17а
17а
КЕҰ – өз миссиясын басшылыққа алатын ұйымдар
КЕҰ – өз миссиясын басшылыққа алатын ұйымдар
5
5
1
Басқарма ұйым миссиясының орындалуын бақылайды
Басқарма ұйым миссиясының орындалуын бақылайды
КЕҰ-ң бизнес құрылымынан айырмашылығы оның ұйым иелері немесе қатысу-
шылары пайда алу мақсатында емес, қауымдастық не өз мүшелерінің мүдделері
үшін құрылуында. Жай сөзбен айтқанда, КЕҰ миссиясы – бұл өз мүдделері үшін
жасайтын ісі. Əдеттегідей, миссия ұйымның құндылықтарымен тығыз байланыста
болады, мысалы, қоршаған ортаны сақтау немесе кедейлерге көмектесуге ты-
рысу. Миссия жəне құндылықтар адамдарды талпындырып, ұйымның жұмысына
қосады жəне оның мақсаттары мен қызметін нақтылауға көмектеседі. КЕҰ мис-
сиясының мазмұндамасы əдеттегідей, ұйымның құрылтай құжаттарының тартып
алынбас бөлігі болып табылады.
Басқарманың басты міндеттерінің бірі – ұйымның миссиясын белгілеп, мазмұн-
дау, ұйымның осы миссияны орындауын қадағалау жəне оны қауымдастықта
ілгері бастыру («Миссия мазмұндамасы жоқ па? Онда оны белгілеу керек»
«Миссия мазмұндамасы жоқ па? Онда оны белгілеу керек»
қараңыз). Басқарма ұйымның өз миссиясынан таймауын қадағалап, осы ар-
Басқарма ұйымның өз миссиясынан таймауын қадағалап, осы ар-
қылы КЕҰ қызметінің мəнін қорғайды.
қылы КЕҰ қызметінің мəнін қорғайды. Осыған байланысты басқарманың ең
маңызды міндеттері – миссия қауымдастықтың немесе ұйым мүшелерінің мүдде-
леріне сəйкес келуін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, басқарма миссия өз көлемі
бойынша өмірге сай, шығын жəне күтілетін нəтижелері жағынан ақылға сиымды
болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сондықтан, басқарма миссияның қысқа да сенімді түрде мазмұндалуын қадаға-
лауға тиіс. Миссия – бұл əртүрлі аудитория, оның ішінде көмек алушылар, ерікті
көмекшілер, донорлар, БАҚ, ұйым қызметкерлері үшін ақпараттық жəне ынталан-
дыру құжаты болып табылады. Миссия реперлік нүкте ретінде əрекет пен күш
салуды жоспарлауға пайдалы, ол бағдарламалар, байланыстар мен ағымдағы
жұмысты біріктіруге көмектеседі. Басқарма өз мүшелерінен бастап, ұйым қызмет-
керлерінің бəрі миссияны түсініп, қолдайтынына сенімді болуы тиіс.
Миссия мазмұндамасы жоқ па?
Миссия мазмұндамасы жоқ па?
Онда оны белгілеу керек
Онда оны белгілеу керек
Егер ұйымыңыздың миссиясын мазмұндай
алмаған болсаңыз, басқармадан көмек сұраңыз.
Бұл басқарма мүшелерін барлық сыртқы жəне
ішкі байланыстарға керекті нақты жолдау мəтіні
бойынша бірлескен жұмыс барысында ортақ
көзқарасқа келу үшін біріктірудің жақсы мүмкіндігі
болып табылады. Миссияны мазмұндауға
мынадай қадамдар көмектеседі:
1-қадам.
1-қадам.
Екі сағатыңызды арнайы топтағы
пікірталасқа, ең жақсы жағдайда тəжірибелі
фасилитатордың қатысуымен арнаңыз. Осы
пікірталасқа міндетті түрде ұйым басшысы мен
оның басты қызметкерлері қатысуы тиіс.
2-қадам.
2-қадам.
Кездесу барысында əуелі əр қатысушыға
бөлек, кейін бəріне бірдей мынадай сұрақ
қойыңыз:
● Біз қандай ұйым түріне жатамыз?
● Біз қандай мүдделерге (мұқтаждарға) қызмет
етеміз?
● Біздің көмегімізді алушы кім?
● Біз нені жəне қалай істейміз?
● Біз оны қайда істейміз?
● Біз оны неге істейміз?
3-қадам.
3-қадам.
Осы сауалдарға жауап бергенде бітімге
келуге тырысыңыз. Егер істей алмасаңыз, мүмкін,
Сіз ұйымның назардан тыс қалдыруға болмайтын
қайшылықтарды анықтаған боларсыз.
17б
17б
5
5
1
Басқарма ұйымның ағымдағы жəне жоспарланған қызметі миссиясына сəйкес
келуін қадағалауға тиіс. Кей кезде əртүрлі себептермен жарияланған миссия
мен бағдарламалар арасында қайшылық пайда болуы мүмкін, демек, бір кезде
маңызды болған қызметтер енді керек емес немесе қолжетімді қаржыландыру
«миссияның кеңейтілуін», негізгі қызмет саласына қарағанда, қосалқы қызмет-
ке ауысуды талап етеді. Басқарма тұрақты түрде КЕҰ жарғыда жарияланған
миссиясын орындауына жəне ұйым рұқсат етілмеген, заңсыз немесе əдепсіз
қызмет етпейтініне көз жеткізуі тиіс. Белгілі уақыт аралығында басқарма мис-
сия мазмұндамасына қайта үңіліп, одан алыстаған жағдай жоқ па жəне бар
болса, қызметті миссияға сəйкес қалай келтіру керек екенін бақылай алады.
КЕҰ – өз миссиясын басшылыққа алатын ұйымдар
КЕҰ – өз миссиясын басшылыққа алатын ұйымдар
4-қадам.
4-қадам.
Қол жеткізілген нəтижелерді бірнеше қысқа
да нұсқа сөйлеммен мазмұндаңыз.
5-қадам.
5-қадам.
Оны бірнеше көмек алушыларға,
қызметкерлерге жəне ұйымға қатысы жоқ кісілерге
көрсетіңіз. Олар осы жайлы қалай ойлайды? Сіздің
не демек болғаныңызды бəрі түсіне ме? Жүректеріне
жете ме? Егер осы сұрақтарға жағымды жауап
алсаңыз, онда миссияның мазмұндамасы Сізде бар.
Жоқ болса, онда мазмұндамасын əлі де жетілдіру
қажет.
Ескертпелер
18а
18а
5
5
2
КЕҰ – өз миссиясын басшылыққа алатын ұйымдар
КЕҰ – өз миссиясын басшылыққа алатын ұйымдар
Басқарма тиімді жоспарлау арқылы ұйым миссиясы-
Басқарма тиімді жоспарлау арқылы ұйым миссиясы-
ның жүзеге асырылуына қолдау көрсетеді
ның жүзеге асырылуына қолдау көрсетеді
Жоспарлау – бұл миссияны жүзеге асыруға жəне ұйымның жауаптылығын жо-
ғарлататын қызмет. Бұл мақсат қою, ресурстарды тарту жəне тарату арқылы
оларға жету стратегиясын белгілеу процессі. Жоспарлау нəтижесінде əртүрлі
құжаттар пайда болуы мүмкін, мысалы
жылдық бюджет, штат кестесі, толыққанды стратегиялық жоспар. Осыған қара-
мастан, жоспарлау тиімді жəне тұрақты процесс ретінде
басқарманың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады («Басқарманы жоспар-
«Басқарманы жоспар-
лауға тарту»
лауға тарту»
қараңыз).
Басқарма қызметкерлердің өмірге сай мақсат қойып, осы мақсаттарға жету қа-
дамдарын ақылға сиятын уақыт ішінде дұрыс белгілейтіндеріне сенімді болуы
тиіс. Басқаша айтқанда, басқарма əдеттегідей жалпы жоспарлау процесін бақы-
лап, оның нақтылықтарына үңілмейді.
Басқарма ұйымның күнделікті жұмысына араласпайтындықтан, ол қызметкер-
лердің негізгі міндеттерін өмірге сай келетінін бағалау арқылы жоспарлау про-
цесіне жалпы «сырттан қарай» алады. Басқарма сонымен бірге жоспардың
жүзеге асырылуын жəне керек болған жағдайда, жаңарып, түзетілгенін немесе
жаңадан жасалуын бақылауға тиіс.
Ұйым өз қызметін жоспарлау үшін қанщалықты күш салса, басқарма осы процес-
ке соншалықты қатысады. Қызметкерлер əдеттегідей ақырғы құжатты дайын-
дайды.
Басқарманы жоспарлауға тарту
Басқарманы жоспарлауға тарту
Бір мажар КЕҰ басшысы мынаны əңгімеледі:
«Мен кішігірім КЕҰ-ды басқарамын жəне бірнеше
жыл бұрын бізге стратегиялық жоспар керек екені
туралы тұжырымға келдім. Осындай құжатты
донорлар сұраған, мен өзім де ұзақ мерзімді
жоспарсыз енді жұмыс істеуге болмайтынын
түсінгем. Менің ойымша,оны өз тобымыздың
күшімен жасауымыз керек еді, бірақ бізге
көмектескен кеңесші осы жұмысқа басқарманы да
қосуды ұсынды.
Бұл басқарма мүшелеріне жаңа мəселе болып,
оған ынтамен қарайтындары əлдеқайда екенін
түсінгем. Оларды кездесулерге де жинау қиын
болатын. Бірақ кеңесші жүргізген стратегиялық
сессияда олардың өздері белсенділік көрсетті.
Менің таң қалғаным, олар ұйымымыз бағдары
туралы бірнеше қызықтыратын ой білдіріп,
фандрайзинг процесіне көбірек қатысқысы келді.
Сосын басқарма төрағасымен бірге мен ұйымның
ұзақ мерзімді мақсаттарын мазмұндауға кірістім.
Қызметкерлер жоспар жобасын толықтырып,
бəріміз бірге оны келесі басқарма отырысныда
ұсындық.
Сол кезден бастап, басқарма мүшелері жоспарлау
процесіне тұрақты қатысады. Жыл сайын
басқарма жоспарды қайта қарап, керек болған
жағдайда мақсаттарды қайта қарайды. Біздің
ұйымда жоспарлау үшін енді басқарма жауапты.
Бұл маған өте ұнайды: мен оларға осы мəселе
бойынша сүйене аламын жəне бəріне жалғыз жауап
бермеймін»