Е 58 Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығы



жүктеу 0,62 Mb.
Pdf просмотр
бет14/24
Дата20.05.2018
өлшемі0,62 Mb.
#14558
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

46

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс 

стажына: 

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде:

1) нақты жұмыс істелген уақыт;

2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны 

(лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;

3)  жұмыскер  еңбекке  уақытша  қабілетсіздігіне  байланысты 

нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және боса-

нуына байланысты демалыста болған уақыт;

4)  жұмыскер  жұмысына  қайта  алыну  алдында  нақты  жұмыс 

істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.

Қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн 

жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бой-

ынша 

жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi. 

Вахталық  әдiспен  жұмыс  iстейтiн  қызметкерлерге  жыл  сай-

ынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық демалыс кезегінде 

бөліктерге бөліп беруге жол берілмейді. 

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс 

берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша бөлiктерге бөлiнуi мүм-

кiн



Сұрақ: «Демалыс ақы» қандай мерзімде төленуге тиіс? 

Жауап:  Жыл  сайынғы  еңбек  демалысына  ақы  төлеу  ол 

басталардан күнтiзбелiк 3 күннен кешiктiрiлмей, ал еңбек 

демалысы кестеден тыс берiлген жағдайда - ол берiлген 

күннен  бастап  күнтiзбелiк  3  күннен  кешiктiрiлмей  жүр-

гiзiледi.

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру-

дiң 

кезектiлiгi жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере оты-

рып  бекiтетiн  демалыс  кестесiнде  белгiленедi  не  тараптардың 

келiсiмiмен  белгiленедi.  Кесте  ағымдағы  жылдың  қаңтарында 

бекітілуі қажет. Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байла-

нысты өзгертiлген жағдайда жұмыс берушi бұл туралы қызмет-

керге еңбек демалысы басталардан кемiнде 2 апта бұрын хабар-

лауға мiндеттi. 



47

Жыл сайынғы 



ақылы еңбек демалысы: қызметкер еңбекке 

уақытша жарамсыз болған, жүктiлiкке және босануға байланысты 

демалыста болған; егер бұл үшiн заңда жұмыстан босату көздел-

се,  қызметкер  жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысы  уақытын-

да мемлекеттiк мiндеттер атқарған жағдайларда, толық немесе 

оның бiр бөлiгi ауыстырылады.

 Жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бiр бөлiгi) қызметкердiң 

жазбаша келiсiмiмен немесе оның өтiнуi бойынша ауыстырыла-

ды.  Ауыстырылған  еңбек  демалысы  тараптардың  келiсiмi  бой-

ынша  келесi  жылғы  еңбек  демалысына  қосылуы  немесе  қыз-

меткердiң өтiнiшi бойынша басқа уақытта бөлек берiлуi мүмкiн. 

Еңбек демалысын қатарынан екi жыл бойы бермеуге тыйым 

салынады (ЕК-нің 94-бабы).

Жұмыс  берушi 



жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысынан 

шақыртып алуды тек қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана жүр-

гізуі мүмкін. Қызметкердiң  ұсыныстан бас тартуы еңбек тәртiбiн 

бұзу болып табылмайды.

Жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысынан  шақыртып  алуға 

байланысты  пайдаланылмаған  бөлiгi  еңбек  шарты  тараптары-

ның келiсiмi бойынша ағымдағы жыл iшiнде немесе келесi жұмыс 

жылында  кез  келген  уақытта  берiледi  не  келесi  жұмыс  жылын-

дағы  жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысына  қосылады.  Оған 

қоса,  қызметкердi  еңбек  демалысынан  шақыртып  алған  кезде 

демалыстың пайдаланылмаған бөлiгiн басқа уақытта берудiң ор-

нына қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойын-

ша қызметкерге еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгiнiң 

күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiлуi мүмкiн. 



НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ! !

18 жасқа толмаған қызметкерлердi, жүктi әйелдердi және ауыр 

жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауiптi жұмыстарда 

iстейтiн қызметкерлердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалы-

сынан шақыртып алуға жол берiлмейдi  (ЕК-нің 95-бабы).

Жұмыстан шыққан кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалы-

сын  пайдаланбаған  немесе  толық  пайдаланбаған  қызмет-керге 

жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күн-

дерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiледi  (ЕК-нің 96-бабы ). 



48

Еңбек  кодексінде  жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалы-сымен 

қатар ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушінің келiсiмi бойынша 

қызметкердiң өтiнiшi негiзiнде белгіленетін оған 



жалақы сақтал-

майтын демалыс берiлуi мүмкiндігі көзделген (ЕК-нің 97-бабы ). 

Неке тiркелген, бала туылған, жақын туыстары қай-

тыс болған  жағдайларда күнтiзбелiк бес күнге дейiн 

жалақы сақталмайтын демалыс беру жұмыс берушінің 

құқығы емес мiндеттi болып табылады.

Бiлiм беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге еңбек, 

ұжымдық шарттарда, оқу шартында айқындалатын 

оқу демалы-

стары берiледi.

Оған қоса, жүктi әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйел-

дерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйел-дерге 

(еркектерге) 



баланың туылуына байланысты мынадай дема-

лыстар: 

1) жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс; 

2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкер-

лерге демалыс; 

3) бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жа-

лақы сақталмайтын демалыс берiледi. 



Жүктiлiкке  және  босануға  байланысты  демалыс  (ЕК-нің 

99-бабы).  Әйелдерге  жүктiлiгiне  және  босануына  байланысты 

ұзақтығы  босануға  дейiн  күнтiзбелiк  70  және  босанғаннан  кейiн 

күнтiзбелiк 56 (қиналып босанған немесе екi немесе одан да көп 

бала туған жағдайда – 70) күнге дейiн өтiнiшi және белгiленген 

тәртiппен  берiлген  еңбекке  жарамсыздық  парағы  негiзiнде  де-

малыс берiледi. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргiзiледi 

және демалыс әйелге босанғанға дейiн нақты пайдаланған күн-

дерiнiң санына және жұмыс берушiдегi жұмысының ұзақтығына 

қарамастан, толық берiледi.



Жаңа  туған  балаларды  асырап  алған  қызметкерлерге 

берiлетiн демалыс (ЕК-нің 99-бабы). Жаңа туған баланы (ба-

лаларды)  асырап  алған  қызметкерлерге  (ата-ананың  бiреуiне) 

баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен 56 



жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау