15б
15б
4
4
5
Адал басқару құру үшін басқару жəне менеджмент
Адал басқару құру үшін басқару жəне менеджмент
функцияларын ажырату керек
функцияларын ажырату керек
Басқарма басшының қызметін уақыт сайын бағалап
Басқарма басшының қызметін уақыт сайын бағалап
отырады
отырады
Басқарманың ұйым басшысына қатысты маңызды функцияларының бірі – қыз-
метін мерзімді (жыл сайынғы жақсырақ болар еді) түрде бағалау болып табыла-
ды. Бағалау лауазымдық нұсқауда жəне жылдық жоспарда жазылғандарға ұқсас
алдын ала келісілген шарттарға негізделуі тиіс.
Ол басшыға басқарманың одан нені күтетінін жəне қызметінде нені жақсартуға
болатынын түсінуге көмектеседі. Бағалау басшы еңбекақысын белгілеу үшін де
жəне шығаруға əкеліп соғуы мүмкін тиісті емес жұмысын атқаруды рəсімдеу үшін
маңызды. Іс жүзінде басшы қызметін бағалау бастамасын басқарма төрағасы
өзіне алады.
Бірақ, бағалауды тұтас орган ретінде басқарманың өзі жүзеге асыруы маңызды.
Басқарма мүшелері əуелі өзара басшы қызметін талқылап, оны лауазымдық
нұсқаулар мен ағымдағы жылға бекітілген жоспар бойынша бағалай алады.
Сосын төраға немесе басқарма басшыға бағалау туралы хабарлап, кеңестер
береді жəне жаңадан ненің күтілетінін айтады.
5. Басшы үшін:
Басшы үшін: төраға үлесі өзіңіз үшін
қаншалықты маңызды екенін көрсетіңіз.
Тұрақты түрде одан кеңес алып тұрыңыз, бұл
сізге қиын жағдайда көмектеседі. Сонымен
бірге, басқарманың не ойлайтынын біліп
тұрасыз.
Ескертпелер
16а
16а
4
4
6
Адал басқару құру үшін басқару жəне менеджмент
Адал басқару құру үшін басқару жəне менеджмент
функцияларын ажырату керек
функцияларын ажырату керек
Басқарма басшыны ауыстыруды жоспарлайды
Басқарма басшыны ауыстыруды жоспарлайды
Талантты басшымен жұмыс істеу бақытына кез болған басқарманың
оны ауыстыру туралы ойлауы екіталай. Бірақ бұл мəселеге назар ау-
дармау да дұрыс емес. ОШЕ елдеріндегі көптеген ұйымдар басшылары
кенеттен кеткенде, қиын жағдайға тап болады («Басшы кеткенде»
«Басшы кеткенде»
қа-
раңыз). Қаншалықты орын толтырылмас болғанымен, кез келген адам
ауырып қалып, басқа жұмысқа ауысып немесе басқа қалаға көшіп кетуі
мүмкін. Одан басқа, кəрілік деген бар, сондықтан үшінші секторға са-
палы басшылардың жаңа буыны қазір анық болмағанымен, тез арада
керек болады.
Сауатты басқару ережелері басқарманың басшыға деген сенімінің дең-
гейіне қарамастан, оның ауысу мүмкіндігін есте сақтап, керек болғанда,
жедел ауыстыру жоспары болу керек екенін талап етеді. Жоспарда осы
лауазымға болашақ үміткерлер тізімі немесе кем дегенде, оларды іздеу
шарттары болу керек. Басқарма осы рөлге ұйымның басқару қызметкер-
лерінің біреуін дайындауға керек деп санауы мүмкін. Бөтен үміткерлер
де немесе осы лауазымға уақытша тағайындау мүмкіндіктері де қара-
луы мүмкін. Басқарма жазбаша түрде сол кезде орынды болып табыла-
тын басшының лауазымдық нұсқауларымен қамтамасыз ету тиіс.
Егер жағдай болса, басқарма бұл ерекше мəселені басшымен талқы-
лауы тиіс. Басшыны ауыстыру жоспары оның əрекеттеріне күдік туғыз-
байтынына сендіру қажет. Егер бəрін дұрыс түсіндірсе, басшы осы лауа-
зымға қолайлы тұлғаның керекті қасиеттері мен тəжірибесін белгілеуге
көмектеседі. Сонымен бірге, ол болашақ үміткерлерді ұсынып, тіпті жұ-
мысқа алу процесіне де қатысуы мүмкін.
Басшы кеткенде
Басшы кеткенде
Болгариядағы бір КЕҰ өзінің өте тартымды
басшысы арқылы кең танымал болатын.
Онымен жеті жыл жұмыс істеген қызметкерлер
оған тамсанып, оның басшылығымен жүзеге
асырылған бағдарламалар аймақта ең жақсы
болатын. Бұл əйел ұйымнан кетемін, жəне де
дереу кетемін дегенде, басқарма мүшелерінің
таң болғанын ойлап көріңіз.
Ол «Жаңа бір істі бастау керек екенін түсіндім»
деп түсіндірді өз шешімін. Əйел бас тарта
алмайтын ұсыныс алып, саналы күннің ішінде
Батыстың бір жеріне көшіп кетіп, жаңа жұмысын
бастады. Бір қарағаннан, ол өзінен кейін
жемісті ұйым қалдырып кетті, бірақ онда бір
күдікті жағдай басталды.
Басшы міндетін атқаруға сұраған
бағдарламалар директоры басқарма
төрағасына телефон соғып, оның ойынша,
қаржы құжаттары толығымен емес деп
айтқанда, бірінші күдік белгісі болды. Бұрынғы
басшының өзі бухгалтерияны жүргізіп, жиі үйде
жұмыс істейтін. Бағдарлама директоры оның
құжаттарды офиске қайтармай кетіп қалуы
мүмкін деп қорықты. Оның айтуынша, бұл
үлкен мəселеге айналуы мүмкін, өйткені жақын
арада ірі грант бойынша бірінші есеп беру тиіс
еді.
16б
16б
4
4
6
Адал басқару құру үшін басқару жəне менеджмент
Адал басқару құру үшін басқару жəне менеджмент
функцияларын ажырату керек
функцияларын ажырату керек
Егер басшы кенеттен кетсе, мүдделер қайшылығынан осы лауазымға басқарма
төрағасының тағайындалуы дұрыс болмайды. Дəл осылай басшы өз лауазы-
мынан кетіп, басқарма төрағасы болу да жақсы емес. Көптеген жаңа басшылар
алдыңғы басшының басқармада болуы кедергі болып, тынымсыздық тудырады
деп ойлайды, өйткені, бұрынғы басшылар олардың шешімдерін қайта тексеру-
ге тырысады жəне ұйымды енді басқармайтынын ұмытады. Бұрынғы басшыға
өте тиісті орын табуға болады, мысалы, кеңесші деген абыройлы лауазымды.
Төраға бағдарлама директорын бəрін тексеріп,
басқармаға нəтижелерін хабарлауды өтінді.
Бірнеше күннен кейін ол телефон соғып, ұйымның
банкілік есеп-шоттарына қол жеткізу мүмкіндігі
əлі де бұрынғы басшының қолында екенін айтты.
Қызметкерлерге еңбекақы төлеп, жайды жалға
алғаны үшін ақы төлеу керек, ал, ол мүмкін
емес. Ол сонымен бірге басқа донордың ұйымға
бөлінген қаржы қалай жұмсалғанын түсіндіру
өтініші бар хатын тапты. Бірақ ұйым құжаттарында
бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ болғандықтан,
қалай жауап берерін білмеді.
Сонда ғана басқарма бұрынғы басшының өте
жақсы болмағанын түсінді. Оның бухгалтерия
мен грант бойынша есептерге селқос қарауы
ұйымды масқара ете жаздады. Дереу əрекет
жасап, донорлармен қарым-қатынасты сақтау
жəне қызметкерлер мен жалға берушілер алдында
міндеттемелерді орындау керек болды.
Бағына орай, бұл оқиға жақсы аяқталды.
Бағдарлама директоры бірнеше аптадан кейін
керекті қаржылық ақпаратты жинады. Басқарма
төрағасы банктен өзіне жəне бағдарлама
директорына есеп-шоттарды бақылау жəне
қол жеткізуге келісім алды. Есептер берілді,
еңбекақы мен жалға алу ақысы төленді. Басқарма
бағдарлама директорын ұйымның жаңа басшысы
ретінде тағайындады.
Бірінші кезекте жаңа директор өзінің лауазымдық
міндеттерін анық белгілеп, ұйым үшін жаңа
қаржылық рəсімдерді дайындады. Ол өзі кеткенде,
ұйымды сондай жағдайға ешқашан қоймаймын
шешті
Ескертпелер