73
ұжымдық шарт-
тардың, келiсiм-
дердiң жобала-
рын дайындау
және оларды
жасасу жөнiндегi
ұжымдық келiс-
сөздер
еңбек қатына-
старын және
олармен тiкелей
байланысты
өзге де қаты-на-
старды реттеу
мәселелерi
бойынша келіс-
сөздер, қызмет-
керлердiң еңбек
саласындағы
құқықтарының
кепiлдiктерiн
қамтамасыз
ету және еңбек
заңнамасын
қызметкерлер
мен жұмыс
берушiлер өкiл-
дерiнiң еңбек
дауларын сотқа
дейiн шешуге
қатысуы
ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК НЫСАНДАРЫ
Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары – бұл тиiстi атқарушы ор-
гандар атынан мемлекет, белгiленген тәртiппен уәкiлеттiк берiл-
ген өз өкiлдерi атынан қызметкерлер мен жұмыс берушiлер.
Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары арасындағы келісімдерді
жасасу тәртібі ЕК-нің 13-тарауында реттелген.
Еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердiң
жағдайын нашарлататын келiсiмнiң ережелерi жарам-
сыз деп танылады және қолданылмауға тиiс.
74
10
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК
ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ
САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ.
Еңбек қауiпсiздiгi – бұл қызметкерлерге зиянды және
(немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiн
болғызбайтын не қызметкердің денсаулығына залал
келтіру мүмкіндігіне байланысты жол берілмеуі қа-
жет қатер болмайтын жұмыс орнындағы еңбек жай-
күйi. Еңбек қауіпсіздігін жасау немесе қолдау бойынша
қызметті «техникалық қауіпсіздік» деп атайды.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптар
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен
белгiленедi және қызметкерлердiң еңбек қызметi процесi кезiн-
де олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ере-
желердi, рәсiмдер мен нормативтердi қамтиды. Мысалы, 2011
жылғы 11 мамырдағы Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұй-
ымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы; 2015
жылғы 25 желтоқсандағы Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және
еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және
олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзiмі; 2015 жылғы
8 желтоқсандағы Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты
есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорға-
ну құралдарын беру нормалары; Жұмыс уақытының қысқар-
тылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалы-
сына және еңбекақының жоғары мөлшерiне құқық беретiн өндiрi-
стердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр
жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және
(немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесi; 2015 жылғы 28 желтоқсан-
дағы Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы
ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары
мөлшерiн беру қағидалары және т.б.
Жұмыс берушiлер мен қызметкерлер еңбек қауiпсiздiгi және
еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi.
75
Еңбек қызметі процесіндегі
қызметкерлердің еңбек қа-
уiпсiздiгi және
еңбектi қорғау құқықтары кепілдіктері ЕК-нің
184-бабында бекітілген.
Сонымен, жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң жағ-дайла-
ры ұлттық стандарттарға, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
жөнiндегi ережелер талаптарына сәйкес болуға тиiс
Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар)
құрылысы жағынан өздерінің функционалдық мақсатына және
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болуға
тиіс.
Жұмыс жабдығы осы жабдық түрі үшін белгіленген қауіпсіздік
нормаларына сәйкес келуге, онда тиісті техникалық паспортта-
ры (сертификат), ескерту белгілері болуға және жұмыскерлердің
жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршау-
лармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Авариялық жолдар мен жұмыскерлердің үй-жайдан шығатын
жолдар белгіленуге, бос болуға және ашық ауаға не қауіпсіз ай-
маққа шығаруға тиіс.
Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс орында-
ры жұмыстың сипатына қарай жұмыскерге қауіп-қатер төндіретін
немесе құлайтын заттар бар қауіпті аймақтарда болса, онда мұн-
дай орындар бұл аймақтарға бөгде адамдардың кіруін бөгейтін
құрылғыларымен жабдықталуға тиіс.
Жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары ұйым-
ның аумағында қауіпсіз жағдайларда жүріп-тұруға тиіс.
Жұмыс орындары орналасқан үй-жайдағы температура жа-
рық, сондай-ақ желдеткіш жұмыс уақыты кезінде санитариялық-э-
пидемиологиялық талаптарға сәйкес болуға тиіс.
Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәсе-
лелерi бойынша оқытуды, нұсқама берудi, бiлiмдерiн тексерудi
жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен жүргiзедi. Жұмысқа қабыл-
данған адамдар кейiннен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
бойынша бiлiмi мiндеттi түрде тексерiле отырып алдын ала оқы-
тудан және тексеруден мiндеттi түрде өтедi, ал бұлай етпеген
жағдайда жұмысқа жiберiлмейдi.
Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
құқықтары ЕК-нің 181-бабында бекітілген. Қызметкердiң: