Дипломдық жоба тақырыбы: "Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі жол-көлік оқиғаларын төмендету бойынша іс-шараларды жасау."



жүктеу 4,39 Mb.
бет5/45
Дата16.02.2018
өлшемі4,39 Mb.
#9796
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

m=5*5+3*2+2=33

Бұл көлік торабы болып саналады. Бұл қиылысу нүктелері, 8 тоғысу және 8 ауытқу нүктелері орын алады. Сонымен қатар 16 нүкте көлік және жүргінші ағындары қиылысында қиылысады.




Сурет 2.7. Түркістан-Колохова көшелерінің қиылысындағы шиеленісу нүктесі
Қиылыстың күрделілік дәрежесі төмендегіге тең:

m=5*36+3*8+8=212

Түркістан-Чернышевский қиылысы өте күрделі болып саналады, өйткені m>150

Түркістан-Колохова қиылысында 30 қиылысу, 8 тоғысу және 8 ауытқу нүктелері орын алады. Көлік және жүргінші ағындары 14 нүктеде қиылысады. Сандық мәндерін орнына қойып, қиылыстың күрделілік дәрежесін анықтаймыз:

m=5*30+3*8+8=182

Қарастырылған қиылыс өте күрделі болып есептеледі, өйткені m>150

Қарастырылып отырған қиылыста 36 қиылысу нүктелері, 8 тоғысу және 8 ауытқу нүктелері орын алады және де 16 нүктеде көлік пен жүргінші ағындары қиылысады.

Қиылыстың күрделілік дәрежесі төмендегіге тең:

m=5*36+3*3+8=212

Қарастырылған қиылыс өте күрделі болып есептеледі. Шиеленісу нүктелері мен қиылыстардың күрделілік мәндерін 2.1-ші кестеге енгіземіз. Барлығы Түркістан көшесі бойынша 7 қиылысты қарастырдық. Талдау барысында үш қиылыста (Түркістан-Чернышевский, Түркістан-Колохова, Түркістан-Титов)шиеленісу нүктелерінің саны 150-ден аса болғаны анықталады. Бұл үш қиылыста негізгі жол-көлік оқиғалары орын алады. Көше – жол торабындағы «тар орындар» дегеніміз жол көлік оқиғаларының пайда болуының немесе көлік құралдарының кідірулерінің ең ықтимал орны, оны келесі сипаттамалар арқылы анықтайды.


Сурет 2.8. Түркістан-Титов көшелерінің қиылысындағы шиеленісу нүктесі

Кесте2.1.

Шиеленісу нүктелерінің талдамасы.



Көлік торабының атаулары



Шиеленісу нүктелерінің саны

Күрделілік дәрежесінің мәні

Көлік және жүргіншілер ағындарының қиылысуының шиеленісу нүктелерінің саны

Күрделілік дәрежесі



ауытқу

тоғысу

қиылысу

1. Түркістан Байтұрсынов

2

2

5

33

8

қарапайым

2. Түркістан Қонаев (оң жақ тарамы)

5

2

13

76

15

орташа

3. Түркістан Түркістан

2

2

5

33

12

қарапайым

4. Түркістан Чернышевский

8

8

36

212

16

өте күрделі

5. Түркістан Колохова

8

8

30

182

14

өте күрделі

6. Түркістан Титов

8

8

36

212

16

өте күрделі

  1. Жол-көлік оқиғаларының шоғырлануы бойынша егер жылына 3 және одан да көп жол-көлік оқиғалары бір орында себептерінен тәуелсіз болса;

  2. Техникалық күйі бойынша жол-көлік оқиғаларының қанағаттандырмайтын жол жағдайларының (жол төсемінің апатты қауіпті дефектілер, шұңқырлар, көлденең және бойлық толқын түзілулер) салдарынан болған болса;

  3. Ұзақ мерзімді бақылау бойынша көше және жол элементін қолайсыз геометриялық жоспарлау (республикалық маңызға ие болған автомобиль жолдарындағы қанағаттандырмайтын көрініс -100 м-ден кем, қалалардағы қанағаттандырмайтын көрініс –қиылысқа дейін 40 м-ден кем), көпір өлшемдерінің автомобиль жолының еніне сәйкес келмеуі.

Түркістан көшесіндегі жол-көлік оқиғаларының шоғырлануы бойынша тар орындар ретінде барлық негізгі қиылыстар, автобус аялдамаларының маңайлары, сауда орындары мен дүкендердің бойындағы жолды айтуға болады.

Түркістан көшесіндегі техникалық күйі бойынша тар орындарға жол төсемі уақытылы жөнделмеген орындарды жатқызуға болады және де канализация қақпақтарының айналасы да тар орындарға жатады.

Ұзақ мерзімді бақылау бойынша Түркістан-Чернышевский, Түркістан-Қонаев, Түркістан-Түркістан қиылыстардағы бүйірлік көрінісі жеткіліксіз жерлерді жатқызуға болады. Оған себепкер болатындар жол бойындағы өсіп тұрған ағаштар, сауда дүңгіршіктер.


2.3. Түркістан көшесіндегі көлік және жүргінші ағындарының қозғалысының қарқындылығын анықтау.
Қозғалыс қарқындылығы – уақыт бірлігіндегі жол арқылы өтетін көлік құралдарының саны. Қозғалыс қарқындылығын анықтауға қажетті уақыттың есептелетін кезеңі ретінде жылды, айды, тәулікті, сағатты және өзге де қысқа уақыт аралықтарын (минут, секунд) бақылаудың алға қойылған мақсатынан тәуелді қабылданады. Жол торабының бөлігінде қозғалыс ең жоғарғы шамаларға ие болатын жекелеген аумақшалармен аймақтарды бөліп көрсетуге болады. Мұндай кеңістік бірқалыпсыздық ең алдымен жүк және жолаушылар түзетін бекеттердің орналасуының бірқалыпсыздығы мен олардың берпелерін көрсетеді.

Әрбір жол-көлік оқиғасы бір немесе бірнеше себептердің салдары болып табылады, олардың ішінде меншікті үлесі жүргізулердің қателігіне тиеді. Қозғалыс қарқындылығы кезінде жүргізуші өзге автомобильдер мен олардың жүргізулерін қадағалауға аса назар аударуы қажет. Осыған байланысты жүргізуші өзінің сана-сезімінде қозғалыс қауіпсіздігі үшін маңызды жол жағдайының элементтерін тіркеуге және бағалауға үлгермейді. Мысалы: жүргізуші жол ьелгісін өткізіп алуы. Жүргіншіні уақытылы байқап қалуға және т.с.с. үлгермеуі мүмкін. Мұнан басқа, қозғалыстың жоғарғы қарқындылығы кезінде басып озу жағдайлары күрт шиеленісіп кетеді 500-600 авт/сағ. қарқындылығы кезінде жол-көлік оқиғаларының потенуалдық қауіпі 100-200 авт/сағ.қарқындылықпен салыстырғанда 2 есе жоғары болады. Қозғалыс тәртібінің өсуі тек қарқындылықтың белгілі-бір мөлшеріне дейін ғана жалғасады, мұнан кейін апаттық төмендейді. Бұл құбылысты тығыз көлік ағыны жағдайларында қозғалыс жылдамдығының күрт төмендеуімен, ал мұның өз кезегінде жол-көлік оқиғаларының пайда болу ықтималдығын кемітумен түсіндіруге болады.

Қозғалыс қарқындылығы жол-көлік оқиғаларының түрімен және сипатынан тәуелді болады. Төменгі қозғалыс қарқындылығы кезіндегі апаттың ең көп тараған түрі көлік құралдарының аударылулары мен өзара соқтығысулары болып табылады. Ағынның орташа қарқындылық аралығында апаттардың 50%-ын қақтығыстар мен жүргіншілерді қағулар құрайды. Өте қатты жүктелген жолдарда апаттардың үлкен пайызын жол жөнекей қақтығысулар құрайды. Осыдан жүргізушілер өздеріне қорытынды жасауларына болады. Ең біріншіден қозғалыспен қатты жүктелген жолдардың бөлімдерінде арттан соғудан сақтану керек, бірден тежелу керек және алда қозғалып келе жатқан автомобильге дейінгі ара қашықтықты сақтап отыруға аса көп көңіл бөлу керек.

2.1-ші кестеде көрініп тұрғандай, күрделі дәрежелі қиылыстар саны-4, ал қарапайым қиылыстардың саны-3. Барлық қиылыстарды қарастырамыз, өйткені Түркістан көшесіндегі болған соңғы үш жылдағы жол-көлік оқиғаларының негізгі сандарының бірі болып, соқтығысулармен жол жөнекей қақтығысулар табылады. Енді көлік құралдарының қауіпті аумақ шараларындағы (қиылыстардағы) қозғалу қарқындылығының талдамасын жүргіземіз.



Төмендегі 2.9-шы суретте Түркістан-Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы бағыттар бойынша көлік апаттарының қозғалыс қарқындылығының шартты картограммасы келтірілген.



жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау