Дипломдық жобаға ТҮсiнiктемелiк жазба 5В090700 «Кадастр» Орал 2020



жүктеу 1,41 Mb.
бет16/17
Дата11.01.2022
өлшемі1,41 Mb.
#32275
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
ДИПЛОМ Нұржанова (1)

Қорытынды
Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік рыногының, оның ішінде тұрғын үй рыногының қалыптасуы мен дамуын зерттеу нәтижесесінде келесідей қорытынды жасауға болады:

Қазақстан Республикасында бүгінгі күні тұрғын үйдің қол жетімділігін қамтамасыз ету саласындағы саясат актуалды болып табылады. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Халыққа жолдауында айтылған: Үкіметтің және сәйкес министрліктердің алдында елде жылжымайтын мүлік рыногының ашықтығын, бәсекелілігін, нақтылығын құру бойынша маңызды міндеттер тұр.

Экономиканың нақты секторынның, нақты айтқанда тұрғын үй құрылыс саласына жанама қаржыландыру жүргізіледі. Мемлекттің қатысуынсыз-ақ тұрғын үй қорының қайта құрылуы, тұрғын үй рыногында инфрақұрылымның дамуы шешіледі. Тұрғын үй рыногының дамуы елдің экономикасының дамуының факторы болып табылады.

Еліміздегі тұрғын үй мәселесін құрылыс саласының тиімді дамуымен байланыстыруға болады. Тұрғындар санының дамуы, жаңа жаңа жанұялардың құралуы, халықтың неғұрлым қолайлы тұрғын үй шарттарына ұмтылуы тұрғын үй санының көптеп салыну қажеттілігін туғызады. Құрылыс саласын серпінді дамыту үшін жағдайлар жасау және халықтың қалың қауымы, бірінші кезекте - әлеуметтік қорғалатын жіктері үшін тұрғын үй құрылысы қарқынын арттыру керек.

Жылжымайтын мүлікті бағалау процесі нарықтық құнды анықтау барысындағы әрекеттердің кезектілігінен тұрады. Бағалаудың нәтижесі болып табылатын нарықтық құн – жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау кезінде қолданылатын негізгі құн түрлерінің бірі болып табылады.

Берілген дипломдық жоба тақырыбы –Ақтау қаласындағы тұрғын үйді салыстырмалы бағалау арқылы жылжымайтын мүліктің ықтимал құнын анықтау. Бағалау мақсатына сәйкес берілген бағалау жұмысы үш бөлімге бөлінді. Бірінші бөлімде жылжымайтын мүлікті бағалаудың теориялық негіздері көрсетіліп, бағалаудың принциптері мен тәсілдерінің ерекшеліктері белгіленді. Бағалау мақсатына сәйкес анықталатын құнның түрі де әртүрлі болады. Бұл жағдайда жылжымайтын мүлік нысандары үшін нарықтық құн анықталды. Жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын анықтауда бағалаудың құқықтық базасы қажетті көрсеткіштердің бірі болып табылады. Құқықтық базада бағалаудың стандарттары мен принциптері, бағалау туралы заңдардың міндеттері мен құқықтары белгіленіп, көрсетілді. Бұл көрсеткіштердің барлығы да бағалаудың бірінші бөлімінде қарастырылды және бұл мәліметтер бағалаудың екінші бөлімінің алғышарттары болып табылады. Бағалау жұмысының екінші бөлімінде Ақтау қаласында орналасқан жылжымайтын мүлік объектілері – екі тұрғын үйлерге сипаттама берілді. Біріншіден, бағалаудың нысаны, мақсаты және мерзімі анықталды. Екіншіден, жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан орны мен жер учаскесіне сипаттама жасалды.

Жылжымайтын жеке тұрғын нысаны үшін бағалаудың мақсаты - тапсырыс берушінің тапсырысына сәйкес бағалау нысанының меншік құқығының нарықтық құнын анықтау болып табылады.

Бағалаудың негізгі мақсаты – жылжымайтын мүлік нысанының ықтимал құнын экономикалық, техникалық және басқа да көрсеткіштер негізінде анықтау.

Жылжымайтын мүлікті бағалау жұмысының үшінші бөлімінде жылжымайтын екі мүлік нысаны үшін нарықтық құн бағалау тәсілдерін қолдану арқылы анықталды. Бағалаудың негізгі көрсеткіштеріне анықталатын құнның түрі, нысанды бағалау мерзімі, бағалау кезіндегі ҚР Ұлттық банкінің курсы және нысанның физикалық және өзіндік көрсеткіштері жатады. Сонымен қатар бағалау нысаны орналасқан ауданның даму екпіні мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарымен қамтылу дәрежесі де қажетті көрсеткіш болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген бағалау қағидаларына сәйкес бағалау нысаны болып табылатын жеке тұрғын үйдің нарықтық құнын анықтау есептемесі жасалды. Жылжымайтын мүлік нысаныныңнарықтық (салыстырмалы) тәсілмен анықталған нарықтық құны бағалау нысаны үшін – Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 12 шағын ауданында орналасқан үйге жеке меншік құқығы бар жылжымайтын мүлік нысаны толығымен сипатталды. Бағалау нысанының жалпы ауданы – 200 ш.м. құрайды. Жылжымайтын мүлікті бағалау 06 ақпан 2016 жылы жүргізілді. Бағалау нәтижесінде тұрғын үйдің нарықтық құны 62 597 600 тенгені құрап отыр, салыстыру мақсатында қаланың екінші ауданынан алынған жеке тұрғын үйдің нарықтықтағы құнынан 4 923 984 тенгеге қымбат екенін анықтап отырмыз. Бұл жағдай келесі себептермен түсіндіріледі:

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 12 шағын ауданын мекен – жайы бойынша орналасқан жер учаскесіне жеке меншік құқығы бар жылжымайтын мүлік нысаны


  • қаланың жаңа аумағында орналасқан;

  • қоғамдық көліктердің қатынасу дәрежесі жоғары;

  • жылжымайтын мүлік нысаны орналасқан аудан әлеуметтік – инфрақұрылым жүйелерімен жақсы қамтылған.

Сондықтан да сатып алушылар және басқа тұтынушылар тарапынан бұл жылжымайтын тұрғын объектісі жоғары сұранысқа ие және анықталған бағасы ықтимал нарықтық құн болып табылады.

Берілген дипломдық жоба мақсатының негізінде жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын анықтау барысындағы әрекеттердің кезектілігі бағалау процесінде көрініс тапты. Бағалау мақсатын анықтау және бекіту анықталған міндеттерге сәйкес жүргізіліп, бағаланатын жылжымайтын мүлік нысаны толығымен сипатталды. Жылжымайтын мүлікті бағалау барысында бағалаудың заңдық стандарттары мен жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес ықтимал нарықтық құн анықталды.




жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау