Практикалық бөлім
Мұғалімнің аты-жөні:
|
А.Нурмухамедов,Н.Мұрат,Е.Жүнісбай
|
Пән/Сынып:
|
Қосымша сабақ 10 А сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында КазПИ-де кадр даярлау мәселесі
|
Оқу мақсаты:
|
Сұрапыл соғыс жылдарында КазПИ де кадр даярлау мәселесінің маңыздылығын айқындау
|
Бағалау критерийі:
|
Тұңғыш жоғарғы білім ордасының құрылу және қалыптасу тарихын айқындайды
Сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен институт түлектерін анықтайды
|
Саралап оқыту
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
09:00-09:01
|
Ұйымдастыру
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен танысады
|
Не меңгереті
нін білу үшін
|
Бағалау критерий
Лері
|
Презентация № 1-2 бет
|
3-минут
09:01-09:04
9:05-9:10
|
Жаңа сабақ
|
Институт 1928 жылы құрылып, шаңырақ көтереді. Алғашқыда білім ордасында бір ғана факультет жұмыс істеді үш бөлімі бар. Атап айтар болсақ физика математика, жаратылыстану және лингвистикалық педагогикалық бөлімдерден құралған бір ғана факульте бар еді. Ал негізінде институтта бастапқыда үш факультетті құру жоспарланған болатын. Олар: педагогикалық, ауылшаруашылық және медициналық факультеттері болатын. Жоспар бойынша аталған факультеттер 1932-1933 оқу жылында жұмысын бастау керек болатын. Дегенмен халыққа білім беруді қарқынды, әрі жедел түрде өркендету мақсатымен жаңадан ашылған жоғары оқу орнын өз алдына дербес педагогикалық институт ретінде қалыптастырып, дамыту күн тәртібіндегі негізгі мәселе болды. Сондықтан университет 1930 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты деп аталды. Бірақ та бес жылдан кейін институтымыздың атауы қайта өзгерді. Осы кезден бастап, яғни 1935 жылдан институтымызға ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімі берілді.
Алғашқы құрылған кезінде Казақ педагогикалық институты бұрыңғы Верный әйелдер ғимназиясының ғимаратында орналасты. Әрине ол кезең қиын қыстау ауырпашылығы, кедергілері көп кезең еді. Сол себепті институтымыз жаңадан оқуға түсушілерге көмектесті. Соған байланысты институт жанында оқуға түсушілерге арналған бес айлық дайындық курсы жұмыс істеді, сондай ақ педагогикалық техникум, училище және жұмысшылар факультеті жұмыс істеді. Бұл факультеттердің басқалардан бір айырмашылығы оқу орындарына негізінен ата аналарынан айырылған балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетімдер, кедейлердің балалары және аздаған орта шаруалардың балалары, былайша айтқанда материалдық жағдайы төмен балаларды қабылданды.
Институтқа қабылдау алғашқы кезеңде яғни 1928 жылы институтымызға екі рет қабылдау жүргізілді. Қыркүйек және қазан айларында студенттерді қабылдау жүргізілді. Республика Халыққа білім беру комиссариатының округтердің санына орай жоспарлы бөлу жұмыстарының негізінде 124 адам оқуға қабылданды. Оның ішінде 28 қыз бала. Студенттер құрамы әр түрлі ұлт өкілдерінен тұрды. Олардың ішінде 76 қазақ, 42 орыс қалғаны басқа ұлт өкілдері. Атап айтар болсақ татар, еврей, неміс. Студенттердің 75 пайызы стипендиямен қамтамсыз етілді. Кейбір студенттерге жатақханадан орын берілді.
Институтта бес факультет жұмыс істеді. Тарих факультеті, География факультеті, Физика-математика факультеті, Тіл және әдебиет факультеті және жаратылыстану факультеті. Жиырма кафедра жұмыс істеді. Атап айтар болсақ: марксизм ленинизм негіздері, педагогика, әскери дене шынықтыру, шет тілдері, зоология, химия, ботаника, Кеңес Одағы халықтарының тарихы, жалпы тарих, физикалық география, экономикалық география, геология, физика, математикалық анализ, геометрия, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, жалпы әдебиет. Тиісінше институт кафедраларын мына кісілер басқарды : профессор Р.Г.Лемберг, П.П.Бордаков , Г.А.Какиев , В.Е.Фаворски, Н.Н.Барански, К.П.Персидски, В.И.Чернышев, доцент А.В.Боголюбов, А.Н.Крень, М.К.Сәтбаев, С.К.Кенесбаев, К.Д.Джумалиев, В.Н.Евцихеви, М.И.Ритман және басқалары.
Сұрапыл соғыста институтымыздың сегіз азаматы Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Олар:
Мәлік Ғабдуллин - Мәскеу қаласын қорғауда көрсеткен ерлігі үшін
Сәду Шакіров - Днепрды үш рет кесіп өтіп, көрсеткен ерекше ерлігі үшін
Құдайберген Сұрағанов-Мелитополь қаласын босатуда көрсеткен ерлігі үшін
Қанаш Хамзин-Чехословакияны босатуда көрсеткен ерлігі үшін
Лесбек Жолдасов-Дунай өзенін кесіп өтуде көрсеткен ерлігі үшін
Рахымжан Тохатаев- Днестр өзенін кесіп өтуде көрсеткен ерлігі үшін
Ахмедияр Хусайынов- Одер өзенінде болған ұрыста көрсеткен ерлігі үшін
Владимир Бреусов- Харьков қаласы маңында болған шешуші шайқаста көрсеткен ерлігі үшін
Міне бұл азаматтар институт мақтаныштары тек қана институт емес күллі қазақ халқының мақтаныштары.
|
Жаңа тақырып
ты меңгеру
|
|
Презентация № 3 -4бет
|
6 минут
|
Достарыңызбен бөлісу: |