0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
Қоғам
2
№143 (17080)
9 желтоқсан
ДИДАР
Бүгін сағат 11.00-де «Дидар» газетінің редакция-
сында Шығыс Қазақстан облыстық денешынықтыру
және спорт басқармасының басшысы
Әбіл Бекетұлы
Дөңбаевтың қатысуымен тікелей байланыс өткізіледі.
Өздеріңізді толғандырған мәселелер бойынша
(87232) 75-39-21 телефонына хабарласып, жауап
ала аласыздар.
Елбасы Жолдауына орай
Еңб
Ек
Мәслихатқа-20
Ж
ыл
д
ипло
ММЕ
н – ауылға
ардагЕр
ауыл
ӨнЕр
ауа райы
Патриоттық тәрбие
беруден жарысқа
түсті
«Жастарға патриоттық тәрбие беру» деген
тақырыпта мемлекеттік сатып алу тәсілі бойынша
облыстық байқау-конкурс жарияланған. Осы байқау-
ға қатысқан облыстық ардагерлер кеңесі бағасы үш
миллион теңге тұратын грантты иеленген еді.
Осыған сәйкес алғашқы іс-шара ретінде Риддер
қаласында облыстық ардагерлер кеңесінің жастарға патри-
оттық тәрбие беруге байланысты пленумы мен көшпелі се-
минары өткізілді. Онда көтеріліп отырған тақырыпқа бай-
ланысты Риддер қалалық ардагерлер кеңесінің атқарып
жатқан жұмыстары туралы сөз қозғалды.
Ал жуықта облыстық ардагерлер кеңесінің президи-
умы облыстық ішкі саясат басқармасы жариялаған іс-шара
шеңберінде мектептер, қоғамдық және кәсіптік мұражайлар
арасындағы байқау-конкурстың қорытындысын шығарды.
Үш номинация бойынша байқау-конкурстың жеңімпаздары
белгілі болды.
Өнеркәсіп кәсіпорындары тобында бірінші орынды
Риддер кен-байыту кешені, екінші және үшінші орындар-
ды, тиісінше, «Өскемен ТМК» АҚ мен Семей қаласындағы
«Энергетик» ардагерлер бастауыш ұйымдары еншіледі.
Жеңімпаздарға ақашалай сыйлықтар тапсырылды. Ал
ауылдық жерлердегі ардагерлер тобында Шемонай-
ха ауданындағы Усталовка, Глубокое ауданындағы Бе-
лоусовка кентінің, Көкпекті ауданындағы Преображен-
ка ауылының бастауыш ұйымдары жеңімпаздар атанды.
Қалалық жерлердегі ардагерлердің бастауыш ұйымдары
арасында, тиісінше, Семей мемлекеттік медициналық
университетінің, Риддер қаласындағы 4-ші ауданның және
«Өскемен қалалақ әкімдігі басқармасы» № 10-шы бөлімі
жеңімпаздар деп танылды. Сонымен қатар, жеті ардагерлер
бастауыш ұйымының жастарға патриоттық тәрбие берудегі
жұмыстары жақсы жағынан бағаланып, көтермелеу
сыйлықтарына ие болды.
Мұрат Әміренов
Өскемен.
Мақаншылықтар құдық
суын ішіп отыр
серік құсанбаев
Үржар ауданы, Мақаншы ауылында бүгінгі таңда
12 мың халық тұрып жатыр. Өкінішке қарай, кезінде
білдей бір ауданның орталығы болған елді мекенде
осы күнге дейін ауызсу мәселесі шешімін таппаған.
Өткен жылы Мақаншы ауылындағы төрт көше
жөнделген. Алайда, су құбырларын тарту барысында әлгі
көше жолдарының біраз жерлерін қайта бұзуға тура келген.
Сондықтан ауылдағы ауызсу мәселесі толық шешілгенше,
көше жолдарын жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылған.
– Халық әзірге өз аулаларынан қазып алған құдық суын
пайдаланып отыр – дейді аудан әкімі Серік Зайнулдин. –
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Мақаншыдағы ауыз-
су мәселесіне қатысты жобаны жүзеге асыру үшін аудан
бюджетінен 15 миллион теңге қаражат бөлініп, жобалық-
сметалық құжат дайындалды. Жалпы, Мақаншыдағы
12 мың халықты 2015-2016 жылдары ауызсумен толық
қамтамасыз етуге жоспарланған республикалық жобаның
құны – үш миллиард теңге. Ауызсу мәселесі толық шешімін
тапқан соң, ауылдың барлық көшелері кезегімен жөнге
келтірілетін болады.
Ауыл тұрғыны көрме
ұйымдастырды
серік әбілқасымұлы
Белағаш өңірінде жеті бірдей қылқалам шебері
шығармашылықпен айналысады. Олардың қайсыбірі
әрісі ТМД-ға, берісі республика жұртшылығына таны-
мал болса, енді бірін өз ауылдастарынан өзге ешкім де
білмейді.
Осындай тасада жүрген талантты жандарды өңір хал-
қына үлгі етіп ұсынуда жергілікті ауыл, кент әкімдері зор
еңбек сіңіріп келеді. Дмитриевка ауылдық округінің әкімі
Жарқын Оразғалиұлы үнемі осындай мәдени іс-шаралар-
дың басы-қасында жүреді. Бұған дейін өзі басқарған ауыл-
да түрлі кәсіп иелерінен «Құрдастар» атты вокалды-аспапты
ансамблін құрып, қазақ әндерін өзге ұлт өкілдері арасын-
да насихаттап, өңір жұртын бір серпілткен еді. Енді міне,
жергілікті суретшінің жеке көрмесін ұйымдастырып отыр.
Бородулиха ауданындағы Шұңқыращы (Дмитри-
евка) ауылының тұрғындарының бірі Любовь Кири-
ченко зейнеткерлікке шыққаннан кейін, өзінің сүйікті ісі
шығармашылықпен айналысуды қолға алған. Мектеп
қабырғасында жүрген кезінде-ақ табиғат суреттерін салу-
ды ұнататын шебердің туындыларына қарайсың да, өз ауы-
лымызда, күнделікті жанымызда осындай ерекше дарынды
адам жүр екен-ау деп таңдай қағасың.
Ауылдық клубта ұйымдастырылған сурет көрмесінде
жергілікті суретшінің 23 көркем суреті ұсынылды. Көрмені
ауыл тұрғындары қызыға тамашалауда.
Бородулиха ауданы.
Минус 35 градусқа
дейін аяз болады
Еліміздің бес облысында күн күрт суытып, ауа
температурасы минус 35 градусқа дейін төмендейді,
деп ақпарат таратуда ІІМ-нің төтенше жағдайлар
комитеті. Саршұнақ аяз қаһарына мінетін өңірлердің
ішінде Шығыс Қазақстан да бар.
Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің басым
аумағында құбылмалы ауа райы біразға дейін сақталмақ.
Республиканың оңтүстік-шығысында қалың қар жауып,
ішінара тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Қатты
боран соғады деген болжамдар бар. Өңірімізде желдің
жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
9-желтоқсан күні облысымыздың кейбір аудандарын-
да ауаның температурасы минус 30-35 градусқа дейін
төмендейді. Осындай табиғи жағдайларға байланысты жа-
уапты орындар адамдарға алыс жолға шыққанда сақ болу
қажеттігін ескертеді.
Шығыс-Ақпарат
(Соңы. Басы 1-бетте)
Бұрынғыдай қонаққа бара алмай,
өмірден өткен таныс-туысқа топырақ
сала алмай, мұрыннан шаншылып
жүретін тығыз-таяң тірлігім жеңілдеп,
қолымның ұзарып қалғаны рас. Аса
бір күрделі жағдайлар болмаса, жеңіл-
желпі операцияларды Қанат пен тағы
бір жас хирург Жұмашев Әлішер өздері
жасай береді.
Қанаттың
зайыбы
Әйгерім
Нұрланқызы – Семейдің тумасы, тера-
певт дәрігер. Екеуі қол ұстасып келіп,
мұндағы қауымға тез сіңісіп кетті. Жас
мамандар жұбының бір жарым жастағы
ұлдарын арнайы жалдаған тәрбиешіге
тапсырып, қызығы да, қиындығы да
мол дәрігер еңбегіне білек сыбана
кіріскен жайлары бар.
– Семейде «осында қал» деп
шақырған ұстаздарым да, тәлім берген
тәжірибелі хирургтер де болды, – дейді
Қанат. – Бірақ менің ойым ауылға келіп,
үнемі маман дәрігер жетіспей жата-
тын аудандық ауруханада еңбектену,
сөйтіп, тынымсыз жүгірумен жүретін
әкеме қолғабыс жасау болды. Ал қазір
осы шешімге келгеніме өкінбеймін.
Мұндағы ұжым бізді жақсы қабылдады
әрі өзіміз көп жыл оқып, меңгерген
мамандығымыздың
ауылдастары-
мызға пайдасын тигізіп жатқанын
көріп-сезінудің өзі адамға ынта, күш-
жігер береді екен...
Елбасының өзі бастамашы болып,
жолға қойған «Дипломмен – ауылға»
бағдарламасының Күршімдегі жарқын
бір мысалы осындай. Білімді жастары-
мыз көп болып, туған жерге оралып
жатса, сөйтіп, өздерінің түлеп ұшқан
ұяларына қолдан келгенше пайда әкеле
берсе – нұр үстіне нұр болары анық.
Күршім ауданы.
Аудандық аурухана тАғы бір жас
маманмен толықты
АстАнА – Өскемен күре жолы кеңейіп келеді
(Соңы. Басы 1-бетте)
«Орталық-Шығыс» ірі жобасы бойын-
ша елордадан Алтайға дейін салынатын за-
манауи төрт жолақты даңғыл жол-автобан
Астана–Павлодар–Семей–Қалбатау–Өске-
мен бағытында өтіп, Шығысты Астанамен,
солтүстік, батыс өңірлермен жалғастырып,
нарыққа да, халыққа да аса қолайлы жағдай
тудырмақ, транзит көлемін арттырмақ.
Өскемендегі «Қазақавтожол» АҚ облыстық
филиалы басшыларымен хабарласқан біз екі
қаланың ортасындағы мыңдаған шақырым
қиыр-шиыр ескі жолдың машақатынан ары-
лып, таңдай қаға айтатын шетелдікіндей
тақтайдай тегіс жолдармен жүйткитін күн
алыс емес екенін ұқтық.
«Қазақавтожол» АҚ облыстық фи-
лиалы басшысының орынбасары Бақыт
Қалымовтың айтуынша, шығыстық жол-
шылар қазіргі күні Астана – Өскемен
бағытындағы
автожолдың
Павлодар
облысының шекарасынан Семейге дейінгі
бөлігінің 50 шақырымнан астамын салып
аяқтап қалған. Осы екі аралықта салынуы
тиіс республикалық автожол бөлігінің жал-
пы ұзындығы 146 шақырымды құрайды.
Қалған 89 шақырымның жобасы жасалы-
нып жатыр, кесте бойынша келесі жылы
аяқталуы тиіс.
Мемлекет басшысы Жолдауда әр өңірде
салынатын жол құрылыстары есебінен
жаңадан 200 мың жұмыс орны ашылып, ол
жерлерде қаншама қазақстандықтардың
еңбек ететінін, жұмыс тауып, жалақы алаты-
нын, салынатын барлық инфрақұрылымдар
осындай жаңа жұмыс орындарын ашуға
қосымша мүмкіндік беретінін де атап айтқан
болатын. Бүгінде Астана – Өскемен негізгі
автожолының бұл бөлігін Семей қаласының
мердігерлері салып жатыр.
Қалбатауды басып өтетін Астана –
Өскемен басты автокөлік жолының Семей-
ден осы Қалбатау ауылына дейінгі қашық-
тығы 157 шақырым болса, осы уақытқа де-
йін оның да 112 шақырымы салынып біткен.
Құрылысы 2010 жылы басталған жолдың
42 шақырымы 2012 жылы салынып, мемле-
кет қарамағына өткізіліп те қойыпты. Ендігі
қалып отырғаны – 45 шақырым.
Ал күре жолдың Қалбатаудан Өскеменге
дейінгі 102 шақырымының құрылысы жаңа
жылдан бастап жүргізілмек, қазір жол
бөлігінің жобалық-сметалық құжаттары жа-
салып жатыр.
Астана – Павлодар – Семей– Қалбатау–
Өскемен негізгі автобаны 2018 жылға дейін
салынып бітпек.
– Елбасы өзінің Жолдауында респуб-
лика өңірлерінде осы автожолды, өзге де
облыстардағы автожолдарды тезірек салып
бітіру қажеттігін, олардың ел экономикасы
үшін, халқымыз үшін күретамыр сынды үлкен
қызмет атқаратынын атап айтты. Алдағы
уақытта осы жолдарға республикалық бюд-
жеттен қажетті мөлшерде қаржы бөлініп,
жұмыс қарқын алады деген ойдамыз, – дейді
«Қазақавтожол» АҚ облыстық филиалы
басшысының орынбасары Бақыт Қалымов.
агроби
Зн
Ес
-2020
төр Алтайда қАрбАлАсқА толы шақ
(Соңы. Басы 1-бетте)
– Мына құнажындардың әрқайсысы-
ның орташа құны – 380 мың теңге. Алды-
мен алатын малды тауып, бағасына келістік.
Бұл асыл тұқымды малыңыздың бабы
қандай қиын және мұнша қыруар қаржы
тұрады деп кім ойлаған. Әуелі сатушы мен
сатып алушы арасында екіжақты келісім
жасалды. Бұл уақытта банктің адамдары
малды көріп, жай-күйлерін жан-жақты
тексеріп барып қаржыландыруға шешім
қабылдайды екен де, осыдан кейін сатыл-
ған малды 30-40 күнге сатушы жағында
карантинге қояды. Карантин барысын-
да малдың қанын тексеру, егу, күту деген
секілді тиісті шаралар қарастырылыпты.
Карантин уақыты біткен соң, біз тіркемесі
бар үш «КамАЗ» автокөлігімен барып,
Күршім ауданынан алып келдік. Мұнда
келген малды тағы да 30 күнге карантинге
қойды. Сөйтіп, тағы да қан тексеріп, егіп,
күтіп-баптап дегендей... Сонымен қойшы,
осындай бабы қиын, өздері ерекше күтімді
қажет ететін «малдың» табаны өткен жылы
19 қараша күні осы жерге тиді-ау, әйтеуір.
Жас мал қай жерге болмасын тез жерсініп
кетеді екен. Өздері суыққа да көп сыр ал-
дырмайды. Былтыр екі бақташы әбден қар
түсіп, күн суығанға дейін өріске шығарып
баққан болатын. Биыл да солай, әлі дала-
да жайылып жүр. Кешкілік шөбін, сүрлемін
салып қояды, – дейді мал иесі.
«Атамекен»
шаруа
қожалығының
негізгі бағыты ет өнімдерін даярлау
болғандықтан, қазақтың ақбас сиырының
тұқымын көбейтуді қолға алған. Жалпы та-
лап бойынша етке өткізілетін малдың тірі
салмағы 360, ал таза еті 220 келіден кем
болмауы керек. Бақташылардың айтуын-
ша, кез келген еркек мал бір жарым, екі
жылда талапқа сай салмақ қосады. Осы
уақытқа дейін павлодарлық «Рубиком» ет
комбинатын етпен қамтамасыз етіп кел-
ген қожалықтың иелігіндегі мал сою цехы
да бүгінде толық қуатында жұмыс істеп
тұр. Ендігі мәселе – қолдағы мал басын
көбейтіп, ет өнімдерін үздіксіз өндіру.
суару арықпен емес,
агрегатпен жүргізілмек
Ауданда ауыл шаруашылығын дамыту
бағытында атқарылып жатқан маңызды
шаруалардың бірі – суармалы жерлерді
баптап, ел игілігіне жарату. Бұл бағытта
Новоберезовка ауылдық округіне қарасты
«Найман» шаруа қожалығының көтеріп
жүрген бастамалары мен болашақ жоспар-
лары көңілге қонымды. Қожалықтың иесі
Жиынбол Старшинаевтың жекеменшігінде
360 гектар жері бар. Жыл сайын осы
жердің 50 пайызына күнбағыс, 30 пайы-
зына бидай, 10 пайызына сұлы, ал қалған
жерлерге қарабидай мен қарақұмық
егетін кәсіпкер биылғы астық науқанында
бір ғана бидайдан 300 тоннаға жуық өнім
алып, Хайрузовка наубайханасына 50,
Өскемен наубайханаларына 150 тоннадай
бидай өткізіпті. Өзге де өнім түрлерінің
жалпы түсімі жаман емес.
Кеңес заманында Мәскеудің ауыл ша-
руашылығы мамандарын даярлайтын ин-
ститутынан білім алып, бір кезде «Ленин»
колхозында бас агроном, бас мелиоратор
болып ұзақ жыл қызмет еткен Жиынбол
ақсақал бүгінгі нарық заманында өмір
бойғы жиған тәжірибесінің жемісін көріп
отырған жан.
– КСРО-ның кезінде Нарын өңіріндегі
суарылатын жерлердің барлығына суар-
малы каналдар салынған. Заманында осы
құрылғылардың барлығы өз қолымнан
өтті. Қазір олардың бірі де қалған жоқ.
Ескіргені ескіріп, істен шыққаны істен
шықты. Ақыры қалған-құтқан бөлшектері
мен темір-терсектері тістегеннің аузын-
да, ұстағанның қолында кетті. Енді қалай
болмақ? Бір ғана Новоберезовка ауылдық
округі бойынша 600 гектар суармалы
жерді пайдалануға болады. Осы уақытқа
дейін бұл жерлер қараусыз, күтімсіз,
яғни, суарылмай келді. Күтім көрмеген
жерден ойдағыдай өнім күтудің өзі күл-
кілі. Ал іргемізде иен-тегін Нарын өзені
ағып жатыр, – деп қынжылады қарт агро-
ном.
Кәсіпкердің айтуынша, бұл суармалы
жерлерді пайдалану тек фрегаттардың
күшімен жүзеге асырылмақ. Қазіргі жастар
ескі әдіспен резеңке етік киіп, қолдарына
күрек алып, арық қазбайтыны о бастан
белгілі. Осы орайда тәжірибелі мелиора-
тор жақында ғана ауыл шаруашылығын
дамытуға байланысты өткен облыстық жи-
ында аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВ-
ТЫҢ «Біздің ауыл шаруашылығымыз
дүниежүзілік тәсілмен жұмыс істеуі тиіс.
Сонда ғана тығырықтан шығамыз. Ол үшін
бізге 100 гектар жерге америкалық суар-
малы агрегатты пайдалану керек. Ол бір
айналғанда бірден 50 гектар жерді суара
алады», – деген тың ұсынысын тіліне тиек
етіп, өзі де бизнес-жоспарына сай АҚШ
фрегаттарын пайдаланатындығын айтты.
Жоғарыда аталған фрегаттарды пай-
далану үшін бір кездері жекеменшікке өтіп
кеткен жерлердің барлығын әуелі Үкіметке
қайтару керек екен. Осыған байланысты
аудан басшысы Қалихан Байғонысов ауыл
округі басшылары мен Ж.Старшинаевқа
ел арасында орын алып отырған жайт-
ты түсіндіру мақсатында жұмыс жүргізуді
тапсырыпты. Қазірдің өзінде жекеменшік
иелігіндегі 130 гектар жердің иелері
келісімін беріп отыр. Бірақ бұл жеткіліксіз,
көздеген мақсат – жер көлемін жоқ деген-
де 400 гектарға жеткізу.
– Егер осы жердің тым құрығанда 100
гектарына жоңышқа егетін болсақ, мал
бордақылау мәселесі шешімін табады,
– дейді көпті көрген Жиынбол ақсақал. –
Жоңышқаның «Көкше» деген тұқымы бар.
Мен бір жылдары сол тұқымды Оңтүстік
Қазақстан облысының Түлкібас ауданынан
әкеліп, 100 гектар жерден бір жазда бес
мың центнер өнім алдым. Бұл көпжылдық
шөпті бір жазда екі-үш мәрте шабуға бола-
ды. Сосын үш-төрт жылға дейін жер жыр-
ту, егу жұмыстары жүргізілмейді. Оған
ешқандай
минералды
тыңайтқыштың
керегі жоқ. Азотты ауадан алып, жер астын-
да жатып-ақ түйіншек тастап өсе береді.
Осы мәселені жүзеге асыруда басшылық
тарапынан қолдау күтеміз.
Кеше ғана жайқалған алтын дәні мен
мал азығын төкпей-шашпай жинап алған
Төр Алтайдың шаруалары қазір қарбалас
шақты бастан өткізіп жатыр, қол қусырып
отырған ешкім жоқ.
Катонқарағай ауданы.
«Туған жерге – тағзым» акциясының ая-
сында Құнанбай қажы атындағы мешіттің
жылу жүйесін және ішін өз қаражатыммен
жөндеп бердім. Абай атындағы орта
мектептің өзім оқыған сынып бөлмесін
жөндедім. Әнет баба қорына ақшалай көмек
көрсеттім. Бір миллион екі жүз мың теңгенің
демеушілігін жасадым.
Президент сайлауына белсене қатыс-
қаным үшін Елбасының алғыс хатымен ма-
туған жерді кӨркейтуді парыз санаймын
Мен 1993 жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысып, құрылыс, жөндеу
жұмыстарын жүргізіп келемін. Аудан көлемінде мемлекеттен бөлінген қаржыны
игеріп, мектеп ғимараттарын шатырлау, жылу қазандықтарын жөндеу шаруала-
рын атқардым. Аудандық емхананың, ішкі істер бөлімінің, салық басқармасының,
прокуратураның, аудандық әкімшіліктің ғимараттарында, басқа да көптеген құрылыс
нысандарында қолтаңбам бар. Бұл – әрине, жанымда бірге жұмыс істеп жүрген
азаматтардың да еңбегі.
рапатталдым. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20
жылдығына орай, ел экономикасына қосқан
үлесім бағаланып, мерекелік медальмен
марапатталдым. 2012 жылы бизнестің
әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз»
республикалық байқауына қатысқаным
үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің дипломымен марапатталдым.
Әр жылдағы еңбектерім аудан әкімдерінің
тарапынан алғыс хаттармен бағаланды. «Нұр
Отан» партиясының мүшесімін.
Екі шақырылым қатарынан аудандық
мәслихаттың депутаты болдым. Би ата ауы-
лына баратын жолдағы зират қоршауына
қаражат
бөлдіруге,
Баян
Байғожина,
Қ.Мұхаметханов көшелерінің, жолдарын
жөндеуге, жарықтандыруға қаражат бөлуге
ықпал еттім. Ауылға кіреберісті, Әйгерім
көшесін жарықтандыруға, Кеңгірбай би ес-
керткішінің қойылуына мұрындық болдым.
Сайлаушылармен жиі кездесіп, олардың
мәселелерін шешуге үнемі назар аударып
келемін.
Ардақ Белібаев,
Абай аудандық мәслихатының депутаты
Солардың бірі – қолөнер шебері Риза
Тұрдыхан. Ол 1979 жылы Қытайда дүниеге
келіпті. Бес жасар ұлы бар Риза өз отбасымен
Зайсанда тұрып жатыр. Күйеуі жұмыссыз
екен.
II топтағы мүгедек Риза тапсырыс бойын-
ша түрлі-түрлі киімдер тігіп, оны сатумен ай-
налысады. Жуықта ғана Сәбиолда Мәкейдің
көмегімен құрылыс мекемелеріне 350
қолғап өткізіпті. Бір қолғаптың бағасы – 300
теңге. Мүгедектер үйіне кіріп, қолөнермен
шұғылданып, табыс тауып жүргеніне екі
жылдай уақыт болды. Ол 1995 жылы
Қытайдың Санджи қаласында тігін оқуын
оқып, тігінші мамандығын алып шыққан
екен. Қазірдің өзінде үнемі білімін жетілдіріп
отырады. Жұмыс үстелінде тігіншіге ақыл-
кеңес беретін бірнеше журналдар, кітаптар
жатыр. Білмеген тұстарын кітап-журналдан
қарап алады.
– Шешем тігін тігіп, сырмақ сыратын.
Қолөнерді анамнан үйрендім. Кестені
кішкентай кезімнен тіге бастадым. Жалпы,
өзіме қазақы стильде киім тіккен ұнайды, –
дейді Риза Тұрдыхан.
Риза киім тігіп қана қоймайды, соны-
мен қатар қолөнер шеберлерінің аудандық,
облыстық көрмелеріне қатысады. Былтыр
Өскеменде өткен облыстық көрмеде екінші
орын алып, бағалы сыйлыққа ие болып-
ты. Көрмеге қатысуына көмек көрсеткен
Сәбиолда Мәкейге ризашылығын білдірді.
Тапсырыс жинап, тіккен бұйымдарын сатып
беретін де сол кісі екен.
– Мүгедектер қоғамда өздерін еркін
сезінсін, кәсіптерін қолға алсын деген ой-
мен қоғам құрдық. Мұнда 18 жастан асқан
адамдар уақыттарын өткізеді. Мүгедектер
жыл сайын әртүрлі жерлерге барып, дема-
лып қайтады, – дейді Зайсан аудандық ерікті
мүгедектер қоғамының төрағасы Сәбиолда
Мәкей.
Аталмыш қоғамға тиесілі төрт бөлмелі
ғимаратта мүгедек жандар өздеріне ұнай-
тын, тиімді іспен шұғылданады. Оқушылар
санауды, жазу жазуды үйреніседі. Жаз ай-
ларында шетке шығып, тынығып қайтады.
Биылдың өзінде 20 бала «Үржар айым»
сауықтыру кешеніне үш рет барып демалған
көрінеді. Мүгедектер мұндай қоғамның
барына риза. Жалпы мүгедек балалар мен
он сегіз жастан асқандарға, тірек-қимылы
бұзылған адамдарға, 1-2 топ мүгедектеріне,
қартаюына байланысты өз-өздеріне қарау-
ға мүмкіндігі жоқ адамдарға арнайы
әлеуметтік қызметтер көрсетіліп тұрады.
Зайсан ауданы.
тапсырыспен киіМ тігіП жүр
Мерей қайнарұлы
Зайсан ауданындағы ерікті мүгедектер қоғамы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп
келеді. Сәбиолда Мәкейдің бастамасымен ашылған бұл мекемеде жиырма шақты
мүгедек жан өз уақыттарын өткізеді.