұйымдастырылу (бiрiгу, қосылу, бөлiну, бөлiнiп шығу, 

қайта құрылу) кезеңiнде ұжымдық шарт өз күшiн сақтайды. Ұйым мүл-

кiнiң меншiк иесi ауысқан кезде ұжымдық шарт үш ай бойы өз күшiн 

сақтайды. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе 

қолданыстағы шартты сақтау, өзгерту және толықтыру туралы келiссөз-

дердi бастауға құқылы. Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған 

кезде ұжымдық шарттың қолданылуы барлық қызметкерлермен еңбек 

шарттары тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.



58

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ



ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ

8

Еңбек дауларының түрлері

Ұжымдық еңбек даулары

Жеке еңбек даулары

бұл қызметкерлер мен жұмыс бе-

рушілер арасындағы еңбек шарттарын 

белгілеу және өзгерту, ұжымдық шарт-

тарды, келісімдерді жасасу, өзгерту 

және орындауға қатысты, сондай-ақ 

жұмыс берушінің еңбек құқығы нор-

масын қамтитын актілерін қабылдау 

кезінде қызметкерлердің таңдаған өкіл-

ді органының пікірін ескеруден жұмыс 

берушінің бас тартуына байланысты 

реттелмеген келіспеушіліктер

бұл жұмыс беруші мен қыз-

меткер арасындағы еңбек 

заңнамасын және еңбек 

құқығы нормаларын қамти-

тын өзге де нормативтік 

құқықтық актілерді, ұжымдық 

шартты, келісімдерді,  жұмыс 

берушінің еңбек  актілерін, 

ұжымдық шартты қолдану 

мәселелері бойынша реттел-

меген келіспеушіліктер

шешіледі


Бiтiмгерлiк рәсiмдер тәртiбiмен 

(бітімгершілік комиссия, еңбек арби-

тражы, медиация)

Келісу


комиссияларымен

сотпен


сотпен

Қызметкерлердiң  ұжымдық  талаптарын  ресiмдеу  мен 

мә лiмдеу  тәртiбi  ЕК-нің  289-бабында  көзделген.  Сонымен, 

қызмет керлердiң  талаптары  қызметкерлердiң  жалпы  жиналы-

сында  (кон

 

ференциясында)  қалыптастырылады  және  бекiтiледi. 



Қызметкерлер  жиналысы,  егер  оған  ұйым  қызметкерлерiнiң  жал-


59

пы  санының  жартысынан  астамы  қатысса,  заңды  деп  танылады. 

Конференция,  егер  оған  хаттамалық  шешiмдерге  сәйкес  қызмет-

керлер сайлаған делегаттардың кемiнде үштен екiсi қатысса, заң-

ды деп танылады. Шешiмi қатысушылардың көпшiлiк дауысымен 

қабылданды  деп  есептеледi.  Қызметкерлер  жиналысын  (конфе-

ренциясын)  өткiзуге  мүмкiндiк  болмаған  кезде,  қызметкерлердiң 

өкiлдi  органы  өздерi  ұсынған  талаптарын  қолдайтын  қызметкер-

лердiң жартысынан астамының қолын жинап, өз шешiмiн бекiтуге 

құқығы бар.

Қызметкерлердiң талаптары жазбаша түрде жазылады және жұ-

мыс берушiлерге, жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерiне күнтiзбелiк 

үш күн мерзiмде жiберiледi.

Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi қызметкерлердiң 

талаптар  қою  жөнiнде  жиналыс  (конференция)  өткiзуiне  кедергi 

келтiруге  әсер  ететiн  қандай  да  болмасын  араласудан  қалыс  қа-

луға мiндеттi.

Жұмыс  берушi  қызметкерлердiң  қойған  талаптарын  олар-

ды алған күннен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмей, жұмыс бе-

рушiлердiң  бiрлестiгi  5  жұмыс  күнiнен  кешiктiрмей  қарауға  және 

оларды  шешу  үшiн  шаралар  қолдануға,  ал  көрсетiлген  мерзiмде 

шешуге  мүмкiндiк  болмаған  кезде  туындаған  келiспеушiлiктердi 

одан әрi қарау үшiн өз өкiлдерiн көрсете отырып, өздерiнiң шешiм-

дерi  мен  ұсыныстарын  қызметкерлерге  жазбаша  түрде  жеткiзуге 

мiндеттi (ЕК-нің 290-бабы).

Қызметкерлердiң талаптары жоғарыда көрсетілген тәсілдермен 

шешілмеген болса, олар 

бiтiмгерлiк рәсiмдер тәртiбiмен қарала-

ды.


Жұмыс  берушi,  жұмыс  берушiлердiң  бiрлестiгi  қабылдамаған 

немесе  олардың  iшiнара  қанағаттандырған  талаптары  алдымен 



бiтiмгерлiк комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жеткiзiлмесе – 

еңбек арбитражында қаралады. 

Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында 



медиация тәртібімен делдалға жүгiне алады. 

Бiтiмгерлiк  комиссиясын  (ЕК-нің  292-бабы)  тараптар  жұмыс 

берушi  өз  шешiмiн  қызметкерлерге  хабарлаған  не  хабарламаған 

күннен бастап не ұжымдық келiссөздер барысында келiспеушiлiк-

тер  хаттамасы  жасалған  күннен  бастап  күнтiзбелiк  үш  күн  iшiнде 




жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау