Еңбек нарығы және нәтижелі жұмыспен қамтуды және
жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға
арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының
2019 жылы наурызына орындалуы
Жыл басынан бері жұмыс іздеуші есебінде -1305 адам хабарласты. Олардың ішінде: жұмыссыз статусын алғандар- 566 адам.
Жұмыс іздеуші есебінде хабарласқандардан - 998 адам жұмыспен қамтылды (оның ішінде: жастар тәжірибесіне -173, қоғамдық жұмыс -373, әлеуметтік жұмысқа -91, тұрақты-361 адам)
Бірінші бағыт: Қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау үшін 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттарына жататын үміткерден 100 адам оқыту жоспарланып отыр. Оқу қыркүйек айында басталады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен 180 адамды оқытуға 55,557 млн.теңге қаржы қаралды. Еңбек нарығына байланысты қажетті мамандықтарды белгілеп, сәуір айынан бастап оқу басталды деп жоспарлануда.
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында 110 адам оқыту жоспарланған.
Наурыз айында 49 адам «Бастау Бизнес» жобасына оқуға жолданды.
Мемлекеттік грант 100 айлық есептік көрсеткіш бойынша, яғни 252500 теңгеден 50 адамға беру жоспарланып отыр.
Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
Әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 70 адамға 25,021 млн.теңге бөлінді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 91 адам жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтаған 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жастар тәжірибесіне қаржыландыруға 156 адамға 59,085 млн.теңге бөлініп (100 адамға РБ 37,875 млн.т, 56 адамға ЖБ 21,210 млн.т), 173 жас маман жастар тәжірибесіне жолданды. Тәжірибеден өткен 2 жас маман тұрақты жұмысқа орналасты.
Қоғамдық жұмысқа 95,323 млн.теңге бөлінді (облыстық бюджеттен 39,850 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 55,473 млн.теңге). Жұмыссыз ретінде тіркелген 373 адамға (ауылдық жерден 213 адам) жолдама берілді.
Жаңа жұмыс орындарының ашылуы - аудан бойынша жыл көлемінде 900 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, ол 336 болып орындалды (37,3 пайыз), оның ішінде ауылдық жерден 108 адам.
Тұрақты жұмысқа орналасқандар салалары бойынша:
Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы -9;
Өнеркәсіп саласы - 24;
Білім беру саласы бойынша - 17;
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік қызыметтер бойынша - 13;
Экономикалық қызметтің түрлері бойынша - 158;
Көлік және қоймалау - 4
Көтерме сауда - 111;
Құрылыс саласы - 0;
Уақытша және маусымдық жұмысқа -0.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуы (жоспар 33 адам) -«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмысқа жарамды жұмыс іздеуші ретінде 26 адам хабарласып, тұрақты жұмысқа-7, қоғамдық жұмысқа-16, жастар тәжірибесіне-1, әлеуметтік жұмысқа-2, 4 азамат қысқа мерзімді оқуға тізімге алынды және есептен шығарылғаны-5 адам.
Қылмыстық атқару инспекциясы және жазасын өтеп келгендердің есебінде тұратындардан - 5 адам хабарласты.
Оның: тұрақты жұмысқа орналасқаны-3, қоғамдық жұмысқа-2 адам. Сол сияқты, 3 азаматтың отбасына 6 айға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 4 азамат сәуір айында ұйымдастырылатын қысқа мерзімді оқу курстарына оқу тізіміне алынды.
Жыл басынан бері 4 (төрт) жәрмеңке ұйымдастырылып, 17 кәсіпорын мен мекемелер 31 бос жұмыс орындары ұсынып, 21 адам тұрақты жұмысқа, 50 адам қоғамдық жұмысқа, 11 адам әлеуметтік жұмысқа, 14 адам жастар тәжірибесіне орналасты. Жәрмеңкенің нәтижесінде 77 адамға ҚР «Еңбек кодексіне», ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді.
2019 жылдың 1 сәуіріне жұмыссыздар саны (қалдық) базалық дерекқор бойынша 826 адам, яғни наурыз айының жұмыссыздық деңгейі 2,5 пайызды құрады.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайыз.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі
Анықтама
Арал ауданы бойынша 391 отбасыдан атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар қабылданып, оның ішінде 333 отбасы шартты ақшалай көмекке және 58 отбасы шартсыз ақшалай көмекке тағайындалды.
Осы жоғарыда тағайындалған отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін жұмыстарға тарту барысында, 2 адам тұрақты жұмысқа, 5 адам әлеуметтік жұмысқа және 191 ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.
Достарыңызбен бөлісу: |