100
Жұмыс аяқталды, нәтижесі тӛменде 223-суретте кӛрсетілген.
223-сурет (нәтиже)
Практикалық тапсырма №14. Мәтінмен жұмыс жасау
Text (Текст) құрал-сайманын таңдап алып - a_Concepto TitulBroken қаріп түрін
және мӛлшерін 72 пункт етіп алыңыз (224-сурет).
224-сурет
Shape(Форма) құрал-сайманын таңдап алып, мәтіннің ұштарын ұзартамыз. Ол
үшін ең алдымен мәтінді Pick (Выбор) құрал-сайманымен белгілеп, мәтінге
тышқанның оң жақ батырмасын басып, Convert To Curves (Перевести в кривые)
командасын таңдап алыңыз.
Енді Shape(Форма) құрал-сайманымен жұмыс істей беруге болады. Нәтижесі
тӛменде кӛрсетілген (225-сурет).
225-сурет
Енді бояуға кӛшейік. Бояудың ашық кӛк түсін таңдап алу керек.
Texture Fill Dialog (Диалоговое окно текстурной заливки) құрал-сайманын
алып, ашылған сұхбат терезеде текстура кітапханасынан – Samples 6,
101
текстураның ішінен - Oatmeal түрін таңдап алыңыз (226-сурет). Нәтижесі 227-
суретте кӛрсетілген.
226-сурет 227-сурет
Жазуға кӛлеңке қосу арқылы, мәтіннің тереңдігін береміз. Ол үшін Interactive
DropShadow (Интерактивная тень) құрал-сайманын алып, кӛлеңке жүргізіңіз
және кӛлеңкенің түсін кӛгілдір түске ӛзгертіңіз (228-сурет).
228-сурет
Эффект жасаудың негізгі кезеңі орындалды. Мәтіннің тереңдігі мен жазудың
жылтырлығын беру қажет.
Ендігі жұмыс осы мәтінді мұзға айналдыру болып табылады. Ол үшін
Interactive Distortion (Интерактивная деформация) құрал-сайманын таңдап
алып, мәтінді белгілеп, біраз жоғарыға тартыңыз (229-сурет).
229-сурет
Енді күнге шағылысқанда мұзда пайда болатын сәуле эффектісін келтіру
керек. Ол үшін Polygon (Многоугольник) құрал-сайманын алып, жұлдызша
102
салыңыз да ұштарын Pick (Выбор) құрал-сайманының кӛмегімен ұзартыңыз
(230-сурет).
Дайын болған объектіні белгілеп, Arrange → Shaping → Weld (Расположение
→ Изменение формы → Объеденить) командасын орындап объектілерді
біріктіріңіз (231-сурет).
Объектіні ашық кӛк түске бояп, сыртқы контурын Outline (Обводка) құрал-
сайманының ішінен No Outline(Удалить обводку) құрал-сайманының кӛмегімен
алып тастаңыз.
Сәулеге тереңдік беру үшін Interactive DropShadow (Интерактивная тень)
және Interactive Transparency (Интерактивная прозрачность) құрал –
саймандарын қолданыңыз (232-сурет).
230-сурет. 231-сурет 232-сурет
Дайын болған сәуленің бірнеше кӛшірмесін алып мәтіннің әрбір жеріне
орналастырыңыз (233-сурет).
233-сурет (нәтиже).
103
4. MACROMEDІA FLASH ПРОГРАММАСЫНДА ОРЫНДАЛАТЫН
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Практикалық тапсырма №1. Мәтінмен жұмыс істеу
Macromedіa Flash программасы фильмге мәтіндік элементті қойып,
қасиеттерін беруге және жӛндеуге мүмкіндік береді. Баспа жүйелеріне және
иллюстрациялар құруға арналған басқа да программалар тәрізді Flash
ортасында сол бетте орналасқан мәтінге қатысты мәтінді беттің кез келген
жеріне орналастыруға болады. Ол үшін кестелер немесе ұяшықтар құрудың
қажеті жоқ. Сондай-ақ, мәтіннің ӛлшемін ӛзгерту, бұру және бұрмалау
мүмкіндіктері қарастырылған. Енгізілген мәтіннің түсін, стилін ӛзгертіп, оны
туралауға да болады. Графикалық объект сияқты мәтін әр түрлі формада болуы
мүмкін.
Мәтінді графикалық объектіге түрлендіріп, оған векторлық графиканың
барлық мүмкіндіктерін қолдануға болады. Сонымен қатар, мәтін анимациялық
объект те бола алады. Flash ортасында мәтіннің үш түрі құрылады: статикалық
мәтін; динамикалық мәтін; енгізу ӛрісі.
Мәтіннің типі объектілер инспекторы терезесінің кӛмегімен беріледі. Оны
экранға шақыру үшін Window-Properties командасын орындау қажет.
Нәтижесінде «қасиеттер» терезесі (234-сурет) ашылады.
234-сурет. Қасиеттер терезесі
Text type ашылатын тізімінің опциялары мәтіннің типін анықтауға мүмкіндік
береді. Ал, Properties панелі мәтіннің әрбір түріне қажетті параметрлер
жиынтығын береді.
Мәтін енгізу
Алдымен Macromedia Flash бағдарламасын іске қосамыз:
Пуск → Программы → Мacromedia → Macromedia Flash 8.
Пайда болған терезедегі Create New (Құру) топтамасына кіретін тізімдерден
Flash Document (Flash құжат) тізіміне меңзерді (тышқан кӛрсеткішін) апарып,
тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз.
Нәтижесінде экранда жаңа фильм терезесі ашылады (235-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |