2 тарау. Қорғалатын объектiнiң өрт қауіпінің талдауы
2.1. «Ақмешіт - Сырдария» ғимаратында физикалық-химия және өрт қауiптi заттармен материалдардың сипаттамасы
Мешiттiң жайларын құрамына имандар бөлмесі, намазхана залы, қоймалар, электр тоғыныт тарату бөлмесі, кітапхана, оқу сыныптары, киім ауыстыру бөлмесі, асхана, жатақхана, әкiмдiк-тұрмыстық және техникалық жайлар кiредi. «Ақмешіт - Сырдария» ғимаратта қатты жанғыш заттар және (жиhаз, мата, қағаз) материалдар, сұйықтық және газдар жану мүмкін. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтамаудан өрт шығуды жанғыш материалдарды сақтауда жиi болып көрiнедi. Жану өнiмдерi және объектiлердiң деректерiне жалындар көлденең жайылады, тiгiнен, есiк, терезелiк, технологиялық ойықтар, басқыш ағынөзендер арқылы, желдету және басқа инженерлiк байланыстар. Заттарды ылғалдық және материалды не әдетте 8-12% құрайды, мынау материалдарды шапшаң жалындаудың мүмкiндiк туғызады және ол бойымен оттың таралуына әкелді.
Түтiндi әсiресе интенсивтi түрде тiгiнен таралады, қарағанда жоғарғы қабаттарды жылдам түтiн басады. Мешiттiң барлық бөлмелерінде кiлемдердiң, жанғыш материалдардың саны көп. Қоймалардығы жанғыш материалдардың үлкен саны өрт қауіпін мiнездейдi.
2.2. Дiн объектілеріне қойылатын нормалар және өрт қауiпсiздiк ережелерiнің негiзгi талаптары
Шам қойғыштар, шырақтар және ашық от қолданылатын жарықтандыру жабдығы жанбайтын табандарға орнатылады.
Ырымдар мен салттарды жүргiзу үшiн:
жану тобы Г1-Г4 материалдарынан жасалған көлденең қоршау құрылымдарынан 0,7 метр;
жану тобы Г1-Г4 материалдарынан жасалған тiк қоршау құрылымдарынан 0,5 метр;
басқа жанғыш материалдардан 0,5 метр қашықтықта ашық от көздерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
Зауытта шығарылмаған және өндiрушiнiң паспорты жоқ шамдарды пайдалануға жол берiлмейдi.
Шыны құтылары бұзылған, ашық от қолданылатын шамдарды пайдалануға, сондай-ақ оларды толтыру үшiн тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол берiлмейдi. Лампадаларды, шамдарды және ұқсас құралдарды толтыруға арналған жанғыш сұйықтықтар сыйымдылығы 2 литрден аспайтын, жабық, сынбайтын ыдыста металл шкафтарда сақталады.Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтар құрылымында ернеулерi қарастырылған, тұғырында жанбайтын материалдан жасалған сынбайтын ыдыстан құйылады. Лампадалар мен шамдарды толтырғаннан кейiн сыйымдылықтың тұғыры мен сыртқы бетi жанбайтын техникалық жуу құралдарымен төгiлiп қалған жанғыш сұйықтықтардың қалдықтарынан тазартылады.
Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтарды толтырып құю тек тұтату көздерi болмаған жағдайда, ал электрмен жылыту құралдары қосылып тұрғанда, олардан кемiнде 1 метр қашықтықта жүзеге асырылады.
Пештердi тұтату салттар мен ырымдарды жүргiзу басталғанға дейiн екi сағат бұрын аяқталады.
Ғибадат үйлерінде от жұмыстарын жүргiзуге (пеш жағу, дәнекерлеу және от жұмыстарының басқа да түрлерi), салттар мен ырымдарды жүргiзу кезiнде жанғыш сұйықтықтарды толтырып құюға жол берiлмейдi.
Эвакуациялау жолдары бос болып ұсталады және үймеленбейдi.
Салттар мен ырымдарды жүргiзу кезiнде эвакуациялау жолдарын құлыптармен және басқа да бекiту құрылғыларымен жауып қоюға жол берiлмейдi.
Құлшылық жасайтын залдардың сыйымдылығы бiр адамға арналған үй-жайдың ауданы және эвакуациялау жолдарының өткiзу қабiлеттiлiгi негiзiнде шектеледi.
Келушiлердiң қозғалысын қиылыс және қарсы ағын болмайтындай етiп ұйымдастырылады.Ғибадат үйлерінен және адамдар жаппай болатын басқа да үй-жайлардың эвакуациялық шығу орындарының белгiлерi дұрыс жағдайда және салт ырымдарды жүргiзу кезiнде қосылып тұрады.Адамдар жаппай болатын ғибадат құрылыстары қызмет етушiлер санына тең көлемде дұрыс тыныс алу органдарын қорғау жеке құралдарымен қамтамасыз етiледi.
Ғибадат үйлерінде электр энергиясы ажыратылған жағдайға электр фонарьлары көзделеді және оларды сақтау орны анықталады. Телефон аппараттарының жанында көрiнетiн жерлерде ең жақын орналасқан өрт сөндiру бөлiмiн шақыру нөмiрi, сондай-ақ «101» және «112» телефон нөмiрлерi көрсетiлген тақтайшалар iлiнедi.Әрбiр қабаттың көзге түсетiн жерлерiнде саты торларына шығатын және салттар мен ырымдар жүргiзуге арналған үй-жайларға кiретiн жерлердiң жанында өрт болған жағдайда адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялаудың әр қабаттық жоспарлары iлiнедi, адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау және өрт болған жағдайда жасайтын басқа да iс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету персоналы мен күзеттiң мiндеттерi белгiленедi. Өрттiң шыққаны және адамдарды эвакуациялау туралы хабарлағышты iске қосу тәртiбiн ғибадат үйінің өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам анықтайды.
3 Тарау. Өрттің даму болжамы
3.1. Жедел-техникалық сипаттамасы
Нысанның жедел-техникалық сипаттамасын ескере отырып өрт болуы ықтимал орыны қойма бөлемесіндегі электр сымдары қысқаша тұйықталуы мүмкін деген болжам бар. Бөлменің көлемі 6х5 м, биіктігі 2,5 м. Бөлменің жихаздармен компютерлердің жануының салдарынан түтін пайда болып, келесі қабаттағы адамдарға қауіп төнуі мүмкін. Бірінші бөлімше келген уақытта ғимараттың іші толық ашық жалынға оранып, қалған бөлмелері қою түтінге оранды, түтін келесі қабаттарға жайылуына қауіп төнеді. Жоғары қысымды ауа және қалың түтін салдарынан, жеке құрамға тыныс алу аппаратына қосылуы қажет.
Өрттің көлемінің болжамы:
- өрттің таралу желілік жылдамдығы (линейная скорость) – Vл = 1 м/мин
- өрттің даму болжамы бойынша өрт сөндіруге жұмсалатын судың мөлшері
- Jтр=0,06 л/ (м²с).
Мешіттің жұмыс тәртібі 8-00-ден кешкі 19-00 дейін. Қызметшілерінің саны күндіз – 12 адам, оқушылар саны – 15 оқушы және жұма күні намазға 1200-1300 адам келеді, ал түнгі мезгілде күзетші - 1 адам.
Ғимарат эвакуациялық шығу есіктері - 11.
2 есік – ғимараттың оңтүстік жағынан көше бетке шығу.
4 есік – ғимараттың батыс жағынан көше бетке шығу.
3 есік - ғимараттың шығыс жағынан көше бетке шығу
2 есік – ғимараттың солтүстік жағынан көше бетке шығу.
2 қабаттағы эвакуациялық жолдар 1 қабат арқылы дәліз бойынша 6 баспалдақпен көше бетке шығады.
Ең бірінші қауіпсіз жерге көшіруге баспалдақтар қолданылады, эвакуациялық құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде, барлық қосалқы есіктер ашылуы тиіс.
Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келген уақытта ең бірінші барлау жұмыстарын жүргізе отырып, ғимарат ішіндегі адамдарды қауіпіз жерге көшіру үшін күштер мен құралдары жұмылдыру. Мешіт басшыларынан оқушылардың санын алу.
Түтіндеген бөлмелерден адамдарды құтқаруға арнайы құрылғыларды пайдалану. Жарақат алған адамдарға уақытылы көмек көрсету үшін, жедел жәрдем бригадасын жіберу. Сонымен қатар нысанның медицина қызметін пайдалану.
Мешітте сол уақытта 1200 адам бар деп есептегенде, оның ішіне балаларда бар. Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі өрт туралы хабар түсісімен 10 минутта келеді, сол уақытта өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін мешіттің қызметкерлері адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты өрт сөндіру бөлімшесінің құрамымен келген ГТҚҚ қызметкерлерімен адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын ұйымдастырады.
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрт сөндіруді ұйымдастыру.
Күштер мен құралдар есебі
- өрттің желілік таралу жылдамдығы /сызықтық жылдамдық/ Vл = 1 м / мин
-өрт сөндіргіш заттардың беру қарқыны/ қарқындылық/ JТр = 0,06 л/ (м2с);
- қойма бөлмесінің өлшемі 6 м × 5 м;
- бөлменің қабырғасы, бөлу қабырғалары және жабулары жанбайтын
заттардан жасалынғандықтан өрт көрші үй-жәйларға өту қауіпі жоқ.
өрттің еркін таралу уақытын анықтаймыз:
Тсв =Тдср+Тсб+Тсл+Тбр=8+1+4+2=15 мин. (1)
мұнда: =8 мин – ғимарат дабыл қондырғысымен жабдықталған;
Тсл =60хL /45=60 х3/45 = 4 мин. (2)
L = 3 км .- № 8 ӨСБ-н қашықтық;
Vсл =45 км/ч.- жол асфальтанған.
№ 8 ӨСБ-нің бірінші бөлімшесінің күш-құралдарының еңгізу уақытына дейінгі оттың өткен жолын анықтаймыз:
R=0,5 * Vл * t1; R = 0,5*1*5= 2,5 метр. (3)
T1 = Tсв – 10 = 5 мин. осылай болғандықтан <;
Достарыңызбен бөлісу: |