62-сабақ. Тонна. Грамм
Тақырыбы: Астана ғимараттары
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /сек өлшем бірліктерін қолданып өлшеу
3.1.3.3 шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2, га/ сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) салыстыру және амалдар орындау
3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
|
Күтілетін нәтижелер
|
Барлық оқушылар үшін:
|
Ұзындық өлшем бірліктерін білу.
|
Бірқатар оқушылар үшін:
|
Шамалардың мәнін салыстыру және олармен амалдар орындау
|
Кейбір оқушылар үшін:
Шамаларды өрнектеу.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Массаның өлшем бірліктерін салыстыру.
Пәндік лексика және терминология:
Масса, грамм, тонна
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
|
Массаның қандай өлшем бірліктері қолданылады?
|
Жазу:
|
Өрнектер, тонна, грамм
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Масса, кг, центнер
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
0–3
|
Ынталандыру.
Мұғалім бүгінгі сабақта Астана архитектурасы, оның көрнекі жерлері туралы әңгімені жалғастырады.
|
|
4–6
|
Өзектендіру.
Ауызша жұмыс
«Математикалық диктант»
1. 499 бен 501 сандарға көршілес санды жазыңыз? (500).
2. Ең кіші үштаңбалы санды жаз? (100).
3. Ең үлкен үштаңбалы сандарды жазыңыз? (999)
Сандарды жазыңдар:
- 2 жүздік 4 ондық 1 бірлік;
- 5 жүздік 3 ондық;
- 7 ондық 9 бірлік;
- 1 жүздік 8 ондық 6 бірлік;
- 3 жүздік 7 бірлік.
Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:
6 ц 25 кг = ….. кг 7ц 35кг = …..кг
600 ц = … кг 165 кг = ….ц …. кг
|
Тақта
|
7–11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
№1 тапсырмаға арналған мәтінді оқыңыз: Бәйтерек. Ғимараттың биіктігі– 97 метр, шармен қоса санағанда – 105 метр. Шардың диаметрі – 22 метр. Шардың жеке массасы – 300 тонна. Құрылыс кезінде 999 тоннаға жуық металл құрастырылымы қолданылды. Жаңа масса өлшем бірлігін атаңыздар.
|
|
12–29
|
Жаңаны ашу.
– Массаның өлшем бірліктер кестесін қара.
Тонна – массаның ең ірі өлшем бірлігі.
Ал сіз ұсағырақ өлшем бірліктерін білесіз бе?
Оқулық бойынша масса өлшем бірліктері кестесімен және тұсаукесермен жұмыс.
– Сіздер енді қандай масса өлшем бірліктерін білесіздер? (Грамм, килограмм, тонна, центнер).
– Грамм, тонна, килограммен нені өлшеуге болады? 1 кг-да неше грамм бар? (1000 г). Гірлердің массасы қандай болатынын қара.
– Мына төмендегі массаларды алу үшін қандай гірлер алу керек?
80 г? (50 г,20 г, 10 г)
300 г? (200 г, 100 г)
600 г? (500 г, 100 г)
745 г? (500 г, 200 г, 20, 20 г, 5 г)
900? (500 г, 200 г, 200 г).
Мақсат қою (мәселелі жағдаят).
№2 тапсырманы түсінік бере отырып топпен немесе жұппен орындауды ұсынады.
Өзіндік жұмыс.
№3 тапсырманы орындауды ұсынады – үлгі бойынша тексере отырып көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнектеу.
|
Оқулық.
Тұсаукесер.
|
30–40
|
Жаңаны қолдану.
Оқулықтан немесе дәптерден есептің осындай түрін құрастыруға және шығаруға берілген тапсырмаларды ұсынады.
Бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырма бойынша өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізеді.
Мен:
– бірліктерді пайдаланып, шамаларды есептеуді (грамм, тонна);
– шамалардың мәнін салыстыруды және осы бойынша амалдар орындауды;
– өзара қатынастар негізінде масса бірліктерін өрнектеуді.
|
Оқулық.
|
41–45
|
Рефлексия.
Бүгін немен айналыстыңыздар? Сізге сабақ ұнады ма? Алға қойған мақсаттарыңызға жете алдыңыздар ма? Қандай жаңа нәрсе үйрендіңіздер? 1 кг-да неше грамм бар? Қиындықтар болды ма? Жарайсыңдар, сіздер сабақта жақсы жұмыс жасадыңыздар.
|
Жетістік сызғышы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |