10
ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ ҮШІН
ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР
жеке куәлiк немесе паспорт (он алты жасқа толмаған адамдар
үшiн туу туралы куәлiгi).
Оралмандар оралман куәлiгiн ұсынады
ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгi
(Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын ше-
телдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн)
тиiстi бiлiмдi, дағдылар мен машықтарды талап ететiн жұ-
мысқа кіру кезiнде бiлiмi, бiлiктiлiгi туралы, арнаулы бiлiмi не-
месе кәсiптiк даярлығының болуы туралы құжат
еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшiн)
әскери мiндеттiлер мен әскери қызметке шақырылуға жататын
адамдар әскери есеп құжатын ұсынады.
медициналық куәландырудан өтуге міндетті адамдар заңна-
маға сәйкес алтын ала медициналық куәландырудан өткенi
туралы құжат ұсынуға тиіс
Жеке сәйкестендіру нөмірлері бар құжаттың көшірмесі
тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың
көшiрмесi
кәмелетке толмағандар қатысатын бiлiм беру, тәрбиелеу,
демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесi
және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтiк қызмет-
тер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын
жасасқан кезде соттылығының бар не жоқ екендiгi туралы
анықтама талап етіледі.
11
Еңбек шартының мазмұны (ЕК-нің 28-бабы):
1) тараптардың деректемелерi, яғни:
жұмыс берушi-жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң атын (егер
жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты
тұратын мекенжайы және тұратын жерi бойынша тiркелгенi ту-
ралы мәлiметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы,
нөмiрi және берiлген күнi, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
жұмыс берушi-заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан
жерi және оның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, бизнес сәйке-
стендіру нөмірі (БСН);
қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәлан-
дыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұратын жерiнiң ме-
кенжайы және тұратын жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiмет-
тер; жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген
күнi; жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
2) белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша
жұмысы;
3) жұмыстың атқарылатын орны;
4) еңбек шартының мерзiмi;
5) жұмыстың басталу күнi;
6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi;
7) еңбекке ақы төлеу мөлшерi мен өзге де шарттары;
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса, зиянды, ерек-
ше зиянды немесе қауiптi жағдайларда орындалатын болса, ең-
бек жағдайларының сипаттамасы, кепiлдiктер мен жеңiлдiктер;
9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi;
10) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртiбi;
12) тараптардың жауапкершiлiгi;
13) жасалу күнi мен реттiк нөмiрi қамтылуы тиiс.
Еңбек шарты жазбаша нысанда
кемiнде екi дана етiп жа-
салады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек
шартына өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу де сон-
дай-ақ жазбаша нысанда жүргізіледі.
12
Сонымен бірге практикада жұмыс берушінің қызметкердің ең-
бек шартын ресімдеместен жұмысқа алу жағдайлары жиі бола-
ды. Адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін
ғана жүзеге асырылады.
Жұмысқа қабылдау еңбек шарты негiзiнде шығарылатын бұй-
рықпен ресiмделедi.
ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН
РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР
(ЕК-нің 35-бабы):
1) еңбек кітапшасы;
2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұ-
мыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде
еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын
растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
4) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшір-
мелер;
5) жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған
қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі ту-
ралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);
6) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме-
лер;
7)
жүргізілген
әлеуметтік
аударымдар
туралы
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәлімет-
тер;
8) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер
қамтылған архивтік анықтама жұмыскердің еңбек қыз-
метін растайтын құжат болып табылады..
Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап
Еңбек шартын жасасқан кезде еңбек шартында жұмыскердің
тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақ-
сатында сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Сынақ
13
мерзімі еңбек шартының қолданылуы басталған кезден бастала-
ды.
Сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады және
үш айдан аспауға тиіс. Ұйымдардың басшылары және олардың
орынбасарлары, бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарла-
ры, филиалдар, ұйымдар өкілдіктерінің басшылары үшін сынақ
мерзімі алты айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Жұмыскер жұмыста нақты болмаған кезеңге сынақ мерзімі
тоқтатыла тұрады.
Сынақ мерзiмi кезеңiнде қызметкердiң жұмысы терiс нәтиже
берсе, жұмыс берушi сынақ мерзiмi аяқталуына күнтiзбелiк 7 күн
қалғаннан бастап сынақ мерзiмiнен өте алмау себептерiн көрсе-
те отырып, қызметкерді жазбаша түрде ескертiп, онымен еңбек
шартын бұзуға құқылы.
Егер сынақ мерзiмi аяқталса және тараптардың ешқайсысы ең-
бек шартының бұзылуын талап етпесе, онда қызметкер сынақтан
өткен болып есептеледi. Бұл жағдайда тұрақты негізде жұмысқа
қабылдау туралы жаңа бұйрықты қабылдау талап етілмейді.
Еңбек шартының қолданылуы оған тараптардың қолы қой-
ылған күннен не шартта белгiленген күннен басталады.
Егер еңбек шарты жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жарамсыз деп
танылса, онда жұмыс беруші еңбегiн, жыл сайынғы ақылы ең-
бек демалысының пайдаланылмаған күндерi үшiн өтемақыны,
өзге де төлемдер мен жеңiлдiктерді төлеуге міндетті. Еңбек шар-
тының жекелеген талаптарының жарамсыз деп танылуы еңбек
шартының тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды.
Кодексте көзделген жағдайларда жұмыс беруші қызметкерді
басқа
жұмысқа ауыстыруы мүмкін.
Ауыстырудың жалпы ережесі мынадай: қызметкердi басқа
жұмысқа ауыстыруға қызметкердiң
келiсiмiмен жол берiледi,
ол еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзумен және бұйрықпен
ресiмделедi, оған мынадай жағдай қосылмайды:
қызметкердi
сол ұйымда басқа жұмыс орнына және осы ұйымның сол
жердегi басқа құрылымдық бөлiмшесiне
ауыстыру, оған басқа
механизмде немесе агрегатта жұмыс iстеудi тапсыру, егер бұл
жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсiп, бiлiктiлiк бойынша жұ-
мысты орындауға әкеп соқпаса, басқа жұмысқа
ауыстыру бо-
лып табылмайды және бұған қызметкердiң келiсiмiн алу талап
етiлмейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |