Ереже жеке еңбек даулары бойынша келісім комиссиясы труалы Жалпы ережелер



жүктеу 203,15 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі203,15 Kb.
#13170

Қосымша № 1

ұжымдық шартқа



ЕРЕЖЕ

жеке еңбек даулары бойынша

келісім комиссиясы труалы


  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы жеке еңбек дауларын реттеу үшін________________________________________________________________________

( бұдан кейін – Жұмыс беруші)

__________________________________________________________________________________

(мекеменің толық атауы)

әкімшілігі мен жұмысшылар ұжымы берлесе отырып құрған келісім клмиссиясының құзыретін, құрылу тәртібі мен жұмыс істеу тәртібін анықтайды.

1.2. Осы ереже 2015 жылдың 23 қарашасындағы № 414-V ҚРЗ қабылданған Қазақстан Респупликасының Еңбек Кодексіне сәйкес әзірленген

1.3. Келісім комиссиясының құрылу тәртібі, құзыреті мен шешім қабылдау тәртібі Ұжымдық шартпен және осы Ережемен анықталады.

1.4. Келісу комиссиясының шешімі еңбек дауы тараптары үшін міндетті болып табылады..

1.5.Келісу комиссиясының мүшелері жеке еңбек дауын келіссөздер жүргізу барысында шешудің барлық шараларын қолдануға міндетті.

2. Келісу комиссиясын ұйымдастыру.
2.1.Келісу комиссиясы ( бұдан кейін – Комиссия) Жұмыс беруші мен Жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде еңбек ұжымының жалпы жалпы жиналысында құрамыда ______ адамнан құрылады.

2.2. Тараптардың өкілдері Комиссияға ___________________________________________



/ мекеменің толық атауы/

жалпы жиналысында сайланады. Комиссияға мүше ретінде кез келген хұмысшы лауазымына, атқаратын жұмысына қарамастан сайлануы мүмкін. Мекеме басшысы Комиссия құрамына мүше бола алмайды.

2.3. Комиссия мүшелерінің сандық құрамы мен өкілеттілігінің мерзімі,жұмыс істеу тәртібі мен шешім қабылдау тәртібі Ұжымдық шартпен және осы Ережемен белгіленеді..

2.4. Комиссия мүшелері бірінші ұйымдастыру отырысында өз құрамынан төрағаны, оның орынбасарын және хатшыны сайлайды. Комиссия төрағасына, оның орынбасарына және хатшысына Комиссия мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берсе, олар сайланды деп есептеледі.

2.5. Комиссия қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету (жабдықталған бөлме, орхтехника, қажетті әдебиет беру, іс жүргізуді, тараптардың арыздарын есепке алуды, істерді сақтауды, шешімдердің көшірмелерін дайындау мен оларды табыс етуді ұйымдастыру, т. с.с. ) Жұмыс берушіге жүктеледі.

2.6. Комиссияның өз мөрі болуы мүмкін. Мөр Жұмыс берушінің қаражаты есебінен дайындады.

2.7. Комиссия ұжымдық шарттың қолданыс мерзіміне құрылады. Аталған мерзім өткен соң Комиссия мүшелері жаңадан сайланады.


3. Келісу комиссиясының құзыреті.
3.1. Келісу Комиссиясы еңбек қатынасы барысында Жұмыс беруші мен Жұмыскер арасында туындайтын жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі тұрақты түрде қызмет ететін орган болып табылады.

3.2. Жеке еңбек дауы деп Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және(немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша Жұмыскер мен Жұмыс берушінің арасындағы, Комиссияға тапсырылған арызда көрсетілген, реттелмеген келіспеушіліктер танылады.

3.3. Келісу комиссиясы төмендегі еңбек дауларын қарауғв құқылы:

- еңбек ақы бойынша қарыздарды өндіру туралы;

- еңбек шарты жағдайларын өзгерісту туралы;

- тәртіптік жаза қолдану туралы;

- жұмысқа қайта алу туралы:

- Еңбек Кодексінің нормаларымен, еңбек және ұжымдық шарттармен, келісімдермен қарастырылған кепілдіктер мен өтемақы төлемдері туралы:

- жалақыдан ұстап қалу туралы:

- еңбек кітапшасындағы жазбалардың дұрыстығын немесе дәлдігін даулау туралы;

- сот құзыретіне жататын дауларды қоспағанда, басқа да еңбек даулары
4. Келісу комиссиясына жүгіну тәртібі.
4.1.Келісу комиссиясына арыздануға Жұмыс беруші мен Жұмыскерлер құқылы.

Егер Жұмыскер арадағы келіспеушіліктерді Жұмыс берушімен өзі немесе өз өкілі қатысатын тікелей келіссөздер барысында реттемеген болса, еңбек дауы Комиссияда қаралады.

4.2. Жұмыскер келісім Комиссиясына мына мерзімдерде жүгіне алады::

- жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап бір ай ішінде;

-  басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл ішінде.

Егер белгіленген жүгіну мерзімі дәлелді себбебтермен өткізіп алынса Комиссия мерзімді қалпына келтіріп, істі негізі бойынша шешуі мүмкін.

Еңбек қатынасының тараптары Комисияға түсірген арызында еңбек дауының негізін баяндайды. Арыз жеке түрде табыс етілуі немесе пошта, факс арқылы жолдануы мүмкін.   Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш міндетті түрде Комиссия хатшысы жүргізетін арнайы журналда тіркелуі тиіс.

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясы болмаған жағдайда, ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Жүгіну мерзімін өткізіп алу себебінен арызды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

Жүгіну мерзімін дәлелді себебсіз өткізіп алу арызданушының талаптарын қанағаттандырудан бас тартуға негіз болуы мүмкін.
5. Келісу комиссиясында еңбек дауын қарау тәртібі.
5.1.Комиссия отырысы қажетті жағдайда еңбек қатынасының кез-келген тарапының өтініші бойынша жүргізіледі.

Дау өтініш берушінің және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады.

5.2. Комиссия дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға  міндетті.

5.3. Комиссия отырыстың жүргізілетін орны, күні мен уақыты туралы Жұмыскер мен Жұмыс берушіге уақытылы хабарлауы тиісті.

Жұмыскер немесе оның өкілі аталған комиссияның отырысына келмей қалған жағдайда, еңбек дауын қарау кейінге қалдырылады.  Еңбек дауын қарау кейінге қалдырылғаны туралы, қарау күні туралы Жұмыскер мен Жұмыс беруші уақытылы хабарландырылады. Жұмыскер немесе оның өкілі дәлелді себептерсіз екінші рет келмей қалған жағдайда, келісім Комиссиясы мәселені қараудан алып тастау туралы шешім шығаруы мүмкін, мұның өзі жҰмыскердкерді Еңбек Кодексде белгіленген мерзім шегінде еңбек дауын қарау туралы қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды. 

Дауды жұмыскердің немесе оның өкілінің қатысуынсыз қарауға тек оның жазбаша өтініші бойынша ғана жол беріледі.

Жұмыс берушінің өкілінің Комиссия отырысына келмеуі істі қарауды кейінге қалдыруға себеп бола алмайды.

5.4. Жұмыскер Комиссия отырысында істі қарау басталғанға дейін өз арызын қайтарып алуға немесе қойған талаптарынан бас тартуға құқылы.

5.5.. Комиссия отырысы оған Жұмыскерлер атынан өкілдік ететін мүшелерінің кемінде жартысы және Жұмыс беруші атынан өкілдік ететін мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда, уәкілетті деп есептеледі. .

5.6. Істі қарау үшін белгіленген уақытта Комиссия төрағасы отырыстың ашылғанын, қаралатын арызды жария етеді.



Комиссия хатшысы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенін, келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегенін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін комиссияға баяндайды.

Содан кейін арыз беруші жұмыскердің кім екені анықталады және дау келісу комиссиясының қарауына жататыны не жатпайтыны анықталады, Комиссия мүшелерінің пікірілері тыңдалады..

Тараптар Комиссия отырысына мән-жайды анықтау үшін куәлерді,комиссия мүшелігінде жоқ мекеме мамандарын шақыруға, еңбек дауын қарастыруға қажетті құжаттарды Жұмыс берушіден талап етуге құқылы. Комиссияның талап етуі бойынша оған қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде табыс ету барлық деңгейдегі басшылар мен жұмыскерлер үшін міндетті.болып табылады.

Жұмыскер мен Жұмыс берушінің өкілінің табыс етілген құжаттары мен дәлелдемелері зерттеледі.

5.7. Еңбек дауын қарау бойынша Комиссия отырысында хатшы хаттама жүргізеді, бұл хаттамада келесілер көрсетіледі::

- отырыстың өткізілу орны мен уақыты( жылы, айы, күні);

- келген Жұмыскер, Жұмыс беруші, куәлер, мамандар туралы мәлеметтер;

- Жұмыскердің арызының қысқаша мазмұны;

- тараптардың қысқаша түсініктемелері, куәлердің, мамандардың түсініктемелері;



- Жұмыскердің немесе Жұмыс берушінің қосымша талаптары;

- тапсырылған жазбаша дәлелдемелер;



- Комиссия талқылауының нәтижелері;

- дауысқа салу қортындысы



Хаттамаға Комиссияның төрағасы және хатшы қол қояды, төраға болмаған жағдайда оның орынбасары қол қояды, мөр болса мөр қойылады.


  1. Комиссия шешімін қабылдау тәртібі және оның мазмұны.


6.1. Қаралған дауы бойынша Комиссия отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен ашық немесе құпия түрде дауыс беру арқылы шешім қабылдайды. Комиссия шешім қабылдауымен дауды қарауды аяқтайды..

Егер дауыс беру барысында комиссия мүщелерінің дауыстары тең бөлінсе шешуші дауыс құқығы Колмиссия төрағасына тиесілі.

6.2. Комиссия шешімі нақты және айқын нысанда жасалуы керек, оны басқаша талқылауға немесе оны орындаудан жалтаруға мүмкіндік болмауы керек. Ақшалай талап бойынша қабылданған шешімде Жұмыскерге тиесілі ақша сомасы дәл көрсетіледі.

6.3. Комиссия шешімі кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.

Шешімнің кіріспе бөлігінде шешімнің шығарылған күні мен орны; шешім шығарған келісу комиссиясының атауы; оның құрамы; Комиссия отырысының хатшысы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі. 

Шешімнің сипаттау бөлігі талап Жұмыскердің талаптарын, Жұмыс бреушінің өкілінің наразылығын және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс. 

Шешімнің дәлелдеу бөлігінде істің Комиссия анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен міндеттер туралы Комиссия қорытындылары негізделген дәлелдемелері; Комиссия қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемелердің негіздері, және Комиссия басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін. 

Комиссияға жүгіну мерзімін өткізіп алуына байланысты Жұмыскердің арызын қараудан бас тартқан жағдайда шешімнің дәлелдеу бөлігінде Комиссия анықтаған осы мән-жайлар ғана көрсетіледі.

Комиссия шешімінің қарар бөлігі қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы комиссия қорытындысын, Комиссия шешіміне шағым беру мерзімі мен тәртібін қамтуға тиіс. 

6.4. Шешімге төраға мен хатшы қол қояды және Комиссия мөрімен бекімделеді.

6.5. Тиісті түрде рәсімделген Комиссия шешімінің көшірмелері оны қабылдаған күннен бастап үш күн мерзімде Жұмыскер мен Жұмыс берушіге беріледі.

6.6.. Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс. Жұмысықа қайта алу туралы шешім дереу орындалуға тиіс.

6.7. Келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, Жұмыскер немесе Жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы. 
7.Еңбек дауы бойынша комиссия шешіміне шағым келтіру мен жеке

еңбек дауын қарауды сотқа жолдау.
7.1. Жеке еңбек лауы он бес күн ішінде Комиссия қарамаған жағдайда Жұмыскер оны қарауды сотқа жолдауға құқылы.

7.2. Еңбек дауы бойынша Комиссия шешіміне Жұмыскер немесе Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының азаматтық процессуалдық заңнамамен белгіленген тәртіпте сотқа шағымдануы мүмкін.


8. Комиссия мүшелігіндегі жұмыскердің кепілдіктері



8.1.Еңбек даулары бойынша Комиссия мүшелеріне комиссия жұмысына қатысу үшін орташа еңбек ақысын сақтай отырып жұмыстан бос уақыт беріледі. Комиссия мүшелеріне жұмыстан бос уақыт беру жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді. Бұл жағдайда орташа енбек ақы мөлшері заңнамамен белгіленген тәртіпте соңғы үш жұмыс айы есебінен анықталады..

Еңбек даулары бойынша комиссия құрамына кіретін, кәсіподақ мүшелігіндегі жұмыскерлерді Жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан босату ұйымның жұмыскерлері кәсіподағының комитетінің дәлелді пікірін ескеруімен ғана іске асырылады..

Комиссия отырысы мүшесі жұмыстан бос уақытта жүргізілген жағдайда оған төлемақы жұмыскерлердің еңбек ақысын төлеу Ережесіне сәйкесс белгіленеді.

8.2. Келісу комиссиясының тараптары келісу комиссиясының мүшелерін Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне, келіссөздер жүргізу машығын дамытуға және еңбек дауларында консенсусқа жетуге жыл сайын оқытуды жүргізуге міндетті..





  1. Қорытынды ережелер

9.1. Комиссияға мүшеліктегі жұмыскер жұмыстан босатылған жағдайда Жұмыскерлердің. Жұмыс берушінің өкілдері комиссия құрамына басқа жұмыскерді сайлайды немесе тағайындайды.


Осы Ережеге қосымшалар болып табылады:


  • № 1 қосымша – арыздарды туркеу журналының нысаны

  • № 2 қосымша – Комиссия отырысы хаттамасының нысаны

  • № 3 қосымша – Комиссия шешімінің нысаны

1қосымша


Жұмыскердің арызын тіркеу журналы


Кіріс

Арыздың түскен күні

Арыздану-шының аты-жөні,лауа-зымы

Арызтың мәні

Іс

Арыздың қаралған күні

Шешім қабылдау күні

шешімнің

мәні

Шешім арыздвну-шыға берілген күн

1

2

3

4

5

6

7

8

9








































































































































































































































































































































































































































































































2 қосымша

Дело № _______________________

Комиссия отырысының хаттамасы

қ. ______________ « _____» __________20 ___ ж.


___________________________________________________________________жеке еңбек

/мекеменің толық атауы/

дауы боынша келісу комиссиясы құрамында:

төрағалық етуші _____________________________________________________________

Комиссия мүшелері:

_______________________________________________________________________


__________________________________________________________________________________

Комиссия затшысы: ____________________________________________________________________

Жұмыскер_________________________________________________________________________

Жұмыс берушінің өкілі ________________________________________________

Куәлар_________________________________________________________________________

мамандар (сарапшылар) ____________________________________________________________

отырыста

жұмыскер_____________________________________________________________________

жұмыс беруші

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________туралы арызы бойынша істі қарады.

Комиссии отырысына қатысқандар::

Арызданушы (арызданушының

өкілі):__________________________________________________
Жұмыс берушінің өкілі:

_______________________________________________

Куә________________________________________________________________________

Маман (эксперт)

_______________________________________________________________

Отырыс ______ сағ. _____ мин. ашылды


Төраға отырыстың ашылғанын, қандай іс қаралатын, Комиссия құрамын жаиялады, отырыс хаттамасын комиссия хатшысы _________________________________ жүргізетінін жариялады.

Арызданушы өзарызына сәйкес қоятын талаптарын баяндады. Арызданушының түсініктемелері:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұмыс берушінің мүддесінде оынң өкілі өз қарсылықтарын баяндады, сонымен қатар Комиссияға. Арызданушыға жазбаша пікірін табыс етті. Жұмыс берішінің мүддесінің өкіліінің түсініктемелері:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Куә____________________________ төмендегідей түсініктемелер берді:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Маман(эксперт) ___________________________ төмендегідей түсініктемелер берді:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Төраға жазбаша құжаттарды жария етті және оларды зерттеді.

Тарапдардың жарыс сөзі өтті, тараптар пікір алмасты.

Төраға істі негізі бойынша қарау аяқталғаны туралы жариялады.

Дауыс беру нәтижесі: қолдау ___________________ қарсы ______________________

Қомиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесі бойынша қабылданған шешімнің қарар бөлігін отырысқа қатысушы тұлғаларға жария етті.

Төраға жеке еңбек дауы тараптарының өкілдеріне шешімді «__»____20___ ж. ______сакғаттан кейін алуларына болатыны туралы хабарлады.

Іске қатысушы тұлғалардың өкілдеріне шешімге шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Отырыс __________ сағ. _________ мин. аяқталды.

Хаттама «____»____________ 20 ____ ж. толтырылды.


Комиссия төрағасы ____________________
Секретарь Комиссии ____________________

3 қосымша


Іс № ____________

Ш Е Ш І М

_______________қ. « ___» _________ 200__ ж.


Жеке еңбек дауы бойынша келісу Комиссиясы құрамында: Төраға_________________________________________

хатшы:______________________________________________________________________

Арызданушы___________________________________________ _____________________________________________________________туралы арызы бойынша істі қарап
АНЫҚТАДЫ:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Көрсетілгендер негізінде және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 159-б., 160-б., 161-б. Басшылыққа алаотырып
шешім етті:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Шешімге _____________________________________ сотына шешім көшірмесін



/ сот атауы/

алған күннен бастап он күн мерзім ішінде шағым келтіруге болады.


Комиссии төрағасы:

Комиссияхатшысы:

Көшірме дұрыс.


Шешім «___»________20__ж. заңды күшіне енді.
Комиссия төзрағасы:
Комиссия хатшысы:
М.О.
жүктеу 203,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау