2.2 Сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен институт түлектер
Институт ұжымы үшін Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары үлкен ауыртпашылық әкелді. Соғыс майданымен қатар, оқу орнында білікті кадрлар мен интенсивті оқыту жұмыстары қызу жүрді. Бұл кезде институт оқытудың үш жылдық мерзіміне көшті. Соғыстың алғашқы жылдарында екі жатақхана қорғаныс зауытының қарамағына берілді, ал 13 аудитория студенттердің жатақханасына айналды. Сабақ таңғы 8-ден түнгі 11-ге дейін өткізілетін. Студенттердің өз бетінше жұмыс жасауына қажетті тұрғынжайлар жетіспеді. 1942-1943 жылдары студенттерді жатақханамен, оқу корпустарымен қамтамасыз ету бұрыңғыдан да қиындай түсті. Институттың екі жатақханасының Алматыға көшірілген зауытқа берілуі себепті 350 студент жеке пәтерлерде және 197 студент оқу корпустарындағы дәрісханаларда тұрды. Осы жылы 13 дәрісхана студенттерге жатақхана ретінде берілген. 1942-1943 оқу жылында бір бөлмеге физика математика факультетінің 5 зертханасы орналастырылды. Қыс айларында отын жетіспегендіктен, оқу корпустары суық болды. 1941 жылы 3 шілдеде КСРО Халық Коиссарлары Кеңесінің Әскери әуе шабуылы қорғанысына жалпыға бірдей міндетті дайындық туралы қаулысының мәтіні Казахстанская првда газетінің бетінде жарық көрді. Аталмыш қаулыда көзделген міндеттерді шұғыл түрде жүзеге асыру мақсатында 1941 жылғы шілдеде институтта 3 айлық әскери дайындық курсы мен әскери патриоттық кабинеттер ұйымдастырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында институт факультеттерінің саны 5 жетті:
Тіл және әдебиет факультеті (декан доц.Силченко М.С.)
Тарих факультеті (декан доц. Чиков А.И.)
Физика математика факультеті (декан аға оқытушы Жәутіков С.)
Жаратылыстану география факультеті (декан аға оқытушы Устименко Т.Д.)
Дене шынықтыру факультеті (декан, еңбек сіңірген спорт шебері Тышко М.В.)
Соғыс басталысымен батыс аймақтардан, орталықтан көрнекті ғалымдар республиканың ғылыми орталығы Алматыға эвакуациялана бастады. 1941 жылдың шілде желтоқсан айлары аралығында КСРО Ғылым Академиясының академиктері барлығы 11 адам директор Х.М.Әділгереевтің қолы қойылған бұйрықпен Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогика және мұғалімдік институтта жұмысқа қабылданған. Соғыстың өтіп жатқанына қарамастан, республикада қарқынды қоғамдық идеологиялық жұмыстар жүргізілді. Институтта саяси бұқаралық жұмыстар студенттер үшін түрлі бағыттарда жүргізілді. Олар:
Сталин жолдастың бұйрықтары мен баяндамаларын тереңінен тану тақырыбында іс шаралар өткізу
Оқу топтарына үгіт насихат жұмыстарын жүргізу
Лекцияларда саяси ақпараттарды тарату
Танымал тұлғалармен кездесулер өткізу
Теориялық конференциялар өткізу
Инстиуттың 1943-1944 жылғы есеп беру жылдарында 88 баяндама әскери теориялық тақырыптарға арналған.
1941-1942 оқу жылында институтымызда жиырма кафедра жұмыс істеді. Дәл осы оқу жылынан бастап институт өзінің тарихындағы ең бір қиын қыстау, ауыртпашылығы көп кезеңдерді бастан кешірді. Кабинеттің тапшылығы, мамандардың жетіспеушілігі, қыстың ызғарлы күндерінде жылудың болмауы, студенттер мен оқытушылардың күнделікті өміріндегі қиыншылықтары, жоғары да айтып кеткеніміздей студенттердің оқуды жұмыспен бірге алып жүруі, тағы да басқа. Институттың профессорлар мен оқытушылар құрамынан және де студенттер құрамынан қаншама адам майдан даласына өздерінің отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанды. Осы себепті институтта профессорлар мен оқытушылар саны күрт азайып, институтымыздың оқу барысына өте үлкен кері әсерін тигізді. Бұған қарамастан институт басшылығы жоғары да айтып кеткеніміздей алысты жақынды түрлі аймақтардан көптеген білікті мамандарды тарта білді. Бір айналдырса шыр айналдырады демекші бұл Ұлы Отан соғысы институтты расымен де шыр айналдырды. Дәл осы кезең институтымыздың қалыптасуынан кейінгі ең бір ауыр кезең. Майдан даласына аттанған профессор оқытушылар мен студенттердің есімін атап айтар болсақ :
Савченко.А.А – география факультетінің аға оқытушысы. Майдан даласында өзін көшбасшы ретінде көрсете білген. Майданда подполковник шенін иемденіп тіпті полкты басқарған.
Кузнецов.А.И – Мұғалімдер институтының директорының орынбасары. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін екі орденмен марапатталған. Капитан дәрежесіне дейін көтерілген
Вербицкий.С.Н – Шаруашылық жұмыстары бойынша директор орынбасары.
Рыбин.Н.Г – география ғылымдарының кандидаты, доцент.
Х.М.Адильгереев – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Майор дәрежесіне дейін көтерілген
С.Аманжолов – филология ғылымдарының кандидаты, доцент , қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. Майор дәрежесіне дейін көтерілген.
М.Д.Исаев – марксизм-ленинизм кафедрасының заведующиі, доцент. Майданда дәрігер болып жұмыс істеді.
А.Токмағамбетов – литература кафедрасының аспиранты. Аға лейтенант дәрежесіне дейін көтерілген.
В.М.Зимин – физкультура кафедрасының заведующиі
В.Боярчук – әскери істер кафедрасының аға оқытушысы
Т.П.Топций – физика кафедрасының аға оқытушысы, лейтенант шеніне дейін көтерілген
З.Имангулов – завхоз, пулеметчик
А.Т.Алтынников – жүргізуші
А.Закарин – математика кафедрасының аға оқытушысы
Ш.Ахметов – қазақ тілі кафедрасының оқытушысы
И.М.Шаукенов – физика кафедрасының оқытушысы
П.А.Исаков – әскери физкультура дисциплинасының оқытушысы
Д.Четвериоков – әскери физкультура дисциплинасының оқытушысы
К.Мусағалиев – жалпы тарих кафедрасының аға оқытушысы. Аға лейтенант
Д.И.Ларин – орыс әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
Ф.А.Комаров – завхоз
П.В.Симонов – физикалық география факультетінің аға оқытушысы
К.Игенов – математика кафедрасының аға оқытушысы
Ш.Ахметов – қазақ тілі кафедрасының оқытушысы
И.Д.Зеленский – ботаника кафедрасының оқытушысы
В.Шалабаев – қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, лейтенант
А.П.Мананников – экономикалық география кафедрасының оқытушысы
К.Игенов – математика кафедрасының аға оқытушысы. Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталған, лейтенант
С.Төлеубаев – математика кафедрасының аға оқытушысы, лейтенант
Макзумов – педагогика кафедрасының аға оқытушысы, капитан
А.П.Донцов – марксизм-ленинизм кафедрасының аға оқытушысы, капитан
Г.Гаитов – марксизм-ленинизм кафедрасының аға оқытушысы
Н.И.Домарацкий – КСРО тарихы кафедрасының аға оқытушысы
А.И.Дрозд – әскери физкультура кафедрасының аға оқытушысы және т.б.
Бұл көрсетілген тізім майданға аттанған профессорлар мен оқытушылар құрамы. Ал студенттер құрамынан майданға 57 адам аттанды. Атап айтар болсақ :
Абдрахманов – әдебиет факультетінің студенті, лейтенант
К.И.Попов – 4 курс студенті . Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі, Қызыл жұлдыз және көрсеткен ерліктері үшін ордендармен марапатталған т.б.
Неге екені майданға аттанған студенттердің тізімі архив мұрағаттарында толық көрсетілмеген. Университеттен фронтқа 287 оқытушылар мен студенттер кеткен болатын. Майданға кеткен оқытушылар мен студенттердің көбісі оралмады.
Жоғары да келтіргеніміздей байқасаңыздар 1939-1940 жылғы, 1940-41 жылғы оқу жылдарында институт қабырғасында 4 курс студенттері білім алды. Ал 1941-1942 оқу жылынан бастап оқу форматы үш жылға кошірілді. Оның өзінде үшінші курстағы студенттер саны мүлдем аз тіпті кейбіреуінде жоқ. Бірақ 1942-1943 оқу жылында оқу форматы қайтадан төрт жылдыққа көшіп, осы жылы студенттердің бітіруі болған жоқ. Және де бір айта кетерлігі мұрағат құжаттарын қарастыра отырып, қызық болса да айтайын жоғары да көрсеткеніміздей 1939-1940 жылғы және 1940-1941 жылғы институттың құжаттарының көлемі және ақпараты бойынша үлкен. Ал 1941-1942 оқу жылынан бастап құжаттардың көлемі және ақпараты бойынша кішкентай аз десек болады. Тағы бір айтарлықтай өзгеріс 1941-1942 оқу жылында жанадан кафедра мен мамандықтардың енгізілуі . Соғыс жағдайына байланысты әскери дайындық кафедрасы қосылды.
Оқу жүйесінде де өзгеристер орын алды. Мәселен екі ауысымдық оқу форматына көшіп, институтта сабақ сағат таңғы 08:00 ден түнгі 23:00 ге дейін жалғасты. Отан соғысы басталғаннан кейін институтымыздың бірқатар ғимараттары мен жатаханалары әскерге берілді. Бұл институтымыздың оқу барысын, жоспарын мүлдем бұзып, қиындатып жіберді. Кабинеттің жетіспеушілігінен, студенттердің өзіндік жұмыстарымен айналысатын арнайы кабинеттердің жетіспеушілігі, жоқтығы десекте болады, күннің ызғарлы да суық кездерінде институт кабинеттерінде жылудың болмауы, ректордың кабинетінен басқа, институттың дамуына ары қарай жылжуына өте үлкен залалын тигізді. Сонымен қатар кейбір студенттер оқу мен қатар заводтарда жұмысты қатар алып журді. Мәселен 1942-1943 оқу жылында 46 студент оқуды жұмыспен бірге алып жүрді. Екі қояннын басын ұстаған суға кетеді демекші. Сол студенттердің арасында кейбіреуінің сабаққа келмеуі, оқу үлгерімдерінің нашарлауынан студенттер оқудан шығуға мәжбүр болды. Осындай ауыртпашылықтар мен кедергілерге қарамастан институт басшылығы мен ұжымы өз жұмыстарын ары қарай жалғастыра берді. 1941-1942 оқу жылынан тағы мына нәрсені білуге болады. Жалпы соғыс басталғанға дейінгі және басталғаннан кейінгі екі кезеңді салыстырып қарайтын болсақ, Кенес Одағының саясатының қаншалықты күшті екенін байқауға болады. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін институтта өткен жылдармен салыстырғанда баяндамалардың саны күрт өсіп кеткен . Соғыс басталғаннан кейін институтта 700 ден аса баяндама орындалған. Одан бөлек жалпы институтта студенттердің, жаңадан қызметке келген жана жас кадрлардың сондай ақ профессорлар мен оқытушылардың біліктілігі мен білімділігінің қандай екенін былайша айтқанда осы баяндамаларға қарап білуге болады. 1941-1942 оқу жылында әрине соғыс жағдайы болғандықтан баяндамалардың барлығы дерлік соғысқа қатысты, сталинге, революциялық қозғалыстарға қатысты тағы да басқа көптеген тақырыптарға байланысты болды. Баяндамаларды атап өтетін болсақ :
Иедологические корни германского нацизма,
Антифашистская коалиция свободолюбивых народов,
Ленинские принципы в Отечественной войне,
Вероломное нападение фашистской Германии на Советский Союз,
Западно Европейские страны под игом фашистской Германий,
Партизанская война в тылу врага,
Героизм советских людей,
Сталинская конституция,
Историческое значение доклада товарищи Сталина,
Решающие условия нашей победы,
Генерал Панфилов и панфиловцы,
Героическая оборона Сталинграда,
Героическая оборона Одессы,
Героическая оборона Севастополи,
Товарищ Сталин-организатор и руководитель борьбы Советского Народа против немецких захватчиков,
Организаторская работа в тылу,
Военные действия на Советско-германском фронте,
Военный Союз СССР ,
Англии и США против гитлеровской Германий и ее союзников в Европе,
комсомол в годы гражданской войны,
комсомол в годы социолистического строительство,
комсомол в Великой Отечественной войне,
Сталин великий стратег и полководец Красной Армии,
Боевая мощь и военное искусство Красной Армии,
Могучая сила советского патриатизма т.б. Соғыс жылдарындағы институттың архив құжаттарын қарайтын болсақ осындай баяндамалар өте көптеп кездеседі.
Әскери дайындық жұмыстары институтта үш бағытта жұмыс істеді. Олар: жалпы әскери білім беру, физкультура және қосалқы медбикелерді дайындау. Бірінші бағыт жалпы әскери білім беру бойынша институтта қару ұстай алатын жастардың барлығы дерлік қамтылды, қатысты. Физкультура бойынша жарыстар ұйымдастырылып, ал қосалқы медбикелерді дайындау бойынша бұған педагогикалық институттың және Мұғалімдер институтының да студенттері толық қатыстырылып, қамтылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 1941-1942 жылында институтымыздан осы аталған үш бағыт бойынша аз уақыт ішінде мамандар даярланып шықты. Олар : мотоциклистер, станковый пулеметчик , стрелков военной времени және де медбикелер. Одан бөлек институтымыздың үшінші курстарына Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы деген арнайы курсы жүргізілді.
Майдан алаңына институттан адамдардың аттануынан басқа институт ұжымы да қолдарынан келгенше көп көмегін тигізді. Мысалы 1942 жылы бірінші мамырда қорғаныс фондына бір күндік жалақыларының ақшасын бөліп 53617 рубль, 2800 грам алтын, екі мың рубль әскерилерге сыйлық ретінде жіберген. Одан бөлек 1160 рубль танк колонналарын құрастыруға, 1000 рубль жаңа жылдық посылкалар генерал майор Панфилов дивизиясының командирлеріне, 7700 рубль әскери палаткалар құруға. Сонымен қатар металломдарда жиналған. Былайша айтқанда институтымыз қолынан келгенінің барлығын істеген. Институтымыздың профессорлар мен оқытушылар құрамы, студенттер заводтарда, ауыл шаруашылығында көптеген жексенбілік жұмыстарға қатысты. Профессор оқытушылар құрамы мен студенттердің барлығы дерлік ауыл шаруашылығы жұмыстарының негізі атты курстан өтті.
Сұрапыл соғыста институтымыздың сегіз азаматы Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Олар:
Мәлік Ғабдуллин - Мәскеу қаласын қорғауда көрсеткен ерлігі үшін
Сәду Шакіров - Днепрды үш рет кесіп өтіп, көрсеткен ерекше ерлігі үшін
Құдайберген Сұрағанов-Мелитополь қаласын босатуда көрсеткен ерлігі үшін
Қанаш Хамзин-Чехословакияны босатуда көрсеткен ерлігі үшін
Лесбек Жолдасов-Дунай өзенін кесіп өтуде көрсеткен ерлігі үшін
Рахымжан Тохатаев- Днестр өзенін кесіп өтуде көрсеткен ерлігі үшін
Ахмедияр Хусайынов- Одер өзенінде болған ұрыста көрсеткен ерлігі үшін
Владимир Бреусов- Харьков қаласы маңында болған шешуші шайқаста көрсеткен ерлігі үшін
Міне бұл азаматтар институт мақтаныштары тек қана институт емес күллі қазақ халқының мақтаныштары.
Ілесбек Жолдасовқа 1943 жылы 24 наурызда Дунай өзеніндегі шайқас кезінде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Қанаш Хамзинге Днепрдегі шайқаста танытқан батырлығы үшін, қаза тапқаннан кейін 1944 жылы 13 қыркүйекте Кеңес Одағының батыры атағы берілді
Рақымжан Тоқатаевқа Чехословакияны азат етуде көрсеткен ерлігі үшін 1945 жылы 29 маусымда Кеңес Одағының батыры атағы берілді
Ахмедияр Хұсайынов Мелитополь қаласы үшін болған шайқаста жан аямай ерлік көрсетіп, 1944 жылы 22 ақпанда Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Мәлік Ғабдуллин есімі еліне Мәскеуді жаудан қорғап қалудағы Осташево қаласының маңындағы арпалыстың бірінде көрсеткен ерлігімен танылды. Берілген тапсырманы бұлжытпай орындап, қоршауда қалса да Руза өзенінің өткеліндегі бекіністе үш тәулік бойы, барлық басшылықпен бірге жауапкершілікті өзіне қабылдап, өте ауыр жағдайда ұрыс жүргізгендігі мәлім. Осыдан кейін жеті күн бойы жүріп отырып, жау қоршауын бұзып-жарып, өз взводымен бірге жау қоршауында тоз-тоз болып ешқандай басқарусыз қалған 187 қызыл әскерді, 32 пулемет, көптеген оқ дәрімен, 16 жаралы жауынгерді аман сау алып шығып, өз дивизиясына келіп қосылғанда, майдан басылымдары арқылы Мәлік есімі елге аңыз болып тараған еді. Ал 1941 жылдың 16 қарашасында рота саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин басқарған 13 атқыш жауынгері Ширяево елді мекені маңында жаудың 2 танкасын, 150 жауынгерін жойып жіберіп, өздері дін аман қоршаудан сытылып шығулары ең бастысы орындалмас, орындалса да тірі қалмас тапсырманы орындап, 13 адамды аман сау алып шыққанда, Мәлік Ғабдуллиннің кеудесіне Қызыл жұлдыз ордені келіп тағылды.
Мәлік Ғабдуллиннің 1942 жылдың бас кезіндегі Қызыл әскердің Мәскеу қаласы түбіндегі қарымта шабуылы кезіндегі ерлігін жазбаған, айтпаған адам болмады деуге болады. Батыр талай соғыс жайында жазылған дастан, мақала, романдардың кейіпкеріне айналды. Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының Бір түн оқиғасы атты әңгімесінде Мәлік Ғабдуллинның қандай адам болғанын, сонымен қоса, жан алысып жан беріскен қиын жағдайда жанын аямай Бородино елді мекенінің маңында батылдық пен ерліктің тамаша үлгісін көрсеткенін жазады. Бұл әңгімеде Батыр Мәліктің тек бір ғана жаудың қарымта шабуылына тойтарыс берген кездегі сәтін ғана айтқан. Қызыл әскердің Мәскеу түбіндегі 1942 жылғы қарымта шабуылы кезіндегі Ново Свинцово елді мекенін жаудан тартып алған кезде, Мәлік басқарған бес жауынгерден тұратын топ, жау ішіне ойран салып, опыр топырдан ес жидырмай көп шығынға ұшыратады, сол кезде немістер алды артына қарамай қашқанда ұзын саны 30 автокөлігін, екі үлкен азық түлік және жанар жағар май қоймаларын тастай жөнеледі. Осы кезде диверсиялық бұл топқа көмек те келіп жетеді, топ болса 12 неміс офицері мен жауынгерін тұтқындаған еді. Стратегиялық маңызы бар Бородино мекені үшін жеті сағатқа созылған шайқаста қарсыластың төрт щабуылына тойтарыс беріп, Мәлік Ғабдуллин басқарған жауынгерлер өздері де бес мәрте қарымта шабуылға шығып, маңызды тірек саналатын елді мекенді сақтап қалады. Осындай ерліктері үшін Мәлік Ғабдуллин Кеңестер Одағының Батыры атағына ұсынылып, 1943 жылдың қаңтарында осындай үлкен атақты иеленеді.
Мәлік Ғабдуллин Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік пен бірге қыруар қоғамдық қызмет қана атқарып қоймай, ғылымға да сүбелі үлесін қосып жүрді. Батырдың 1947 жылы жарық көрген Менің майдандас достарым, 1948 жылы баспадан шыққан Алтын жұлдыз деген очерктері мен повестері, Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында деген Отан тарихының тарауына нақты керек деректер мен құжаттар болды, қазақтар қатысқан соғыс эризодтарын суреттейтін және майданнан сыр шерткен шежіре болып енді. Аталған повестерде оқиғалар болған уақытымен, еш қандай бояусыз, ешбір бүкпесіз болғанын болғандай етіп көрсетуі, қатысқан кейіпкерлердің аты жөні толық дерлік беріліп, сонымен қоса бастысы, жасалған ерліктердің төркінін бұрыңғы замандағы батырлармен байланыстырып, ұрпақтардың сабақтастығын көрсете отырып тұжырымдауы Қазақстан тарихы үшін өте құнды болып табылады.
Соғыста жүріп Мәлік Ғабдуллин қанша батыр болса да, ол өзінің бейбіт кездегі таңдап алған мамандығынан ешбір айнымады. Соғыста да оның басты қызметі тәрбиеге байланысты болған еді. Қандай соғыс болмасын, адам және адамның ешбір өлмейтін рухы басты орында тұрады. Бауыржан Момышұлы: Техника қанша жетілгенімен, дамығанымен бәрібір күрестің қарапайым құралы ретінде қалады. Адамның жан дүниесі ұрыста ең қатерлі, көзге көрінбейтін қару. Адамның жан дүниесіне заң бойынша бірінші орын тиесілі, оған күш қуаты жағынан теңесер күрес құралы жоқ және болмайды. Дұрыс тәрбиелей білушілік, қарамағындағылардың психикасына дұрыс ықпал ете алушылық пен парасатты түрде берілген бұйрық қана қару жарақ пен туға, жауынгерлердің өиіріне қауіп төндіріп тұрған қорқыныштың алдын алудың, оған жол бермеудің, сақтап қалудың, жауынгерлерді абыройсыздық пен масқара болудан аман алып қалудың сенімді құралы. Жауынгерлерді ерлікке тәрбиелеп, олардың Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып, күні кеше ғана сол адамдар жаппай қуғын сүргін көргендігіне қарамай, Отанды сүюді үйренгендіктері, көп жерде Мәлік Ғабдуллиндей саяси жетекшілердің шебер тәрбиеші, ұстаз болғандығы деуге болады. Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған кезде Бауыржан Момышұлы бастаған жолдастарының құттықтау хатында: Мәлік әрі батыр, әрі жалынды сөз иесі, ұйымдастырушы, тәрбиеші. Ол жаудан беті қайтпаған, жанып тұрған от, Алтайдың ақиығы Төлеген Тоқтаров сияқты халық батырын тәрбиеледі. Ел сенімін ақтау деген осы да. Ер еңбегі еш кетпейді, ел ерін бағалады деп жазған еді. Мәлік Ғабдуллиннің өзі ротаның саяси жетекшілігімен батальон комиссары болып 23.02.1942 жылы тағайындалғанда, ротасын зорға дегенде тастағанын жазады, басты себеп өзі тәрбиелеген сенімді жауынгерлері, барлығын да туған бауырындай бауыр басып қалғаны. Осындай оқиғадан кейін филолог ғалым Т.Сыдықов жазған, үйрене жүріп Мәлік өзі де ерлік мектебін қалыптастырды деп жазған болатын.
Соғыс жылдарында Мәлік Ғабдуллиннің көтерген қоғамдық мәселелерінің тақырыптары алуан түрлі болды, көбіне оны мазалаған Республикадағы ғылым мен мәдениеттің даму барысы болды. Қазақ Совет әдебиетінің Ұлы жазушысының бірі, сол кездегі Жазушылар Одағының төрағасы Сәбит Мұқанов, Мәлік Ғабдуллинге жолдаған бір хатында: Сенің соңғы хаттарыңдағы кейбір сұрауларыңа жауап Қазақ тарихы неге жоқ деп жазыпсың. Ол тарихы бар, жазылған. Академик Панкратованың басқаруымен коллектив жазған 30 баспа табақтай қазақ тарихы орыс және қазақ тілінде шыққалы жатыр. Бұл тарихты жазуға әдебиет, тарих, педагогика саласындағы қызметкерлер түгел араласты. Басқару жұмысын Орталық партия комитеті өз міндетіне алды. Сондықтан қазіргі жазылған, бұл тарих бұрыңғы қазақ тарихы туралы жазылған еңбектердің бәрінен бағалы болады деп ойлаймын. Майдандағы қазақ жауынгерлеріне, арнап өзің жазғандай, қазақтың өткен тарихынан сыр шертетін батырлар және Ұлы адамдар туралы мазмұнда жазылған шығармаларды кітапша етіп шығармақпыз (24) деп жазған екен. Мәлік Ғабдуллин 1943 жылдың ақпан айында Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің Бірінші хатшыыс Н.А.Скворцовқа қазақ тіліне, тарихына, әдебиетіне, өнеріне, үкімет тарапынан қамқорлық жасау керектігін және басқа ұлттарды қазақ халқымен жақындастыра түсетін, қазақ этнографиясын кең көлемде баяндайтын анықтаманы орыс тілінде жазу керектігін айтып жазған хаты өкінішке орай ҚР Президентінің мұрағатында осы күнге дейін сақталмаған. Бізге осы хатты жазғаны жайында батырдың Сәбит Мұқановқа жазған хатынан белгілі болды(25). Мәлік Ғабдуллиннің тағы көтерген бір үлкен мәселесі қазіргі күнге дейін қоғамда түйіткілді мәселе болып тұрған қазақ тілі туралы болды. 1944 жылы Бауыржан Момышұлына жазған хатында: Ең бастысы қазақ тілін өркендету туралы болу керек емес пе. Сталиннің анықтамасы бойынша, Союздық Республиканың халқының саны, жері, әдет ғұрпы, мемлекеттік тілі, ұлттық экономикасы болуы шарт. Бұл шарттар бізде молынан бар. Олай болса Союздық Республика дәрежесіне жеткен біздің де ұлттық мемлекеттік тіліміз болсын. Орыс тілімен бірге міндетті түрде қазақ тілі де барлық кеңселерде қолдансын дегім келеді. Сонда ғана біз тіл мәселесін оған қатысты термин мәселесін дұрыс шеше алатын боламыз. Сонда ғана қазақ тілі өркендейді, көркейіп өседі(26).
Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәлік Ғабдуллин көбіне қазақ ұлтының мәселесін үлкен мінбелерден көтерді және де үнемі ұлтаралық достық қарым қатынасты барынша жақсартуды, ұлттарды бір біріне жақындастыру жолында аянбай еңбек етті. Батырдың жүзден астам ұлттардан құралған Қызыл әскер құрылымдарын талай рет, тар жол тайғақ кешу сәттерінде, ортақ іске жұдырықтай жұмылдырып, қиыннан қиыстыра отырып, жол тауып алып шыққандағы, сол кездегі Қазақстан жұртшылығына кеңінен мәлім болған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |