2.2 Әлеуметтік жағдайы
2009 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 3301 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 2008 жылғы 1 наурыздағы 1,2% орнына 1,0% құрады.
Бағдарлама бойынша 2009 жылы 5866 жұмыс орнын құру көзделген. 2009 жылдың қаңтар-ақпанында 1120 жұмыс орындары құрылды, соның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша: өнеркәсіпте – 167, ауыл шаруашылығында – 84, құрылыс пен коммуналдық шаруашылықта – 219, саудада – 130, көлік пен байланыста – 63, білім беру мен денсаулық сақтауда –257, экономиканың басқа салаларында – 64, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 136. Құрылған жұмыс орындарының саны 2008 жылғы қаңтар-ақпаннан 6,9% қөп. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 645 (57,6%) – ауылдық жерде [15].
2131 адам жұмысқа орналасты, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 1691 адам (2009 жылға Бағдарламада қарастырылғаннан 21,7%), шағын бизнесте – 440 адам. Жұмысқа орналасқандар саны 2008 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 33,1% көп.
Өндірісте кадрларды одан әрі тұрақтандыру мақсатында нысаналы топтардан жұмыссыздар үшін 256 әлеуметтік жұмыс орны құрылды, Бағдарлама бойынша 1078 қарастырылған.
Халықтың жұмыспен уақытша қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында ақылы қоғамдық жұмыстарға 1905 адам жіберілді (2009 жылы Бағдарламада қарастырылғанның 27,4%)
Әл ауқаты төмен отбасылардың саны 2010 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 3078 отбасыларын құрады және 20015 жылдың 1 наурызымен салыстырғанда 406 отбасыға азайды.
2015 жылғы қаңтарда жұмыс істейтін бір адамның орташа айлық еңбекақысы 79582 теңге құрады, ол 2010 жылдың қаңтар деңгейінен 22% көп.
Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау (2010 жылдың қорытындылары) Маңғыстау облысының халқын жұмыспен қамтудың 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы жүзеге асырылуда (әрі қарай – Бағдарлама) [16].
2009 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 3012 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 2008 жылғы 1 қаңтардағы 1,0% орнына 0,9% құрады.
Бағдарлама бойынша 2008 жылы 5719 жұмыс орнын құру көзделген. 2008 жылы 10758 жұмыс орындары құрылды, соның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша: өнеркәсіпте – 717, ауыл шаруашылығында – 1305, құрылыс пен коммуналдық шаруашылықта – 2543, саудада – 992, көлік пен байланыста – 435, білім беру мен денсаулық сақтауда –1223, экономиканың басқа салаларында – 1828, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 1715. Құрылған жұмыс орындарының саны 2007 жылғы деңгейден 2,0% аз. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 5763 (53,6%) – ауылдық жерде.
15368 адам жұмысқа орналасты, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 11975 адам (2008 жылға Бағдарламада қарастырылғаннан 158%), шағын бизнесте – 3393 адам. Жұмысқа орналасқандар саны 2007 жылғы деңгейден 4,9% көп.
Өндірісте кадрларды одан әрі тұрақтандыру мақсатында нысаналы топтардан жұмыссыздар үшін 1216 әлеуметтік жұмыс орны құрылды, Бағдарлама бойынша 1069 қарастырылған.
Халықтың жұмыспен уақытша қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында ақылы қоғамдық жұмыстарға 7561 адам жіберілді (2008 жылы Бағдарламада қарастырылған 106,9%).
Әл ауқаты отбасылардың саны 2009 жылдың 1 қантарындағы жағдай бойынша 3020 отбасыларын құрады және 2010 жылдың 1 қантарымен салыстырғанда 481 отбасыға азайды.
2010 жылғы қаңтар-қарашада жұмыс істейтін бір адамның орташа айлық еңбекақысы 57439 теңге құрады, ол 2008 жылдың қаңтар-қараша деңгейінен 17,9% көп [17].
Достарыңызбен бөлісу: |