ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ...............................................................................45
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................50
КІРІСПЕ
Дипломдық жобаның жалпы сипаттамасы. Біздің дипломдық жобамыз Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Алматы педагогикалық институтында кадр даярлау мәселесін архив құжаттарынан қарастыруымызда. Екінші Дүниежүзілік соғыс және Ұлы Отан соғысы халықтың жадында. Бұл соғыстың алып келген зардабы әрине орасан зор. Сұрапыл, ауыр заманда институтымызда басқару жүйесінде, құрамында бірнеше рет өзгерістер орын алды. Бұл дипломдық жобамызда институтымызда осы аталған жылдар аралығында қандай өзгерістер орын алды, қанша факультет пен кафедра жұмыс істеді, 1939-1945 жылдар аралығында институт қабырғасына қанша студент түсті, қанша студент бітірді соны қарастыратын боламыз. Студенттердің күнделікті өмірі қалай болды, оқу барысы, студенттердің біліктілігін арттыру мақсатында қандай іс-шаралар орын алды?; Ұлы Отан соғысы кезінде кімдер тікелей институт қабырғасынан майдан алаңына аттанды; институт ұжымы неге атсалысты, қандай көмек берді және де сұрапыл соғыс кезінде кімдер Кеңес Одағының батыры атағын иеленді. Дипломдық жобамызда осы атап өткен, тізіп өткен мәселелерімізге сөз қозғайтын боламыз.
Дипломдық жобамыз екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда инстиуттың жалпы тарихы жайлы сөз қозғайтын боламыз. Институттың тарихын ректорлармен байланыстыра отырып, мағлұматтарды келтірдік. Институтымыздың құрылуында, қалыптасуында үлкен, зор үлес қосқан алғашқы ректоры Санжар Асфендияр Жағыпарұлыдан бастап институттың тізгінін ұстаған 13 ректор жайлы сөз қозғайтын боламыз. 14 ректордың ішінде еңбек сіңірген және де алғашқы ректор болғаннан кейін Санжар Асфендияровқа және Кеңеңс Одағының батыры, институтты он жыл басқарған Мәлік Ғабдуллинге кеңінен тоқталдық.
Екінші тараудың бірінші бөлімінде кафедра мен факультеттердің кадр даярлаудағы рөлі жөнінде сөз қозғаймыз. Бұл бөлімде 1939 жылдан бастап 1945 жылға дейінгі институт табалдырығын қанша студент аттады және қанша студент бітіріп шықты осы жөнінде мағлұматтармен, статистикаларды көрсетеміз. Бұдан бөлек институт тарапынан студенттердің білімін арттыру мақсатында, үлгерімі төмен студенттерді қатарға қосу жөнінде, кадрларды даярлауда қандай іс шаралар атқарғанын келтірдік. Институттың практикалық есептерін келтірдік. Қандай мектептерге қанша студент жіберілді. Студенттер практика барысында қандай жұмыстармен айналысты. Практиканың нәтижесі қандай болды. Студенттер өздеріне пайдалы мағлұмат, тәжірибе ала алдыма осындай сынды тағы да басқа сұрақтарға жауап бердік.
Екінші тараудың екінші бөлімі сұрапыл соғыс кезіндегі институт жайлы. Ұлы Отан соғысы институт тарихындағы ең ауыр кезең. Бұл бөлімде біз институттың оқытушылар құрамынан және студенттер құрамынан қанша адам майдан даласына аттанғанының тізімін көрсеттік. Қанша адам Кеңес Одағы батыры атағын иеленгенін келтірдік. Сонымен қатар институт ұжымының майданға берген көмектері, жәрдемдерінің мағлұматтарын келтірдік. Ұлы Отан соғысы кезінде институт қандай өзгерістер орын алды осындай сұрақтарға жауап бердік.
Тірі жады және тірі тарихты жазу оны сақтау қашанда үлкен маңыздылыққа ие. Сол секілді бізде біршама деректерге талдау жұмыстарын жүргіздік. Соғыс кезіндегі институтты зертеу үшін әлбетте сол заманда өмір сүрген, институт қабырғасында жұмыс істейтін немесе тәлім алатын адамның пікірі, мақаласы маңызды. Ол бойынша біз ең жарқын, сенімді, шыншыл, уақытпен тексерілген материалдарды қарастыруға тырыстық. Бұл сұрапыл соғыс кезінде институт қабырғасында жұмыс істеген немесе тәлім алған адамдардың жадында сақталған материалдар. Әрине бұдан бөлек архивтан алынған құжаттардың орны бөлек, баға жетпес. Бұл сол кезеңдегі институтымыздың шежіресі, тарихы. Былайша айтқанда архив сол заманның куәгері. Соғыс кезіндегі институтымыз жайлы көптеген материалдарды архив құжаттарынан алынды. Институттың оқу жоспары, бұйрықтары, жылдық есептері, бейнелеу құжаттары (фотоальбомдар , фотосуреттер , суреттер ) және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |