49
94-сурет. Class (Шыны) сүзгісінің диалогтық терезесі
Комета құйрығын салу үшін Stylize (Стильдеу, Стилизация) бӛліміндегі
Wind (Жел, Ветер) сүзгісін пайдаланыңыз. Желдің қай бағытта болатыны
маңызды емес, себебі керек болса бұл кометаны тӛңкеріп қоюға да болады. Бұл
сүзгіні комета құйрығы жеткілікті мӛлшерге ұзарғанша пайдаланыңыз (Бұл
амалды қайталау үшін CTRL+F пернелер комбинациясын басуға болады).
Комета құйрығын да бұрыс пішінге келтіру үшін Class (Шыны, Стекло)
сүзгісін пайдаланып, комета формасын тағы да бұрмалаңыз.
Түс беру үшін түстік кестені пайдаланған тиімдірек, бірақ та бұдан бұрын
келесі командалар тізбегін орындауыңыз керек: Image → Mode → Grayscale
(Бейне → Режим → Сұр түс, Изображение → Режим → Оттенки серого), Image
→ Mode → Index Color (Бейне → Режим → Индекстелген түстер, Изображение
→ Режим → Индексированные цвета) және Image → Mode → Color Table
(Бейне → Режим → Түстік кестелер, Изображение → Режим → Цветовая
таблица).
92-сурет. Атмосферасы бар
планета
93-сурет. Дайын аспан, Жер,
жұлдыздар
50
Ашылған кестелер тізімінен Black Body деп аталатын кестені таңдап алыңыз.
Осының арқасында бейне түгелімен қара–қызыл–сары түске боялып, нәтижесі
95-суреттегідей болады.
95-сурет. Түстік кестені пайдаланғаннан кейінгі нәтиже
Magic Wand (Сиқырлы таяқша, Волшебная палочка) құралының кӛмегімен
кометаны ерекшелеп алыңыз. Жұмысты жеңілдету үшін фонды ерекшелеп,
сосын ерекшеленгенді жасырып қоюға да болады (Shift+CTRL+I немесе Select
→ Inverse (Ерекшелеу → Инвертирлеу, Выделение → Инвертировать) .
Алмастыру буферіне ерекшеленген аймақтың кӛшірмесін алып (CTRL+C),
ғарыштың суреті бар бейнеге ӛтіңіз де кометаны сонда орналастырыңыз
(CTRL+V). Кометаны қоюға ыңғайлы жерді белгілеу үшін және оның қисаюын
беру үшін және де қажет болған жағдайда оны тӛңкеру үшін (оның
құйрығының ұшы жерден бағытталуы керек) еркін тасымалдауды (CTRL+ T)
қолданыңыз. Барлығын орындап болғаннан кейін бейне 96-суретке ұқсас болуы
керек.
96-сурет. (соңғы нәтиже)
Практикалық тапсырма №10. Фотомонтаж жасау
Кез келген ӛлшемдегі жаңа бейне құрыңыз. Белгілі бумадан, алдын-ала
сақталған, ӛзіңізге ұнайтын портретті ашыңыз. Біздің жұмыста 97-суретте
кӛрсетілген портрет таңдалынып алынды.
51
97-сурет. Ашылған портрет
Осы портретті бейнеге орналастырыңыз. Ол үшін суреттің үстіне апарып
тышқанның сол жақ тетігін басып тұрып бейне үстіне апарыңыз.
Ӛз фотосуретіңізді сканерден ӛткізіп, оны файлда сақтаңыз. Осы фотосуретті
Photoshop-та ашыңыз (98-сурет).
Layers (Қабаттар, Слои) палитрасын ашып жаңа қабат құрыңыз. Ол үшін
палитраның тӛменгі жағында орналасқан ақ қағаздың суреті бар батырманы
шертіңіз немесе келесі команданы таңдаңыз: Layer → New → Layer (Қабат →
Құру → Қабат). Лассо құралының кӛмегімен ӛз фотосуретіңіздегі керек
аймақты бӛліп алып, құрылған қабатқа орналастырыңыз.
Барлық қабаттарды біріктіріңіз (Shift+Ctrl+E). Ең соңғы нәтиже 99-суретте
кӛрсетілген.
98-сурет 99-сурет. (соңғы нәтиже)
Практикалық тапсырма №11. Кемпірқосақ суретін салу
Ең алдымен керек фотосуретті таңдап алыңыз. Ондағы аспан анық кӛрінуі
керек және бұлттары жоқ болса тіптен жақсы. Бірақ бұлттар үлкен қиындық
туғыза қоймас, себебі бұлтты аспанды ашық аспанға түрлендіру ӛте жеңіл. Ол
52
үшін ерекшелеу немесе бүркемелеу (маскировать) құралдарының кӛмегімен
аспан бӛлігін ерекшелеп алып және оны кӛк түсті градиентпен бояу жеткілікті.
Тӛменде таңдалынған сурет кӛрсетілген (100-сурет).
100-сурет
Бізге жаңа қабат керек (Shift+Ctrl+N). Gradient (Градиент) құралының
кӛмегімен жаңа үлгі құрыңыз. Оның баптаулары 101-суретте кӛрсетілген. Біз
радиалды (Radial) градиентті қолданамыз. Себебі, градиентті орналастыру
радиусы үлкен, ал кемпірқосақтың түстік құраушылары онда айтарлықтай
жіңішке жолақты алып тұратындықтан, оны қолданудың нәтижесінде
шындыққа сай кемпірқосақ саламыз.
Осының нәтижесінде градиенті бар қабат 102-суреттегідей болуы керек.
Енді кемпірқосақты артық қызыл және күлгін түсті (фиолетовый)
аймақтарынан бӛліп алу керек. Ол үшін кез келген ерекшелеу құралын
пайдалануға болады, мысалы, Elliptical Marquee (Эллипстік ерекшелеу,
Эллиптическое выделение). Алдымен кемпірқосақтың сыртқы контурын
ерекшелеп алу керек (ыңғайлы болу үшін Shift пернесін басуға болады). Сосын
алдын-ала Alt пернесін басып, күлгін түсті аймақты ерекшелеуден алып
тастаңыз. Нәтижесі 103-суреттегідей болуы керек.
101-сурет
102-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |