Сурет 2. Лабораториялық құрылғының сызбасы
1 – сулы өрт сөндіруші заттарға арналған резервуар
2 –газдысұйық қоспаны қалыптастырушы құрылғы
3 – сифонды трубка
4 – сақтандырғыш құрылғы
5 – таратушы суқұбырына қосатын құрылғы
6 – фильтр
7 – сулы өрт сөндіруші заттарды құюға арналған саңылау
8 – тесігі бар тығын
9 – іске қосушы баллон
10 –қолмен іске қосатын тиекті- іске қосушы құрылғы
11 – ВВР-ден жұмыс газын резервуаға жіберетін жоғары қысымды иілгіш шланг
Құрылғыны іске қосатын блок екі түрлі орындалуда қарастырылады:
1) Электро-іске қосушысы бар құрылғыны іске қосушы блок. Аталған модульге дайындаушы завод тек Электро-іске қосушысы бар құрылғыны іске қосушы блокты ғана қарастырған. Жұмыс газды баллоны бар тиекті-іске қосу құрылғысы түрінде ұсынылған, құрылғының басты элементі тиекті-іске қосу құрылғысының қорабы, пиропатрон, поршень, сояуыш болып табылады.
Оның жұмыс істеу принципі келесідей: өрттің бірінші белгілерін байқаған жағдайда ППКП-ға өрт туралы хабарлағыштардан «Өрт» деген сигнал беріледі, Бұл өз кезегінде электрлік импульс туғызады, импульс тиекті-іске қосу құрылғысына беріліп, құрылғыны іске қосады. Электр импульсі пиропатронды белсендіреді. Ол іске қосылғанда поршенді алға қарай итереді. Сәйкес каналы бойынша поршеннің төбесі конус формалы сол себепті поршен өз кезегінде сояуышты басады. Сояуыш жұмыс газының баллоннан резервуарға, яғни жинақталған өрт сөндіруші заттарға өтуіне жол ашады. Жүйені іске қосудың аталған түрі өрт сөндіру сигнализациясын және әр жағдай сайын пиропатронды ауыстыруды қажет етеді. Сонымен қатар құрылғының жұмыс істеу ұзақтығы жұмыс газы мен сулы өрт сөндіру заттарының көлеміне тәуелді. Құрылғы баллондағы газ таусылғанға дейін жұмыс істейді. Сондықтан біз құрылғының жұмыс істеу уақытына және пайдаланылған газ бен өрт сөндіру заттарының көлеміне әсер ете аламыз.
2) Қолмен іске қосылатын құрылғыны іске қосушы блок. Бұл мәселені шешу үшін мен аталған қондырғыны қолмен іске қосу құралын ұсынамын. Бұл қондырғыны ешқандай көмекші құралдарсыз, атап айтсақ дабылқаққыш, ППКП, пиропатрон, кез келген уақытта іске қосуға болады. Сонымен қатар өрт сөндіруші заттардың берілу уақытын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ол тек тетікке басу уақыты мен баллонда қалған өрт сөндіруші заттардың көлеміне байланысты.
Сурет.3 Құрылғыны қолмен іске қосу тетігі
Өрт сөндіру заттарын сақтайтын ыдыс көлемі 50л болатын баллон түрінде ұсынылады. Ол кең балақты сифонды түтікпен жабдықталған.
Газдысұйық қоспаларды дайындау құрылғысы (сурет.3.4) Оның жұмыс істеу принципі келесідей. Газды камера 15, газды шлангтың - 3 бастапқы ұшына герметикалық жалғасқан; мойны бар кірме камера 12; өрт сөндіруші сұйықтықтан түтікше 19; ал бастапқы камера 14 қоректендіретін суқұбырға жалғанатын ұшымен 7; сонымен қатар герметикалық қосылыстар, әдетте, герметикалық резбалық қосылыстардан жасалған. Қайта жіберуші камера 13 сифонды трубканың 18 бастапқы басына бұралған, оның келесі басы өрт сөндіруші сұйықтық құйылған түтікке 1 салынған.
Сурет 4 Газды сұйық қоспаны дайындау құрылғысы
Құрылғыны іске қосуға дайындық кезінде ғимарат арнайы жабдықталады қажетті сепкіштер санымен 8 күзетіледі, датчик түрінде дайындалған дабылқаққыш 5 орнатылады, ол гимараттағы температураның көтерілуіне, түтіннің пайда болуына т.б. сезімтал әсерленеді. Ғимараттан шығатын жерде қоректендіруші құбырда 7 арнайы ыдыс 1 орнатылады. Ол жалғағыш 10 арқылы құбыр желісінің 11құбырына жалғанады. Дәл сол жерде жұмыс газының ыдысы 2 орнатылады. Сақтандырғыш құралды 4 дабылқаққыштың шынжырына 5 жалғап, шланг 3 арқылы ыдысты 2 қосады. Содан соң құрылғының қосалқы бөлшектерін газды сұйық қоспаны қалыптастыратын тораптың 6 көмегімен байланыстырады. Ол үшін қайта қосатын камераға 13 сифонды трубканы 18 бұрап кигізеді, оны ыдыс 1-ге кіргізіп, одан сон кірме камераны 12 ыдыс 1-дің мойнына 19 бұрайды.
Содан соң газды шлангтың 3 бастапқы ұшын газды камера 15 торабына 6 жалғайды, ал қоректендіргіш құбырдың кірме ұшын араластыру камерасына 14 жалғаймыз. Жалғауыш 10 арқылы ыдыс 1-ді суға толтырамыз. Құрылғы жұмысқа дайын. Қолмен іске қосу тетігіне басқанда, жұмыс газына жол ашылады, яғни газ камерасындағы 15 газ, газдысұйық қоспаны қалыптастыратын торап 6 іске қосылады. Көлбеу сыңалаудан 16 қалыптасқан газды агын қысымы ыдыс 1-дегі суды ығыстырып шығара бастайды, ол сифон трубкасы 18 арқылы ағып қайта жіберу камерасына 13 келеді, одан араластыру камерасы 14 ағып кетеді. Көлбеу саңылау 17 қалыптастырған басқа газды ағын әсерінен араластыру камерасында 14 бастапқы су ағынының тамшыларын бірнеше қайтара бөлшектеу жүзеге асады. Нәтижесінде судың көмірқышқыл газымен қосылған газды сұйық қоспасы пайда болады. Ол қоректендіргіш құбыр 7 арқылы сепкіштерге 8 жіберіледі, сепкіш гимаратқа шашып, оның көлемін тез толтырады. Өрт көзін жойып салқындатады. Нәтижесінде өрт сөнеді. Сифонды трубкалы тетікті іске қосу құрылғысы бар метал баллон жоғары қысымның көзі болып табылады. Оған көміртек диоксиді, ауа толтырылуы мүмкін. Аталған құрылғы курсанттар мен студенттерге суды жұқалап сепкіш өрт сөндіру құрылғысының жұмыс принципін көрнекі түрде көрсетуге, сонымен қатар құрылғыда лабораториялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |