АдАмның кейбір кездері – көңілде АлАң бАсылсА...
керек кеңес
керек кеңес
Қазір мұндай дана қариялар табылар ма екен?!
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
Алқоңыр
ДИДАР
6
№143 (17080)
9 желтоқсан
АУ
ылдың
А
й
ТҚ
ы
ШТА
ры
Осыдан біраз жыл бұрын жолда-
сым Жұманбай: – Әй, оқымысты, жүр,
мәшінге отыр, сенің жастық шағың
өткен «Көкжайдақ» жайлауына ба-
рып қайтайық, – деді аяқастынан. Со-
дан «Қарымбай» кезеңін асқан соң-ақ,
барлық балалық шағым көз алдыма
елестеп, тізбектеліп өтіп жатты.
– Әй, Айғазы, осы екеуміз жайлаула-
тып, шешелеріміздің қасында қозы-лақты
қатар бағып, бірер жыл мектептен қол
үзгенде, сен қалай аяқастынан оқуға кетіп
қалдың? Соған себепкер кім болды? – деп
сұрады Жүкең бір кезде.
– Айтсам, өзің білесің, біз шешеміз
екеуміз жайлауда малдамыз. Күн ыстық.
Тамыз айы. Бір қора қозыны қораға
қамап, үйге кірсем, үй толы кісі. Төрде
кең иықты, кеуделі, сақал-мұрты аппақ
қудай, батыр тұлғалы ақсақал отыр екен.
Үлкен апам Әспент «үлкенге сәлем беріп
жүр» деп үйретіп қойған. Сол әдетпен
сәлем бердім. Ақсақал аңтарыла қарап,
сәлемімді алды да, қасындағы әкемнің
ағасы Қабидоллаға «бұл қай бала?»
дегендей иек көтерді. Оны ұға қойған
ағамыз: – Хамза, бұл – бағанағы сөз
қылған, оқытсам деген інімнің ұлы. Әкесі
хабарсыз, соғыстан оралмады, – деді.
– Баланың не өнері бар? – деді
әңгіме үстінде үлкен кісі. Шешем Шағи
әдеп сақтап: – Аздап домбыра тартып,
ән салатыны бар, – дегені. – О, онда ән
салғызайық, әперіңдер домбыраны, –
деді Хамза ақсақал. Мен үлкен кісінің
алдында қысыла бастадым. Дегенмен,
домбыраны қолыма алып, күйге келтіріп,
бұрыннан айтып жүрген халық әндерінің
бір-екеуін шырқадым. Ақсақал шай толы
кесені қолына ұстаған бойы бар ынта-
сымен шалқая қарап, беріле тыңдады.
Үйдегілер де үлкен кісі не дер екен де-
гендей үнсіз қапты. Ән аяқталған кезде
барып, Хамаң кеседен бір ұрттап, ал-
дына қойды да: – Әй, Қабидолла, мына
балаңды оқытайын, өнерге бейім екен.
Қой соңында қор болмасын, – деді.
Үйдегілер қуанып, рақметін жаудырып
жатыр. Мен не дерімді білмей, домбы-
раны төсекке сүйей салып, далаға атып
шықтым.
Күзде оқу жылы басталғанда, апам
Қиғаш ауылына апарып, сол атанікіне ор-
наластырды. Ал атамыздың жөні былай.
Хауқардың Хамзасы атанған бұл кісі –
Мәмбетқұл еліне белгілі, сыйлы адам. Өте
қарапайым, жоқ-жітікке қарайласатын,
ел ішінде беделді жан екен. 1920
жылдардың басында болыс болып, біраз
қудалау да көріпті. Ағасы Тәнекені «бай»
деп, Риддер қаласына жер аударыпты.
Жалғыз ұлы соғыста қаза тауыпты. Міне,
осындай ауыр күндерді бастан кешкен
ақсақал ара тұра құда-жекжат, ағайынды
аралап, бой сергітетін болса керек.
«Жақсыдан – шарапат» дегендей, менің
оқуыма жол ашып, үлкен себепкер болған
бұл атамыздың істеген жақсылығы – кімнің
болса да ойынан кетпейтін қайырымды
іс қой. Олай дейтінім, бәйбішесі Сәлима
апамыз екеуі бес жылдай менен бір тиын
ақы алмай, тегін оқытты ғой. Бұл дегенің
халқымыздың сол дәуірдегі бойына біткен
кең пейілді дарқандық мінезі ғой деймін.
Ал қазір ше, сондай дана қариялар табы-
лар ма екен?
– Әй, қайдам. Осыған мен де қазір
дүдамалмын. Түс, келдік, – деді Жұманбай
көлікті тоқтатып.
Мәуітқазы Зүкенов
Аяқ киімді қасықша-
мен киеді. Өкшесі мы-
жылған аяқ киімнің бір-
ден-ақ сыны кетіп, ұза-
май-ақ сөгіле бастайды.
Сол кезде қандай ша-
ралар қолданған жөн?
Жаңа аяқ киімнің
өкше қажайтын болса, аяққа тиген жерге балауыз жағады
не спиртпен ысқылайды.
Аяқ киімнің сыртқы терісін бір нәрсеге соғып жал-
быратып алсаңыз, әлгіні жұлып, лақтырып тастамаңыз.
Ептеп кесіп, қағазға бүктеп алыңыз. Үйге келісімен, БВ
желімімен орнына желімдей салып, үстінен тырнақ лагын
жақсаңыз, орны көрінбей кетеді.
Лакталған аяқ киімді өте ыстық немесе өте суықта
кимейді. Суықта лагы жарылады. Ал ыстықта еріп,
оңады. Лакталған аяқ киімге үнемі вазелин, глице-
рин, кастор майын жағу керек. 15-20 минуттан кейін
әлгі жұмсартқыштардың сіңбегенін сүртіп тастайды,
барқыт шүберекпен ысқылап, жылтыратады. Сондай-
ақ лакталған аяқ киімді кебіс не басқа бұйымдарды
жұмыртқаның ағымен, пиязбен сүртсеңіз, жылтырайты-
нын естен шығармаңыз.
Әзірлеген – Ажар Сағатбекова
Аяқ киімді қалай
күтуге болады?
скАнворд
Газетіміздің 2 желтоқсан, сейсенбі күнгі №140 (17077) санында жарияланған сканвордтың жауабы
Көлденеңінен: Риал. Акан. Ешкітал. Омарова. Анис.
Ер. Нелли. Индикатор. Риме. Ура. Ани. Исида. Су. АЗ. Сес.
Руа. Ада.
Тігінен: Фрау. Үме. Арамис. Диор. Есе. Они. ИС.
Плевен. Шалдуар. АК. Лир. Екі. Икаса. Ата. Нан. Та.
Лимонад. Риза.
Келіңдер, жын тарқады
Дәуірлеп тұрған кеңестік кезеңде «Жамбыл»
колхозының бастығы Шәкеннің мінезі қыңырлау,
шаруамен келгендерді уақытында қабылдамайтын
болса керек. Бірде бастықтың хатшысы: – Бастық
бүгін қабылдамайды, – деп келген шаруа адамда-
рын жолатпайды. Сонда келгендердің біреуі:
– Е, басекеңнің қояншығы ұстаған ғой десе,
екіншісі тұрып: – Ойбай, онда жыны тарқамай,
кіргізбейді десеңші, – депті. Әлгілердің әңгімесін
құлағы шалып қалған бастық:
– Әй, қулар, кіріңдер, жыным тарқады! – депті.
Сахнада сартқа мінеді
Белгілі боксшы Қанат Сіләм тұңғыш рет чемпи-
он болғанда, ерлігіне разы болған ұйғыр ұлтының
өкілдері сахнадан мойындарына мінгізіп түсіріпті.
Кейінірек әлгі ұйғырлардың бірі Боранбай де-
ген ағамызға кезігіп: «Ой, ақымақ қазақтар, сендер
Қанаттың да қадіріне жетпедіңдер, біз мойнымызға
көтеріп алдық» деп мақтанса керек, сонда Борекең
еш ойланбастан:
– Әй, аңғал сарттар-ай, сендер қазақты әлі
түсінбейді екенсіңдер ғой. Біздің қазақ сахарада
атқа мінеді, сахнада сартқа мінеді, – деп қарымта
қайтарыпты.
Туған жерге келіп,
аунап-қунап жатқан
Ақтангер ақын Абаш Кәкенов ағамыз мәшинемен
асығыс Тарбағатайға кетіп бара жатып, Ақжардың
бұрылмасына жеткенде, жолдан ұшып кетіпті. Жол-
шыбай кетіп бара жатқандар ақын ағамызды танып,
тоқтап, не болғанын сұраса:
– Е, туған жерге келіп, аунап-қунап жатқан ғой,
– депті жайбарақат.
Мұратхан Кенжеханұлы
Көлемі 3 баспа табақ.
Апталық таралым 41500.
Тапсырыс 143.
Редактор
Уәлихан ТоқпаТаев
Редактордың
орынбасары
азамат қаСЫМ
Қабылдау бөлмесі:
тел/факс: 75-96-19.
газеті
Жауапты хатшы
Бекәділ
СәдіБеков
Тел.: 75-29-23.
070003, Өскемен қаласы,
космос көшесі, 6/3,
www.didar-gazeti.kz;
е-mail: didar@media-vko.kz,
жарнама бөлімі: 22-41-95.
Бөлімдер:
қоғамдық-саяси – 75-37-74,
экономика – 75-36-52,
рухани мәселелер –
75-28-22, 75-28-65,
хабар – 75-36-52,
фототілші – 75-28-39.
Семей – 87051593521,
Күршім – 2-19-12,
Үржар – 3-41-13,
Тарбағатай – 87786889717.
Меншікті тілшілер:
Хаттар мен қолжазбалар қайтарыл-
майды. Жарияланған материал-
дардағы пікір редакциянікімен сәй-
кес келмеуі мүмкін. Редакция тап-
сырысымен жазылмаған матери-
алдар үшін қаламақы төленбейді.
белгісі қойылған материалдар
коммерциялық негізде жариялана-
ды. Материалдарды редакцияның
келісімінсіз көшіріп басуға тыйым
салынады.
Газет «Шығыс-Ақпарат»
ЖШС-нің баспаханасында
басылды.
Өскемен қаласы,
Бажов көшесі, 12.
Баспаханалық қызметтер:
75-44-78. 75-28-78.
Нөмірдің кезекшісі
Жанаргүл
МҰқаТаЙ
PR
Шығыс қазақстан облысы
әкімдігі ішкі саясат
басқармасының
«Шығыс-
ақпарат» ЖШС
«Дидар» газеті Қазақстан
Республикасының Мәдениет
және ақпарат министрлігінде
тіркеліп, 2012 жылғы 8-қарашада
№13142-Г куәлігі берілген.
«Дидар» газеті – Қазақстан Жур-
налистика академиясының Алтын
жұлдызының иегері.
Индекстер: 06001, 06002
Директор
Нұржан
қУаНТаЙҰлЫ
Қабылдау бөлмесі:
тел/факс: 75-15-38.
Директордың орынбасары
александр НИкИШИН
Тел.: 75-15-38.
«Шығыс-ақпарат»
жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
ТұсАУкесер
Төлқұжатты қалпына келтіру үшін тіркелген
жерге бару керек пе?
Қос балуанымыз Орынбордан олжалы оралды
–
Менің
1991
жылы
туған
ұлым
Рүстем
Шаяхметов
Алма-
ты қаласындағы Түрксіб ауданын-
да жұмыс істейді. Балам жуырда
төлқұжатын жоғалтып алып, құжатын
қалпына келтіру үшін Алматыдағы
халыққа қызмет көрсету орталығына
барғанда, оған орталық қызметкерлері
«Төлқұжатты берген елді мекенге
баруың керек», – депті. Ал Ақсуаттағы
қызмет көрсету орталығының маман-
дары маған: «Ұлыңызға төлқұжатын
сол Алматыда-ақ қалпына келтіруге
болады, бізге келуінің еш қажеті жоқ»,
– деп түсіндіріп отыр. Ұлым Ақсуат ау-
ылында тіркелген. Осында келуі үшін
жұмыстан шыға алмайды, басшылығы
рұқсат бермейді. Енді не істеуіміз ке-
рек?
Айгүл Махамбетова
Ақсуат ауылы,
Тарбағатай ауданы.
Бұл сұраққа облыстық ішкі істер де-
партаменті мемлекеттік тіл және ақпарат
басқармасының
басшысы
Бақытжан
Торғаев жауап береді:
– Ішкі істер министрлігі көші-қон
полициясы
департаментінің
нұсқауы
бойынша республика аумағында аза-
маттарды эксаумақтық ұстанымы бо-
йынша құжаттандыру жүргізілуде (яғни,
тек тұрақты тұратын жері бойынша ғана
құжаттандырылмайды). Осыған байла-
нысты, құжаттандырылғын тұрғындар де-
ректер базасында азамат Р.Шаяхметовтің
фотосуреті жоқ, тұлғасын жекелеп тану
мүмкіндігі болмады.
Графикалық
ақпараттар
деректер
базасына енгізу үшін 1-нысан өтінішін
жолдадық. Енгізілгеннен кейін азамат
Р.Шаяхметов жеке куәлік алуға өтініш
ресімдеу үшін Алматы қаласындағы кез
келген халыққа қызмет көрсету орталығына
жүгіне алады.
Әзірлеген – Ержан Әбіш
Орынбор қаласында өткен қазақ
күресінен Әлем чемпионатында ба-
луандарымыз Айбек Нұғымаров пен
Мұхит Тұрсынов жеңіс тұғырынан
көрінді. Төл спорт түрінен қарсылас
шақ келтірмеген Шығыстың қос
мықтысын төрткүл дүние жұрты
тағы бір мәрте мойындады.
Айта кету керек, биыл бесінші
рет ұйымдастырылған біріншілікке
Қазақстан мен Ресейден бөлек, Түркия,
Қытай, Үндістан, Франция, Австрия,
Венгрия, Германия, Греция сияқты
әлемнің жиырмадан астам елінен
бозкілем шеберлері қатысты.
Абсолюттік салмақ дәрежесінде
белдескен биылғы «Қазақстан Барысы»
һәм Әлем чемпионы Мұхит Тұрсынов
ақтық сында тәжік балуаны Комроншах
Усторипионмен күресіп, аталған спорт
түрінен кімнің мықты екенін дәлелдеді.
Финалға дейінгі белдесулерде Мұхит
неміс, қырғыз және армян балуандарын тізе бүктірген бо-
латын.
Мақтауға тұрарлық екінші жеңісті халықаралық
дәрежедегі спорт шебері Айбек Нұғымаров әперді. Аса
ауыр салмақта (+90) сынға түскен қасиетті Абай елінің ту-
масы барлық қарсыластарын шетінен ұтып, жанкүйерлер
мерейін тасытты. Осы жеңісінің арқасында Айбек қазақ
күресінен үш дүркін Әлем чемпионы атанды.
Шығыс-Ақпарат
сұрАңыз, жАУАп береміз
спорТ
бАспАсөз – 2015
« » газетіне
жазылу жүріп жатыр
Құрметті оқырмандар! «Дидар» газетіне 2015 жылдың
бірінші жартыжылдығына жазылу науқаны жүріп жатыр.
Газетті үйге дейін жеткізу қызметін пайдаланып, «Қазпошта»
бөлімдері арқылы жазылғысы келетін жеке жазылушыларға – қала
тұрғындары үшін – 2520 теңге (индексі – 19001); ауыл тұрғындары
үшін – 2760 теңге (индексі – 19002); пошта бөлімдеріне дейін
жеткізу бағасы – қала тұрғындары үшін – 1980 теңге (индексі –
19007); ауыл тұрғындары үшін – 1980 теңге (индексі – 19008).
Мекемелерге арналған бағалар:
● мекемеге дейін жеткізу – қала тұрғындары үшін – 4260 теңге
(индексі – 19003); ауыл тұрғындары үшін – 4500 теңге (индексі –
19004);
● пошта бөлімшесіне дейін – қала тұрғындары үшін – 3720 теңге
(индексі – 19009); ауыл тұрғындары үшін –4281,84 теңге (индексі
– 19010).
Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне жеңілдіктер қарас-
тырылған. «Дидар» газетінің толық комплектісіне жарты жылға жазы-
лу бағасы (үйге дейін жеткізу) – қала тұрғындары үшін – 1560 теңге
(индексі – 19005); ауыл тұрғындары үшін –1800 теңге (индексі –
19006);
● пошта бөлімшесіне дейін – қала тұрғындары үшін – 1020 теңге
(индексі – 19011); ауыл тұрғындары үшін –1050 теңге (индексі – 19012).
Сонымен қатар, «Дидарға» «Қазақпресс» мекемесі арқылы
да жазылуға болады.
Жеке жазылушылар үшін дүңгіршектерге дейін – 2172 теңге, ме-
кемелер үшін – 3600, соғыс және тыл ардагерлері үшін – 1020 теңге.
Газетке редакцияға келіп те жазылуға болады, бұл жоғарыда
көрсетілген бағалардан әлдеқайда арзанға түседі. Бірақ әр
жаңа нөмірді редакциядан өзіңіз келіп, алып кетіп отыратын
боласыз.
Жеке жазылушылар үшін – 1926 теңге, мекемелер үшін – 3480,
соғыс және тыл ардагерлеріне – 690 теңге.
2
Кеште
университеттің
филология
факультетінің
студенттері
А.Есімханова,
З.Тоқтарова,
Е.Мамырбекова
ақынның
«Сен сыңсытқан күйге егілем», «Терезем...»,
«Шарасыздыққа ет өліп» атты өлеңдерін
оқыса, А.Алтай мен Б.Жүнісова ақынның
сөзіне жазылған «Ай екеуміз» атты әнін
әуелетіп, көрерменнің ерекше ықыласына
бөленді. Сонымен қатар осы кеште оның
М.Лермонтов,
Байрон,
түрік
ақыны
А.Ертарғыновтың, тәжік ақыны Фарзонаның
шығармаларынан аударған «Айырылысқанға
өкінген» сынды өлеңдері оқылды. Ақынның
өлеңдерін сүйіп оқитын оқырман Жанер-
ке Тілекбергенқызының айтуынша, ол оның
барлық өлеңдерін жатқа біледі екен.
– Жанат Әскербекқызының адам жанын
бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек
елжіретер өлеңдері кеудеңді күйсандық са-
зындай күйге толтырып, ой-санаңды дауыл-
дай сапыратын сипатымен ерекшеленеді, –
дейді Жанерке Тілекбергенқызы.
Аталмыш кеште ақынның «Ай-тамғы»
атты жаңа жыр жинағының тұсаукесер рәсімі
өтті.
– Кітаптың атауына келер болсақ,
кішкентай күнімізден «тамғы» деген сөзді
естіп өскен едік. Қайыр, үміт, шарапат де-
ген ұғымды да беретін бұл сөздің астарында
үлкен мән жатыр. «Жақсыдан тамғы дәметер
көңіл бар» демей ме қазақ... Ал «Ай» ұғымы
мен үшін ерекше мәнге ие. Шынымды айтсам,
рухани ағам Светқали Нұржанның тарапынан
кітапты осылай қойсаңшы деген ұсыныс
түскенде, бірден ұнаттым, – деп ағынан
жарылды Жанат Әскербекқызы.
Осы кеште университеттің ғылыми
жұмыс және стратегиялық даму
жөніндегі проректоры Б.Ердембеков
ақынды
«С.Аманжолов
атындағы
Шығыс Қазақстан мемлекеттік уни-
верситетінің құрметті профессоры»
атағымен марапаттады.
Айтпақшы, бұл кеште бірнеше
халықаралық, республикалық жыр-
мүшәйраларының жүлдегері Қалқаман
Сарин өзінің «Шыңғыстай», «Өскемен»
сияқты туындыларын оқып, оқырмандардың
сауалдарына жауап берді.
Ажар Сағатбекова
«Қаңтардағы қызыл гүл»
1
Асанәлі айтады
Кезекті концерттік сапарға шыққан белгілі актер
Серке Қожамқұловтың тамаққа лықа толған жол
дорбасында тұз бен шайға дейін барын байқаған
Асанәлі Әшімов:
– Аға, дастарқан жабдығын дымын қалтырмай
алып жүресіз. Бұл қандай әдет? – депті.
– Әй, бала, тыңда, – дейді Серағаң. – Ол кезде
соғыс жүріп жатыр. Жағдай ауыр. Біз азығымызды
ала жүреміз. Концерттен соң артистер ауыл-
да бөлінген үйлерге барады. Біз бірде майдан-
да жұбайы қаза тапқан әйелдің үйіне бардық.
Қасымда күйші Әубәкір Смаилов. Әукең аздан
соң қаралы келіншектің көңілін аулайын деді ме,
өзімнің күйлерім деп «Адайды», «Сарырқаны»
сылқылдатып тарта бастады. Мен шыдай алмай:
– Врешь, подлец! Неге өтірікті соғып отырсың,
– деп тұра ұмтылдым. Ол сылқ-сылқ күлді. Әйел де
көңілденді білем:
– Бұл күйшіні менен болмаса да, Құрманғазының
аруағынан ұялмағаны үшін аш жатқызайын деп
едім, бірақ сіз үшін қазан көтерейін, – деп әйел ор-
нынан тұрды. Міне, Асан шырақ, бұл – сол ауыр
күндерден қалған әдет, – деп ұқтың ба дегендей
маған тесірейе қарады.
Мәуітқазы Зүкенов
Иір-қиыр «Ясинде» атаңның
басы бар ма?
Айтыскер ақын Бердіхан Абайұлы Ыбырай де-
ген құрдасымен бірге қайтыс болған бір кісінің
үйіне көңіл айтуға барыпты. Барған соң қасындағы
кісілердің ұсынысымен Ыбырай «Ясин» сүресін бас-
тап, ортасында бірнеше жерінен жаңылып қалып-
ты. Шай ішіліп болған соң, қайта құран бағыштаған-
да Ыбырай «Құлқуалла» сүресін мүдірмей оқып
шығыпты. Мұның бәрін аңғарып отырған Бекең бы-
лай шыққан соң құрдасына:
– Оқтай түзу «Құлқуалла» тұрғанда, иір-қиыр
«Ясинде» атаңның басы бар ма? – деген екен.
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да осындай атпен ақын, ғалым,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жерлесіміз Жанат Әскербекқызының
шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті.