АННОТАЦИЯ
Сапаркулов Әділ Бахадурұлы
Дипломдық жоба тақырыбы: “Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі жол-көлік оқиғаларын төмендету бойынша іс-шараларды жасау.”
Түсініктемелік жазба
-Қаратау АГТИ 2005 140 бет.
Дипломдық жобада Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жасалған. Статистикалық мәліметтер негізінде жол-көлік оқиғаларының талдамалары жасалған.Қақтығыс нүктелерін анықтаумен көлік ағындарын зерттеулер жасалған.Түркістан көшесіндегі жол-көлік оқиғаларын төмендету мақсатында координациялық реттеу жүйесін енгізілген.
Суреттер 24, кестелер 13, жобаның сызба бөлімінде 10 сызба
АННОТАЦИЯ
Сапаркулов Адил Бахадурович
Дипломный проект на тему:”Разработка мероприятий по снижению ДТП на улице Туркистан города Шымкент”.
Пояснительная записка
-Каратау АГТИ 2005 140 стр.
В дипломном проекте разработаны мероприятия по снижению ДТП на улице Туркистан г. Шымкент. Проведены анализ ДТП, исследования конфликтных точек и интенсивности движения транспортных пешеходных которов на опценых перекрестков и на основе этих анализов и исследований разработаны следующие мероприятия: система координарованного регулирования светофоров на улице Туркистан.
Илюстрации 24, таблицы 13, в графической части проекта 10 листов.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТЫҢ ЖАҒДАЙЫНА ШОЛУ.
Көше-жол торабының жалпы сипаттамасы.
Түркістан көшесіндегі 2003-2005 ж.ж. жол-көлік оқиғаларының талдамасы.
Дипломдық жобаның мақсаты мен міндеттері.
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Жалпы нұсқаулар
Көлік және жүргінші ағынының шиеленісу нүктелерін анықтау
Түркістан көшесіндегі көлік және жүргінші ағындарының қозғалыс қарқындылығын анықтау.
Қиылыстардың өткізу қабілетін және жүктелу денгейін анықтау.
Дипломдық жобаның осы қарастырылған бөлімі бойынша қорытынды.
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ.
Координациялық реттеу жүйесін құрастыру.
3.1.1 Координация жылдамдығын есептеу.
3.1.2 Реттеу циклын және оның элементтерінің есептеу.
3.1.3 «Жол - уақыт» графигінің көлбеу бұрышын анықтау.
3.1.4 Бағдаршамдар сигналдарын координацялау графигін реттеу және тұрғызу.
3.2. Түркістан- Титов қиылысында қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралын орнықтыру іс- шарасын құрастыру
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
4.1. Көлiк құралдарының қоршаған ортаға қолайсыз єсер етулерiн кемiту єсерлерi
4.2. Көлiк – ластанудың көзi
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
5.1 Жалпы қағидалар
5.2 Қозғалыс қауіпсіздігін жоғарлату бойынша іс- шаралардың тиімділігін анықтау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде дамыған автомобиль өнеркәсібі бар мемлекеттер жасап шығаратын автомобильдердің түрлерін одан сайын кеңійтуде, оларды өндіруді ұлғайтуда. Автомодильдендірудің ары қарай өсуі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын қатаң қолға алуда талап етеді. Автомобиль көлігі жылдан жылға халық шаруашылық барлық салаларына тереңдей енген сайын апаттылықпен байланысты адамдардың зардап шегуі және материалдық шығындардың көбейіп кетуі ұлғайды, ол көлік ағындарының қозғалыс қауіпсіздігінің денгеін жоғарлату барған сайын қиындап барады.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда да жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі үлкен көңіл бөлуді талап етеді, оның себебі көше-жол тораптарында үлкен жылдамдықты автомобильдерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету олардың өнімділігін жоғарлатады.
Соңғы кездерде жол-көлік апаттарының салдарынан зардап шеккен адамдардың салдарынан және материалдық шығындардың ұлғаюына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары аса маңызға ие болып отыр.
Қозғалыс қауіпсіздігін жоғарлату үшін бірнеше іс-шаралар кешенін жасау керек.Бұл іс-шараның негізгісі автомабильдің қауіпсіздігін жетілдіру мақсатында оның құрылымында әр түрлі өзгерістер енгізу болып табылады. Жол қозғалысының тәртібін де жоғарылату үшін үлкен роль атқарады. Қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатудың іс-шараларының бірі болып жүргізушілер, жаяу жүрушілер арасында жол қозғалысының ережелерін сақтау бойынша үгіттеу жүргізу табылады.
Жол-құрылыс жұмыстарын орындаудың технологиясын жетілдіру, көше-жол тараптарын және жолдарды жобалау әдістерінің жаңа жетілген түрлері қолдану қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі септігін тигізеді.
Көлік және жүргіншілер ағындарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі талаптарды орындау қажет:
Жол қозғалысы ережесін жүргізушілер мен жүргіншілердің қатаң түрде сақтап отыруы;
Көлік құралының жоғары техникалық күш;
Жүргізушілердің кәсіби шеберлігін арттыру;
Қозғалысты басқару мақсатында маршруттар бойынша және кейбір көшелерде ықтимал қозғалыс жылдамдықтарын қойып отыру;
Жүргізушілерді жолдағы тұрақты және ауыспалы қозғалыс шарттарымен уақытылы хабарландырып отыру.
Қазіргі талаптарға орай, жол қозғалысын ұйымдастыратын инженерлер жол –көлік апаттарын азайту, адамдардың зардап шегуі мен материалдық шығындарды төмендету, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бойынша ғылыми және қаржылық тұрғыдан негізделген шаралар жасай білу керек. Осыған байланысты деталдық жобаның мақсаты болып жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру.
1. ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТЫҢ ЖАҒДАЙЫНА ШОЛУ.
Көше-жол торабының жалпы сипаттамасы
Шымкент қаласы облыстық оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік- шаруашылық, индустрия және мәдениет орталығы болып есептеледі.
Қаланың климаты төмендегідей:
қыс мезгілі біршама суық деп айтуға болады, бірақ жалпы алғанда қоңыржайға жатады, жазы ыстық болып келеді. Қыста ауаның температурасы -210С –қа дейін, ол жазда +430С-қа дейін болады. Ауаның орташа жылдық температурасы 12,10С –қа тең. Ең суық айы қаңтар, оның орташа температурасы -2,40С, ал ең ыстық айы шілде, оның орташа температурасы -26,20С. Бір жылдың ішінде дымқылдықтың түсетін мөлшері 155 мм, ал жауатын қардың мөлшері 97 мм.
Шымкент қаласында 2004 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 493,7 мың адам тұрады. Дәл осы жылда жүк айналымының көлемі 1763,1 мың. ТКМ-ді құнды, ал жолаушы тасымалдаудың көлемі 10,9 мың. жолаушы құнды. Қалада жолаушы көлігінің негізгі үш түрі автобус, траллейбус және микро автобустар қолданады. Қала ішімен Алматы-Ташкент автомобиль магистралі өтеді, сонымен қатар Шымкент қаласынан барлық бағыттар бойынша (аудан орталықтары және т.б.) автомобиль жолдары салынған. Қала ішінде 40 автобустар 6 траллейбустар және 18 микроавтобустар маршрутты ұйымдастырылған. Көше-жол торабының ұзындығы 1480 км, оның ішінде 1250км жол асфальтты бетон төсемімен қапталған. Негізгі магистральды көшелердің аттары дипломдық жобаның 1-ші сызба бетін көрсетілген.
Осы дипломдық жобада қарастырылып отырған Түркістан көшесі қаланың магистральды және маңызды көшелерінің бірі болып есептеледі. Оның ұзындығы 2,4 км, ал ені 14 м. Көшенің бойында қиылыс орын алады. 5 қиылыста қозғалысты бағдаршаммен реттеу жүйесі қалыптастырылған, 27 жол белгілері пайдалануда.Түркістан көшесі қаланың мөлтек аудандарын бір-бірімен жалғастырады. Сондықтан көшеде көлік және жүргінші ағындарының қозғалыс қарқындылығы өте жоғары, көше бойындағы орналасқан негізгі қиылыстар мыналар:
Түркістан-Байтұрсынов, Түркістан-Қонаев.
Түркістан-Чернышевский, Түркістан-Түркістан, Түркістан-Титов.
Осы аталған қиылыстардың ішіндегі ең күрделісі Түркістан-Титов қиылысы.
Түркістан көшесіндегі 2003-2005 ж.ж. жол-көлік оқиғаларының талдамасы.
Жол –көлік оқиғасы деп көлік құралдарының жол бойында қозғалысы барысында және оның қатысуымен адамдардың қаза болуын немесе жарақат алуына, көлік құралына , ғимараттарға, жүктерге зақым келуіне және басқа да материалдардың шығандануға әкеліп соққан оқиғаны атайды. Жолдың белгілі бір бөлігінде автомобильдердің қозғалыс қауыпсіздігін жоғарлату мақсатында кез- келген іс- шараны енгізудің негізі болып, сол жерде болған жол- көлік оқиғаларын талдау табылады. Талдаудың мақсаты- жолдың зерттелген орындарындағы жол- көлік оқиғаларының белгілі бір түрлерін алдын- алу жолдарын іздестіру.
Жол көлік оқиғаларын талдау және есепке алу жұмыстарын жол полиция басқармасының жолды қадағалау қызметі іске асырады. Есепке алуға бапталатын аумақшалар мен көшелерде әрі көлік құралдарының , жүктердің , жолдары мен жол құрылыстарының қирауына , зақымдануына әкеліп соққан және адам өліміне немесе дене жарақаттарына септігін тигізген барлық жол көлік оқиғалары жатқызылады.
Жол- көлік оқиғаларының шоғырлану орындар мен аумақшаларын анықтау үшін апараттардың түрлерін, тәулік мезгілі және жыл кезендері бойынша талдаулар жүргізіледі. Осы талдаулар нәтижесінде жол- көлік оқиғаларының себептері анықталып, жол- көлік оқиғаларының төмендету (ЖКО) және қозғалыс қауіпсіздігін арттырудың іс- шаралары өңдеп шығарылады .
Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі 2003-2005 ж.ж. орын алған жол көлік оқиғаларының талдамасы 1.1- кестесінде келтірілген .
КЕСТЕ 1.1
2003-2005 ж.ж. жол – көлік оқиғаларының талдамасы.
Көрсеткіштер
|
2003
|
2004
|
Өсуі %
|
Төмендеуі
%
|
2004
|
2005
|
Өсуі %
|
Төмендеуі
%
|
ЖКО саны
|
24
|
27
|
15
|
-
|
27
|
33
|
22
|
-
|
Қаза болғандар саны
|
2
|
1
|
-
|
50
|
1
|
2
|
100
|
|
Жарақат алғандар саны
|
24
|
26
|
8
|
-
|
26
|
34
|
31
|
-
|
Жол-көлік оқиғаларының қарастырылып отырған жылдар бойынша жасалған талдамасынан Түркістан көшесіндегі ЖКО жыл сайын өседі. Мысалы: ал 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 22 пайызға өсіп отыр.
Түркістан көшесіндегі жол – көлік оқиғаларын жылдар бойынша үлестірудің истограммасы 11-ші суретте келтірілген.
Түркістан көшесі бойынша 2003-2005 жылдарда болған жол-көлік оқиғаларының айлар бойынша талдамасы ерекше қызығушылық тудырады және ЖКО-ны толығырақ сипаттама береді, бұл талдама 12-ші кестеде көрсетілген.
1
Сурет 1.1. 2003-2005 жылдары болған Түркістан көшесіндегі ЖКО-лар мен олардың ауыртпалығының гистограммасы.
2-ші кестеде келтірілген талдаманы қарасақ жол-көлік оқиғаларының ең көп саны күзгі кезеңге 30 ЖКО, яғни 35,7 пайыз, одан соң мезгіліне -22 ЖКО (26,2 пайыз), қыс мезгіліне -18 ЖКО (21,4 пайыз) көктемгі мезгілге -14 ЖКО (16,7 пайыз) тиеді.
Жол-көлік оқиғаларының күзгі кезеңде ең үлкен мәнге ие болуы жылдың бұл мезгілінде жаңбырлы ауа-райының болуымен, күннің қысқаруымен, жол төсемінің лайлануымен немесе ылғалдануымен түсіндіріледі. Жол төсемінің ішкі сапаларының (қасиеттерінің) төмендеуі автомобильдің тежеу жолын бірнеше есе арттырады, қиралаңдау қаупі пайда болуына әкеліп соғады.
Мұның барлығы жүргізушілермен дұрыс ескерілмейді және де жол-көлік оқиғаларының саны жылдың жазғы кезеңімен салыстырғанда өсіп отырады.
Кесте 1.2
2003-2005 жылдардағы жол-көлік оқиғаларының айлар бойынша талдамасы
Айлар
|
2003
|
2004
|
2005
|
2003-2005
|
ЖКО
|
Қаза болғандар
|
Жарақат алғандар
|
ЖКО
|
Қаза болғандар
|
Жарақат алғандар
|
ЖКО
|
Қаза болғандар
|
Жарақат алғандар
|
ЖКО
|
Қаза болғандар
|
Жарақат алғандар
|
Қаңтар
|
4
|
1
|
3
|
4
|
-
|
3
|
1
|
-
|
1
|
9
|
1
|
7
|
Ақпан
|
2
|
-
|
3
|
1
|
-
|
1
|
2
|
-
|
1
|
5
|
-
|
5
|
Наурыз
|
-
|
-
|
-
|
2
|
-
|
3
|
3
|
-
|
2
|
5
|
-
|
5
|
Сәуір
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
3
|
-
|
5
|
3
|
-
|
5
|
Мамыр
|
5
|
-
|
5
|
-
|
-
|
-
|
1
|
-
|
2
|
6
|
-
|
7
|
Маусым
|
-
|
-
|
-
|
3
|
-
|
4
|
3
|
-
|
6
|
6
|
-
|
10
|
Шілде
|
3
|
-
|
2
|
3
|
-
|
2
|
1
|
1
|
2
|
7
|
1
|
6
|
Тамыз
|
2
|
-
|
1
|
3
|
-
|
2
|
4
|
-
|
2
|
9
|
-
|
5
|
Қыркүйек
|
2
|
-
|
3
|
3
|
-
|
2
|
5
|
1
|
2
|
10
|
1
|
7
|
Қазан
|
3
|
1
|
3
|
2
|
-
|
3
|
3
|
-
|
7
|
8
|
1
|
13
|
Қараша
|
1
|
-
|
3
|
5
|
1
|
5
|
6
|
-
|
4
|
12
|
1
|
12
|
Желтоқсан
|
2
|
-
|
1
|
1
|
-
|
1
|
1
|
-
|
-
|
4
|
-
|
2
|
Барлығы:
|
24
|
2
|
24
|
27
|
1
|
26
|
33
|
2
|
34
|
84
|
5
|
84
|
Қыстағы қозғалыс негізінен жасанды жарықтандыру күн ерте бататындықтан кезінде өтеді. Жүргізушілер қозғалуға кедергі жасайтын қалың киім киеді. Жол тасаиіндегі қарқозғалысты, қиралаудың үлкен қаупін тудырады. Осының қозғалыс жылдамдығын төмендетуді және автомобильді басқару кезіндегі шапшаңдылықты (тез,күрт қимылдарды ) аластауды талап етеді. Қысқы жағдайлар автомобильді жүргізуге жоғарытылған талаптар қояды.Жылдың бұл мезгілі күзгі кезеңнен кейін болатындықтан жүргізушілер сақтануға көңіл бөледі, сондықтан жол-көлік оқиғалар саны айтарлықтай төменірек.
Сондай-ақ жазда орын алған 22 жол-көлік оқиғаларының алтысы жүргізушілердің мол күйде рульге отыруларынан болып отырғандығын атап өту қажет.
Төмендегі 1.2-ші суретте Түркістан көшесіндегі соңғы үш жылда болған жол көлікоқиғаларының айлар бойынша үлестіру интограмасы келтірілген. Жол-көлік оқиғаларын есепке алу және талдау үшін сипатынан тәуелді келесі түрлерге бөледі.
соқтығусылар
аударылу
тұрған көлік құралын қағу
кедергіні қағу
жүргіншіні қағу
велосипед айдаушыны қағу
жануарларды қағу және тағы басқалар
2003-2005 жылдардағы жол-көлік оқиғаларын түрлері бойыншн талдау 1.3-ші кестеде келтірілген.
Бұл мәліметтер ең алдымен жол көлік оқиғаларының кең тараған түрлері жүргіешілерді қағу (48 пайыз) және қақтығусулар немесе соқтығусылар (28 пайыз) болып тасылатындығын көрсетіп отыр жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақталмайтұғын және олардың тәртібінің төменгі деңгейінде іс-жүзінде жүргізушілермен жүргіншілерді өткізіп жіберу қажеттілігімен байланысты болатын жол қозғалысы ережесін сақтамайтығын,ал жол полициясы оргагдарының мұндай ереже бұзуларға аса көңіл аудара қоймайтындығы белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |