«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, 120018, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі 34, анықтама үшін телефондары: 8 (7242) 21-25-62, 21-25-96, факс 8 (7242) 21-25-68, электронды пошта tashenov.b@minagri.gov.kz, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру:
1. Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы (С-R-4 санаты, индекс № 08-2, 1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін. (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).
Негізгі функционалдық міндеттері:
1. Зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қарсы жұмыстар атқару, ауданда фитосанитариялық мониторинг және фитосанитариялық іс-шараларға бақылау жүргізу;
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға, тасымалдауға және қолдануға бақылау жасау;
3. Фитосанитарлық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуіне және уақтылы табыс етілуін қамтамасыз ету;
4. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру мен арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйіне бақылау жүргізу;
5. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына бақылау;
6. Өсімдіктерді қорғау іс-шараларын бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы насихаттау жұмыстарын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия немесе өсімдік қорғау және карантин) мамандығы бойынша жоғары білім немесе мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі ауылшаруашылығы, ветеринария және экология (агрономия немесе өсімдік шаруашылығы) білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қажетті құзыреттер бойынша талаптар: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Өсімдіктерді қорғау туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, «Өсімдіктер карантині туралы», «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңдарын және қызмет саласын реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайы электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, № 34, үй ғимараттың 2 қабатында өтеді.
Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
__________________________________________________________________
________ ______________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |