Е 58 Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығы



жүктеу 0,62 Mb.
Pdf просмотр
бет20/24
Дата20.05.2018
өлшемі0,62 Mb.
#14558
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

66

Еңбек арбитражының шешiмi құрылған күнiнен бастап күнтiз-

белiк  7  күннен  кешiктiрiлмей  төрелік  мүшелерiнiң  қара-пайым 

көпшiлiк  дауысымен  қабылданады.  Еңбек  арбитражы  мүше-

лерiнiң дауыстары тең бөлiнген кезде төрағаның дауысы шешушi 

болып табылады. Шешiм дәлелдi әрi жазбаша түрде болуға және 

оған арбитраж мүшелерiнiң барлығы қол қоюға тиiс.

Бiтiмгерлiк комиссиясында тараптарының келiсiмiне қол жет-

кiзiлмеген кезде, заң бойынша ереуiлдер өткiзу тыйым салынған 

немесе  шектелген  ұйымдарда,  еңбек  төрелігі  мiндеттi  түрде 

құрылуға тиiс. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек төрелі-

гінің шешiмiн орындауға мiндеттi болады. 

Ұжымдық еңбек дауын 

делдалдың қатысуымен қарау тәртiбi 

ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмi бойынша айқында-

лады  (ЕК-нің  167-бап).  Тараптар  өздерiне  қатысты  тәуелсiз  ұй-

ымдар мен тұлғаларды делдал ретiнде белгiлейдi. Делдалдарды 

таңдау жағдайларының бәрiнде олардан делдалдық етуге жазба-

ша келiсiм алынуға тиiс. 

Тараптардың  ешқайсысы  бiтiмгерлiк  рәсiмдерге  қатысу-дан 

жалтаруға құқығы жоқ. Бiтiмгерлiк комиссиясы, еңбек төрелігі рет-

тей алмаған ұжымдық еңбек дауындағы келiспеу-шiлiктер жазба-

ша түрде тараптардың назарына жеткiзiлуге тиiс. 

Бiтiмгерлiк рәсiмдердің нәтижелерiмен келiспеген кезде, қыз-

меткерлер өз мүдделерiн қорғаудың заңда көзделген, ереуiл өт-

кiзуге дейiнгi өзге де барлық тәсiлдерiн пайдалануға құқылы. 

ЕК-нің 171-бабы 



ереуіл өткізу құқығын регламенттейді. 

Егер бiтiмгерлiк рәсiмдермен ұжымдық еңбек дауын 

реттеуге қол жеткiзiлмесе, сондай-ақ жұмыс берушi 

бiтiмгерлiк рәсiмдерден жалтарған не ұжымдық ең-

бек дауын шешу барысында қол жеткiзiлген келiсiмдi 

орындамаған жағдайларда қызметкерлер ереуiл өткiзу 

туралы шешiм қабылдай алады. Ереуiл өткiзу жөнiндегi 

шешiм қызметкерлердiң  жиналысында қабылданады.

Ереуiлдi  қызметкерлер  уәкiлеттiк  берген  орган 



(ереуiл  ко-

митетi)  басқарады.  Ереуiлге  қатысу  ерiктi  болып  табылады. 


67

Ешкiмдi  ереуiлге  қатысуға  немесе  ереуiлге  қатысудан  бас  тар-

туға мәжбүрлеуге болмайды. Ереуiлдiң басталуы мен болжамды 

ұзақтығы туралы жұмыс берушiге, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi-

не оны жариялағанға дейiн 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша 

түрде ескертуге тиiс. 

Ереуiл жариялау туралы шешiмде: 

1)  тараптардың  ереуiл  өткiзуге  негiз  болған  келiспеушiлiк-

терiнiң тiзбесi;

2)  ереуiл  өткiзiлетiн  күн,  орын  мен  уақыт  қатысушылардың 

болжамды саны;

3) ереуiлдi басқаратын органның атауы, бiтiмгерлiк рәсiмдерге 

қатысуға уәкiлеттiк берiлген қызметкерлер өкiлдерiнiң құрамы; 

4) ереуiл өткiзу кезеңiнде орындалатын қажеттi жұмыстардың 

(қызмет  көрсетулердiң)  ең  төменгi  көлемi  жөнiндегi  ұсыныстар 

көрсетiледi.

Ереуiлдi басқаратын комитеттің:

1)  қойылған  талаптарды  шешу  мәселелерi  бойынша  жұ-мыс 

берушiмен,  жұмыс  берушiлердiң  бiрлестiгiмен,  мемлекет-тiк, 

кәсiподақ, өзге де заңды және лауазымды тұлғалармен өзара қа-

рым-қатынастарда қызметкерлер мүдделерiн бiлдiруге; 

2) жұмыс берушiден, жұмыс берушiлер бiрлестiгiнен қызмет-

керлердiң  мүдделерiн  қозғайтын  мәселелер  бойынша  ақпарат 

алуға;


3)  қызметкерлердiң  талаптарын  қарау  барысын  бұқаралық 

ақпарат құралдарында жариялап отыруға; 

4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар шығару үшiн ма-

мандарды тартуға;

5) қызметкерлердiң  келiсiмiмен ереуiлдi тоқтата тұруға құқығы 

бар.


Бұрын  тоқтата  тұрған  ереуiлдi  қайта  бастау  үшiн  бiтiмгерлiк 

комиссиясының,  делдалдың  немесе  еңбек  төрелігінің    дауды 

қайта қарауы талап етiлмейдi. Жұмыс берушi, жұмыс берушiлер 

бiрлестiгi және еңбек дауларын реттеу жөнiндегi орган ереуiлдiң 

қайта басталуы туралы 3 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ескертiлу-

ге тиiс. 

Ұжымдық  еңбек  дауының  тараптары  оны  реттеу  жөнiнде-

гi  келiсiмге  қол  қойған,  сондай-ақ  ереуiл  заңсыз  деп  танылған 

жағдайларда, ереуiлдi басқаратын органның өкiлеттiктерi тоқта-

тылады. 



68

Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуiл барысын-

дағы мiндеттерi (ЕК-нің 174-бабы)

Ереуiл өткiзу кезеңiнде ұжымдық еңбек дауының тараптары 

осы дауды 

келiссөздер жүргiзу жолымен шешудi 

жалғастыруға мiндеттi. 

Жұмыс берушi, мемлекеттiк органдар және ереуiлдi басқа-

ратын орган ереуiл кезеңiнде қоғамдық тәртiптi, ұйымның 

мүлкiн және қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн сақтау, сондай-ақ 

тоқтап қалуы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiке-

лей қатер төндiретiн машиналардың және жабдықтардың 

жұмысын қамтамасыз ету жөнiндегi өздерiне байланысты 

шараларды қабылдауға мiндеттi.

Ереуiлдi ұйымдастыру немесе оған қатысу қызметкердiң еңбек 

тәртiбiн бұзуы деп қаралмайды және о тәртiптiк ықпал ету шара-

ларының қолданылуына әкеп соқпайды. Ереуiл кезiнде қызмет-

кердiң жұмыс орны (лауазымы), әлеуметтiк сақтандыру бойынша 

жәрдемақы  төлемiне  құқығы,  еңбек  өтiлi  сақталады,  сондай-ақ 

еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де құқықтарына кепiлдiк 

берiледi. 



Ереуiлдi  жалақының  төленбеуiне  немесе  уақтылы 

төленбеуiне байланысты өткiзуден басқа жағдайларда, ере-

уiлге қатысушы қызметкерлердiң ереуiл кезiндегi жалақысы 

сақталмайды. 

Үздiксiз жұмыс iстейтiн өндiрiстерде ереуiл негiзгi жабдықтар-

дың, тетiктердiң iркiлiссiз жұмысы қамтамасыз етiлген жағдайда 

ғана өткiзiлуi мүмкiн. 

Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешiмдi сот жұмыс берушiнiң 

немесе  прокурордың  өтiнiшi  бойынша  қабылдайды  және  дереу 

орындалуға,  ал  ереуіл тоқтатылуға жатады. Ереуiлдi басқарушы 

органның сот шешiмiне шағымдануға құқығы бар.



Ереуiлдi заңсыз деп танудың салдары жұмыс берушi ере-

уiлдi  ұйымдастыруға  немесе  өткiзуге  қатысқан  қызметкерлердi 

тәртiптiк  жауапкершiлiкке  тартуы  мүмкiндігін  білдіреді  (ЕК-нің 

177-бабы).

Ереуiл  өткiзудi  қоса  алғанда,  ұжымдық  еңбек  дауын  реттеу 

процесінде 



локаутқа, яғни, соттың ереуiлдi заңсыз деп тану ту-


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау