Дипломдық жоба тақырыбы: Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Казпи кадр даярлау мәселесінің рөлі



жүктеу 113,74 Kb.
бет4/10
Дата23.07.2023
өлшемі113,74 Kb.
#43158
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ДИПЛОМ

Міндеттері:
- Соғыс жылдарындағы институтқа байланысты архив құжаттарын жинақтау
- Архив қорындағы деректердің маңыздылығын ашып көрсету
- Екінші Дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысының институт тарихында алатын орны мен маңыздылығын анықтау
Дипломдық жобаның теориялық және практикалық маңыздылығы. Ұлы Отан соғысына институттың қосқан үлесіне жан-жақты талдау жасалынды. Дипломдық жобаның басты тұжырымдары мен нәтижелеріне сүйене отырып келешекте Ұлы Отан соғысына қатысты, институтқа қатысты құнды еңбектер жазуда қолдануға болады. Осы дипломдық жоба бойынша университет қабырғасында іс-шаралар ұйымдастырып, студенттерге дәріс оқуда негізге ала отырып қолдануға болады.
Диплом жобасының метадологиялық негізі. Бұл ізденіс жобасында бірқатар ҚР ОМА және отандық тарихшылардың теориялық маңызы бар еңбектерін методологиялық ой-тұжырымдарын негізге ала арқылы және тұлғаларға қатысты ауызша деректер мен құжаттар арқылы жүзеге асыруға тырыстық.
Диплом жобасының құрылымы мен көлемі. Диплом жобасы кіріспеден , үш тараудан , қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жоба жұмысының көлемі – 51 бет. Жоба жұмысын орындауда 30ға жуық әдебиет қолданылды.

I ТАРАУ.Абай атындағы Қазақ педагогикалық инстиуты
1.1 Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарихы архив жазбаларында
Қазақ педагогикалық институты барлығымызға белгілі мемлекетіміздегі тұңғыш жоғары оқу орны, білім ошағы болып табылады. Институт 1928 жылы құрылып, шаңырақ көтереді. Алғашқыда білім ордасында бір ғана факультет жұмыс істеді үш бөлімі бар. Атап айтар болсақ физика математика, жаратылыстану және лингвистикалық педагогикалық бөлімдерден құралған бір ғана факульте бар еді. Ал негізінде институтта бастапқыда үш факультетті құру жоспарланған болатын. Олар: педагогикалық, ауылшаруашылық және медициналық факультеттері болатын. Жоспар бойынша аталған факультеттер 1932-1933 оқу жылында жұмысын бастау керек болатын. Дегенмен халыққа білім беруді қарқынды, әрі жедел түрде өркендету мақсатымен жаңадан ашылған жоғары оқу орнын өз алдына дербес педагогикалық институт ретінде қалыптастырып, дамыту күн тәртібіндегі негізгі мәселе болды. Сондықтан университет 1930 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты деп аталды. Бірақ та бес жылдан кейін институтымыздың атауы қайта өзгерді. Осы кезден бастап, яғни 1935 жылдан институтымызға ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімі берілді.
Алғашқы құрылған кезінде Казақ педагогикалық институты бұрыңғы Верный әйелдер ғимназиясының ғимаратында орналасты. Әрине ол кезең қиын қыстау ауырпашылығы, кедергілері көп кезең еді. Сол себепті институтымыз жаңадан оқуға түсушілерге көмектесті. Соған байланысты институт жанында оқуға түсушілерге арналған бес айлық дайындық курсы жұмыс істеді, сондай ақ педагогикалық техникум, училище және жұмысшылар факультеті жұмыс істеді. Бұл факультеттердің басқалардан бір айырмашылығы оқу орындарына негізінен ата аналарынан айырылған балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетімдер, кедейлердің балалары және аздаған орта шаруалардың балалары, былайша айтқанда материалдық жағдайы төмен балаларды қабылданды.
Институтқа қабылдау алғашқы кезеңде яғни 1928 жылы институтымызға екі рет қабылдау жүргізілді. Қыркүйек және қазан айларында студенттерді қабылдау жүргізілді. Республика Халыққа білім беру комиссариатының округтердің санына орай жоспарлы бөлу жұмыстарының негізінде 124 адам оқуға қабылданды. Оның ішінде 28 қыз бала. Студенттер құрамы әр түрлі ұлт өкілдерінен тұрды. Олардың ішінде 76 қазақ, 42 орыс қалғаны басқа ұлт өкілдері. Атап айтар болсақ татар, еврей, неміс. Студенттердің 75 пайызы стипендиямен қамтамсыз етілді. Кейбір студенттерге жатақханадан орын берілді. Оқу үлгерімі нашар, дайындықтары төмен екені ескеріліп студенттерге қазақ және орыс тілдерінен, математика және физика пәндерінен тағы да басқа пәндерден қосымша сабақтар өткізілді. Бірінші курста тоғыз оқытушы сабақ берді. Оның ішінде үш профессор, бес доцент және бір ассистент. Институттың алғашқы жылдарында негізінен білімге аса құштар жандар шамамен орта жастағы адамдар оқыды. Студенттер арасында жастары сирек кездесетін.
Институт сонымен қатар тұрғындар арасында ғылыми ағартушылық жұмыстар жүргізді. Мұндай жиындарға, дәрістерге қала тұрғындарынан едәуір адам жиналатын. Мәселен институттың жанынан екі жүзге жуық тыңдарман қатысатын жексенбілік мектеп құрылды. Мұнда оқытушылар еңбеккерлерге ғылыми баяндамалар, дәріс оқыды. Институт жанынан сауатсыздықты жоюға арналған мектеп ашылып, тақырыптық кештер, пікірталастар, оқырмандар конференциялары тағы да басқа мәдени ағартушылық іс шаралар ұйымдастырылды. Сол кезеңдерде институт үшін оқытуышылар құрамын кәсіби біліктілігі жоғары ғылыми педагогикалық кадрлармен толықтыру аса маңызды мәселе болды. Бұл мәселе екі жолмен шешілді: көптеген мамандар орталық жоғары оқу орнынан шақырылса, қалғандары жергілікті кадрлардың арасынан даярланды. Институттың аяғына нық тұрып, қалыптасуына, дамуына Ресейдегі Мәскеу және Ленинградтағы көптеген оқу орындары өте көп көмегін тигізді. Олар тіпті өздерінің бай кітапхана қорымен, арнай кабинеттерге арналған техникалық жабдықтармен бөлісіп көп көмегін тигізді. Институттың алғашқы жылдарында жұмыс істеуге әдебиеттанушы В.Ф.Литвинов, биолог С.В.Логинов, эмбриолог А.А.Захваткин сынды көптеген белгілі ғалымдар келді. Одан бөлек сол жылдары институтымызда Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Баймен Алманов, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Ілияс Қабылов, Темірбек Жургенов сынды қазақ халқының зиялы қауым өкілдері ағартушылық, оқытушылық қызмет атқарды. Ал отызыншы жылдары институтымызда белгілі тіл мамандары Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М.Жолдыбаев, математик А.Ермеков тағы да басқа мамандар жұмыс істеп, еңбек етті .

Институтымыздың ректорлары



Асфендияров Санжар Жағыпарұлы

1928-1931

Мемлекет және қоғам қайраткері, тарих профессоры

Алманов Бәймен Алманұлы

1931-1934

Тарих ғылымының доценті

Сакаев Шарифолла Хайроллаұлы

1934-1935

профессоры

Бекжанов Шайхислам Бекжанұлы

1935-1937

Тарих ғылымының доценті

Толыбеков Серғали Есбембетұлы

1937-1941

корреспондент мүшесі ф.ғ.д , профессор

Әділгереев Халел Мұхамеджанұлы

1941-1942

соғыс ардагері, т.ғ.д , профессор

Ысқақов Ахмеди Ысқақұлы

1942-1946

корреспондент мүшесі профессор

Толыбеков Серғали Есбембетұлы

1946-1950




Закарин Асқар Закарияұлы

1950-1953

Ф.м.ғ.к , доцент

Ғабдуллин Мәлік Ғабдоллаұлы

1953-1963

КО батыры, академик профессор

Толыбеков Серғали Есбембетұлы

1963-1974




Жұмабеков Жүнісбек Жұмабекұлы

1974-1980

Т.ғ.д , профессор

Қасымов Құлжабай Әбдіхалықұлы

1980-1987

Ф.м.ғ.д , профессор

Садықов Тоқмұхамед Сәлменұлы

1987-2008

Академик,т.ғ.д, профессор

Пірәлиев Серік Жайлауұлы

2008-2017

П.ғ.д , профессор

Балықбаев Такир Оспанұлы

2017-2021






Бұл көрсетілген ректорлардың ішінде Санжар Асфендияров Алманов Баймен Алманович, Шайхислам Бекжанов отызыншы жылдардағы репрессияға душар болған. Шарифолла Сакаевта осы сталиндік режимнің құрбаны болған екен. Ал Халел Әділгереев және оның бірқатар замандастары 50 жылдары сталиндік режим саясатының қайта жанданып, күшейген кезінде, Ермұқан Бекмаханов секілді қазақтың біртуар азаматының қатарында саяси қуғын сүргінге ұшырап, жазықсыз жер аударылған. Кеңестік саясат кезінде, әрі бір мемлекеттегі кадр мәселесінің тапшылығына, жоқтығына байланысты жоғары жақтың, басшылықтың ұсынысы бойынша бұл азаматтар аз уақыт болса да директорлық қызмет атқарған. Оған мұрағат қорларындағы Халық Ағарту комиссариаты тарапынан осы адамдарды директорлыққа тағайындау туралы бұйрықтар мен өздерінің директорлық қызмет атқарған жылдардағы институт бұйрықтары мен өзге де құжаттарға қойылған қолдары толық дәлел. Қазақстанның алғашқы оқу орнын ұйымдастыруға, тұңғыш ректоры, көрнекті мемлекет қайраткері, талантты ғалым және педагог, республикада жоғары мектеп пен ғылымның іргетасын қалаушы Санжар Асфендияров зор еңбек сіңірді. 1928 – 1931 жылдары институтымызды басқарып, оның құрылуына ары қарай қалыптасып, дамуына, аяғына нық тұруына аянбай еңбек етті. Санжар Асфендияров басқарған алғашқы күндерден бастап ақ күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе студенттерді қабылдау, қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру және де профессорлар мен оқытушылар құрамын түгендеп, білікті мамандардың санын көбейту және материалдық базаны жетілдіру ісі болды. Осы мақсатта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 1928 – 1929 оқу жылының қыркүйек және қазан айларында институтта білім алуға ниет білдірген 124 студент оқуға құжат тапсырып, ұстаздар саны 9 адамды құрады. Олардың арасында профессорлар Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынұлы, Николай Фатов, доцент Едігей Мансуров, Халел Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Василий Потапов, ассистент Борис Ровинский, Владислав Дубощин институтымыздың тұңғыш студенттеріне сабақ беріп, дәріс оқыды. Жоғары да айтып кеткеніміздей 1930 жылы 25 желтоқсанда Қазақ педагогикалық институты болып қайта құрылған оқу орнында 1931 жылдың 16 ақпанына дейін директор және тарих кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Институттың педагогикалық институт болып құрылуының мынадай екі себебі бар. Оқу орнының педагогикалық институт болып қайта құрылуының бірінші себебі, кеңестің саясат бойынша республикада сауатсыздықты жою мақсатында жүргізілген шаралар тұңғыш жоғары оқу орнынан тек педагогикалық бағытта ғана мұғалім кадрлар даярлауды талап еткендіктен болса, екінші себебі студенттер санының аздығы мен материалдық техникалық базаның әлсіздігінде еді. 1928 жылдан 1931 жылға дейін негізінен жаппай ұйымдастыру кезеңі деп айтсақ болады. Ұйымдастыру барысында Санжар Асфендияров университет жұмысына Ленинград, Мәскеу, Киев, Харьков, Владивасток, Қазан, Ташкент қалаларынан ең таңдаулы да білікті оқытушарды тарта білді. Олардың арасында О.Қ.Жандосов, В.А.Захваткин, Н.Л.Караваев, И.Г.Автухов, Б.Л.Кругляк, Е.В.Тарле, М.М.Маркович, В.Н.Кун, А.Х.Линчевский, Е.В.Васильева, В.Ф.Литвинов, В.М.Зимин, І.Ж.Қабылов, Т.Ш.Шонанов, М.А.Солонино, А.И.Смирнов, тағы да басқа ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар еді.
Тұңғыш ректорымыз Санжар Асфендияровтың өзіне тоқталсақ, 1889 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, профессор, тарихшы, педагог. Санжар Асфендияров текті отбасыдан шыққан. Әкесі сұлтан Сейітжапар Асфендиярұлы Әбілқайыр ханның үлкен ұлы Айшуақ ханның ұрпағынан тараған. Анасы Гүландам Қасымова кейбір деректер бойынша Абылай ханның ұрпағынан.
Санжар Асфендияров 1907 жылы Ташкенттегі реалдық училищені, 1912 жылы Санкт-Петербургтегі әскери-дәрігерлік академияны бітіріп шығады. Санжар Асфендияров онда әскери министрліктін теңіз ведомствосының стипендиясына оқып, 4 жыл қатардағы әскерде қызмет етуге міндеттелінді. Санжар өз әскери-медициналық қызметін Түркістан генерал-губернаторлығы мен Бұқара әмірлігінің шекарасындағы Термез деген мекенінде жергілікті лазаретте кіші дәрігер ретінде бастап, 10-шы Түркістан атқыштар полкына қызметке бекітіледі. Артынан 9-шы атқыштар полкының аға дәрігер қызметкерінің міндеттерін уақытша атқарушы қызметіне ауысып, Самарқандта және Ашхабадта шоғырланған атқыштар поктарында дәрігерлік қызметпен айналысады. 1914 жылы тамызда Санжар 5-ші Түркістан атқыштар полкының аға дәрігері қызметінде І дүние жүзілік соғыстың Шығыс майданына аттандырылады. Осы майданда 1914 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында орын алған ұрыстарда Санжар жараланған және науқас болған сарбаздарға медициналық көмек көрсетумен айналысты. 1914 жылы желтоқсанда жоғары әскери басшылықтың өрескел қателіктерді жіберу салдарынан 5-ші Түркістан атқыштар полкы Лодзь (қазіргі Польшаның ірі қалаларының бірі, ол уақытта Шығыс Пруссия территориясында орналасқан) неміс қоршауына түсіп, басына ауыр жарақат алған Санжар жау тұтқынына түседі. Неміс тұтқынында Санжар патша үкіметі тағдырдың тәлкегіне тастаған мыңдаған жауынгерлердің қатаң тағдырына ортақтасып, күрделі санитарлық жағдайларда иммитацияланған лазареттерде медициналық қызметпен шұғылданып, Торн, Кутно, Александровка концентрационды лагерьлерінде бір жылға жуық уақыт өткізеді. Тұтқында болған уақыт Санжар Асфендияровтың түсінігіне, әлеуметтік, саяси көзқарасына өте үлкен әсерін тигізді. 1915 жылдың аяғында Қызыл Кресттің тұтқындармен алмасу бағытында жүргізген қажырлы еңбегінің көмегімен, Балтық теңізі арқылы алдымен Щвеция, сосын темір жол арқылы Санкт-Петербургқа қайтып оралады. Астанада неміс тұтқынына амалсыздан түскен жауынгерлерді қатаң бақылауға алып, патшаның күзет орындары оларды сенімсіз адам ретінде қара тізімге қосты. Арнайы медициналық қараудан өтіп, денсаулығы нашар деп танылған Санжар Түркістан әскери-медициналық басқарманың резервіне жіберіліп, 1919 жылы қаңтардың басында Ташкентке қайта оралады.
Ақпан революциясынан кейін Санжар Асфендиярұлы Термездегі жөне Бұхарадағы Кеңестердің жұмысына қатысады. Ташкент облыстық, ал одан кейін жұмысшылар мен жауынгерлердің округтік Кеңесіне сайланады. Ташкентте ол мұсылман жұмысшы депутаттарының алғашқы Кеңесінің ұйымына мүше болады. Каспий жағалауы майданындағы соғысқа қатысқан. 1917 жылы Бұхардағы мұсылман қозғалысына белсене араласты. Сол жылғы қараша айында Түркістан автономиясын жариялаған Мұсылман депутаттарының төтенше съезіне қатысты. 1918-19 жылы Санжар Асфендияров аштықпен күрес жөніндегі төтенше комиссиясының Сырдария облысы бөлімшесін басқарды. 1919 жылы Асфендияров — денсаулық сақтау халық комиссары, 1920 жылы Түркістан АКСР көгеріс су шаруашылығының халық комиссары болып тағайындалады. Сол жылы қыркүйекте Т.Рысқұловтың шақыруымен Ташкентке келіп, Түркістан АКСР-інің Денсаулық сақтау халкомы, жер халкомы, Денсаулық сақтау халкомы, Түркістан Компартиясы ОК-нің хатшысы қызметтерін атқарды. Ұлттық-аумақтық межелу тұсында (1924–25 жылы ) Ортаазиялық Федерация құру идеясын ұстанды. 1924–25 жылы Қазақ АКСР-інің Өзбек АКСР-і үкіметі жанындағы өкілеті, 1925–28 жылы Мәскеуде – БОАК-нің Төралқа мүшесі, хатшысының (А. Енукидзенің) орынбасары, МГУ-дің профессор Н Нариманов атындағы Шығыстану институтының директоры болды. 1928 жылдан бастап ол Қазақстанда еңбек етті: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті болып қайта құрылған Қазақ мемлекеттік университеттінің алғашқы ректоры (1928 – 31), Қазақ АКСР-і Денсаулық сақтау халкомы, Алматы медецина институтының ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры (1931 – 33) қызметтерін атқарды. Асфендияров осы институтта жалпы химия, биология, физика пәндерімен бірге анатомия, қалыпты физиология, ішкі аурулар, гистология, микробиология, фармакология, биологиялық-химия, гигиена бөлімдерін және хирург кафедралар ашты. Аспандияров жұқпалы аурулармен күреске, аурулар мен індеттердің алдын алу шараларына, халыққа ақысыз дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын жолға қоюға көп еңбек сіңірді. Халық арасында жиі кездесетін туберкулез, шешек, оба, сүзек, тері ауруларына қарсы медициналық көмек ісін ұйымдастырды. Орта дәрежелі оқу орындарында, қысқа мерзімді арнаулы курстарда әртүрлі буындағы медицина мамандарын көптеп даярлауға күш салды.
Санжар Асфендияровтың қызметі әрқашанда тікелей Қазақстандағы және Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістермен байланысты болды. Басқарушы қызметкер бола жүріп, ол тұрмыс ерекшеліктерін, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті мөселесі жөнінде жақсы білетін еді. Осы қабілет-біліміне сай 1921 жылдан 1922 жылға дейін Асфендиярұлы Түркістан республикасының Мәскеудегі өкілі, сонымен қатар РКФСР Кеңхалкомы үлттық мәселе жөніндегі коллегиясының мүшесі болды. Тәжірибелі аграршы ретінде оны БОАК-тің жер бөлінісі жөніндегі Айрықша комиссиясының құрамына қосады. 1922 ж. Кеңестердің Бүкілресейлік X съезінің делегаты Асфендияров КСРО құру жөніндегі шешімді қолдады. 1923 жылы Асфендиярұлы Ташкентке қайта оралады, онда ол Халкомденсаулық пен Халкомжердегі қызметтерімен қатар, Түркістан Компартиясы ОК хатшысы болады. 1924 жылы — РКП(б) Ортаазиялық бюросы құрамына сайланады. 1925 жылы хатшының орынбасары және БОАК Президиумының мүшесі. Аспандияров Қазақстан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген белгілі ғалым болды. Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институтының тарих секторының меңгерушісі, КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы, кейін оның бөлімшесі орынбасары (1933 – 37) қызметтерін атқарды. Асфендияровтың Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы жөнінде ашық айтылған, отаршылдықты әшкерелеген тарихи шығармаларын оқуға тыйым салынды.
Мәскеуде жұмыс жасаған мерзімде Асфендиярұлының талантының жаңа қыры ашылды — оның тарих саласындағы белсенді ғылыми-ізденімпаздық қызметі ғалымның келешектегі шығармашылығын айкындап берді. Мәскеуде болған алғашқы күндердің өзінде-ақ КСРО ОАК жанындағы Шығыстану институтымен қызмет жасасады, МГУ-де сабақ береді. Бүл жылдарда Санжар шетел Шығысының өкілдерімен жиі кездеседі. Оның ғылыми еңбек сіңіргенінің айғағы 1927 жылы Шығыстану институтының директоры қызметіне жоғарылатып, МГУ профессоры деген атақ берілгені болып табылады. Ғұламаның өмірі мен қызметіндегі неғұрлым жемісті кезең — 1928-1937 жылдарға дейінгі Қазақстанда өткен мерзім. Бұл мерзімде ол республикадағы алғашқы оқу орындары мен ғылымын ұйымдастыруға көп күш салады. 1928 жылдан 1931 жылға дейінгі аралықта ол — Қазақтың педагогикалық институтының алғашқы ректоры. 1931 — 1933 жылдары Денсаулық сақтау ісінің халық комиссары, Қаз КСР оқу ісі халкомының орынбасары болып қызмет жасайды және бүгінде оның есімімен аталынатын Алматы дәрігерлік институтын басқарады. Санжар Қазақстанның академиялық ғылымының дамуына маңызды үлес қосты. 1931-1933 жылдары ол КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы төрағасының орынбасары болады, ғылыми консультация мен насихат комиссиясын, тарих-археология комиссиясын, қазақ создігі комиссиясын басқарады, ұлтгық мәдениет жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты тарих секторының меңгерушісі болады. Ол — Қазақстан тарихы жөніндегі көптеген жұмыстың авторы, сондай-ақ қабілетті зерттеуші-филолог және жазушы. Шығыс халықтарының өмірі туралы "Әлем шатыры" деген повесть, қазақ ұлтының мәдениеті жөнінде мақалалар жазды. Алматыда Асфендиаровтың есімін мәңгілік есте қалдыру үшін көше, мен мемлекеттік медицина университетіне аты берілген.
Жоғары да айтып кеткеніміздей Санжар Асфендияровтың Қазақстан тарихы оқулығы шыққан кейін көптеген сын айтылып, тіпті жала да жабылды. Мәселен Казахстанская правда газетінде Асфендияровты жапондық тыңшы деп жариялайды. Тіпті сын айтқандардың ішінде Тұрар Рысқұловта болды. Жалған жала себепті 1938 жылы 25 ақпанда ату жазасына үкім шығарылады. Жұбайы Рабиға Лапинаны сатқынның жұбайы деп тұтқындап, арнайы лагерьге жіберді. ҚарЛАГ-та 5 жыл айдауда болды. Санжар Асфендияров 1958 жылы 26 мамырда ақталды. 1990 жылы Алматы медицина институтына Санжар Асфендияров есімі берілді.
1931-1934 жылдар аралығында институт басшылығында Бәймен Алмановтың кезінде институттағы саяси әлеуметтік ахуал ауыр әрі шиеленісті болды. Бұған негізінен сол кездегі республикадағы болып жатқан саяси экономикалық жағдайлар тікелей әсер етті . Қазақ өлкесін жайлаған аштық пен күйзеліс, қазақ зиялыларының сталиндік режимнің құрбаны болуы, ұлттық жоғары білімді мамандар санының аз болуы, түрлі эпидемиялық аурулар мен тұрмыстық жағдайдың төмендігі институт тынысынан, өмірінен ап айқын байқалды . Осындай болып жатқан қиындықтарға қарамастан, 1931 жылы 27 желтоқсанда институтта тұңғыш бітірген 59 студент түлеп ұшып, оның ішінде 10 қыз, 49 ер бала алғаш рет білім әлеміне жолдама алды. Олар институтта 5 бөлімшеде оқып мамандық алып шықты. Оның ішінде тарих экономика бөлімшесінен 21 адам, ішінде 18 ұл 3 қыз бала, әдебиет лингвистика бөлімшесінен 11 адам ішінде 9 ұл, 2 қыз, физика математика бөлімшесінен 10 адам, оны да ұл бала, биология бөлімшесінен 8 адам, ішінде 5 ұл 3 қыз, химия бөлімшесінен 9 адам, оның ішінде 7 ұл, 2 қыз .Бұлар халық ағарту саласы үшін даярланып, ҚазПИ ден тұңғыш түлеп ұшқан жоғары білімді педагог мамандар еді. Бәймен Алмановтың басшылығымен 1932 жылы институтта өндірістен қол үзбей мамандар даярлау мақсатында кешкі оқу бөлімі ұйымдастырылды. Кешкі бөлімді физика математика, химия және әдебиет мамандықтары бойынша тұңғыш бітірушілер 1934 жылы аяқталды. Бұл кезде профессор оқытушылар құрамы Н.Н.Панин, С.Х.Брайнин, Ү.М.Балқашев, Қ.Қ.Жұбанов, С.С.Сейфуллин, С.А.Аманжолов, Ш.Е.Әлжанов А.В.Мухля, А.К.Потапова, К.Г.Григорьянц, С.В.Логинов, М.П.Баталов сынды білікті ұстаздармен толықты. Бастапқы да ұйымдастырылып бастаған игі істер Баймен Алманов ректор болған 1931-1934 жылдар аралығында да өз жалғасын тапты. Институттың ішкі тәртіп ережелері мұқият қадағаланып, оқу үрдісіне айтарлықтай көңіл бөлінді. Студенттер өздерінің теориялық білімдерін практикалық іс тәжірибелермен ұштастырып, біліктіліктерін арттыра түсті[5]
Профессор Шарифолла Хайроллаұлы Сакаев басқарған 1934-1935 жылдар аралығында институт тарихында, құрылымында айтарлықтай өзгерістер орын алды. 1934 жылы бірінші қыркүйектен бастап, институт құрамындағы бес бөлімше алғаш рет факультет ретінде құрылып, олардың тұңғыш рет декандары сайланып, өз жұмыстарын бастады. Атап айтар болсақ әдебиет лингвистика бөлімшесі тіл және әдебиет факультеті, тарих экономика бөлімшесі тарих география факультеті, физика техника бөлімшесі физика математика факультеті, химия және биология бөлімшелері жаратылыстану факультеті болып құрылды. Ал барлық бөлімшелердің құрамында болған педагогика жеке факультет ретінде қалдырылды. Институт директоры Шарифолла Сакаевтің 1934 жылы 22 қыркүйектегі бірінші декандар тағайындау туралы №137 бұйрығымен тіл және әдебиет факультетіне профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановты, педагогика факультетіне профессор Шәрапи Есмұхамбетұлы Әлжанов, физика математика факультетіне доцент Сәдуақас Хасенұлы Боқаев, жаратылыстану факультетіне аға оқытушы Омар Бөлебайұлы Сарыбатыров, ал тарих география факультетінің тұңғыш деканы болып, институттың 1928-1931 жылдардағы тұңғыш ректоры Санжар Жапарұлы Асфендияров тағайындалды[6]. Жалпы айтқанда 1934 жыл факультеттердің негізі қаланған, туған күні.
1935 жылы Қазақ АКСР-нің он бес жылдық мерейтойына орай республикамыздың халық ағарту саласы мен мәдениетіне байланысты іс шаралар жүргізіле бастады. Дәл осы жылы қазақтың ұлы ақыны Абайдың туғанына тоқсан жыл толу мерейтойын өткізу мақсаты алға қойылған болатын. Нәтижесінде, оның шығармалары кеңінен насихатталып, түрлі іс шаралар ұйымдастырылды. 1935 жылы қазақтың тұңғыш білім ордасына Абай Құнанбаевтың есімі беріліп, институтымыз Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық институты деген атау алды. Институт тарихындағы айтулы оқиғалар 1935-1937 жылдар аралығындағы институт ректоры Шайхислам Бекжановтың басшылығы кезінде орын алды. Шайхислам Бекжановтың тікелей араласуымен 1936 жылы орта мектептерге арнайы ұстаздар даярлау мақсатында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан екі жылдық Мұғалімдер институты ашылды. Өз алдына шаңырақ көтерген мұғалімдер институты өзінің жеке тарихын қалыптастыра отырып, мемлекетіміздің орта мектептері үшін мұғалімдер даярлау ісін өте қарқынды жолмен жүзеге асырды. Шайхислам Бекжановтың басшылығымен 1935-1937 жылдар аралығында Санжар Асфендияров, Темірбек Жүргенов, М.Ж.Жолдыбаев, І.Ж.Қабылов, П.П.Кунте, С.Е.Толыбеков, Р.Дүйменов, Н.Н.Розенталь, М.С.Сильченко, Х.М.Әділгереев, Х.К.Меликов, Мұхтар Әуезов, П.П.Полянский, Н.И.Васильенко, С.Ерубаев, Ә.Тоқмағанбетов, С.Х.Боқаев, В.И.Тимоско, С.Есқалиев, С.С.Есова, А.Баймурзин тағы да басқа профессорлар мен оқытушылар институтымыздың жұмысының алға басуына өсуіне, өркендеуіне аянбай өз үлестерін қосты[7].
1937 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық интитутының ректоры болып, 1932 жылғы бітіруші түлегі Серғали Есбембетұлы Толыбеков тағайындалды. Серғали Есбембетұлы Толыбеков басқарған 1937-1941 жылдар аралығы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының қалыптасуы мен дамуының ең бір маңызды кезеңдерінің бірі болды. Осы кезеңде жинақталған мол тәжірибе мен жетілдірілген материалдық техникалық базаның арқасында білікті педагогикалық мамандар қатары көбейіп, институттың білім және ғылым орталығы ретінде рөлі арта түсті. Алайда 1937 жылы мемлекетімізде кең етек алған саяси қуғын сүргін саясатының кесірінен Санжар Асфендияров, Құдайберген Жұбанов, Темірбек Жүргенов, Шайхислам Бекжанов, Шәрәпи Әлжанов және Сәдуақас Боқаев сынды осы институымыздың қалыптасуына және дамуына өзіндік үлестерін қосқан зиялы қауым өкілдері жұмыстан босатылып, саяси қуғын сүргін саясатының құрбандары болды.[8] Мұндай әрекеттер салдарынан институттың қалыптасуына және дамуына үлкен үлестерін қосқан зиялы қауым өкілдерінің еңбектерін жоққа шығарып, есімдеріне кір, дақ, жүздеріне көлеңке түсірді. Мемлекетімізде болып жатқан осындай ауыртпашылықтар мен кедергілерге қарамастан институтымызда республиканың ағарту саласына қажетті ғылыми педагогикалық мамандарды даярлау бір сәтке де тоқтамай өз ісін ары қарай жалғастыра берді. Серғали Есбембетұлы Толыбековтың басшылығы тұсында атқарылған жұмыстардың ең бір айтарлығы 1938 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институының жанынан тұңғыш аспирантураның ашылуы болды. Аспирантура қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ мектептеріне арналған орыс тілі және тарих мамандықтары бойынша ғылыми мамандар даярлау мақсатында жұмыс жүргізді. Алғашында бар болғаны жеті аспирант қабылданса, бір жыл өткеннен кейін олардың саны жиырма екіге жетті.[9] Ғылым шыңына қол созған мұндай азаматтардың қатарында Мәлік Ғабдуллин, Әлішер Тоқмағанбетов, Ахметхан Ахметжанов, Бекежан Сүлейменов, Нұрмаш Шоқаев болды. Соғысқа дейінгі жылдары институт оқытушылары үлкен табыстарға қол жеткізіп, көптеген тақырыптарда кандидаттық диссертация және докторлық диссертациялар қорғады. Арнайы жоғары оқу орындары үшін институт ұжымы даярланған оқулықтар мен әдістемелік құралдар шығарылды. 1938 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының жазбалары атты тақырыпта алғашқы жинақ көрді. Бұл кезде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институты республикадағы жоғары оқу орындарын, Ғылым академиясын және басқа да білім және мәдени мекемелер қатарын молайтып, оларды өркендетіп дамытуға зор үлесін қосты. Осындай жетістіктерге қол жеткізе отырып, 1939 жылы қаңтар айында ректор Серғали Есбембетұлы Толыбековтың басшылығымен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының он жылдық мерейтойын салтанатпен атап өту шаралары ұйымдастырылып, білім орадсына Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық институты деген жаңа бір атау берілді. Серғали Есбембетұлы Толыбеков ректор болған осы төрт жылда институтымыздың профессорлары мен оқытушылары және студенттері жетілу, кемелдену сынағынан абыроймен өтіп, өздерінің біліктіліктерін арттырды. Институтымыздың атағы бүткіл республикамен қатар одан тыс жерлерге де таралып белгілі болды. Профессорлар мен оқытушылар құрамы Қазақстан тарихын дамытуды, қазақ тілі мен әдебиетінің проблемаларын түбегейлі зерттеуді қолға алып, жаратылыстану ғылымы бойынша алғашқы зерттеулерін жүргізді.
1941 жылы 14 ақпан мен 1942 жылдың 29 қаңтары аралығында институтты 1934 жылы институт қабырғасында ұстаздық қызмет атқарып, білім берген, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының кандидаты, доцент Халел Мұхамеджанұлы Әділгереев басқарды.[10] Осы кезден бастап Халел Мұхамеджанұлы Әділгереев институт тарихындағы ректорлық қызметі басталып, ол өз білімі мен күш жігерін болашақ мамандардың терең дәріс алуына, институтты білікті кадрлардан құралған бірден бір орталыққа айналдыруға және мұғалім кадрлар даярлау ісін жақсартып, білім сапасын жетілдіруге барынша күшін салды. Ұлы Отан соғысы басталысымен Қазақстанға қоныс аударылған КСРО Ғылым Академиясының көрнекті ғалымдарының институт жұмысына тартылуы Халел Әділгереевтің ректорлық қызметіндегі ең бір атап айтарлық атқарылған жұмыстардың бірі. 1941 жылғы шілде мен желтоқсан айларының аралығында КСРО Ғылым Академиясының академиктері Н.Н.Баранский, В.Г.Фесенко, профессорлар Г.А.Кокиев, К.П.Персидский, А.А.Глаголев, Р.А.Фридман, П.М.Рубинштейн, И.А.Палунск, Б.А.Воронцов Веляминов, Н.Ф.Бельчиков, А.С.Бутягин қосқанда барлығы он бір адам ректор Халел Мұхамеджанұлы Әділгереевтің қолы қойылған бұйрық негізінде жұмысқа қабылданды. Бұл кезде елімізде жоғары оқу орындарын бір жүйеге келтіру мақсатында айтулы шаралар жүргізіліп жатқан болатын. Осы мақсатпен Халел Мұхамеджанұлы Әділгереев басшылыққа келісімен бір айдан кейін демек 1941 жылдың 7 наурызында Мемлекеттік педагогикалық институт Мұғалімдер институтымен бірікті. Бірігу нәтижесінде институт Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогика және мұғалімдік институт болып қайта құрылды.[11] Осы кезден бастап институт қайтадан оқытудың үш жылдық мерзіміне көшіп, профессорлар мен оқытушылар құрамы Мұғалімдер институтынан келген ұстаздармен қайта толықты. Дегенмен соғыс басталып ел басына күн туған заманда институт басшысы болып отырғанға қарағанда отан алдында азаматтық борышын өтеуді жөн санап ректор Халел Мұхамеджанұлы Әділгереев 1942 жылы 29 қаңтарда өз еркімен сұранып майданға аттанған болатын. Бұл әрекетіне қарап бойындағы патриоттық сезімінің, отан алдындағы борышын өтеуге деген ұмтылысының қандай деңгейде екенін көруге болады.
1942-1947 жылдар аралығында Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ахмеди Ысқақов басқарды. Денсаулығының нашарлығына қарамастан ректор қызметіне кіріскендегі Ахмеди Ысқақовтың алдына қойған мақсаттарының бірі институтымыздың ұстаздарының санын көбейтіп олардың жалақыларын өсіру мәселесі болатын. Бұл кезде институтта қосымша әскери сабақтардың саны арттырылып, оған барлық оқытушылар мен студенттер қатыстырылды. Сондай ақ еліміздің орта мектептерінен білікті ұстаздардың майданға аттануына байланысты ендігі жерде мектептерде маман тапшылығы байқала бастады. Осындай қиын қыстау жылдары институт жанындағы Мұғалімдер институты мектептің орта білікті және шала сауатты адамдарын қайта даярлықтан өткізіп білімдерін толықтыруда ерекше қызмет атқарды. Ректор Ахмеди Ысқақов институт ұстаздары мен студенттердің ылғи да өздерінің майдангерлерімен байланысты үзбеуін жіті қадағалап, оқу және саяси тәрбие жұмысында атқарылған істердің нәтижелі болуына баса көңіл аударды. Мәселен, жұмыс бағдарламалары мен оқу әдістемелік құралдарды көптеп жасап, мектептерге таратудағы жетістігі үшін 1943 жылы тарих факультеті Қазақ КСР Ауыспалы Қызыл Туымен марапаттады. Осындай жетістіктер мен ауырпашылықтарды бастан кешіре отырып Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Ахмедияр Ысқақовтың басшылығымен мемлекетіміздің халық ағарту саласының мамандарын даярлауға зор үлесін қосып, септігін тигізді. Соғыс аяқталысымен майданға институт шаңырағынан аттанған ұстаздар мен түлектер елге оралып, олардың ішінде қайтпас қайсарлығы мен ерен ерліктері үшін сегіз азаматымыз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Атап айтар болсақ: Мәлк Ғабдуллин, Рақымжан Тоқатаев, Қанаш Хамзин, Лесбек Жолдасов, Сәду Шәкіров, Ахмедияр Хұсайынов, Құдайберген Сұрағанов, Владимир Бреусов.[12]
Институтты 1947-1950 жылдар аралығында Серғали Есбембетұлы Толыбеков екінші рет қайта басшылықты қолына алды. Институт қиын қыстау жылдарды артына қалдырып, халық ағарту саласына қажетті педагогикалық мамандар даярлау ісін әрі қарай жалғастыра түсті. Бұл кезде республиканың барлық жоғары және орта білім беретін оқу орындарында орыс тілін оқытуды жақсарту жөніндегі іс шараларға байланысты. 1946-1947 оқу жылынан бастап институтта орыс тілін оқытуға баса назар аударылып, мамандықтар орыс және қазақ тобы болып екіге бөлінді. Сонымен қатар институтта білім алғысы келетін өзге ұлт өкілдерінің саны көбейді.
1948 жылы институттың құрылғанына жиырма жыл толу мерейтойы 1949 жылдың қаңтар айында Абай атындағы Опера және балет театырының көрермендер залында жұртшылықтың қатысуымен салтанатты түрде ерекше атап өтілді. Мерейтойға институт ұстаздарымен қатар жазушы Сәбит Мұқанов, қазақтың бұлбұл әншісі Күләш Байсейітова тағы да басқа көрнекті мемлекет және өнер қайраткерлері қатысты. Мерейтойда ректор Серғали Есбембетұлы Толыбеков баяндама жасап, жиырма жылда атқарылған институт жұмысының мазмұнымен көпшілікті таныстырып өтті. Сонымен қатар мерейтойдың өткізілу барысы жөнінде шағын деректі фильм түсіріліп, алдағы буын өкілдеріне естелік ретінде қалдырылды. Мұндай атқарылған шараларға қарап институтымыздың республикамыздағы жоғары оқу орындарының арасында алатын орнының ерекше екенін аңғаруға болады.[13]
1950-1953 жылдар аралығында институтымызды физика математика ғылымдарының кандидаты, доцент Асқар Закарин басқарды. Бұл кезеңдерде мемлекетімізде саяси қуғын сүргін саясатының қайта жанданған кезі болатын. Бұл саясат әрине институт ұжымын айналып өтпеді. Жазықсыз айыпталған ұлт зиялыларына қатысты оң пікір білдіргені үшін саясаттың ызғарымен Халел Мұхамеджанұлы Әділгереев, С.Қ.Баұшылов Шымкент қаласына жер аударылып кетті.[14] Осындай ауыртпашылығы көп жылдарда басқару тізгінін өз қолына алып, оқу орнының өз жұмысын әрі қарай жалғастыруына көп күш салды. Институт құрылымында қазақ және орыс болып бөлініп кеткен факультеттердің басын қайта қосып, біріктіре білді. Бұл уақыттарда мектептерде мұғалімдерге деген қажеттілік, сұраныс қайта өсіп, студенттерді оқуға қабылдау және сырттай бөлімде оқытудың рөлі артты. Асқар Закарин 1950-1953 жылдар аралығында Абай атындағы КазПИ ректоры, 1953-1955 жылдары С.М.Киров атындағы ҚазМУ ректоры, 1955-1958 жылдары Қазақ КСР Ағарту министрі болып қызмет атқарды.
1953-1963 жылдар аралығында институтымызды Кеңес Одағының Батыры, филология ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Ғабдуллин басқарды. Мәлік Ғабдуллин тұсында 1936 жылдан бастап институт жанынан орта мектептерге ұстаздар даярлау ісімен айналысып келген Мұғалімдер институты 1954 жылы өз жұмысын тоқтатқан болатын. Жиырма жылға жуық жұмыс істеп, өз тарихын қалыптастырған бұл оқу орны 1936-1954 жылдар аралығында Республиканың орта мектептері үшін 1730-ға жуық мұғалім даярлап шығарды. Мұндай өзгеріс институт құрылымына да әсер етпей қоймады. 1956 жылы институт Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогтік институт болып өзгертілсе, 1959 жылы республикада жалпыға бірдей міндетті сегіз жылдық білім беруге байланысты институтымыздың Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік педагогтік институты деген бұрыңғы атауы қайта қалпына келтірілді. Сондай ақ институт басшысының лауазымы директор емес енді ректор болып өзгертілді.Осы кезден бастап ректор деп аталған. Халыққа білім беру жүйесіндегі өзгеріс негізінде жалпыға бірдей міндетті сегіз жылдық білім беруге көшудің даярлық жұмыстарын аяқтау міндеті 1963 жылға жоспарланды. Ендігі жерде оқытылатын пәндер мен сағат санының көбеюіне байланысты орта мектептерге кең профильді мамандықтар бойынша мұғалім кадрлар даярлау мәселесі кезек күттірмейтін басты мәселеге айналды. Міне дәл осы кезеңнің ауырпалықтарын көтеріп, қойылған міндеттерді жүзеге асыруда ректор Мәлік Ғабдуллин асқан жауапкершілік пен өзінің біліктілігін көрсете білді. Ол әрқашан студенттермен кездесулер ұйымдастырып, көкейлерінде жүрген сұрақтардың шешімін табуына барынша қолдау көрсете отырып өзінің абзал қасиеттерімен ұжым арасында үлкен абыройға ие болды. Мәлік Ғабдуллин шахмат ойнағанды ұнатқан екен. Жатаханаға келіп студенттермен шахмат ойнап, ойын арқылы олардың жағдайларын көкейлеріндегі сұрақтарын біледі екен. Тіпті кейбір студенттердің жастықтарының астына ақша тастап кететін де болған деседі. Сондай ақ Мәлік Ғабдуллин студенттер мен оқытушылар алдында тек Кеңес Одағының Батыры ғана емес білікті, білімді басшы әрі ұстаз ретінде танымал болды.
Мәлік Ғабдуллин (1915–1973) - 15 қарашада Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында дүниеге келген. 1935 жылы Қазақ педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген. «Пионер» газетінің жауапты редакторының орынбасары, ғылыми шығармашылық жұмысын КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкері ретінде бастаған. 1938 жылы ҚазПИ аспирантурасына түседі. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен өз еркімен соғысқа аттанып, генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты 28 гвардия дивизиясы құрамында болады. 1автоматшылар ротасының саяси жетекшісі, 2атқыштар батальонының комиссары, полк үгітшісі болған. Мәскеу іргесіндегі қанды шайқаста батырлықтың, қайсарлықтың өте асқан бір зор үлгісін көрсеткен. 1944–1946 жж. КСРО Қорғаныс Министрлігі Жоғарғы Саяси Басқармасы үгітнасихат бөлімінің бастығы болып істеген. 1946–1951 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтында директордың орынбасары, директоры, 1951–1963 жж. ҚазПИдің ректоры, 1963 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Қазақ КСР ҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі міндеттерін атқарды. Екі рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. 1938 жылдан бастап қазақ фольклорының мәселелерін терең зерттеген ғалым. 1947 жылы «Қобланды батыр» жырын ғылыми зерттеудің проблемалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» деген (1958) монографиясында халқымыздың лироэпостық, батырлық жырлары, айтыс, ертегі аңыздары, тұрмыссалт өлеңдері, жұмбақтар, мақал мәтелдер, жаңылтпаштар, суырыпсалма өнері туралы тағы да басқа жанрларда ғылыми топшылаулар мен қорытындылар жасады. Филология ғылымының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылымдары академиясының академигі (1959), Совет Одағының Батыры (1943), Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты (1972). Қызыл Жұлдыз, 1 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Ел намысы ер намысы, Майдан очерктері, Менің майдандас достарым, Сұрапыл жылдар, Алтын жұлдыз сынды тағы да басқа көптеген еңбектері бар. Бұл еңбектерінде майдан өмірін, жауынгер тұлғасын, олардың Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді. Мәлік Ғабдуллин жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. Ата аналарға тәрбие туралы кеңес кітабында бесік жырынан бастап батырлық жырларға дейінгі халық поэзиясының мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды отаншылдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашақ сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата аналарға кеңес береді.
1963-1974 жылдар аралығында Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік педагогтік институтын экономика ғылымдарының докторы, профессор Серғали Есбембетұлы Толыбеков үшінші мәрте басшылыққа келді. Бұл уақытта Абай атындағы ҚазПИ педагогикалық мамандар даярлайтын жоғары оқу орны ғана емес, ғылыми зерттеу орталығына айналды. Институтта осы кезеңде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізіліп, әр жыл сайын ғылыми конференциялар ұйымдастырылып отырды. Жыл сайын оқу ордасына түсушілердің санының артуына байланысты, иснтитуттың материалдық техникалық базасын жетілдіру қолға қойылды. Бұл жылдардағы жағдайды ректор Серғали Толыбековтың 1966 жылы 20 мамырда институттың ғылыми кеңесінде сөйлеген сөзінен байқауға болады. Сөзінде: Әрбір жыл сайын институттағы студенттердің саны өсіп келеді. Олардың барлығын қабылдайтын ғимарат қажет . Сондықтан қалай болғанда да 1968 жылы физика математика факультетінің оқу ғимараты аяқталуы қажет. Ғимарат пайдалануға берілген жағдайда, ескі оқу ғимаратындағы жаратылыстану география факультетін сонда көшіреміз деген екен.
1974-1980 жылдар аралығында институтты Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жүнісбек Жұмабеков басқарды. Бұл жылдары институттың мектеп ұжымдарымен байланыстары күшейіп, институт ұжымы мектептерге арналған оқу әдістемелік құралдарды көптеп шығарып, мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру және оларды қайта даярлау, кәсіби бағдар беру сияқты жұмыстар қарқынды түрде жүргізілді. Осы мақсатта институттың ғылыми өндірістік жұмысын ұйымдастыру және басқару үшін 1974 жылы ғылыми зерттеу бөлімі құрылды. Сонымен қатар институтымыздың жарты ғасырлық мерейтойы қарсаңында алты бөлімнен тұратын институт тарихының мұражайы ашылды . 1978 жылы 12 қазанда КСРО Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша педагогикалық мамандарды даярлау мен тәрбиелеудегі қол жеткізген жетістіктері үшін Абай атындағы Қазақ педагогика институты Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Осы кезеңнен бастап 1990 жылға дейін Еңбек Қызыл Ту орденді Абай атындағы Қазақ педагогика институты деп аталды.[16]
1980-1987 жылдары институтты физика математика ғылымдарының докторы, профессор Құлжабай Әбдіхалықұлы Қасымов басқарды. Бұл кезеңде институтта педагогикалық білім беруді одан әрі жетілдіру мен мұғалімдер даярлаудың сапасын арттыру жолдары кеңінен қарастырылды. Институтта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарында халыққа білім беру жүйесіндегі күрделі мәселелер зерттеліп, жыл сайын оқу әдістемелік конференциялар өткізілді. Осы мақсатта 80 жылдары студенттерге дәріс жүргізу және оқытушылар мен аспиратттарға ғылыми әдістемелік көрсету үшін орталықтағы жоғары оқу орындарынан білікті ғалымдар мен білімді мамандар шақырылды. Құлжабай Қасымов өзінің ректорлық қызметі барысында институттың материалдық базасын жетілдіру мақсатында гуманитарлық факультеттерге арнап бір оқу ғимаратын, екі жатақхана салу және жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін қолға алып, кешенді құрылыс жұмыстарының басталуына негіз болды. Осындай үлкен жұмыстардың атқарылғанына қарамастан профессор Құлжабай Қасымов 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасы себепті қызметінен босатылады. Орталық алаңда Желтоқсан оқиғасына қатысқан немесе басқа да түрлі себептермен құқық қорғау органдарына ұсталып қалған студенттерге халықаралық тәрбие бермеді деген сылтаумен еліміздегі оны екі институттың ректорына қатаң сөгіс жарияланады.
Ызғарлы Желтоқсан оқиғасынан кейін 1987 жылы 22 маусымынан бастап 2008 жылға дейін білім ордасын академик Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов басқарды. Институтты университетке айналдыруға, дәрежесін көтеруге, білікті мамандардың санын арттыруда орасан зор үлесін тигізді. Тоқмұхамед Садықов ректор болғаннан кейін 1990 жылы 25 қазақта қазақ даласындағы тұңғыш жоғары оқу орны университет мәртебесі ретінде қайта құрылды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында кездескен қиындықтарға қарамастан 1992 жылы 24 қарашада университет атауы классикалық типке ауысты. Дегенмен 90-жылдары елде болған ауыр экономикалық дағдарыс университет қызметінің ілгері ары қарай басуына кері әсерін тигізбей қоймады. Бұл қиын қыстау кезеңде мемлекетімізде бірқатар мектепттер мен жоғары оқу орындары жабылып, кейбір оқу ордалары өзінің бастапқы бағытын өзгеше мамандықтар дайындауға бұрып, жеке меншік оқу орнына айналып жатқан аласапыран тұста да осы қара шаңырақ Елбасының қадағалауында болды. 2003 жылы 26 қыркүйекте Елбасының №1201 Жарлығымен қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті болып қайта құрылып, ұлттық мәртебеге ие болды. Университет бұдан өзге көптеген белестерді бағындырды. Атап айтар болсақ, 2005 жылы 10 қарашада Абай атындағы ҚАЗҰПУ сапа менеджмент жүйесінің сапа саласындағы ИСО 9001:2000 Халықаралық стандартқа сәйкестікті айқындау бойынша сыртқы сертификациялық аудиттен сәтті өтіп, IQNet Халықаралық сәйкестік сертификаты және Русский Регистр сертификаттау ұйымының куәлігініе ие болды. 2007 жылы 24 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ жоғары білім көшбасшыларының Оксфордтағы саммитінде XXI ғасыр көшбасшылары бағдарламасы аясында Біріккен Еуропа және Еуропалық сапа тәрізді халықаралық марапаттарға ие болды .



жүктеу 113,74 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау