6.1. Автоматты өрт сөндіру қондырғысының техникалық қызмет көрсету ережелері
Автоматты сумен өрт сөндіру құралдарын пайдалану дұрыстығына және сақталуына жауапкершілікті, қондырғы орнатылған өндіріс мекемесінің (ұйымның) әкімшілігі алады.
Барлық сөндіру құралдарының тораптарына (суландырғыштарға, құбырларға, су қоректендіргіштерге және басқару тораптарына) әрдайым күтімді және бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Өндіріс мекемеде суландырғыштардың барлық типтерінің қажетті қоры болуы тиіс.
Барлық суландырғыштарды периодты қарап тұру керек. Қарағаннан кейін мәліметтерді журналға жазады. Суландырғыштарды ауыстыру қажеті туындаған кезде жауапты тұлғаның рұқсатымен ауыстыруға болады. Жұмыс істеп біткен немесе істен шыққан суландырғыштарды ауыстыру тура сондай типті суландырғышпен ғана ауыстыруға болады. Суландырғыштың орнына бұқтырманы немесе тығынды орнатуға тиым салынады
Суландырғыштарды периодты қарау жергілікті жағдайға байланысты ішкі нұсқауға сәйкес орнатылады, бірақ бір айдан кем емес.
Жүйені қарау декодасына бір реттен кем емес жүргізіледі. Қарау уақытында табылған кемшіліктерді жою керек, содан кейін сол туралы журналға сәйкесінше жазу керек. Құбырлар балшықтан, тот басудан тазалануы және қажет болса боялып тұруы керек. Әлсіреген ілмектерді міндетті түрде тарту керек, әсіресе ауа-сулы жүйелерінде, өйткені ілмектің әлсіреуі құбырлардың еңістігінің өзгеруіне және «қапшықтардың» пайда болуына әкеледі.
Ауалы-сулы (оларды ауамен толтыру кезеңінде) немесе ауалы жүйелеріндегі, сонымен қатар қоздырғыш пневможүйелеріндегі қосылған ауа жүйесінің қысымына әрдайым бақылау жүргізу қажет. Аз көлемде ауаның шығуын байқаған кезде (тәулік ішінде 10% шегінде) қотарып тұруды жүргізеді. Ауаның көлемді шығуы кезінде шығу себебін анықтау үшін барлық жүйені қарау керек және табылған дефектілерді жою керек.
Ауамен толтырылған жүйелерді аптасына бір рет шығару бұрамасы арқылы үрленіп тұрады содан кейін тығындап жабады.
Жүйеден суды ағызу кезінде ең биік орнатылған нүктеде вакуум пайда болмас үшін суландырғыштарды айналдырылады.
Сумен сөндіру құралдарының жүйесіне суды түсіру туралы барлық жағдайда (жөндеу жұмыстары, суды ауаға ауыстырғанда және т.с.с.) жергілікті өрт посты немесе өрт командасы білулері керек.
Фитингтердің, суландырғыштардың, құбырлардың төзімділігін тексеру үшін құбырларды гидравликалық сынақтан әрдайым өткізіп тұру керек. Мүжілудің болмауы кезінде үш жылда бір рет, ал оның болуы кезінде екі жылда бір рет өткізіледі. Сынақ төзбеген құбырлардың жерлерін ауыстыру қажет.
Сумен сөндіру құралдарының барлық жүйелері бес жылда бір реттен кем емес балшықтан тазартылып және шайылады. Шайқауды өткізу және дайындау процессі кезінде бұзылған бекітпелерді және құбырларды аустырады, сонымен қатар құбырларды бояуды өткізеді. Жүйені сумен шаю журналға жазылады жәе және сәйкес актімен толтырылады.
Бақылау-қосқыш тораптарының үздіксіз бақылауы және қадағалауымен жүргізіледі. КПУ төмен және үлкен қысымды және де қоздырғыш жүйеде манометр көрсеткішімен тексеріледі. Қысымның өзгерісі болса журналға жазылады. Пайдлану процессінде бекітетін арматураның дұрыс тұруын қадағалау қажет. Спринклерлі қондырғылардың ысырмасы әрдайым және толық ашық болуы керек (қарау аптасына екі реттен кем емес жүргізіледі);
Сынау және қосу бұрамалары, керісінше жабық жағдайда тұрады.
Аптасына екі реттен кем емес дабылдағыш құрылғыға баратын құбырдағы жалғастырғыш муфтаның 3 мм саңылауын тазалайды, манометрлерді үрлейді және су мен электрлік сигналды қосып көреді.
Бақылау манометрдің көрсеткішін орнатылған манометрлердің көрсеткіштерін салыстыру екі айда бір реттен кем емес өткізіледі. Жұмыс істемейтін манометрлерді ауыстырады.
Жылына бір рет (бригадирдің – жауапты тұлғаның жетекшілігімен) басқару тораптарының бөлшектерін және барлық тораптарды қарап шығу және тазалау, толық бұзу өткізілуі керек.
КПУ орнатылған бөлмелердің тазалағыш, олардың қоршауының дұрыстығын қадағалау қажет, басқару тораптары орнатылған бөлмелердің температурасын әрдайым бақылау, оның от жағу кезеңінде 5°С төмен төмендеуіне жол бермеу. КПУ-дың жанында суландырғыш қоры мен оларды бұрау кілті, сонымен қатар 3 мм саңылауды тазалау үшін 2 мм сым болуы қажет.
6.2. Автоматты өрт дабылдағышының жүйесіне техникалық қызмет көрсету регламенті
4.1. кесте
Жұмыстар тізімі
|
тапсырушымен
|
1-ші нұсқа
|
Қондырғының құрам бөліктерін механикалық зақымдануын, мүжілуін, былғануын, бекітпенің төзімділігін және сол сияқты (қабылдау-бақылау аспабы, дабылдағышты, хабарлағышты, дабылдағыш шлейфін, және басқа да құралдарды) ішкі көрінісін қарау
|
Күн сайын
|
Ай сайын
|
Сөндіргіштің және ауыстырып қосқыштың жұмыс жағдайын, жарықтық индикациялардың жұмыс істеуін, қабылдау-бақылау аспабында пломбаның болуын бақылау
|
Сол да
|
Сол да
|
Негізгі және резервтік қоректену көздерін бақылау, жұмысты қосқыштан резервтік қоректенуін автоматты ауыстырып, қосылуын тексеру
|
Жарты жылда бір рет
|
-//-//-
|
Қондырғының құрама бөліктерінің жұмыс қабілеттігін тексеру (қабылдау-бақылау құрылғысын, хабарлағыштарды, дабылдағыштарды, дабылдағыш шлейфтерінің параметрлерін өлшеу және т.с.с.)
|
-----
|
-//-//-
|
Сақтандыру жұмыстары
|
-----
|
-//-//-
|
Қондырғының жұмыс қабілеттілігін тексеру
|
-----
|
-//-//-
|
Қорғаныс және жұмыс жерге қосылуының кедергісін өлшеу
|
Жыл сайын
|
Жыл сайын
|
Электр тізбектерінің оқшаулану кедергісін өлшеу
|
3 жылда 1 рет
|
3 жылда 1 рет
|
6.3 Сулы өрт сөндіру қондырғысының техникалықққызмет көрсету регламенті
4.2. кесте
№ р/с
|
Жұмыстар атаулары
|
Кезеңділігі
|
ГД-100 типті клапаны бар басқарудың бақылау-өткізу торабы
|
.
|
Клапанның ішкі тексерін өткізу. Шаң мен кірді жою, манометр көрсеткішін тексеру.
|
Жыл сайын
|
2.
|
Тәрелкелі клапанды бұзумен және шаюмен, компрессорды сылаумен клапан ревизиясын өткізу, жинау және орнатумен орнына басқа қаптаманы салу. Клапанның саңылаусыздығын тексеру.
|
Жыл сайын
|
3.
|
2х1/2 бұрыштық кранын тексеру: маховикті бұрап шығару, сальникті жою, штокты бұрап алу, төсемін ауыстыру, жинау, сальникті салу, сальникті қақпақты бұрап кіргізу және гайкамен маховикті орнату.
|
Жыл сайын
|
4.
|
Конусты тығынды құйрығы жағынан гайканы бұрап шығарып тығынды кранды тексеру, конусты тығынды пастымен сүрту және балшықтан тазалау, кранды жиау.
|
Жыл сайын
|
5.
|
Клапан ысырмасын тексеру: болтты бұрап шығару, сальникті қақпақты шешу, дискі бар шпиндельді жинап, балшықтан тазалау, дискілерді тұрмандарға бекіту, төсемін ауыстыру, сальникті тығындау, ысырма корпусына шпиндельді орнату, шпиндельдің жүрісін тексеру.
|
Жыл сайын
|
6.
|
Бақылағыш манометр бойынша ЭКМ жұмысын тексеру.
|
Тоқсан сайын
|
Пневмокепек
|
1.
|
Пневмокепекті, қосқыш бөліктерді, ЭКМ, шаң-тозаңнан тазалау деңгейін, бекіту арматурасын және сақтандырғыштың ішкі көрінісін қорғауды жүргізу.
|
Тоқсан сайын
|
2.
|
Мемқалтехбадағалаудың органдарымен пневмокепектің куәландыруының жұмыс істеу мерзімін тексеру
|
Қажеттілік кезінде
|
3.
|
Ысырмаларды ашып және пневмокепекті деңгей белгісіне дейін толтыру
|
Қажеттілік кезінде
|
4.
|
Пневмокепектегі қысымды түсіру, пневмокепектің қосқыш бөліктеріндегі төсемді қажетті жағдайда ауыстыру, содан кейін пневмокепекке 0,588 МПа дейін ауаны қотару және пневмокепектің және барлық қосылыстардың саңылаусыздығын тексеру
|
Жыл сайын
|
5.
|
Үш жүрісті кранды үрлеу, пневмокепектегі қарау әйнегін сүрту.
|
Жыл сайын
|
6.
|
Ысырманы тексеру, сальниктерді тарту. Қажеттілік кезінде төсемді ауыстыру, тұрмандарға орнату, жинау мен майлау.
|
Жыл сайын
|
7.
|
Бақылағыш манометр бойынша ЭКМ жұмысын тексеру.
|
Жыл сайын
|
8.
|
Кран жұмысын тексеру
|
Жыл сайын
|
9
|
Қайтымды клапанды тексеру
|
Жыл сайын
|
10
|
Пневмокепекті тот басудан, тұнбадан тазалау, істен шыққан арматураны ауыстыру. Мүжілуге қарсы құраммен сыртқы және ішкі беттігін бояу
|
Жыл сайын
|
11
|
Ішкі көрінісін қорғауды жүргізу, барлық қосылыстарын тарту, ресиверден май мен суды түсіру, шкифті реттеу, компрессорлдың жұмысын тексеру және қажет болса белгіге дейін үстінен құю. Жетектерді белдіктерінің тартрылуын реттеу және тексеру. 10-15 минут ішінде компрессордың жұмысын тексеру.
|
Тоқсан сайын
|
12.
|
Істен шыққан бөлшектерді тазарту және ауыстырумен компрессордың ревизиясын өткізу.
|
Жыл сайын
|
Сорғыш станция
|
1.
|
Сорғышты қарау, майдың бар болуын тексеру, манометрдегі қысымды, бекіту арматурасының дұрыс тұру жағдайын, судың деңгей көрсеткішін және басқа да аппаратураларды тексеру
|
Жыл сайын
|
2.
|
Ысырманы жауып, сорғыштың құбырларынан суды түсіру, сальникті қақпақтарды шешу, қажет болса сальникті тығынды ауыстыру, қақпақты орнату, сорғыштың валын қолмен айналдыру.
|
Жыл сайын
|
3.
|
Конусты тығынды құйрық жағынан гайканы бұрап шығарып тығынды кранды тексеру, конусты тығынды пастымен сүрту және балшықтан тазалау, кранды жинау
|
Жыл сайын
|
4.
|
Қайтымды клапанды тексеру: гайканы бұрау, корпустың қақпағын шешу, дискіні сүрту, төсемді алмастыру, қақпақты орнына орнату, гайканы орнына бұрау, клапанның саңылаусыздығын тексеру
|
Жыл сайын
|
5.
|
Бақылағыш манометр бойынша ЭКМ жұмысын тексеру.
|
Тоқсан сайын
|
6.
|
Қосқыш қоздырғыш жүйесінің тәуліктік қысымның түсуін тексеру
|
Күн сайын
|
Суландырғыштары бар құбырөткізгіштер
|
1.
|
Дефектілерді жоюмен суландырғыштардың және құбырлар бекітпелері мен жағдайын тексеру. Қоректендіргіш және қоздырғыш жүйелеріндегі қысымды, сонымен қатар манометрдің дұрыс көрсетуін тексеру
|
Тоқсан сайын
|
6.4. Су себетін өртсөндіргіш қондырғысын әзірлеу
Су себу арқылы өрт сөндіру тенденциясын талдау барысында бұл әдістің барынша перспективтілігі анықталды, бұл әдіс өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сонының ішінде өрт сөндіруші сұйықтарды екі кезеңді ұсақтау бағытындағы әдістер.
Достарыңызбен бөлісу: |