Е 58 Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығы



жүктеу 0,62 Mb.
Pdf просмотр
бет19/24
Дата20.05.2018
өлшемі0,62 Mb.
#14558
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

63



ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ.

Еңбек дауларының түрлері

              



Ұжымдық еңбек                            Жеке еңбек

 

        даулары 

 

              даулары

ш е ш і л е д і

бұл қызметкерлер мен жұмыс 

берушілер арасындағы еңбек 

шарттарын белгілеу және өз-

герту, ұжымдық шарттарды, 

келісімдерді жасасу, өзгерту 

және орындауға қатысты, 

сондай-ақ жұмыс берушінің 

еңбек құқығы нормасын 

қамтитын актілерін қабыл-

дау кезінде қызметкерлердің 

таңдаған өкілді органының 

пікірін ескеруден жұмыс бе-

рушінің бас тартуына байла-

нысты реттелмеген келіспе-

ушіліктер

бұл жұмыс беруші мен қы-

зметкер арасындағы еңбек 

заңнамасын және еңбек 

құқығы нормаларын қамти-

тын өзге де нормативтік 

құқықтық актілерді, ұжымдық 

шартты, келісімдерді, жұмыс 

берушінің еңбек  актілерін, 

ұжымдық шартты қолдану 

мәселелері бойынша рет-

тел-меген келіспеушіліктер

Бiтiмгерлiк рәсiмдер 

тәртiбiмен (бітімгершілік ко-

миссия, еңбек арбитражы, 

медиация)

Келісу 

комиссияларымен



сотпен

сотпен



64

Қызметкерлердiң  ұжымдық  талаптарын  ресiмдеу  мен 

мәлiмдеу тәртiбi  ЕК-нің 164-бабында көзделген. Сонымен, қы-

зметкерлердiң талаптары қызметкерлердiң жалпы жиналы-сын-

да  (конференциясында)  қалыптастырылады  және  бекiтiледi. 

Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым жұмыскерлерінің жал-

пы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады. 

Конференция,  егер  оған  хаттамалық  шешiмдерге  сәйкес  қыз-

меткерлер сайлаған делегаттардың кемiнде үштен екiсi қатысса, 

заңды деп танылады. Шешімі, егер олар ұсынған талаптарды қа-

тысушылардың кемінде үштен екісі қолдап дауыс берсе, қабыл-

данды деп есептеледі. Қызметкерлер жиналысын (конференци-

ясын)  өткізу  мүмкіндік  болмаған  кезде,  қызметкерлердің  өкілді 

органы өздері ұсынған талаптарын қолдайтын қызметкерлердің 

кемінде  үштен  екісінің  қолтаңбасын  жинап,  өз  шешімін  бекітуге 

құқығы бар.

Қызметкерлердiң  талаптары  жазбаша  түрде  жазылады  және 

жұмыс берушiлерге, жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерiне күнтiз-

белiк үш күн мерзiмде жiберiледi. 

Жұмыс  берушi,  жұмыс  берушiлердiң  бiрлестiгi  қызметкер-

лердiң  талаптар  қою  жөнiнде  жиналыс  (конференция)  өткiзуiне 

кедергi келтiруге әсер ететiн қандай да болмасын араласудан қа-

лыс қалуға мiндеттi.

Жұмыс  берушi  қызметкерлердiң  қойған  талаптарын  оларды 

алған  күннен  бастап  3  жұмыс  күнiнен  кешiктiрмей,  жұмыс  бе-

рушiлердiң бiрлестiгi 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей қарауға және 

оларды шешу үшiн шаралар қолдануға, ал көрсе-тiлген мерзiм-

де  шешуге  мүмкiндiк  болмаған  кезде  туындаған  келiспеушiлiк-

тердi одан әрi қарау үшiн өз өкiлдерiн көрсете отырып, өздерiнiң 

шешiмдерi  мен  ұсыныстарын  қызметкерлерге  жазбаша  түрде 

жеткiзуге мiндеттi (ЕК-нің 164-бабы).

Қызметкерлердiң талаптары жоғарыда көрсетілген тәсіл-дер-

мен шешілмеген болса олар 

бiтiмгерлiк рәсiмдер тәртiбiмен қа-

ралады. 


Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi қабыл-дамаған 

немесе олардың iшiнара қанағаттандырған талаптары алдымен 




65

бiтiмгерлiк комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жеткiзiлмесе 

– 

еңбек арбитражында қаралады. 

Тараптар  ұжымдық  еңбек  дауын  қараудың  кез  келген  саты-

сында 


медиация тәртібімен делдалға жүгiне алады. 

Бiтiмгерлiк комиссиясын (ЕК-нің 165-бабы) тараптар жұмыс 

берушi өз шешiмiн қызметкерлерге хабарлаған не хабар-ламаған 

күннен бастап не ұжымдық келiссөздер барысында келiспеушiлiк-

тер хаттамасы жасалған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде 

құрады.  Комиссия  ұжымдық  еңбек  дауы  тараптары  өкiлдерiнен 

тепе-тең негiзде құрылады. Бітімгерлік комиссиясын құру туралы 

шешім тараптардың бірлескен шешімімен ресімделеді. 

 

Бітімгерлік комиссия жеті жұмыс күнінен кешіктірмей қызмет-

керлердің талаптарын қарайды. Бiтiмгерлiк комиссиясы бiтiмгер-

лiк  рәсiм  барысында,  қызметкерлермен,  жұмыс  берушiмен,  жұ-

мыс берушiлер бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен), мемлекеттiк 

органдармен  және  өзге  де  мүдделi  тұлғалармен  консультация-

лар жүргiзедi. Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiн-

де қабылданады, тараптардың өкiлдерi қол қоятын хаттамамен 

ресiмделедi және оның тараптар үшiн мiндеттi күшi болады.

Бiтiмгерлiк  комиссиясында  келiсiмге  қол  жеткiзiл-мегенде, 

оның жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшiн 

еңбек төрелігі 

құрылады (ЕК-нің 166-бабы), оны  ұжымдық еңбек дауының та-

раптары бiтiмгерлiк комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен 

бастап  күнтiзбелiк  5  күн  iшiнде  әлеуметтiк-еңбек  қатынастарын 

реттеу жөнiндегi республикалық, салалық немесе өңiрлiк комис-

сия мүшелерiнiң қатысуымен құрады. 



Еңбек арбитражы кемiнде 5 адамнан құрылуға тиiс, 

оның құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, мем-

лекеттiк еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар 

мен басқа да адамдар енгiзiледi. Еңбек төрелігі ұжымдық 

еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнiң 

мiндеттi түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да 

мүдделi адамдар өкiлдерiнiң де қатысуымен қарайды.


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау