«Ди
Д
ар
Д
ың» меншікті тілшілері хабарлай
Д
ы
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
3
ДИДАР
№143 (17080)
9 желтоқсан
күршім ауДаны
тарбаҒатай ауДаны
Топтаманы әзірлегендер – Серік Әбілқасымұлы,
Айна Ескенқызы, Хасен Зәкария,
Дарын Нұрсапаров, Нұржан Кенжеұлы.
жарма ауДаны
ұлан ауДаны
Әлеумет
азық-түлік қауіпсізДігі
Заңға енгізілген
өзгерістерді түсіндірді
Қалбатау ауылындағы Жастар үйінде
облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасының
м а м а н д а р ы н а н қ ұ р а л ғ а н а қ п а р а т т ы қ -
насихаттық топ аудан жұртшылығымен кездесу
ұйымдастырды.
Жиында қарапайым халықты толғандырған біраз
әлеуметтік мәселенің басы ашылды. Ақпараттық-
насихаттық топ өкілдері жиналған қауымға әлеуметтік
сала бойынша еліміз бен аймағымызда жүргізіліп
жатқан жұмыстар мен заңнамаға енгізілген кейбір
өзгерістер жайында айтып берді.
Сондай-ақ, мамандар ардагерлер кеңесінің
мүшелері мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерінің
тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар
қайтарды.
«Жолда қабылдау»
акциясы болды
З ы р я н қ а л а с ы н д а п р о ф и л а к т и к а л ы қ
шаралардың жалпы мемлекеттік жүйесін құру,
сондай-ақ, тұрғындардың әкімшілік полицияға
деген сенімін арттыру мақсатында кезекті «Жолда
қабылдау» акциясы өтті.
Акция аясында тұрғындарға Президенттің
биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы кеңінен
түсіндірілді. «Жол қозғалысы туралы» Заң мен
«Жол қозғалысы сұрақтары бойынша Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
заңнамасын іске асыру бойынша азаматтарға кеңес
беріліп, құқықтық көмек көрсетілді.
Кездесу барысында облыстық ІІД, «Нұр Отан»
партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік
құрылымдардың өкілдері азаматтарды жеке қабылдап,
туындаған мәселелерді шешуге тырысты. Қабылдауда
қойылған барлық сұрақтарға зыряндықтар
қанағаттанарлық жауаптар алды.
Мектеп түлектері
бас қосты
Тұғыл ауылындағы Шоқан Уәлиханов орта
мектебінде «Мектеп түлектері - әр салада» атты
кездесу кеші өтті.
Кешке осы мектептің түлектері – аудандық мәслихат
депутаты Манарбек Қалымбеков, инженер-механик
Қонысбек Райымбеков, кәсіпкер Ажар Прімбетова,
Нұркен Татаев сияқты азаматтар мен Астана қаласынан
әдейілеп шақырылған Қазақ радиосының тілшісі, мек-
теп түлегі Гүлім Байгереева қатысты.
Әр жылдың түлектері өз мектептері жайында
естеліктерімен бөлісті. Оқушылар бүгінгі мектеп-
терінің 2050 жылы қандай болатыны жайында өз
ой-қиялдарын жеткізді. Балалардың армандауынша,
келешекте жаңа үлкен спорт залы бар, кітапханасы
интернетке қосылған, гүлге оранған мектеп болатын
көрінеді.
Көрерменді
риза етті
Айыртау ауылдық округінің клубында
аудандық Мәдениет үйінің халық театры ұжымы
ауыл тұрғындарына арнап «Жаралы гүлдер» атты
спектакльді қойды.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған қойылымда
басты рөльдерді Айыртау ауылдық клубының
қызметкерлері Б.Стамбаев пен Ә.Қайырханов сом-
дады. Жалпы, аудандық Мәдениет үйі мен ауылдық
клубтың қызметкерлері бірігіп қойған спектакль
көрермен қауымның көңілінен шыға білді.
Сонымен қатар, сол күні ауылдық клуб залында
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары С.Асылбаевтың қатысуымен
Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
атты Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өткенін де
айта кеткен жөн.
Бірнеше нысан
пайдалануға берілді
Ауданда бірқатар әлеуметтік нысандар іске
қосылып, халыққа есіктерін айқара ашты.
Мәселен, Қойтас ауылында 80 орындық заманауи
мектеп ашылып, тұрғындарды қуанышқа бөлесе, Бура-
бай ауылында дәрігерлік амбулатория іске қосылып, өз
жұмысын бастап кетті.
Ал Маралдыда ауылдық округ ғимараты салта-
натты түрде ашылды. Күрделі жөндеуден соң қайта
түлеп, құлпырып шыға келген қос қабатты бұрынғы
балабақша ғимаратын меншік иесі Қ.Бүкпаев «Туған
жерге – тағзым» акциясы аясында тегін қайтарып
берген-ді. Салтанатты жиында ғимаратқа көңілдегідей
жөндеу жасап, оны қайта жаңғыртқан М.Рахымжанов
басқаратын «Маржан» ЖШС-нің ұжымына ауыл
тұрғындары алғыстарын айтты.
зырян ауДаны
Өнімдерін тұрақтандыру қорына өткізді
«балапан» баҒДарламасы
Өңіраралық ынтымақтастық
шаҒын бизнес
айтып салды!..
Ерсайын ТӨЛЕУБАЕВ, Қазақстанның Халық әртісі:
– Қазақ өзінің бет-бейнесін
, өзіндік
психологиясын теледидард
ан таппай,
отандық телеарналарға беттеме
йтін шығар.
Бізге «еліктеу» деген ауруда
н арылмай
болмайды. Қазақстан телеарналарындағы
б а ғ д а р л а м а л а р д ы ң б а р
л ы ғ ы т е к
көшірмеден ғана тұрады. Ж
ұртқа оның
қажеті жоқ. Әр ұлт өнерде болсын,
спортта
болсын өзін іздейді. Егер орталық
телеар-
надан бірнеше жылдарға созылатын
шетелдік сериалдар
емес, ауыл өмірінің көріністе
рі, жастарға бағыт-бағдар
беретін ұлттық құндылықтар,
тіпті, әкім-қараларға сын
айтылып, одан қандай нәтиже
шыққаны көрсетіліп жатса,
жұрт жаппай отандық телеарналарды
қарар еді. Отандық
телеарналардың сапасын ж
ақсартып, жаңа деңгейге
шығарғаннан кейін, шетелд
ік телеарналарды жауып
тастаудың жолын қарастыру керек.
Шағын орталықтан тәліМді тәрБие алып шығады
Жылдың үЗдіК МұғаліМі атанды
қарауылдық қарт КәсіпКер тәжірибесімен бөлісті
Нұрбек Имашұлы 2009 жылы Қытайдан Мақаншы ауылына қоныс тепкен. Атамекенін
аңсап келген қандасымыз бірден еңбекке бел шеше араласып кетті. Әуелі бірнеше гектар
жерді жалға алып, көкөніс еккен. Еңбегі еш болмай, 25 тонна картоп жинап алды.
Ж.Болғанбаев атындағы орта мектептің шағын орталығы «Балапан»
бағдарламасы бекітілген сәттен бастап жұмыс істей бастады. Осы жылдар
аралығында шағын орталықтан жүзден аса бала түлеп ұшып, мектептің бастауыш
сыныбында оқып жүр.
раушан нұғманбекова
Ресейдің Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы мен Семейдің Шәкерім
атындағы мемлекеттік университетінің арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі келісім
осымен алты жыл қатарынан сәтті жүзеге асып келеді.
Бүгінде БҰҰ және ел Үкіметінің бірлескен бағдарламасы аясында нәти-
желі жұмыстар көрініс табуда. Абай ауданында да бұл бағытта бірқыдыру істер тын-
дырылды.
Аталған бағдарламаның қолдауымен
«Береке» шағын несиесіне қол жеткізіп, өз
кәсібін түлетіп отырған кәсіпкер жандар да
бар. Бірлескен бағдарламаның кеңесшісі
Жанна Жибраева бастаған арнайы кеңесші
топ ауданымызда болып, аталған бағдарлама
төңірегінде атқарылып жатқан істерге қанығып
қайтты.
Ең алдымен меймандар бірнеше кәсіпті
дөңгелетіп отырған зейнеткер Шайза Мир-
тинаның «Ұлан» дүкені мен дәмханасының,
шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Бұл кәсіпкер де – аталған бағдарламаның
негізінде «Береке» шағын несиесін алып,
сауда ісін жаңғыртқан жандардың бірі. Ол
Аягөз, Бесқарағай, Көкпекті, Күршім аудан-
дарынан келген өкілдерге өз тәжірибесімен
бөлісіп, кәсібінің қалай өріс алғанын жеткізді.
76 жастағы кәсіпкер апамыз тек бір кәсіппен
шектелмеген. Оның бастаған қай ісі болмасын
аудан халқының сұранысына ие болып, арзан
әрі жаңа өнімдерін ұсынып отыр.
«Бүгінгідей тәжірибе алмасу – кәсіпкерлік-
ке жаңадан аяқ басқан жандарға үлкен қолдау.
Біздің де жинақтаған тәжірибеміз бар, – дейді
Көкпекті ауданының бизнес кеңесшісі Айгүл
Смағұлова. Көкпектілік кәсіпкер, көпбалалы
ана Татьяна Воротникова «Жұмыспен қамту-
2020» бағдарламасы аясында несие алып,
шаруа қожалығын құрған. Енді бұл ісін жан-
дандырып, сүт тағамдарын өндірмек ниетте.
Қарауылға өз тәжірибесін молайта түсу үшін
келіпті. Бұдан соң арнайы топ кәсіпкер Ряжан
Жұмажанова мен Жанаргүл Дүйсенованың
дүкендерін аралап, шаруа қожалықтарымен
танысып, тәжірибе алмасты.
С о н д а й - а қ , М .Ә у е з о в а т ы н д а ғ ы
кітапханада тренинг-семинар өтті. Семинар-
да кәсіпкерлерге скайп арқылы байланысқа
шығып, арнайы ақпарат алуға да болатындығы
түсіндірілді. БҰҰ бірлескен бағдарламасының
экономикалық с ұрақтар бойынша биз-
нес кеңесшісі Шынар Имамбекова осы
кеште онлайн-орталық арқылы облыстық
кітапханамен байланысқа шықты.
Тоғжан Рахымбекқызы
Абай ауданы.
Екі-үш жылдан соң Үржарға қоныс аударған
еңбекқор азамат аудан орталығында да
іскерлігімен тез-ақ танылды. Аудан басшылығы
оған бірден 10 гектар суармалы жерді
заңдастырып алуына мүмкіндік берді. Көп өтпей
ауыл әкімі аудан басшылығымен ақылдаса
отырып, қосымша 21 гектар суармалы алқапты
да сеніп тапсырған. Биыл Нұрбек «Приречное»
агрофирмасынан 20 тонна «Романа» тұқымын
әкеліп еккен. Күзде 200 тонна картоп алды.
Табан ақы, маңдай терімен өсірген көкөністері
де жақсы көктеді. Оның үстіне мемлекеттен
қайтарымсыз бір миллион 200 мың теңге суб-
сидия алды.
– Өздеріңіз байқап тұрғандай, өнімді
бірден елу келілік қаптарға салып, қоймаға
жинап жатырмыз. Енді бір айдан соң оны
төмен бағамен жұртшылыққа ұсынбақшымыз.
Жұмыс ауыр. Маған жарым Гүлбақыттың зор
көмегі тиюде. Осы науқанның басы-қасында
болып, бір жағымнан шығысып әлек. Биыл
жасы 12-ге толып отырған қызым Назерке де
қолғанат болуда. Жалпы, аудан басшылығына,
ауыл әкіміне алғысым шексіз. Қандай да бір
мәселемді Сайлауғазы Орынбайұлы ағамыз
бірден шешіп береді.
Қазір Нұрбек Имашұлы аудан әкімдігімен
меморандумға отырып, алған өнімін тұрақ-
тандыру қорына қосты. Оның 200 тонна кар-
тобы, 20 тонна орамжапырағы мен тағы да
басқа көкөністері орталықтағы коммуналдық
шаруашылық мекемесінің қоймасында
сақтаулы тұр.
Берікхан Тайжігіт
Үржар ауданы.
Мемлекеттік қамқорлықтың арқасында
балаларға барлық жағдай жасалған. Өткен
жылы мектепке, орталыққа күрделі жөндеу
жүргізілді. Төсек-орындар жаңартылды.
– Біз балалармен бағдарламаның тоғыз
бағыты бойынша жұмыс жүргіземіз. Біздің
орталықтан шыққан балалардың барлығы
дерлік қазіргі күні – оқу озаттары. Тәртіптері
жақсы, мұғалімдері мақтап отырады,– дейді
тәрбиеші Б.Демегенева.
Жарық та кең ойын бөлмесінде балалар
қызу ойынға кірісіп кеткен. Ойыншықтың түр-
түрі бар. Танымдық суретті кітаптар, мульт-
фильмдер көру де – олардың сүйікті ісі екен.
– Біз ата-аналармен тығыз байла-
ныста жұмыс істейміз. Өзіміздің тұрақты
демеушіміз де бар. Ол – аудандық
мәслихаттың депутаты, «Қалисатар-
ұлы» шаруа қожалығының басшысы
С.Жотабаев. Бізге мына жатқан әсем
үлкен кілемді әперген де – сол кісі.
Шағын орталықтың өз кір жуатын авто-
мат машинасы да бар, – дейді Бағиза
Қалелғазықызы.
Шағын орталықта жұмыс істейтін
Дина Советбекова, Назымгүл Айткенова
сияқты тәрбиешілер мен Э.Айтышева,
Г.Шұңқырова сияқты күтушілер де өз іс-
Ресейлік әріптестермен бірге 2013-2015
жылдарға арналған «Орыс тілі және Ресей мен
шетелдегі ұлттық мәдениет» тақырыбындағы
бағдарламаны орындауда шет тілдері фило-
логиясы кафедрасының меңгерушісі, еліміздің
білім беру ісінің үздігі Ғайнигүл Исмаилованың
еңбегі зор. Ғайнигүл Қабидуллақызы биыл
Білім және ғылым министрлігінің шешімімен
«Жылдың үздік мұғалімі» марапатына ие бол-
ды.
– Біз тек Ресей ғана емес, Елбасы
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ көптілділікті да-
мыту бағытындағы тапсырмасына орай,
өзге де шет елдермен байланысымызды
нығайтудамыз, – дейді Ғайнигүл Исмаило-
ва, – жақында Португалиядағы Лиссабон
техникалық институтына барып келдік. Бұл –
Еуропадағы ең көне жоғары оқу орындарының
бірі. Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан,
Алматы, Қостанай облыстарынан жиналған
ұстаздар қауымына Испания, Боливия мен
Португалияның үздік ғалымдары дәріс
оқыды. Мен инновациялық технологиялар,
мұғалімдердің әлеуметтік жауапкершілігі
тақырыбындағы дәрістерді тыңдадым, енді
осы сапардан түйгендерім мен үйренгенімді
шәкірттерімнің бойына сіңірсем деймін.
Ғайнигүл Қабидуллақызының айтуынша,
Еуропада 4000 жоғары оқу орны бар, онда
17 миллион студент оқиды, 1,5 миллион
оқытушы дәріс береді. Ол жақта жоғары оқу
орны инновациялық жаңа жобалардың ортасы
деп танылады екен. Сондай-ақ, жақында Ғай-
нигүл Қабидуллақызы қаржы кафедрасының
доценті Клара Хасеновамен бірге Чехиядағы
Прага қаласына да барып, біліктіліктерін арт-
тырып қайтты.
– Бұл да Елбасының арнайы тапсырма-
сымен жүзеге асып отыр, – деді Ғайнигүл
Қабидуллақызы. – Прагадағы біз тәлім
алған Карл университетін 1348 жылы Рим
империясының императоры
IV Карл ашқан
екен. Университеттің 17 факультетінде 37000
студент оқиды. Чехияда студенттер толығымен
мемлекет қамқорлығына алынған. Чех тілін
білсе болғаны, оқу, тамақ ішу тегін. Ол жақта
ағылшын, неміс, француз, итальян тілдерінде
еркін сөйлесуге болады, халқы соған үйренген.
Молынан тәжірибе жинақтадық, енді соны
студенттерімізге үйретіп жатырмыз.
Семей.
теріне жауапкершілікпен қарайды. Ата-
аналары балаларының жылы жерде ой-
нап, ұйықтап, білімдерін жетілдіретініне
дән риза. Орталықтың ақысы да 4500-
5000 теңге көлемінде. Сонымен бірге
тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың
балалары тегін тәрбиеленеді.
М е м л е к е т т і к « Б а л а п а н »
бағдарламасы балалардың мектеп
жасына дейінгі тәрбиемен толық
қамтылуын көздейді. Бұл орайда ау-
данда, оның ішінде Самар ауылында бұл
мәселе түбегейлі шешілген. Ауылда бір
балабақша және үш мектепте де шағын
орталық жұмыс істеп тұр.
Клара Нұрпейісова
Көкпекті ауданы.
семинар
Бұл – елімізде осы тақырыпта ұйымдас-
тырылған төртінші семинар. Мәдениет және
спорт министрлігі Тілдерді дамыту және
қоғамдық-саяси комитеті тіл саясатын талдау
және мониторинг басқармасының сарапшысы
Гауһар Маданованың айтуынша, отандық
ғалымдар «Қазақстандағы этникалық топтардың
тілдерін оқытудағы инновациялық тәсілдер»
атты оқу құралын жазып шығарыпты. Осы
әдістемені көпшілікке таныстыру мақсатында
еліміздің төрт өңірінде семинар-тренингтер
өткізілген.
Республикамыздың оңтүстік өңірлерін
қамтыған алғашқы басқосу Тараз қаласында
өтті. Оған жексенбілік мектептер мен этникалық
топтардың өкілдерін шақырдық. Одан кейін
батыс өңірінің өкілдері үшін Ақтөбе қаласында,
солтүстік аймақтардың тұрғындары үшін
Қостанай қаласында бас қостық. Мұндай оқу-
әдістемелік оқу құралы тіпті, әлемде бұрын-
соңды болып көрмеген десем, артық айтқандық
емес. Ғалымдарымыз мемлекеттік тілді заман
талабына сай оқыта отырып, этнос өкілдерінің өз
ана тілдерін оқып үйренуіне жағдай жасай келе,
қазақша -орысша -украинша, қазақша -түрікше-
әзірбайжанша оқу-әдістемелік құралдарын
әзірледі. Бұл – бастамасы. Басқа этникалық
топтарға арналған әдістемеліктер шығарыла
береді, – деді Гауһар Маданова.
Қазақстан халқы Ассамблеясының облыс-
тық хатшылығының меңгерушісі Еркінбек
Аязбаев этникалық тілдерді оқытудағы
Этникалық тілдерді оқыту әдістемелігі
жарық көрді
айна ескенқызы
Өскеменде Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-
саяси комитеті «Қазақстандағы этникалық топтардың тілдерін оқыту бойынша көптілді
инновациялық әдістемесін әзірлеу» жобасы бойынша аймақтық семинар өткізді. Оның
жұмысына облыстағы ұлттық бірлестіктердің жетекшілері, жексенбілік мектептердің
мұғалімдері қатысты.
проблемалардың бірі ретінде жексенбілік
мектептердің статусы анықталмағанын жеткізді.
Сонымен қатар, өзге ұлттардың тілдерін оқытатын
білікті кадрлардың жетіспеушілігі де білінеді.
Көптеген ұлттық бірлестіктерде ана тілдерін
ән-жырлар арқылы, өз ұлтының мәдениеті мен
салт-дәстүрлері арқылы үйрену қалыптасқан.
Кезінде мемлекеттік тілді арнайы білімі жоқ,
қазақша білетін кез келген адам оқыта бергені
жасырын емес. Бүгінгі таңда этникалық тілдерді
меңгеруде де, өкінішке орай, осы үрдіс орын
алып отыр. Сол себепті бүгінгі семинардың өзекті
әрі берері мол болғаны сөзсіз.
Басқосуда әдістеме авторларының бірі,
Павлодар инновациялық Еуразия универси-
тетінің профессоры Амангелді Бейсембаев
шеберлік сыныбын өткізді.
– Біздің республикамыз – көптеген
ұлыстардың басын қосқан іргелі мемлекет.
Алайда, көпшілігіміз толеранттық дегенді дұрыс
түсінбейміз. Барлық мерекелік шараларда әр
ұлттың өкілдері өз тілдерінде ән салады, салт-
дәстүрлерінен көрініс көрсетіп жатады. Алайда,
олар нағыз Отандарына айналған Қазақ-
станды әнге қосып, Қазақстанға алғыстарын
айтуы керек. Сонда ғана біз дұрыс ұлтаралық
сана-сезімді, толеранттық ұғымды қалыптас-
тырамыз. Қазіргі ғылым осылай дейді, – деген
профессор тілдің үштұғырлылығы жөніндегі
ойын да білдірді.
Ғалым тіл курстарының тыңдаушыларына
«Тілдің үштұғырлылығы» жобасында алдымен
мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін меңгеру,
одан кейін ұлтаралық қатынас құралы ретінде
орыс тілін үйрену жазылғанын бірден ескерту
керектігін айтады. Бұл – ғылыми принцип.
Ал үшінші тіл міндетті түрде ағылшын емес,
кез келген басқа тіл болуы да мүмкін. Тіл
үйірмелерін жүргізушілер тыңдаушыларды екі
сағаттың ішінде он сағатта айтылатын нәрселерге
үйретіп үлгерулері керек, дейді Амангелді Бей-
сембаев. Отандық ғалымдардың құрастырған
әдістемелері бұл тұрғыда баға жетпес көмекші
болары даусыз.